Әміров Әбдібек Жетпісұлы Қазақ терминологиясы


Қазақ газеттерінде термин қалыптастырудағы орын алған кемшіліктер



бет9/25
Дата05.12.2022
өлшемі212.85 Kb.
#466477
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
treatise64286

2.4 Қазақ газеттерінде термин қалыптастырудағы орын алған кемшіліктер

1990 жылдан бергі кезеңде қазақ газеттерінің терминком бекіткен жаңа терминдерге салғырт қарауы да барынша орын алды. Себебі, кейбір мақалалардың авторлары терминдерді түрлі баламалар арқылы қолданып жүрді. Ал осындай кемшіліктерді көре тұра газет беттерінде жариялап жіберу сияқты кемшіліктер баспа ұжымының салғырттығы, салақтығы деп қараған жөн. Осыдан келіп газет оқырмандарының арасында қалыптасқан терминдерді түрліше баламалармен жарыса қолдану әдеби тіліміздің дамуына, жаңа терминнің кең ауқымда қалыптасуына елеулі нұқсан келтіреді.


Академик Ә.Қайдаров «Қазақ тілінің терминологиясы әр түрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдрысқа ұшырап отыр: оның ғылыми принциптері жаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп отырудың орнына артта қалып, термин практикасы аяқ асты болып бара жатыр. Осының нәтижесінде әркімнің өз білгенінше термин жасауы немесе оны ауыстыру, алмастыру тәрізді бейберекет «бұқаралық» әрекетке (анархияға) жол беріле бастады»,- дейді [48,4].
Мәселен газет беттерінде «председатель» сөзіне балама ретінде ер адам болса «төраға», әйел адам болса «төрайым», «төрапа» сөздерін жарыса қолдану жиі кездесіп отырады.
Бұл жөнінде Р.Сыдықова «Тілдегі жаңалықтардың сыры неде?» деген мақаласында: «председатель» деген сөзді 1920 жылдары «төраға» деп атаған екенбіз. Енді соны жаңғырттық делік. Ол кезде төрағалар тек ер адамдар болғандықтан ба екен, әлде қазақ сөзін қазіргіден гөрі жақсырақ түсінгендіктен бе екен (сірә соңғысы болар) «еркек болса – төраға, әйел болса – төрапа дейміз бе» деп дау жүргізбепті. Өйткені сөздердің о бастағы түпкі (номинатив) мағынасынан ажырап, ауыспалы мағынаға ие болатын заңдылығын білгенге ұқсайды.
Сондай сөздердің бірі – аға сөзі. Бұл сөз ілгері кезеңдерде «жасы үлкен ер адам» деген туыстық түпкі мағынасымен бірге «қауымның белгілі бір тобының басы, басшысы, үлкені» деген ұғымда кеңінен колданылған» [19] - деп көрсетеді. Демек, «төраға» сөзі халыққа ежелден-ақ таныс сөз және «төраға» (төр+аға) біріккен сөзіндегі «аға» сөзінің ер адам деген мағынасымен қатар жасы үлкен кісі (мейлі ол ер болсын не әйел болсын) деген мағынада да жұмсалатынын ескерсек, онда баспасөз беттерінде төраға, төрайым, төрапа деп жарыса қолданбай, тек біреуін ғана, яғни төраға сөзін қолданғанымыз жөн.
Сол сияқты баспасөз беттерінде «медсестра» дегенге медбике, медбибі, шипагер, емші бике, аяжан, аякер, мейіркеш т.б. сөздерді жарыса қолданушылар кездеседі. Бұл да әйел, ер деп текке бөлу мақсатынан туған құбылыс болса керек.
Ғалым Б.Қалиұлының айтуынша, бұл сияқты жат аяқ алысты қазірден бастап өзгертпесек, күндердің күнінде біреу болмаса біреу «Қазақ тіліндегі род (тек) категориясы» деген тақырыпта диссертация қорғап, жаңалық ашуы ғажап емес [49,143].
Баспасөзде «рынок» сөзінің орнына «нарық», «базар» сөздері де жарыса қолданылып жүр. Мысалы, еңбек нарығы (рынок труда), бағалы қағаздар нарығы (рынок ценных бумаг), қара базар (рынок черный) т.б. Бұл жерден байқайтынымыз терминнің баламаларының жарыса қолданылуында базардың о бастан «рынок» сөзінің аудармасы болса да, экономикалық термин ретінде кең қолданысқа ене қоймауы.
Сондай-ақ газет беттерінде «семья» сөзіне балама ретінде алынған «отбасы» терминімен қатар үйелмен, түтін, әулет, шаңырақ, жанұя сөздерінің; «микрорайон» сөзінің орнына алынған «шағынаудан» атауымен қатар кішіаудан, мөлтекаудан, ықшамаудан сөздерінің және «право» сөзінің баламасы «құқық» терминімен қатар хұқық, хұқы, құқы, қақы, құқ сөздерінің де жарыса қолданылғанын жоғарыда айттық.
Газет беттерінде кейбір терминдердің терминком ресми түрде бекітіп берген қазақша баламалары бола тұрса да тұрақты қолданылмай, олардың бұрынғы шет тіліндегі нұсқалары да жарыса қолданылып жатады.
Мәселен, баспасөзде, әсіресе, «Қазақ әдебиеті» газеті беттерінде терминология комиссиясы бекіткен «шығармашылық» термині мен оның бұрынғы «творчество» деген нұсқасының жарыса қолданылуы жиі кездеседі. Мысалы, Шығармашылық ізденісінің жұлдызды сәтіне сәйкес туындаған бұл дүниенің көркемдік олжасы, әлі талай зердеге салынып, безбенге түсер (Қ.Ә. 1995. № 26. 17 қазан, -14 б.). Творчествалық адалдығымды, өнер шындығын, жан дүние тазалығын төңірегімде өтіп жатқан жәйттермен үндестіру маған өте қиын (Қ.Ә. 1996. № 48. 26 қараша, -8 б.).
1990-2000 жыл аралығындағы газет беттерінен «композитор», «музыкант» сөздері және осы екі сөзге балама ретінде алынып жүрген «сазгер» сөзінің де жарыса қолданылып жүргенін байқаймыз.
Уақыт талабына сай көптеген термин сөздердің бүгінгі күнде қазақша баламасын табу және оны тиісті орнына қолдану аясын кеңейту баспасөзге тікелей қатысты. Сондықтан сөздердің жаңа баламасын тауып қолдануда аса бір жауапкершілікпен қарастырып отыру баспасөз ұжымының негізгі міндеті болып табылады. Бұл тек қана жауапты сарапшылардың міндеті емес, сонымен бірге мақала авторларының да міндеті. Айталық, кейбір газет беттерінде жарияланған түрлі мақалаларда аталмыш кемшіліктер, яғни терминдердің қазақша баламаларының орынсыз, сәтсіз пайдалануы осыны аңғартады.
Мысалы, шет тілінен кезінде еніп, белсенді қызмет атқарып келген «композитор», «музыкант» сөздерінің бүгінгі қазақша баламаларына көңіл аударып көрелік. Осы көрсетілген екі сөздің берер мағыналары екі түрлі екендігінде ешкімнің дауы бола қоймас. Яғни, композитор – ән шығарушы, ал музыкант – ән шығармайды, керсінше дайын нәрсені орындаумен шұғылданады. Ойымыз нақты болу үшін мынадай да мысалдар келтіре кеткен жөн. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жырау, жыршы деген терминдердің бір-бірінен мағыналық ерекшеліктері жоғарыда келтірілген композитор, музыкант сөздерінің мағыналық ерекшеліктері сияқты. Демек, жырау – жыр жазады және оны өзі орындайды, ал жыршының атқаратын қызметі бір жақты, тек қана дайын нәрсені орындаушы. Бастапқы айтар ойымызға оралар болсақ, соңғы кезде «композитор», «музыкант» сөздерінің баламасы ретінде «сазгер» сөзі ортақ қолданылып жүр. Осы екі атауды бір-ақ сөзбен баламалау кемшілік екендігі айтпаса да түсінікті. Кез келген адам – неге біз композиторды да, музыкантты да сазгер дейміз. Ол екеуі екі нәрсе емес пе? – деген сұрақты қояры сөзсіз және де тіліміздің жұтаңдығын да аңғартады. Сондықтан тіліміздің мүмкіндігін пайдаланып басқа баламалар тауып қолдану орынды. Мысалы, осы сөздерге тән ұғымды білдіретін қазақ сөздерінде бірнеше синонимдер бар. Олар: әуен, әуез т.б. Осы сөздердің біреуін сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жаңа сөз етіп неге жасамасқа. Сонда бір ана сазгер сөзін екі ұғымды білдіретін композитор, музыкант сөздерінің орнына тартқылап қолданудан құтылар едік.
Егер саз парсы тілінде «музыка» деген мағынаны білдіретін болса, сазгеріміз «музыкант» болып шықпай ма? Осы бір принципке сүйенсек «композитор» сөзін баламалау барысында басқа сөзді ұсынған жөн дей келе, біз мынадай баламаны ұсынар едік. Музыка – саз, музыкант – сазгер күйінде қалып, композитор сөзінің баламасы ретінде әуезші деген –шы, -ші жұрнағы арқылы жасалған туынды зат есім сөзді қолдануды тарату.
Себебі, -шы/-ші жұрнақтары арқылы музыкаға қатысты көптеген сөздердің жасалғандығы куә. Мысалы, күйші (күй-ші), әнші (ән-ші), биші (би-ші) т.б. Солардың қатарын әуезші (әуез-ші) сөзімен неге толтырмасқа. Сонда ғана бір сөздің екі жерде жарыса қолданылуынан құтылар едік. Ал, -гер жұрнағы арқылы сазгер сөзінен басқа мағынаға қатысты туындаған сөздер жоқтың қасы. –Гер жұрнағы арқылы жасалып жатқан атаулардың ішінен қарастырып отырсақ барлығы да басқа бір салаға қатысты сөздер екен. Мысалы, жалгер, ардагаер, зейнеткер және т.б.
Сондықтан әуез сөзінен –гер жұрнағы арқылы әуезгер деген сөз жасауды ұнамды деп таппадық. Оның есесіне құлаққа жағымды –шы/-ші жұрнағы арқылы жасалған әуезші сөзі ұнамды сияқты.
Газет беттерінде орын алып отырған кемшіліктердің енді бірі – емле мәселесі.
Мәселен, газет беттерінде алғышарт (предпосылка), басқосу (саммит), күйтабақ (грампластинка), шағынаудан (микрорайон), іссапар (комондировка) т.б. сияқты сөздер кейде бірге жазылып біріккен сөз түрінде жұмсалса, кейде бөлек жазылып сөз тіркесі күйінде қолданылған.
Сөзіміз дәлелді болу үшін мысал келтірейік:
а) біріккен сөз түрінде
Бұл басқосуда негізінен кіші кәсіпкерліктің қызметі, оның экономикадағы рөлі мен болашағы жайында арнайы әңгіме, тәжрибе бөліседі (А.Т. 1997. №14. 3 сәуір, - 3 б.). Іссапар барысында аңғарған жақсы құбылыс – қазақы билік қарапайым қазаққа қарай қарапайым оң қадам жасамағанымен, жүзін бұрғанға ұқсайды (Қ.Ә. 1999. №24. 19 маусым, - 5 б.).
ә) сөз тіркесі түрінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет