Әл Фараби: тәрбиелеу халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту



бет7/10
Дата13.06.2022
өлшемі468.45 Kb.
#459202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Әл Фараби

Макулат – категориялар (Болмыстың жалпы белгісі туралы ғылыми ұғым) термині қарапайым тілде «сөйлеу, пікір айту» дегенді білдірсе, философиялық сөздікте оны біз негізгі ұғым, танымдық қарым-қатынастар деп түсінеміз. Фарабилік категория – макул аристотельдік терминнің көшірмесі. Аристотельдік етістік қала /айту, сендіру, нандыру/ сияқты және ырықсыз етістің есімшесі үлгісінде жасалады. Мақул сөзінің лексикалық мағынасы сөйлеген, пікір айтылған дегенді білдіреді. Бұл сөздің терминологиялық мағынасы – логикалық және философиялық пікір түрлерінде қасиет пен ерекшеліктерді білдіретін пікір баяндауышы болып табылатын /предикат – А.Қ./ «сөз сөйлеу, пікір айту» ұғымын білдіреді. Категориялар ойшылдың ойынша «барлық сезімдік қабылдаудың шама мөлшерін білдіретін жоғарғы грамматикалық категориялар, алайда «бұл жоғары грамматикалық категориялар мен олардың әрқайсысына тәуелді нәрселерді - заттардың сезімдік қабылдау ұғымы түрінде қарастыруға болады...» [43. 210-211]. Субстанция категориясынан басқа тағы да тоғыз категория бар.
«Логиканың адамның өмір қажеттілігінен туындап, алғашқыда сөйлеу, онан соң сөз арқылы ой талқысымен ақиқатты танып білу құралына айналғаны мәлім. Әл-Фараби туындыларында мантиқ, нутқ, қаул, натақа және ертеде негізі қаланған «силлогизм» ұғымдарының түсініктері өзіндік жүйемен іздестіріледі» [45. 9]. Әл-Фараби логикасында силлогизм туралы ілім - қйас  орталық орынды иеленеді. Бұл терминнің лексикалық мағынасы – «салыстыру, теңеп көру», логикада – «силлогизм» дегенді білдіреді. Силлогизм туралы отырарлық ойшылдың ізбасары Ибн Сина да өзінің салиқалы пікірін айтып кеткен. Оның ойынша силлогизм – нәтиженің негізгі маңызды формасы. «Силлогизм дегеніміз сөйлеу,- дейді Ибн Сина,- шешендікті білдіреді, ол кездейсоқтық емес, қажеттілік. Сөзді мәселеге тікелей байланысты пайдалану керек. Қателессеңіз ақиқат силлогизмнен алшақтайсыз» [41. 286]. Нәтиже көлеміне қарай отырып Ибн Сина былай деп жазады: «Силлогизм екі түрге бөлінеді: біріншісі –байланыстыратын; екіншісі – болғызбаушы. Байланыстырушы силлогизм салдарды тұрақтандыру жолымен емес, мүмкіншіліктер мен потенциядағы білім нәтижесі арқылы анықталады. Болғызбаушы силлогизм кезінде білім екі жақты таластың біреуі бөлініп алып қарастырылған кезде айқындалады» [41. 287]. Аристотель негізін салған силлогистикалық пайым туралы ілім – дедукцияның (ойлаудың жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығаруы) логикалық жүйесі болып табылады. Силлогизм туралы ілім араб тілінен шыққан біраз терминдерді анықтайды. Мысалы: акауил – пікір, ойлау.  Ол екі алғы шарттылықтан мукаддама  және натиджадан /нәтиже/ тұрады.
Ойша пайымдаудың бес түрі бар:
акауил бурханийа – дәлелденген ой тұжырымы;
акауил джадалийа – диалектикалық ой тұжырымы;
акауил суфистаийа – софистикалық ой тұжырымы;
акауил хитабийа – риторикалық ой тұжырымы;
Әл-Фарабидің арнайы терминологиясынан сина’а - өнер, яғни кәсіп, қол өнер кәсібі ұғымымен пара-пар терминге аса көп мән береміз. Бұл термин ежелгі гректердің techne сөзімен бір мағына береді. Сина’а терминін ойшыл «кәсіп», «өнер», «ғылым» деп түсінген. Алайда философиялық шығармаларында сина’а  терминін зерттеу «әдісі» немесе таным «әдісі» деген мағынада пайдаланған. Бұл сөз «өнер» деп аударылғанымен «органон», «таным құралы» деп ұғындырылады [42. 71].
Жоғарыда көрсетілгендей сина’а терминінің синонимі біршама, алайда ойшыл туындыларында бұл термин «ғылым» ұғымына жақын. Әбу Наср тәжірибелік және практикалық өнер туралы /әс-сана’иу’ әл-‘илмийа уа ән-назарийа/ айтқан кезде, теоретикалық өнер деп - ғылымды /’илм/ айтады. «Өнер» және «ғылым» терминінің кейбір ұқсастықтарына қарамастан өзара айырмашылықтары да бар. Бірақ ол көмескі де бұлдыр, ойшыл «өнер» мен «ғылым» сөзін бір-бірінің орнына пайдалана береді. Бұл түсінік «ғылым» /’илм/ мен «білім» /ма’арифа/ терминдеріне де тиесілі. ’Илм терминін «ғылыми тәртіп» деп, ал соның нәтижесінде адам «білімге» /ма’арифа/ қол жеткізеді, олай болса екеуі егіз ұғым емес пе [42. 71].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет