Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


дегенмен, энергия бағаларын əлі де мемлекет реттеп, субсидия түрінде



Pdf көрінісі
бет27/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 
...дегенмен, энергия бағаларын əлі де мемлекет реттеп, субсидия түрінде 
қаржылдандырып отыр

Тарифтер тым төмен болғандықтан шығындардың толық өтелуі 
ілгері баспай отыр. Бұл энерготиімділік шараларын жүзеге асыруға жəне энергияны үнемдеу 
бағытында инвестицияларды тартуға басты бөгет болып отыр, соның салдарынан (өзгелері 
арасында) комбинацияланған циклі бар электрстансалары секілді қолда бар əдістерге 
негізделген неғұрлым таза əрі тиімді технологияларды енгізу, сондай-ақ, тарату жəне үлестіру 
желілеріннің тиімділігін арттыру мүмкіншілігі жоққа шығады. Қазақстанның өкімет 
орындары да, энергооператорлары да, инвесторларды тарту үшін жəне нау-хау мен
технологияларды ұсыну арқылы мүмкіншіліктерді дамытып, қабілетті жетілдіру үшін 
тарифтерді көтеру қажеттілігін мойындап отыр. 

Жер асты байлықтарын басқару жəне қоршаған орта 
 
Қазақстанның минералды байлықтары мол.
 
Елдің өндірістік саласы көп жағдайда табиғи 
байлықтарды өндіріп-өңдеуге негізделген. 2004-жылы жалпы өндірістік өнім шығарудың 
жартысына жуығы жəне еңбекпен қамтудың 20 пайызы тау-кен саласының үлесіне тиді. 
Елдегі елеулі экономикалық өсім , бірінші кезекте, мұнайгаз саласының жоғары қарқынмен 
дамығанымен байланысты, бұл өз кезегінде қоршаған ортаға айтарлықтай қысым түсіріп отыр. 
Мұнай мен газ өндірілетін аймақтардағы экологиялық проблемалардың өткірлігі қоршаған 
ортаны қорғау шараларын қарастырған 2000-шы жылғы алғашқы Шолудан бері арта 
берді. 
Құрлықтағы жəне теңіздегі кен орындарын игеру, сондай-ақ, құбыржолдардың, 
автокөлік пен темір жолдарының, мұнай мен газды өңдеу кəсіпорындарының салынуы 
табиғаттың ластануының артуымен жəне су, ауа, топырақ, флора мен фаунаға тиетін ұзақ 
мерзімді əсермен байланысты. Мұнайгаз жəне тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға тигізген 
əсерінің зиянды салдарын түсінушілік жетіспейді. Сол салдар тиісінше бағаланбаған жəне 
ластауды азайту шаралары арқылы шешілмеген. Солардың тұтас əсері, əсіресе экологиялық 
тұрғыдан сезімтал келетін Каспий теңізі мен оның жаңалауы аймағында мейілінше еленбей 
келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет