«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет34/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124
экономика негиздері кітап

3 сұрақ.
Нарық тетіктерінің негізгі элементтері нарық бағасы, сұраныстар 
қатынасы, ұсыныстар мен бәсекелестік болып табылады. 
Нарықтық тетіктердің өзін келесі жағдайда көрсетуге болады: 
сатушылардың 
арасында 
күшті 
бәсекелестік 
болған 
сайын, 
соншалықты үлкен көлемде тауарлар ұсыну сатып алушылардың 
сұранысынан асатын болады, ал, нарық бағасы түседі. Бұл өндірісті 
қысқартуға әкеп соғады. Керісінше, сатушылар арасында бәсекелестік 
төмендегенде, төлем қабілетінің сұранысы тауар ұсынудан аса 
бастайды. Нәтижесінде баға өсіп, тауар өндіру пайдалы болып, ол 
кеңи бастайды. 


47 
Бәсекелестік - бұл капиталды салу жағдайындағы ең жоғары пайда 
үшін кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестік. Бәсекелестік күрестің 
нысаны - салааралық және ішкі салалық болады. Салааралық бәсеке 
қоғамдық өндірістегі әр түрлі салалардағы кәсіпкерлер арасында 
жүргізіледі, ал, ішкі салалық бәсеке - біртекті тауарлар шығаратын 
кәсіпкерлер арасында болады. Бәсекелестік пайдаланатын әдістеріне 
байланысты бағалық және бағалық емес болып бөлінеді. Бағалық 
бәсекелестік өндірістің көбірек өндіруші факторларын пайдалану 
есебінен өнімге бағаны төмендету жолымен жүргізіледі. Ал, 
бәсекелестіктің бағалық емес әдісіне өнімнің сапасын көтеру, 
жарнама, сатудан кейінгі қызмет және т.б. жатады. 
Барлық жүйелер сияқты, нарықтың инфрақұрылымы болады. 
«Инфрақұрылым» термині XX ғасырдың басында әскери күштердің 
қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, құрылыстар мен объектілерді 
белгілеу үшін бірінші рет қолданылған. Батыста 40-жылдары 
инфрақұрылым дегенді материалдық өндірістің қалыпты қызмет 
етуіне мүмкіндік беретін салалардың жиынтығы ретінде түсіне 
бастады. Сондай-ақ, инфрақұрылым - бұл кез келген тұтастай 
экономикалық жүйенің міндетті құрамы. «Инфрақұрылым» сөзі осы 
жүйенің ішкі құрылысындағы негізі, іргетасы. Нарыққа қолданылатын 
инфрақұрылым осы қатынастарды бір тұтастыққа ұластыратын және 
нарық жүйесінің субъектісінің арасындағы тауарлық-ақшалық 
қатынастарды түзейтін ұйымдастыру нысанының жиынтығы. 
Нарық инфрақұрылымы - әр түрлі нарықтың қызметін қамтамасыз 
ететін қызмет және мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар
ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы. Ол нарық құрылымына сәйкес 
жіктелінеді. Тұтастай нарық инфрақұрылымын жиынтық ретінде 
көруге болады: 
 тұтыну нарығының инфрақұрылымы (сауда жүйесі, қойма 
шаруашылығы, өнімдерді сақтаудың әр түрлі жүйесі, көлікпен 
тасымалдау, жеткізу, тауарлық биржа, көтерме сауда нарығы
тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету); 
 өндіріс нарығының инфрақұрылымы (тауарлық-шикізаттық 
биржа, брокер кеңсесі, лизингтік және факторингтік операциялар, 
ғылыми-зерттеу орталықтары); 
 еңбек 
нарығының 
инфрақұрылымы 
(еңбек 
биржасы, 
мемлекеттік еңбекпен қамтамасыз ету қызметі, дайындық, қайта 
дайындау және кадрлардың мамандығын көтеру және көшу 
үдерістерін басқару құрылымы); 
 қаржылық-несиелік 
нарықтың 
инфрақұрылымы 
(коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, қор биржалары); 
 ақпараттық 
инфракұрылымдар 
(халық 
шаруашылығы 
бойынша жинақты деректер, нарық инфрақұрылымын қамтамасыз ету 
бойынша ақпараттық желі, маркетингтік қызмет, жарнамалық-
ақпараттық қызмет). 


48 
Қазақстандағы 
нарық 
инфрақұрылымының 
қалыптасу 
проблемалары: 
Оны қайта бөлу мүмкіндігі күшіне орай, ірі меншік иелерінің 
тарапынан кедергі болуына байланысты қор биржасының дамымай 
қалуы. 
Тікелей өндіруші-сатушыға пайдасыз, тауарлық биржаның 
дамымай қалуы нәтижесінен тауарларға өте төмен бағаның қойылуы. 
Жұмыс орнын қамтамасыз ету шарасындағы нашар жұмыс пен 
жұмыссыздыққа 
берілетін 
жәрдемақының 
болмауынан 
еңбек 
биржасының дамымай қалуы. 
Жолдардың дамымауы, заманға сай қойма орындарының, сауда 
үйлерінің аз болуы. 
Коммерциялық 
банктердің 
несие 
ресурстарының 
нашар 
қайтарылуына байланысты жұмыстарының тұрақсыздануы және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет