Егде және қарт науқастардағы фармакотерапияның рационльды принциптері


Дәрілік заттардың фармакодинамиксының жасқа байланысты өзгерістері



бет3/6
Дата27.09.2023
өлшемі1.27 Mb.
#478771
1   2   3   4   5   6
Дәрілік заттардың фармакодинамиксының жасқа байланысты өзгерістері.
  • Егде жастағы адамдарда дәрілік заттың ағзаға әсерінің анық ерекшеліктері бар. Дәрілерді тіндерге жеткізу жағдайы төмендегенде арнайы рецепторлар саны азаяды, бірақ олардың дәрілер әсеріне сезімталдығы жоғарылайды немесе өзгереді. Осыған байланысты қартайған ағзаның дәрілік зат әсеріне қандай жауап беруін болжау қиындығы түсіндіріледі.
  • Егде жастағы адамдарда дәрінің өзгерген реакциясы дамуына төмен физикалық белсенділік, тағам мен суды аз мөлшерде қабылдау, іш қатуға бейімділік, дәрумен жетіспеушілігі, тіндердің қан айналымының төмендеуі және жүйке жүйесінің қоздырушы үрдістерінің салыстырмалы басым болуы себеп болады.
    • Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер қанда қалыпты концентрацияда күтпеген күшті әсер көрсетеді, ал седативті және ұйықтатушы дәрілер ұзағырақ әсер көрсетеді. Егде жастағы адамдара олар көбінесе тыныс алу қызметін тежейді, аллергия және кома шақыруы мүмкін. Барбитураттар жиі сана қараңғытуын, парадоксальды қозуды, зәр шығарудың баяулауын шақыруы мүмкін. Барбитураттардың тырысуға қарсы әсері аз көрінеді. Егде жастағы адамдарда сана қараңғытумен бірге ұзақ седативті әсер беретін, экстрапирамидті симтомдармен, ортостатикалық гипотензиямен және зәр шығарудың баяулауымен көрініс беретін нейролептиктерге, транквилизаторларға, антидепрессанттарға сезімталдығы жоғарылайды.
    • Егде жастағы адамдардың жұрек-қан тамыр жүйесіндегі өзгерістер вазодилататорларға, гипотензивті заттарға, диуретиктерге сезімталдығының жоғарылауына алып келеді. Ортостатикалық реакция дамуына жүрек лақтырысының және тамыр серпімділігінің төмендеуі, миокардтың β-адренорецепторларының катехоламиндердің ынталандырушы әсеріне сезімталдығының төмендеуі, гипотензияға жауап ретінде барорецепторлы реттеудің бұзылуы жағдай жасайды
    • Жас адамдармен салыстырғанда егде жаста нитраттарды және новокаинамидтерді қабылдау АҚ анық төмендеуіне және ми қан айналымының мүмкін бұзылуымен бірге жүреді. Сонымен бірге қартайған ағзаға адреналин, эфедрин және басқа да симпатомиметиктер әлсіз әсер етеді. Атропин және платифиллин жүрек жиырылу жиілігіне әлсіз әсер көрсетеді және төмен спазмолитикалық әсер көрсетеді. β-блокаторлардың гипотензивті әсері төмендеген, ал оларды қолдану кезінде жанама әсер көп болады.
    • Антикоагулянтарға сезімталдық жоғарылауы анықталды. Гормональды заттарға жоғары тұрақтылық анықталады
    1   2   3   4   5   6




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет