Элективті пәндердің каталогы 5В030100 «Юриспруденция» мамандығы Қарағанды – 2014-2015жж



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#131932
1   2   3   4   5   6


«ҚР Қаржы құқығы», 2 кредит

Пререквизиттер: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Азаматтық құқығы», «ҚР салық құқығы».

Постреквизиттер: «Кәсіпкерлік құқығы»

Мақсаты: Студенттердің ҚР қаржы құқығының теориялық материалдарын толық меңгеріп, қаржылық заңдарды практикада қолдана білуін үйрету, кез келген жағдайда заңгер-маман ретінде мемлекеттің қаржылық қызметінің қатынастарында білімдерін пайдалануға дағдыландыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қаржы және мемлекеттің қаржылық қызметі. Қаржылық құқық ұғымы, пәні, жүйесі, қағидалары. Қаржылық-құқықтық нормалар. Қаржылық-құқықтық қатынастар. Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері. Валюталық реттеудің құқықтық негіздері. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері. Бюджеттік құқық. Бюджеттік құрылым. Мемлекеттік кірістердің құқықтық негіздері. Мемлекеттік шығыстардың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасындағы банк әрекеттерінің құқықтық негіздері. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың құқықтық негіздері.

Күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының кезеңдердегі қаржылық-құқықтық дамуын, мемлекеттік қаржы қызметі туралы заңнамаларды, Бюджет кодексін, бағдарламаларды, елбасының Жолдауын, мемлекеттік қаржы, қаржылық құқықтық қатынастарын және қаржы жүйесінің қызмет етуінің ерекшеліктерін түсіну, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын, мемлекеттік қаржылық органдарының ұйымдастырылу және қызметінің қағидаларын, құрылымын, құқықтық мәртебесін білуі қажет.

  • пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдана білуі қажет. ҚР қаржы құқығын оқу заңгерлердің кәсіби біліктілігін көтере отырып, заңдылық тәртіп орнатқызуға жәрдемдесе біліуі тиіс.

  • қаржы-құқықтық қатынастарға қатысты жаңадан қабылданған және өзгерістер енгізілген ҚР заңдарын үнемі қарай алу.

  • ҚР қаржы құқығын оқу дағдылық және өзіндік жұмысы негізінде қаржы құқығын оқу барысында студенттер қаржылық құқықбұзушылықтарды шешу жолдарын қарастыру қажет.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: магистр Амантай А.А.
«ҚР Салық құқығы», 2 кредит

Пререквизиттер: ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Әкімшілік құқығы, ҚР қылмыстық құқығы Постреквизиттер: «Кәсіпкерлік құқығы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасында салық саясатының негіздерін қалыптастыру,

Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттің салық қызметінің түсінігі мен ролі. Салықтың заңдық құрамының элементтері. Салық салу мен мемлекеттің салық қызметі. Салық құқығықұқықтық құрылым ретінде. Салықтық-құқықтық номалар мен салықтық құқықтық қатынастар. Салық төлеушілер. Салықтық міндеттемелер. Салық салу аясындағы мемлекеттік басқару. Салықтық бақылау. Корпоративтік қосымша құн салығы. Жеке құн салығы. Акциздер. Қосымша құн салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық. Әлеуметтік салық. Жер салығы. Мүлікке салынатын салық. Көлік құралдарына салынатын салық. Кедендік төлемдер. Мемлекеттік баж. Салық салу аясындағы заңды жауапкершілік пен мемлекетітк мәжбүрлеу. Салықтық құқықбұзушылықтар. Салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері.

Күтілетін нәтижелер: салық құқығының түсініктерін, салықтық-құқықтық нормалар мен салықтық құқықтық қатынастарын оқу; бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен салықтардың айырмашылығын айыра білу; салықтық құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін түсіну;

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: з.ғ.к., доцент Әбеуов Е.Т.

«Халықаралық жария құқығы», 3 кредит

Пререквезиттер: Рим құқығы, Мемлекет және құқық теориясы, Азаматтық құқық

Постреквизиты: Халықаралық жеке құығы

Мақсаты: халықаралық құқықтың тұжырымдамалық мәселелері мен танысу, маңызды халықаралық келісімдер мен конвенциялар және шарттарды оқып меңгеру халықаралық құқық нормаларын қолдану, халықаралық құқық теорияларын меңгеруге бағытталады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.Халықаралық – құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихы;Қазақстан тарихындағы халықаралық – құқықтық институттардың пайда болуы және дамуы.Халықаралық құқықтың қайнар көздері.Халықаралық құқықтың қағидалары;Халықаралық құқықтың субъектілері,тану және мемлекеттің құқық қабылдаушылық. Халықаралық шарттар құқығы;Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)- әмбебап халықаралық ұйым ретінде;Халықаралық және мемлекетшілік құқықтың бір-бірімен өзара байланысы және қатынасы.Халықаралық құқықтағы жауапкершілік; Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау;Халықаралық экономикалық құқық;Дипломатиялық құқық.Консулдық құқық; Халықаралық қауіпсіздік құқығы Қылмыспен күрестегімемлекеттердің ынтымақтастығы;Аумақ және шекара. Халықаралық теңіз және өзен құқығы;Халықаралық әуе құқығы.Халықаралық құқық әуе кеңістігін игеру;Халықаралық экологиялық құқық.Халықаралық гуманитарлық құқық;Халықаралық құқық және әлемдік діндер.Халықаралық дауларды шешудің халықаралық құқықтық құралдары;Мұнай, ауылшаруашылық және туризм аясында мемлекеттердің ынтымақтастығының халықаралық құықықтық нысындары.

Күтілетін нәтижелер: -халықаралық – құқықтық қатынастардың түсінігі оның қағидалары, құрылымы мен міндеттері; халықаралық - құқықтық қатынастарды дамыту диалектикасын және оның тарихын сонымен қатар оны жетілдірудің болашағы туралы үғымды оқитын болады

-халықаралық шарттардың бекітудің ерекшеліктерін, халықаралық құқықтың нормаларын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлерін;халықаралық-құқықтық прктикалық аспектілерде халықаралық құқық білімін және халақаралық құқықтың нормаларын болашақта заңды қызметтерге қолдана білуі тиіс.

-игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдану, заңгерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың халықаралық-құқықтық дәрежелермен ойлануға, халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесін білуге, халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау тәжірибесін қолданана білуді

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Қаржасова Г.Б.
«Халықаралық экономикалык құқығы», 3 кредит

Пререквизиттер: “Рим құқығы”, “Мемлекет және құқық теориясы”

Постреквизиттер: «кәсіпкерлік құқығы»

Мақсаты: Студенттерді Халықаралық сауда құқығының теориялық материалдарын толық меңгеріп, оны практикада қолдана білуге үйрету, халықаралық сауда қатынасы саласындағы құқықтық құжаттарды дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда. Халықаралық сауда құқығының ұғымымен қайнар көздері. Халықаралық сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу. Аймақтық интеграциялық құрылымдардың сауда-экономикалық қатынастарының ерекшеліктері. Халықаралық сауда құқығының Субъектілері мен объектілері. Дүниежүзілік сауда ұйымы. ДСҰ жүйесіндегі халықаралық сауданың құқықтық негіздері. Халықаралық сауда мәмілелерінің жалпы сипаттамасы. Халықаралық сауда делдалдығы. Халықаралық сауда өкілдігі. Халықаралық есеп айырысу. Халықаралық несиелік аударымдар және аккредитив. Инкассо және банктік кепілдіктер. Халықаралық факторинг. Халықаралық қаржылық лизинг. Тауарларды халықаралық тасымалдау. Халықаралық коммерциялық мәмілелер жасасудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері. Халықаралық саудадағы франчайзинг

Күтілетін нәтижелер: - халықаралық сауда саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың маңызын, халықаралық құқықта басшылыққа алынатын құқықтық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру керек және конвенциялық құқық нормаларын қолдану тәртібін білуі қажет.

- Нормативті актілерге сүйене отырып халықаралық сауда қатынастарына сипаттама (мінездеме) беру, терең түсінік ала отырып, білімін практикада қолдана білу. Халықаралық сауда құқығы пәнін оқу барысында игерген білімді студент тәжірибеде шығармашылық түрде қолдана білуі. Сот, құқық қорғау органдарында, шаруашылық қатынастарда тәжірибе өту барысында алған дағдыларын қолдана білуі тиіс.

- Халықаралық сауда қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру.

- Студенттердің өзіндік жұмысының нысаны ретінде халықаралық сауда құқығы тәжірибесін жалпылайтын рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады. Студенттер сауда саттық саласында тәжірибелік дағдыларға ие болып, сауда құжаттарын (халықаралық құқықтық шарттар,талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.

Тұрақты түрде кәсіби тұрғыдан өсіп отыру

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: аға оқытушы Қаржасова Г.Б.
«Ақпараттық құқық», 2 кредит

Пререквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «Салық құқығы», «ҚР қылмыстық құқық».

Постреквизиттер: жоқ.

Мақсаты: студенттерде ақпараттық құқық жүйесін ғылым және оқу пәні ретінде қалыптастыру, Интернет және ақпараттық технологиялар саласында ҚР заңнамасы саласында студенттердің білімін жетілдіру.

Курстың қысқаша сипаттатамасы: Ақпараттық технологиялар, ақпараттық құқық, ақпараттық қауіпсіздік. Ақпараттық технология тарихы. Апараттық саланың негізгі объектісі ретінде ақпарат. Ақпараттық құқық жүйесі. Ақпараттық-құқық нормалар жүйесі. Технологиялар интернеті. Оның тарихы. Компьютерлік және интернет қылмыстылық. Оларға шаралар қолдану.

Күтілетін нәтижелер: юриспруденция мәселелерін шешуде бағдарламалық қамтамасыз етуде дағдыларды қалыптастыру, Интернет желінде жұмыс дағдысын қалыптастыру, меншікті бағдарламалық өнімдерді шығара білу.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: оқытушы Тапенова А.О.
«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері», 2 кредит

Пререквизиттер: «ҚР азаматтық құқық», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР салық құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы».

Постреквизиттер: жоқ.

Мақсат: ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік саясат туралы көзқарастарды құрастыру.

Курстың қысқаша сипатамасы: ПК-дің құрылымдары және оның жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етілуі. Юриспруденцияда ақпаратты өңдеу үшін кестелік процессордың енгізілген функциясын пайдалану. Интернет жүйесінің құқықтық аспектілері. Юриспруденцияда ақпаратты қорғаудың кешендік аспектілері. Ақпарат саласында ақпараттық қатынас объектілерін қорғау негіздері. Бейтаныс тұлғалардың заңсыз әрекетінен ақпаратты, ақпараттық ресурстарды құқықтық қорғау. Ақпараттандыру жағдайында ақпарат саласында құқықтар мен бостандықтарды қорғау. Ақпараттық қауіпсіздік саласында құқықтық реттеу құрылымы.

Күтілетін нәтижелер: ақпараттық қауіпсіздікті жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламаларды білу және құқықтық, ұйымдастыру, техникалық, аппараттық, бағдаламалық қорғау құралдарын пайдалана білу, ақпаратты қорғау объектісін өз бетінше құра білу.

Сабақ жүргізетін оқытушының Т.А.Ә.: оқытушы Тапенова А.О.
«Интеллектуалдық меншік құқығы», 2 кредит

Пререквизит: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР азаматтық құқығы», «Юриспруденциядағы ақпарат жүйесі»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет