«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет89/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   124
экономика негиздері кітап

 
Сабақтың құрылымы
І. Ұйымдастыру сәті. 
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге оқушылардың дайындығы. 
ІІІ. Сұрақтар бойынша жаңа материалды баяндау. 
1. Халықаралық экономикалық қатынастардың объективті 
негізі. 
2. Халықаралық экономикалық қатынастардың формалары. 
3. Халықаралық 
экономикалық 
қатынастарда 
қазіргі 
экономикалық құрылым. 
ІV. Алған білімдерін бекіту. 
V. Үй тапсырмасы. 


139 
Әдістемелік нұсқаулар: 
Осы тақырып қазіргі әлемдік шаруашылықтың және ХХ ғасырдың 
екінші жартысынан оның дамуы беталысының ерекшеліктерін жан 
жақты зерттеуге арналған. Ерекше назарды бұл жаңа беталыстар 
ғылыми-техникалық революция жетістіктерінің барлық әлемде 
дамуымен және таралуымен, нарықтық кеңістікті кеңейтумен, капитал 
мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын жеделдетумен, 
халықаралық 
экономикалық 
шоғырландыруды 
дамытумен 
байланысты. 
Дәріс. 
1 сұрақ. 
Қазіргі әлемдік шаруашылық еңбекті халықаралық бөлуге 
қатысатын 
және 
халықаралық 
экономикалық 
қатынастардың 
жүйесімен байланысты бөлек елдердің ұлттық шаруашылық 
жиынтығын білдіреді. Әлемдік шаруашылық ХІХ-ХХ ғасырлар 
шегінде жүйесі ретінде қалыптасты. Олардың қалыптасуының 
объективті негізі болып мыналар табылады: 
А) елдің географиялық жағдайы. Бұл фактор халықаралық 
экономикалық қатынастарды қалыптастыру үшін жалпы мағынаны 
білдіреді. Бірақта, егер өндірістің капиталистік әдістеріне дейін олар 
табиғи-климаттық 
жағдайларының 
өзгешелігіне 
байланысты 
анықталса, онда ХІХ ғасырдың соңында – ХХ ғасырдың басында 
халықаралық экономикалық қатынастардың негізіне табиғи пайдалы 
қазбалардың географиялық орналасу факторы жатады. 
Б) еңбекті халықаралық бөлу. Әлемдік шаруашылықтың орнатылу 
тарихы 
өнеркәсіптік 
революцияның 
тарихынан 
бөлінбеген. 
Машиналық кезеңге дейін еңбекті халықаралық бөлу өзінің табиғи 
негізіне негізделеді. Қазіргі уақытта ұлттық шаруашылықтың ірі 
саласын табу қиын, ол өндірістің халықаралық жағдайына байланысты 
болар еді. Еңбекті халықаралық бөлу сферасы еңбекті қоғамдық 
бөлудің барлық құрылымдық құрылыстарын алады: заттық, 
технологиялық мамандықты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы арасында 
және т.б. 
В) глобалды проблемалардың өршуі. Қазіргі заманғы өндіріс тек 
қана бөлек халықтың тағдырын қозғайтын проблемалар қатарын 
қарастырды. Тәжірибе жүзінде, бұл экологиялық сипаттағы 
проблемалар, яғни адамның өмір сүру ортасы ретінде қоршаған 
ортаның өзгерістерін шақыратын проблемалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет