«Этнопедагогика» пәнінен 5В010300- «Педагогика және психология»



бет6/8
Дата15.03.2022
өлшемі0.69 Mb.
#456299
1   2   3   4   5   6   7   8
Этнопед СӨЖ

Презентация
Презентация - айқын тақырып бойынша негізгі ойлардың сөздік - графикалық ( көрнекті ) көрінісі. Презентация уақыт тәртібі 7 минут .
1. Презентацияны идеяларды ұсыну құралы ретінде қарастыру.
Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар. Жалпы жағдайда презентация - бұл баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, диплом немесе курстық жұмысты қорғау, бизнес-жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыға салу, қандай да бір қызмет түрін ұсыну. Бір сөзбен айтқанда идеяларды, мамандарды, адамдарды, өндірілген өнімді, қызмет түрлерін ұсыну - осының бәрі презентация болып табылады.
Кез-келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын рөлі зор. Презентация өткізуде көрнекті құралдар (графиктер, диаграммалар, фотоматериалдар) кеңінен қолданылады. Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы оны презентация даярлау құралы ретінде пайдалану қажеттілігін туғызды.
Екінші жағынан алғанда презентация деп-айрықша текті электрондық құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиалық мазмұны мен құжатты экранға шығаруды басқарудың айрықша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған дистанциялық түрде өтеді. Осы тектес құжаттарды арнаулы программалық құралдардың көмегімен дайындайды.
Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі Microsoft Office дестесімен бірге қойылатын Microsoft Power Point колданбалы программасы. Бұл презентацияны даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал болып табылады.
Power Point құралдарының көмегімен дайындалған жұмысты оның кез-келген кезеңінен (идеясы мен іс жүзінде алынған нәтижелеріне дейін) ұсынып, көрсетуге болады.
2. Power Point құжатының құрылымы
Power Point-тағы кез-келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған кадрлардың жиынтығынан тұрады. Презентациядағы слайдтардың саны көп бола береді. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінің жеке нөмірі болады, слайд құрылғанда ол бірден міндетті түрде нөмірленеді.
Құжаттағы слайдтар сызықты тізбектеле орналасады. Слайдтарды жою, кірістіру, орын ауыстыру немесе көрсету олардың сызықтық құрылымын бұзбайды. Слайдтар әр текті объектілерден тұрады. Әрбір слайдта кем дегенде бір объект болады, ол кадрдың фоны. Слайдта орналастырылатын объектілер:

  • фон;

  • мәтін;

  • гиперсілтемелер;

  • колонтитулдар;

  • кестелер;

  • графиктік бейнелер;

  • диаграммалар;

  • бейнеклиптер;

  • дыбыс;

  • таңбашалар;

  • түстер схемасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет