Ф 01 – П. 01. 04/2006 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



бет2/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#18422
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5
Сабақтың мақсаты: Алғашқы адамдардың Қазақстан территориясында пайда болғаны және пайда болған уақыты туралы мәлімет қалыптастыру. Қазақстан территориясында тас және қола дәуірлеріне жататын ескерткіштерді танып білу.

Кіріспе

  1. Пәнді оқыту мақсаты.

  2. Қосалқы тарихи пәндер және оның міндеттері

  3. Қосалқы тарихи пәндер сипаты Негізгі бөлшектері.

Палеография ұғымы, міндеттері. Қолжазбаның жазу материалын, қолтаңбасын, кестесі мен ою-өрнек миниатюрасын анықтау. Жазу материалы түрлері. Палеографияның зерттеу әдістері, салыстырмалы тарихи зерттеулерге қойылатын негізгі талаптар.

Палеография ғылымының дамуы

Түрік жазуының түп-төркіні және ескерткіштерінің аудармалары.

Орхон-Енесей жазбалары, тарихи маңызы. Талас, Кеген, Еріс бойы жазбаларының зерттелуі. Қазақ тілінің дамуының негізгі дәуірлері.

Жазу мен кітап тарихы

Таңбалар тарихы туралы пікірлер. Пиктографиялық жазу. Түркі тілдерін дәуірлеу. Қағаз жасау әдісі. Көне түркі руна жазулары. Латын әліппесі, кириллицаны қабылдау. Қазақ кітаптарының тарихы.

Қолжазбаларды палеографиялық жағынан сипаттау.

Қолжазбаның жазылған уақыты, аты, мекен-жайы. Көне жазбаның мазмұны. Жазу материалы, көлемі мен форматы. Түпнұсқалылығы, басты сипаты.



Бекіту сұрақтары:

1. Қ.Т.П негізгі міндеттері

2.Қолжазбалардың форматы мен әшекейі

3.Құпия жазу



Қолданылатын әдебиеттер:

1,Абишев Х.А. Элементы астрономии и погода в устном народном творчестве казахов. А, 1949

2.Әбішұлы Х. Халық астрономиясы. А, 1959

3.Бабырнама. А, 1990


2 лекция. ПАЛЕОГРАФИЯ

Сабақтың мақсаты: Палеография ұғымы, міндеттері және ғылымының дамуын қарастыру.


  1. Палеография ұғымы, міндеттері.

  2. Қолжазбаның жазу материалын, қолтаңбасын, кестесі мен ою-өрнек миниатюрасын анықтау. Жазу материалы түрлері.

  3. Палеографияның зерттеу әдістері, салыстырмалы тарихи зерттеулерге қойылатын негізгі талаптар.

  4. Палеография ғылымының дамуы.Түрік жазуының түп-төркіні және ескерткіштерінің аудармалары.

  5. Орхон-Енесей жазбалары, тарихи маңызы. Талас, Кеген, Еріс бойы жазбаларының зерттелуі. Қазақ тілінің дамуының негізгі дәуірлері

Палеография дегеніміз жазба түп деректердің сыртқы жағын, соның ішінде графиканы, бұлар жазылған материалды, қағаз бетіндегі судағы белгілерді, қолжазбалардың форматы мен безендірілуін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Палеографияны білу қолжазбаны дұрыс оқып шығуға, оның пайда болған уақыты мен орнын, автордың аты-жөнін, оның дұрыстығын немесе жалғандығын, текст тарихын т. б. анықтауға көмектеседі.

Ұғымның негізгі маңызына сәйкес (грекше яаЯаіов — «ежелгі» және ypaqxo — «жазамын») палеография әуел баста ежелгі қолжазбаларды зерттеумен шұғылданды. Қазіргі кезде жаңа заманның қолжазбасының сыртқы жақтары да зерттеледі. Осыған байланысты жаңа термин — «Неография» да пайда болды.

Ғылыми пән ретінде палеография XVIII ғасырдың бірінші
жартысында Францияда пайда болды, бірақ бұған дейін көп ғасыр бұрын-ақ бірқатар елдерде палеографиялық талдау тәсілдері
практикалық мақсаттарда қолданылып келді. Мәселен, Россиядағы сот процестерінде XV ғасырда-ақ палеография көмегімен
актылар мен грамоталардың жалғандығы талай рет дәлелденді.
XVIII ғасырдың басында ескі ғұрыптағы ағалы-інілі Денисовтардың православие шіркеуі жасап шығарған өңі бұрмаланған екі
документті әшкерелеуі палеографиялық талдаудың үлгісі бола
алады.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қолжазбалардың палеографиялық ерекшеліктеріне ғалымдар қадала көңіл аудара бастады, ал ғасырдың орта кезінде-ақ ең ежелгі славян қолжазбаларына бағалы палеографиялық байқаулары бар А. В. Горскийдің, К. И. Невоструевтің еңбектері пайда болды.

1885 жылы И. И. Срезневскийдің палеография жөнінде алғашқы басшылық құралы жарияланды, ал содан соң бірқатар оқулықтар мен еңбектер, соның ішінде Е. Ф. Карскийдің, Н. П. Лихачевтің, И. С. Беляевтың және А. И. Соболевскийдін еңбектері жазылды.

Совет ғалымдары палеографияға әрқашан да үлкен көңіл бөліп отырды. 1918 жылы В.Н.Щепкиннің орыс палеографиясы жөніндегі оқулығы басылды (1967 ж. қайта басылды), ал 1928 жылы Е. Ф. Карскийдің курсы қайта басылды. Ұлы Отан соғысынан кейін Н.С. Чаев пен Л.В.Черепниннің (1947) және Л.В.Черепниннің (1956) келесі оқулықтары, сондай-ақ бірнеше палеографиялық альбомдар жарияланды.

Ақыры, 1966 жылы М.Н.Тихомиров пен А.В.муравьевтің жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Орыс палеографиясы» деген арнаулы құралы даярланды.

Бекіту сұрақтары:


  1. Палеографияның міндеттерін ата

  2. Палеография әдістерін ата.

  3. Ғылыми-тарихи пән ретінде хронологияның пайда болуы және дамуы

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Бурнашева Г.З. Монетный материал в городище Отрар Тобе. А, 1974

  2. Введение в специальные исторические дисциплиныМ, 1990

  3. Государственные символы РК. А,1997

3 лекция. Жазу мен кітап тарихы



Сабақтың мақсаты: Жазу мен кітап тарихымен танысу, қазақ кітаптарының тарихын, көне түркі жазазуларын танып білу.

  1. Таңбалар тарихы туралы пікірлер. Пиктографиялық жазу.

  2. Түркі тілдерін дәуірлеу. Қағаз жасау әдісі.

  3. Көне түркі руна жазулары. Латын әліппесі, кириллицаны қабылдау.

  4. Қазақ кітаптарының тарихы.

Кирилл жазуының графикасы — өз негізінде дара графика —уақытқа орай өзгеріп отырды. Оның сан алуан түрлерінің ішінен ғалымдар үш негізгі типті — устав, жартылай устав, жедел жа­зу (скоропись) түрлерін бөліп көрсетеді.

XIV ғасырдың аяғына дейін үстемдік еткен устав


баппен сәнді жазылатын болып келді. Мұндағы әріптердің бәрі
суретке салынғандай, ап-айқын болып шығады. Бұлар тіп-тік,
қатаң геометриялық формада болады. Ең ежелгі уставта бұл —
квадраттар болды деуге болады, ал кейініректе жоғары қарай
созылған тік төрт бұрыш болып келеді. Әріптің жоғарғы жағы,
әдетте теменгі жағынан кішірек болады. Шиыршықтар тік сызыққа жайымен келіп қосылады. Әріптің жолдан шығуына, әдетте, жол берілмейді. Жеке әріптердің жазылуы мен оның уақыт
өтуімен байланысты езгерісі қосымпіаның 2-таблицасында көр-
сетілген.

Тексте әріптер өзара қосылмайды, олардың ара қашықтығы әрқашан бірдей, текстің сөздер мен сез тіркестеріне бөлінуі әлі жоқ. Қысқарту өте сирек кездеседі: қасиетті деген сөздерде ғана (құдай, рух және басқалар) жол беріліп, олар міндетті түрде титло астына алынады; жиекке шығарылатын әріптер көп болмаған.

Устав жазба ескерткіштері аз сақталған, ал ежелгілері — XI—XII ғасырдағылары — бірен-саран болып келеді. Бұлар: Остромиров евангелиесі (1056—1057), Святослав Изборнигі (1073— 1076), Новгород Юрьев монастырына (1130) ұлы князь Мстиславтың грамотасы, Варлаам Хутинскийдің қосымша беті (1192) және басқа да бірнеше ескерткіштер.

Устав жазба өте тиімді болғандықтан, кітап қолжазба графикасында бұлар кейінгі ғасырда да, тіпті XVII ғасырға дейін


пайдаланылды.

Азаматтық әдебиет дамып, іскерлік тұрғыдағы жазу-сызу таралуына байланысты XIV ғасырдың жартысынан бастап XV ғасырдың аяғына дейін тұрақтап келген жартылай устав пайда болды. Бұл әбден айқын жазу болғанымен неғүрлым жедел, сондықтан да соншалықты ұқыпсыз жа­зу еді.

Жартылай уставта әріптерді жазудың геометриялық, сымбаттылық принципі бұзылады. Айқын тік сызық орнына қисық сызыққа, тік төрт бұрыштар орнына — үшкір бұрыштарға, ал жаймен өту орнына түзуге қисайтып апарып қоса салуға жол беріледі. Әріптер көлбейлете жазылады (Жеке әріптердің жазылу ерекшеліктері қосымшаның 3-таблицасында керсетілген.)

Әріптердің арасы алшақтай түседі. Көп сөздер қысқартылып, әріптер титло астына түсіріліп жазылады. Жекелеген жағдайларда текст сөздер мен сөз тіркестеріне бөлінеді. Бұл кезеңде біртұтас негіздер орыс, украин және белорус жазуының ерекшеліктері қалыптаса бастайды.

Жазу процесін едәуір тездетуді талап еткен кітап және іскерлік жазу-сызудың одан әрі дамуы XV ғасырда жедел жазудың пайда болуына жол ашты, бұл москвалық, киевтік және батыстық немесе белорустік болып бірте-бірте бөліне түседі. Жедел жазу, атап айтқанда москвалық жедел жазу, жартылай уставтан шықты, бірақ одан айырмасы: әріптерінің тұрқы аласа, ені кеңірек, созылып, шиыршықтап жазылған, пропорциональды емес болып келеді. Қалай басып, қалай созып жазам десе де, бүл жазу үшін еркіндік тән, жеке әріптердің варианттары көп-ақ және оны жеңілдету үшін уақыт өтуімен байланысты өзгерістер де тез болып тұрған (XV—XVII ғасырлардағы жедел жазудағы жеке әріптердің жазылу ерекшеліктері қосымшаның 4-таблицасында керсетілген).

Текстер жазылған пергамент парақтарының белгілі бір көлемі болмады. Шамамен біздің, жазу қағазымыздың қос парағына тек қағаз парағының шамасы болды десек неғұрлым дәлірек болады. Іс жүзінде текстер не осындай парақта, не екіге, төртке және т. б. бүктелген парақтарда жазылды. Кейіннен бұлар тиісінше былайша белгіленді: 1°, 4°, 8° (парақ, ширек парақ, әшмөшке және т. б.)

Ең ежелгі қолжазбалардың текстері дәптерге қатталған парақтың екі жағына бірдей жазылды. Бұлардың әрқайсысы төрт қос парақтан (16 беттен) тұрды. Егер қолжазба көлемді болса, дәптерлер кітап болып тігілді. Ұзақ сақталуы үшін ол түптелді. Құнды кітаптар күміс немесе алтын жалатылып, қымбат тастармен әшекейленген былғарымен қапталып түптелді. XIII ғасырдан бастап ромбы және жүрекше тәрізді таңбалы ірі торда Ви­зантия үлгісі бойынша жасалған ернектеу (тиснение) қолданыла басталды. XVI ғасырдан бастап бұл неғұрлым астарлы да курделі бола түседі, XVII ғасырдың орта шенінен бастап алтындап салған өрнектер ұшырайды. Осылайша түптелген кітаптарды бұзылудан сақтау үшін, бұларға кейде сирақтар жасаған (басты шегелер қаққан).

Қымбат кітаптардың иелері, оның әрбір бетінін, өзі керкем шығарма түрінде болуы үшін қам жасаған. Бұны жақсы қағазға әсемдеп жазылғандығынан ғана емес, сондай-ақ арнаулы әшекейлермен безендірілгендігінен де көруге болады. Қолжазбаның немесе тараудың, немесе кейде тіпті абзацтың басында заставкалар, яғни парақтың бүкіл енін, ал биіктігі жағынан кейде оның үштен біріне дейінгісін алып жатқан безендірілген өрнектер жасалды. Қолжазбаның қалған бөліктері инициалдармен, яғни әсем етіліп жазылған және әшекейленген бас әріптермен көріктендірілді. Кейде кітаптың жиегіне («жиектегі гүлшелер»), кітап соңына да әшекей жасалды.

Осы аталған ою, әшекейлердің бәрі белгілі бір стильде болды. XI—XII ғасырларда стильдеген нәрселер кірістіріліп жазылған (негізінен алғанда өсімдік дүниесі), ең қарапайым геометриялык фигуралардан тұратын көне орыс немесе көне Византия ою-өрнегі басым болды. XIII ғасырдан бастап оюларда ұлттық, халықтық сарындардың ықпалы мен сюжеттері орын алды. Өзара өрімделген белдіктер мен бұтақтардың фонында рамка ішінде және одан тыс фантастикалық жануарлар — аждаһалар, грифтер. арыстандар бейнеленді. Ою-өрнектің мұндай стилі ғажайыптык (тератологиялық) деп аталады.

XVI ғасырдың ортасынан Россияда басталған кітап басудың жағдайларына орай жаңа ою-өрнек туды. Әшекейлер тек екі түске—аққа қарамен немесе керісінше қараға ақпен жасалды. Бейнелердің көпшілігі аралықтарына стильденген гүлдер және басқа өсімдіктер салынған геометриялық формалар, әсіресе дөңгелектер мен квадраттар болады. Штрихтар қолданыла бастайды.

Бұдан әрі кітап басудың жетіле түсуі ою-өрнекті күрделілендіруге мүмкіндік берді. Оқырмандардың талғамына сәйкес (XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап) ою-өрнек үш түсті болды да, өнер үстемдік еткен стильдердің — XVII ғасырда — барокко, XVIII ғасырда — рококо, ал XIX ғасырдың басында — ампира стильдерінің ықпалына ұшырады.

Оқиғалардың ашпа беттеріне онда не туралы айтылатынын бейнелейтін миниатюралар көптеген құнды қолжазбалардың әшекейі болды. Ашпа беттегі бейнелер ежелгі шіркеу кітаптарында, кейбір көне сыйлық грамоталарында ұшырайды. Миниатюралардың көпшілігі белгілі бір жылнамаларда бар, мысалы, Радзивиллов (немесе Кенигсберг) жылнамасында. XVI ғасырдың екінші жартысындағы 12 томдық жылнама жинағының ашпа бетінде бар, бұнда 16 мың бейне салынған т. б.

Бұлар XVII ғасырдың ескі ғұрып қолжазбаларында да ұшырайды. Кітап басудың дамуымен байланысты ашпа бет бейнелерді кітап гравюрасы бірте-бірте ығыстыра түсті.

Миниатюралардағы бейнелеу тәсілдері заказ берушінің де, орындаушының да көркемдік талғамдарына сай келді .XI—XIII ғасырлардың пергамент қолжазбаларының ашпа бет бейнелері сол заманның фрескалық және мозаикалық бейнелеріне тән монументальдығымен көзге түседі. Сыры қалың, ашық етіліп жағылатын еді.

XIV—XV ғасырларда пергамент қолжазбалардағы суреттер әлі де болса монументальды живописьтің ескі дәстүрлерін ұстады. Алайда қағаздың пайда болуы неғұрлым жеңіл акварельді живописьті игеруге мүмкіндік берді. А.Рублев живописінің ықпалына түскен XV ғасырдағы миниатюра жасаушылардың творчествосында, икона салу тәсілдерін сақтай отырғандығымен, реалистік тенденциялар болғандығы да байқалады.

XVI ғасырда — XVI ғасырдың бірінші жартысында миниатю­ралар станоктық, ал содан кейін портреттік живописьтің («пар­сун жазуы») ықпалын бастан өткереді, реалистік тенденциялар бұдан арғы жерде Симон Ушаковтың есімімен байланысты бо­лады. Шартты түрде алынғандығына қарамастан, олар көптеген тарихи оқиғалар мен орыс халқының тұрмысы — қолөнерші мен шаруаның еңбек қызметі, соғыс шайқастары, вече жиналыстары, халық көтерілістері т. б. туралы нақтылы ұғым береді. Бұл мәселе жөніндегі қызықты материалды мына кітаптан табуға бо­лады: О. И. Победова. Миниатюры русских исторических рукопи­сей (к истории русского лицевого летописания). М., 1965.

Кітаптан айырмашылығы—грамоталар парақтың бір жақ бетіне жазылды, мұны қолайлы болу үшін екіге немесе үшке тіліп бөлді. Егер де осындай бір парақ жетпесе онда бұған екінші, үшінші парақтар жапсырылды. Сонда лента («столпец») болып шықты, мұның екінші жағына дьяктар өз белгілерін, ал түзетуге жол бермеу үшін жапсырылған жерлеріне «Скрепа» жасады. «Столпецтер» XVI—XVII ғасырларда Москва приказдарының іс жүргізу практикасында әсіресе кеңінен қолданылды. Бұлардың көпшілігі мазмұны жағынан өзара байланыскан документтердің бүтін сериясынан тұратын. Мұндай «столпецтер» көбіне 15—20 м, тіпті одан да ұзын болатын. Сондай-ақ жеке документтердің кө­лемі де бұдан кем болмайтын, көбіне бұдан әлдеқайда артып кетіп те отырды. Мәселен, 1649 жылғы Собор уложениесінің түп нұсқа тексі біріктіріп жапсырылған 959 парақтардан тұрған «столпецтер» болып келеді де, ұзындығы 300 метрден асады.

«Столпецтер» шиыршықтап оралатын да, оларды сақтау қолайсыз болатын. Сондықтан да XVIII ғасырдан бастап парақтар дәптерге тігілетін болды. Осы уақыттан бастап парақтарды жолақ етіп тілуді қояды да, парақтың екі жағына бірдей жаза бастайды, бұл қағазды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір мазмұнды немесе тектес маңызды материалдары бар дәптерлер біріктіріліп, буылды. Мұндай «буындылар» нөмірленді де, канцеля­рия архивтерінде сақталды (XVIII—XIX ғасырлар). Қолжазбаларды әсем етіп көрсету үшін ерекше декоративтік жазба — вязь жиі қолданылды, мұнда қысқартып және әсемдеудің көмегімен текст біркелкі және тегіс өрнектеумен байланыстырылды. Бұл жағдайларда әсіресе алдыңғы және кейінгі әріптер үшін қайсыбір белгілерді немесе сызықтарды пайдалану, бір әріпті екіншісіне бағындыру немесе екі әріпті бір-біріне бағындыру кеңінен қолданылды. Әдетте вязь арқылы қолжазбаның бас тақырыбы немесе бастапқы бөліктері ерекшеленді. Бұлар көбіне қызыл не­месе қандайда болсын басқа бір ашық бояумен жазылатын-ды.

Вязьбен жазылған текстері бар алғашқы орыс қолжазбалары XIV ғасырдың аяғына жатады. XV ғасырда вязь ете кеңінен таралады, ал XVI ғасырда кейбір ірі қалаларда — Москвада, Новгородта, Псковта — вязь жазуының өз стилі қалыптасады. Бұлар XVII ғасырдың ортасына қарай бірте-бірте унификацияланады. Оның бүкіл тарихының өн бойында жазудың бұл түрінің өзіне тән белгісі — әріптің биіктігін ұлғайтуға ұмтылу. Eгерде XV ғасырда әріптің биіктігі енінен әдетте 3—4 есе ұзын болса, енді XVII ғасырда бұл қатынас 10—12-ге дейін артады, мұндай әріптер енді қиын оқылады. Вязьдің мұндай XIX ғасырлардағы шіркеу кітаптарында да болған..

Бекіту сұрақтары:


  1. Ежелгі орыс мемлекетінде алғашқы жазба деректері қашан п.б

  2. Ағаш тақтайшалардағы жазу қай жылы табылды

  3. Талас өзенінің бойынан байырға қай жазулардың түрі табылды

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. О. И. Победова. Миниатюры русских исторических рукопи­сей (к истории русского лицевого летописания). М., 1965.

  2. Л. В. Черепнин. Русская палеография. М., 1956, 224—229, 335—340, 466-беттер.

  3. М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьев. Русская палеогра­фия (М., 1966, 35—36-бет)

4 лекция. Қолжазбаларды палеографиялық жағынан сипаттау.



Сабақтың мақсаты: Қолжазбалардың жазылған уақытымен, аты, мекен жайы туралы материялдарды қарастыру, түпнұсқалығы мен басты сипатымен танысу.

  1. Қолжазбаның жазылған уақыты, аты, мекен-жайы.

  2. Көне жазбаның мазмұны. Жазу материалы, көлемі мен форматы.

  3. Түпнұсқалылығы, басты сипаты.

Орыс қолжазбаларының басым көпшілігі пергамент пен қағазда жазылған. Тұрмыста мұның үстіне кайың кабығы да қолданылды.

Пергаментті жасап шығару үшін төлдің (бұзаудың, қозының т. б.) терісін алды да, оны мұқият өңдеп шықты. Сөйтіп, жазу үшін әдемі мықты және қолайлы, бірақ төтенше қымбат мате­риал алынды. Бір теріден 2—3 парақ пергамент жасап шығаруға болатын еді. XI—XII ғасырлардағы орыс қолжазбалары Византиядан, Батыс Европаның басқа елдерінен әкелінген пергаментке жазылатын-ды: XIII ғасырдан бастап, тұрмыста жергілікті пергамент қолданыла бастады.

Пергаменттің қымбаттылығынан бір кезде жазылған тексті қырып тастау немесе жуып тастау жиі кездескен, ал содан соң оның орнына жаңасын жазған. Мұндай қолжазбалар палимп-сестер деп аталды. Бұндай қолжазбалардың жаңа тексі ғана емес, сондай-ақ ескі тексі де бағалы, өйткені химия реактивтері мен түсті бөліп көрсететін фотографияның көмегімен оны оқуға болатын еді.

Күнделікті тұрмыстық сипаттағы жазбалар үшін XI—XV ғасырларда ежелгі Русьте өңделген қайың қабығын қолданған, демек оның ішкі ылғал бетіне үшкір таяқшамен (сүйек немесе ме­талл) текстер тырналып түсірілген. Қайың қабығы — өте нәзік материал. Бірақ оның дымқыл жерде жақсы сақталатындығы мүлдем кездейсоқ жағдайда белгілі болған. Сондықтан да 500-ге жуық қайың қабығы грамоталары бізге дейін жетіп отыр, бірақ олардың саны әрине бұдан әлдеқайда көп болған ғой.

XIV ғасырдың бірінші жартысында жазу материалы ретінде қағаз пайдаланыла басталды. ;Қағазға жазылған ең ежелгі документтер: Семен Гордыйдың ағалы-інілі Иван және Андреймен жасасқан шарты (1341), Ярославск Спасск монастырына (1345 жылдар шамасы) Нижегород князі Василий Давыдовичтің жолдаған сыйлық грамотасы. XV ғасырдағы қолжазбалардың көп бөлігі қағазға жазылған ал XVI ғасырда сирек жағдайда ғана қолданылады.

Алғашқы кездерде Россияда шетел өндірісінің қағаздары пай-даланылды: XIV—XV ғасырларда — итальян, XV ғасырда — негізінен француз, сонан соң неміс, XVI ғасырда поляк, ал XVII ғасырда голланд қағаздары пайдаланылды, XVI—XVII ғасырда Россияда өз қағаз өндірісін жолға қоюға әрекет жасалды. Бірақ тек XVIII ғасырдың бірінші ширегінде ғана бұны жүзеге асыруға қол жетті. Біршама арзан жазу материалын — қағазды қолдану — Россияның экономикалық және мәдени дамуының қажеттеріне сай келді, өз кезегінде бұл одан арғы ғылыми-техникалық прогреске (мысалы, кітап басуға) жол ашты.

Қағаз жасап шығарғанда сұйық масса рамаға керілген сым тордың үстіне құйылды. Бұл масса кепкеннен кейін, рамадан енді дайын қағаз алынды. Мұның бетінде сымның таптары— жарыққа ұстағанда көрінетін мөлдір сызықтар болды. Фирма мен қағаз сортын таңбалау үшін фабриканттар торға ерекше сым суреттерді өрді, бұлардың табы судағы таңба немесе филиграндар деп аталады. Судағы таңбалар осы қағаздың шыққан уақыты мен жерін анықтауға мүмкіндік беретіндіктен (ал осы таңбалар бойынша қолжазбаны да) ғалымдар XVIII ғасырдың өзінде-ақ датасы қойылған судағы таңбалардың альбомдарын құрастыра бастады. Қазіргі кезде тарихшылар К.Я.Тромониннін, Н.П.Лихачевтін, Ш.Брикенін атластарын, М.В. Кукушкинаның, С. А. Клепиковтың т. б. анықтағыштарын пайдаланады.

Қолжазбаларда ұшырайтын толып жатқан судағы таңбалардың арасында ең көп тарағандары мыналар: XIV ғасырда — сызықтармен қиылған, крестпен бітетін екі шеңбер, безендірілмеген құмыра, шағын кеме, айбалта, қашып бара жатқан бұғы, XV ғасырда — үш тау, (ортаңғысында крест бар) қаз, қайшы, тиардағы папа, екі кілт, әтеш, ит, вепрь, әйел фигурасы, жүзім бұтағы, тәж, тәжі астындағы жұлдыз, якорь, дельфин, готикалық әріптер М мен Р, аңшылық керней үш лилиялы герб. XVI ғасырда — биялай, әр түрлі кұмыралар, француз фабриканттарының есімдері бар таңбалар, шошқалар, тиарлар, поляк гербтері, бұқа бастары, француз қалаларының гербтері. XVII ғасырда — тіске ұқсас ирек жағалы куақы адамның басы, Амстердам қаласының гербі, бүркіт, сыбызғы, патша тәжі, «Рro Patria» таңбасы (арыстанды ұрысқа итермелеген әйелдіқ аллегориялық бейнесі); XVIII ғасырда — қос басты бүркіт (мемлекеттік герб), Георгий Победоносецтің суреті салынған Москва гербі, якорь, біріктірілген төрт якорь, айбалталы аю, қағаз жасалып шыққан кәсіпорындары иелерінің герб таңбалары мен монограммалары, оның жасалынған датасы, судағы таңбалар мына кітапта неғүрлым толық айтылған; Л. В. Черепнин. Русская палеография. М., 1956, 224—229, 335—340, 466-беттер. Мүнда кейбір филиграньдардың бейнелері / берілген. Оларды ғасырларға қарай бөлу өте шартты екендігін ескерген жөн. Көптеген филиграньдар бір ғасырдан екіншісіне ауысып отырды, кейбіреулері өте қысқа уақыт қана сақталды.

Пергамент пен қағазға текстер сиялармен жазылды, бұлар темірден, тері илейтін заттардан, шие желімінен және басқа материалдардан жасалып шығарылды. Бұлар өте тұрақты болды да, ғасырлар бойы сақталды. Қолжазбаларда немесе кітаптарда тақырыптар немесе бас әріптер сырмен, көбіне қызыл сырмен жазылған (осыдан барып орыстың «красная строка» деген сөзі — «жаңа жолдан» бастау келіп шыққан). Ерекше кітаптар мен ма-ңызды грамоталар желімге езілген алтын түсті немесе күміс түсті бояумен жазылды.

Алғашқы кездерде қаздың қауырсыны (бұлар XIX ғасырдың ортасына дейін) қолданылды, аққу мен «түйе құстың» қауырсыны да сирек те болса қолданылды. XVI ғасырда әуелі контурлар­ды суреттерді жиектеу үшін, ал XVII ғасырдың аяғынан бастап жазу үшін де қарындаштар пайдаланыла бастайды. XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап болат қаламұштар пайдаланыла бастайды.



Бекіту сұрақтары:

  1. Әріптің жоғарғы жағы әдетте томенгі жағынан кіші болған жазу түрі

  2. Түркі жазуының ерекшелігі

  3. Түркі халқының көне дәуіріндегі мәдени тарихының жемісі

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Беклемишев А.В. Меры и единицы физических величин. М, 1954

  2. Бурнашева Г.З. Монетный материал в городище Отрар Тобе. А, 1974

  3. Введение в специальные исторические дисциплиныМ, 1990

5 лекция. Эпиграфика.



Сабақтың мақсаты: Эпиграфика ұғымы, дамуы, негізгі мақсаттары мен міндеттерін танып білу. Басқа ғылымдармен байланысы. Эпиграфикалық ескерткіштердің жазу тарихындағы маңызымен танысу.


  1. Эпиграфика ұғымы, дамуы, негізгі мақсаттары мен міндеттері. Басқа ғылымдармен байланысы. Эпиграфикалық ескерткіштердің жазу тарихындағы маңызы.

  2. Эпиграфикалық ескерткіштер тарихы

  3. Қазақсатандағы ежелгі заманның эпиграфикалық ескерткіштері

  4. Петроглифтердегі антроморфтық бейнелер.

  5. Орта ғасыр петроглифтері, таңбалы тастар. Ғалымдардың зерттеулері. Қазақстан территориясындағы архитектуралық ғимараттар мен күмбездегі таңбалр, ою-өрнек, жазулар.

  6. Эпиграфикалық ескерткіштердің маңызы. Барельефтер мен ескерткіш тақталар.

Археологиялық ескерткіштерден сақ тайпаларының обалары мен қоныстары белгілі. Обалардың сыртқы көріністері әр облыста әрқалай болған. Мәселен, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда сақ тайпаларының обалары өте биік, аумағы кең болып келеді. Ең биік обалар 20-30 м., аумағы 60-90 м., кейде 120 метрге дейін жетеді. Ондай обалар Іле өзенінің аңғарларында кездеседі. Археология ғылымында ондай обалар «патша» обалары деп аталады. Обаларды тарих ғылымдарының докторы, археолог К. Ақышев зерттеген. Сақ ескерткіштерінің ең атақтысы – Есік обасы. Ол Алматының шығысында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайында 1969-1970 жылдары табылған. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабір – орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабір тоналған, ал бүйірдегісі аман қалған. Бұл қабірге басын батысқа беріп, шалқасынан жатқан 17-18 жастағы сақ жауынгері жерленген. Ол басына 200-ден астам алтын әшекеймен безендірілген шошақ төбелі биік (65-70 см) тымақ киген. Мәдениеттің бірі саналатын - әйгілі үлкен күміс табақтағы 26 таңбадан тұратын екі жол жазу. Бұл ғылымда «Есік жазуы» деген атпен белгілі болды. Таңбалы жазудың құпиясы ғылымға әлі де белгісіз. Орталық Қазақстандағы Тасмола деген жердің атына байланысты – Тасмола мәдениеті аталған ескерткіш табылды. Бұл ескерткіштің өзіне тән ерекшелігі – «мұртты обалар». Мұртты обалар деп басты адам жерленген обаның екі жағынан адамның «мұрты» тәрізді ұзындығы 60-70 м. тастан қоршаулар жасалған. «Мұрттың» біткен жеріне екі жағынан да, орталық қорғаннан онша үлкен емес кішілеу екі оба тұрғызылған. Оларға жүргізілген қазба жұмысына қарағанда, адам жерленбеген, жылқының сүйектері және көзелер табылған. Ғалым археолог М.К. Қадырбаевтың зерттеуі бойынша, Тасмола мәдениетінің ескерткіштері және «мұртты» обалар темір ғасырының ҮІІ-ІІІ ғғ. жатады.Сақтар «нүктелі техника» деп аталатын суретшілік әдісі арқылы өздері мекендеген жердегі жартастарға аңшылық, малшылық тұрмысты бейнелейтін, жабайы хайуандар мен табиғаткүштерін «кие» табынатын діни ұғымдарды білдіретін суреттер салған. Бұл бейнелеу шығармалары шартты түрде «аң стилі» деп аталды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды, хайуандарды және аңыздардағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Б.з.б ІІІ-ІІ ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырап, аң стилі ою-өрнекке айналды. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз салып безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылған полихромдық деп аталатын стиль келді. Тері, киіз, ағаш, жүн маталары тез шіритіндіктен болғандықтан бұл өнер мұралары көп сақталмаған.Қазақстан аумағындағы жаппай таралған петроглифтер – жартастағы суреттер де сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылды. Әдетте, олар күнге күйіп, бетін қоңыр тат басқан жартастарға үшкір металл құралдармен қашап салған

Шығыс славяндарда жазу-сызудың тууы таптық қоғамның қалыптасу кезеңіне жатады. Әуел баста қарапайым бейнелер мен ұғымдарды білдіру үшін пиктографиялық таңбалар-символдар, соның ішінде көптеген халықтарда: күнді-шеңбермен, отты-крестпен, суды-ирек сызықпен таңбалау т.б. кеңінен таралды.

Суретпен таңбаланатын бірте-бірте жазу-сызу орнына буындық жазу, ал содан соң дыбыстық (фонетикалық) жазу келеді.

Бізге дейін келіп жеткен жазу-сызудың ежелгі ескерткіштерінің саны аз болғандықтан, шыңыс славяндарда фонетикалық жазудың пайда болу тарихы әлі де болса жеткілікті анықталмаған. Алайда бұның христиан дінін қабылдаудан бұрын-ақ қалыптасқандығы және елдің қоғамдық-саяси дамуының қажеттерінен туғандығы анықталды. Сол кездің өзінде-ақ, Қара теңіз маңы мен шығыс славян халықтарының жазу-сызу дәстүрлерінің негізінде, жазу-сызудың ең ежелгі таңбалары- «сызықша» мен «кесінді» таібаларын жетілдіре түсуі жолымен ежелгі славян әліппесі пайда болды. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл глаголица еді. Бұл бірте-бірте неғұрлым жетілдірілген-кириллицамен алмастырылды. Мұны жасауда Византия миссионерлері Кирилл мен Мефодийдің сіңірген еңбегі аз болмады. Екінші бір зерттеушілер кириллицалардың анағұрлым ертеде шыққандығын мойындайды, ал глаголицаның пайда болуы кейініректегі уақытқа жатқызылады да, мұны шығыс славяндар үшін өздері әліппе ойлап тапқаннан кейін Кирилл мен Мефодийге қудалау жасалғандығымен байланыстырады.

Д.С.Лихачевтің пікірі бойынша шығыс славяндарда христиан діні қабылданғанға дейін бірнеше алфавиттер болған да, тек бұлардың біреуі-кириллица ғана бірте-бірте орныққан. Жазудың бұл жүйесін жетілдірген Кирилл: Бұл жайында Л.В.Черепниннің Москвада 1956 ж. шыққан «Русская палеография» деген кітабының 75-111-беттерінде «Славян жазу-сызуының шығуы тыралы» деген тарауында толық айтылады.

ХІІ ғасырда жалпы құрып кеткен глаголдік жазу ескерткіштері негізінен алғанда Х-ХІ ғасырларда аздап сақталған. Тарихшылар іс жүзінде бұларды еш жерден таба алмайды деуге болады.

Қазіргі орыс алфавитінің негізіне қарапайымырақ кириллица алынған. Әуел баста бұл 43 таңбадан тұрған. Біздің бұдан әрі көрсететініміздей, кирилл әліппесінің көп бөлігі біздің заманымызға дейін ежелгі дыбысталуы мен жазылуын сақтап қалған. Текст тұтас жол бойына, әріпке әріп қосылып жазылды. Бірак кейбір жағдайларда қағазды үнемдеу үшін әріптерді, негізінен алғанда дауысты әріптерді немесе сөздерді жол үстіне шығаруға немесе жиі қолданылатын сөздер-дің жеке әріптері мен буындарын тастап кетуге жол берілді. Мүндай жағдайларда қысқартылған сөз үстіне сызық және жартылай дөңгелек түрінде ерекше таңба — титло қойылды.

XVI ғасырдан бастап-ақ және одан соңғы жерде әріптерді біріктіріп жазу соның ішінде жолдағы әріптерді жол үстіндегі таңбамен қосу (шалып алу) барған сайын айқынырақ байқалады, көбіне титлосыз және қысқартуларсыз жазылатын анық әріптер саны көбейе түседі.

Көрсетілген белгілердің дамуы песірлердің жеке ерекшеліктеріне жол ашып, XVII ғасырда жедел жазудың оқылуын қиындата түсті: Сондықтан да бұл кездегі жеке әріптердің жазылу ерекшеліктерін мұқият зерттеу қажет болады. Бұлардың сипаттамасы: М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьев. Русская палеогра­фия (М., 1966, 35—36-бет) оқу құралында берілген. Осында XVI—XVII ғасырлар жедел жазуына тән болып келетін әріпті жол үстіне шығару мен қосып жазу тәсілдері келтірілген.

1710 жылы азаматтық шрифтерді енгізу орыс жедел жазуын дамытуда жаңа кезеңнің негізін қалады, бұның өзі осы заманғы жазуға барған сайын жақындай түсті. Бұл жазуға тән белгілер — жеке әріптердің жазылуын унификациялап, оңайлату, қысқарту, ал XVIII ғасырдың аяғынан бастап, шалып жазыла­тын әріптердің жойылуы сөздерді байланыстырып жазу, тексті қатаң ереже бойынша, сөздер мен сөз тіркестеріне бөлу және бас әріптерді қолдану (XVIII—XIX ғасырлардағы жедел жазу графикасы қосымшаның 5-таблицасында келтірілген.)

Ұлы Октябрь социалистік революциясы орыс графикасын да­мытуда жаңа кезең ашты. Қалың халық бұқарасының сауат ашу­ға тілек-талабына жауап бере отырып Совет үкіметі, 1918 жылдың өзінде-ақ, орыс жазу ережесінің кең реформасын жүргізді. Алфавиттен көптен бері-ақ дербес маңызынан айрылған і, ь, о (фита), v (ижица) әріптері алынып тасталды. Бірқатар әріптердің жазылуында күш пен уақытты үнемдеу мақсаты байқалды. Бұл әріптерді қолбыратқан және олардыц оқылуын қиындатқан барлық артық элементтерді жоюдан көрінеді.

Жоғарыда көрсетілген тенденциялардың бәрі осы заманғы жедел жазуда онан әрі дамытыла түсті. Егер де бұл кезеңде гра­фика оңайлай түссе, оның есесіне қол жазуының жеке түрлері саналуан да күрделі бола түседі. Мұның үстіне тексті бейнелеудің жаңа тәсілдері — стенография, машинаға басу түрлері пайда болды. Бұлар негізделген принциптерді оқып үйрену біздің ғылыми пәніміздің міндетіне кіреді.

Россияда стенографиялық жазбалар жүргізудің алғашқы әрекеттері XVIII ғасырдың аяғында-ақ жасалды. Сөздерді, баяндамаларды т. б. дәл жазып алуға қажеттіктің өсуімен байланысты капитализм заманында стенография кең өріс алды. Қазіргі кезде 120-ға таяу стенографиялық жүйе бар. Бұлардың негізінде екі принцип: 1) талшық сызықтардың көмегімен қосылатын кәдуілгі жазу элементтерінен тұратын сопақша болып келіп, оның бөліктері тік сызықпен ұштасқан курсивтік (графикалық) және 2) геометриялық фигуралардан тұратын (дөңгелек пен оның бөліктерінің әр түрлі көлбеулердің тікшесімен қосылуы) және қосқыш талшық сызықтары жоқ геометриялық принциптен тұрады. Сте­нография сиетемасымен танысу үшін мына кітап ең жақсы құрал болып саналады: Н. Н. Соколов. Теоретические основы, государ­ственной единой системы стенографии. М., 1949.

Стенографиялық жазба ажыратылып оқылғаннан кейін және тексті автор түзеткеннен кейін дұрыс деп табылады. Стеногра­фия мен оны ажырату методтары туралы мына кітапта толық айтылады: С. А. Рейсер. Палеография и текстология нового вре­мени. М., 1970, 43—54-беттер.

Алғашқы жазу машиналары Россияда XIX ғасырдың 70-жылдарында пайда болды, бірақ ол кезде кеңінен тарамаған еді. Іс жүзінде, олар XX ғасырдың басынан қолданыла бастады.

Жазу машиналарында басылған текстерді зерттей отырып, мұны автордың өзі жазған ба немесе машинистка жазған ба, осыны алдын ала анықтау қажет. Егер автордың түзетулері болса онда бұларды оның қашан жасағанын анықтау қажет. Автор түзетіп, қол қойған, машинкаға басылған текст автограф болып саналады. Бұл арада әр түрлі машинкаларда басылған айнымаған бірдей екі текстің болмайтындығын еске алған жөн. Осыдан келіп тексті жасаған орын мен уақытты, автордың аты-жөнін, басқа мәселелерді де анықтап алу үшін кең мүмкіндіктер ашылады.



Бекіту сұрақтары:

  1. Григориан күнтізбесін 1582 ж қай елде пайда болды

  2. Біздің ата бабаларымыз араб жазуын қанша уақыт қолданған

  3. Әріптің жоғарғы жағы әдетте томенгі жағынан кіші болған жазу түрі


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. С. А. Рейсер.. Палеография и текстология нового времени. М., 1970, 39—43-Сеттер.

  2. М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьев. Русская палеогра­фия (М., 1966, 35—36-бет)

  3. Н. Н. Соколов. Теоретические основы, государ­ственной единой системы стенографии. М., 1949.

  4. С. А. Рейсер. Палеография и текстология нового вре­мени. М., 1970, 43—54-беттер.

6 лекция. Хронология. Хронологияның қалыптасып, дамуы



Сабақтың мақсаты: Хронология пәні мақсаты мен қазақша жыл қайыру ерекшеліктері мен орыс хронологиясымен танысу.

  1. Хронология пәні мақсаты. Математикалық және техникалық хронология.

  2. Уақыт есебінің шығуы және астрономия ғылымының дамуымен байланысы.

  3. Уақыт өлшемінің негізгі бірліктері. Ертедегі сағат түрлері.

  4. Хронологияның ғылым ретінде қалыптасуы Хронологияның басқа тарихи арнаулы пәндермен байланысы.

  5. Қазақсша жыл қайыру ерекшеліктері. Орыс хронологиясы.

Хронология — уақыт өлшемі туралы ғылым. Ол өзінің атауын гректің «xpovos» — «уақыт» және «лоvоs» — «ғылым» деген сөздерінен алған. Бұл ғылым екі бөлімнен: аспан денелерінің қозғалысын есептеп шығару жолымен дәл астрономиялық уақытты табатын математикалық (астрономиялық) хронология және тарихи хронологиядан тұрады.

Тарихи хронология өз алдына екі міндетті — теориялық және қолданбалы міндетті қояды. Біріншісі уақытты есептеу жүйесін зерттегенде оларды тарихи дамуы үстінде қарастырады, олардың арасындағы өзара қатынасты анықтайды және даталарды бір хронологиялық жүйеден екіншісіне аудару принциптерін жасап шығарады. Екіншісі оқиғалардың датасын қазіргі эраға және жыл санаудың жалпы қабылданған жүйесіне аудару үшін, осыған байланысты тарихи оқиғалардың датасын анықтау және нақтылау үшін жоғарыда көрсетілген ережелерді жүзеге асыруды қамтиды.

"Қосалқы тарихи пәндердің ішінен хронология ең маңыздыларының бірі болып саналады, өйткені тарихтың қандай да болсын кесегін оқып үйренудің негізгі шарты оқиғалардық жүйелілігі мен датаны дұрыс қою болып табылады. Хронология методтарына сүйене отырып тарихшы тарихи документтер мен фактілердің дәл датасын қалпына келтіреді. Бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін белгілі бір тарихи кезеңдегі белгілі бір халықтың қолданған уақыт өлшеуінің қалыптасуымен ерекшеліктерінің бүкіл тарихын жақсы білу қажет.

Уақыт есебі туралы мәселені бір мемлекет шеңберінде қарастыруға әрекеттену, әдетте, елеулі қиыншылықтарға кездестіретінін ескерген жөн. Халықтардың көп ғасырлық қатар өмір сүруі, экономикалық, саяси және мәдени байланыстар каленьдарлық жүйеде көптеген элементтердің араласып, өзара алмасуына алып келді. Бұның үстіне көп ұлтты мемлекеттерде уақыт есебі әр ұлттарда әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, біздің елімізде халық-тардың бірінің календарьлық жүйесі уақыттың Күн есебі дейтінмен жүргізілсе, ал екінші біреулері уақыт есебін Айға қарап жүргізді. Екі тәсіл де алғашқы ежелгі шығыс календарьларынан шыққан. Сондықтан да СССР тарихшысы бүкіл дүние жүзі халықтарының уақыт есебінің пайда болып, даму процесімен және ең ежелгі заманнан бастап осы уақытқа дейінгі календарьлардың негізгі жүйелерімен таныс болуға тиіс.

Уақыт ішінде белгілі бір жүйелілікпен тарихи оқиғаларды орналастыру принципін ежелгі дүниенің сонау алғашқы тарихшылары да білген. Осы принциптің өзі орта ғасырлар тарихи шығармалары — орыс жылнамалары мен Батыс Европа мемлекеттері хроникаларының негізіне алынды. Хронология проблемалары бойынша алғашқы ғылыми трактаттар да ерте пайда болды. Шежірелік оқиғаларға даталар қоюмен байланысты бірқатар мәселелерді шешудің қажеттілігінен ежелгі Русьте, XII ғасырдың өзінде-ақ, хронологиялық мәселелерге арналған новгородтық Кириктің еңбегі шықты

Бұдан былай да Орыс мемлекеттерінде православие шіркеуінің қажеті үшін календарьлық анықтағыштарды шығару жұмыстары талай рет жүргізілді. Бұл жұмыстар, әсіресе XV ғасырдың аяғынан бастап белсенді түрде жүргізіле басталды, өйткені «дүниенің жаралуынан» (бұдан былай «СМ» (сотворения мира) деп алынады) бастап есептелген жыл санауда жетінші мыңдық бітті (1492+5508), пасхалийді келесі мың жылдыққа құрастыру қажеттігі туды.

XVI—XVII ғасырларда хронология мәселелеріне ынта қою Россияда кейбір практикалық қажеттіктерге де байланысты болды. Бірақ тарихи хронология дербес ғылыми пән ретінде XVIII ғасырдың аяғында — XIX ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Россияда хронологияға ғылыми тұрғыдан ынта қоюды дамытудағы маңызды кезең XX ғасырдың басына жатады. Ол (юлиан календары реформасын әзірлеуге байланысты болды.Бұл кезеңде орындалған тарихи хронология жөніндегі жұмыстардан, ең алдымен Н.В. Степанов пен Д.О. Святскийдің еңбектерін атауға болады.

Алайда Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін хронология ғылым ретінде әлі де болса қалыптасу сатысынан шыға алмаған еді.Құнды бақылаулармен және қорытындылармен қатар көптеген еңбектерде хронологиялық ұғымдарды шатастырулар, оқиғаларға дата қоюда қателер жиі ұшырайды. Бұл ғылыми пән бойынша жинақталған еңбектер болмады.

Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін хронология қосалқы тарихи пән болып түпкілікті қалыптасты. 20-жылдары мұнымен А.М. Большаков, И.Ф. Полак, Г.П. Саар, С.Н. Быков­ский, ал 30-жылдары В.А. Россовская, В.К. Никольский және басқалар шұғылданады. 1939 жылы (қолжазба күйінде) хроно­логия жөнінде Н.В. Устюговтың лекциялар курсы, ал 1944 жы­лы Л.В. Черепиннің оқу құралы пайда болды.

Ұлы Отан соғысынан кейін тарихи ғылымның жалпы өрлеуімен байланысты хронологияға, оның ішінен тарихи хронологияғa ынта қою едәуір өсті. Жалпы хронология жөнінде С.И. Селешниковтың, жылнама жөнінде Н.Г. Бережковтың, А.Г. Кузьминнің еңбектері, сондай-ақ мұсылман, түрік-монғол және жыл санаудың басқа да жүйелері бойынша бірқатар жұмыстар жарияланды. 1967 жылы университеттердің студенттеріне арналған хронология жөніндегі Е.И. Каменцеваның оқу құралы басылып шықты.

Птоломейдің еңбегі. Э.Бикерманың хронологияға қосқан үлесі. Бируни, Баласағұн, қашқари еңбектеріндегі астрономиялық мағлұматтар. Ұлықбектің «Астрономиялық жаңа кестесі».

Бекіту сұрақтары:


  1. Уақыт есебінің жуйесі

  2. Жаз, яғни көне Русьтегі мезгіл ауысымының толық айналымы неге тең

  3. Қозғалмайтын жұлдыздарға қатысты аспандағы күннің көрінетін бір айналымына тең, ол 365,2564 күн тәулігіне тең

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Қайдаров Э. Түркітануға кіріспе. А, 1992

  2. Каменцева Е.И. Русская сфрагистика и геральдикаМ, 1974

  3. Монтьева Г.А, Кобрин В.В. Ключи к тайнам. М, 1992

7 лекция. Календарь тарихы



Сабақтың мақсаты: Күнтізбе түрлері, оның қолданылуымен танысу Ежелгі шығыс елдерінің күнтізбесімен танысу.

  1. Күнтізбе түрлері, қолданылуы. Табиғи күнтізбелер.

  2. Ежелгі Египет, үнді. Вьетнам, грек, рим күнтізбелері.

  3. Славян халықтарының күнтізбелері. Жойылып кеткен күнтізбелер.

  4. Юлиан және григориан күнтізбелері.

  5. Қазақ күнтізбесі. Сағаттық белдеулер. Уақыт түрлері.

Уақыт санаудың табиғат берген есептеу бірліктері — тәуліктер, ай және жыл — ең ежелгі календарьлардың негізіне алынды.

«Календарь» сөзі латынша calendae, яғни «әр айдың бірінші күні» деген сөзден шыққан, бірақ табиғаттың кезеңді құбылыстарына негізделген уақыт санау жүйесінің өзі едәуір ертеде шыққан.

Календарьды алғашқы құрастырушылар үлкен қиыншылықтарға ұшырады, өйткені жоғарыда аталған уақытты есептеу бірліктері өлшем болып шықпады. Синодистік айдың тәулік саны бірдей болмады, ал астрономиялық жылды ай мен тәуліктің бірдей санына бөлуге болмады. Бұл жағдай адамдарды берілген бірліктердің келісілген деректерін іздеуге мәжбүр етті, бұл бірнеше календарьлық жүйені тудырды. Бұлардың ең көп тарағандары айлық жүйе, мұнда тәуліктер аймен үйлестірілді, айлық-күндік, мұнда тәулік пен ай жылмен үйлестірілді және күндік, мұнда жыл мен тәулік үйлестірілетін еді.

Айлық календарьлар біздің эрамызға дейінгі үшінші мың жылдықтың ортасында ежелгі Вавилонда пайда болды. Бұларды ертедегі еврейлер, қытайлар, гректер, римдіктер пайдаланды. Қазіргі уақытта ай календары Шығыс елдерінде — Түркияда, Ауғанстанда, Пакистанда т.б. таралған.

Айлық календарь бойынша жаңа айдан бастап әрбір ай ауыспалы түрде 29 және 30 тәулікке созылады. 12 ай айлық жылды құрайды, бұл 354 тәулікке тең болады. Іс жүзіндегі тәуліктер календарьлықтан біраз көп болғандықтан, синодистік ай да календарьлық айдан біраз (44 минут 2,9 секундқа) артық еді. Бұл қайсыбір жылдар саны өткеннен кейін календарьлық жылға бір жыл қосуды керек етті.

Айлық календарьдың жылына қосымша күн енгізудің екі системасы.бар. Бұлардың бірі бойынша сегіз жылдық кезең алынған, осы уақыт ішінде астрономиялық ай жылдары жай ай жылдарынан үш тәулікке жуық озып кетеді. Сондықтан да айлық календарьлық жыл санауды айлық астрономиялық жыл санаумен теңестіру үшін 8 жылда 3 қосымша күн қосылып отырды. Екінші система бұдан неғұрлым дәлірек еді. Бұл 30 жай айлық жыл 30 астрономиялық жылдан 11 тәулік озып кететіндігіне негізделген. Осы 11 тәулік әр 30 жылда қосылып отырды.

Айлық календарь бойынша жыл 354 (кейде 355) күн болғандықтан, оның басталуы күндік календарь жылынан әр жолы 11 тәулікке озып отырды. Демек, жылдың басы мен оның бөліктері маусыммен үйлеспеді, бір маусымнан екіншісіне үнемі., алмасып отырды. Мұндай календарь бойынша ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізудің болжауын жасау іс жүзінде мүмкін емес еді. Сондықтан да айлық календарь егіншілікке көшкен халықтар үшін қолайсыз болып шықты, сөйтіп олардың айлық-күндік календарьға бірте-бірте көшуі тегін емес еді. Мұсылман халықтарында ғана (діни пайымдау бойынша) айлық календарь осы уақытқа дейін сақталып келеді.

Ай фазасының ауысуын Күннің жылдық қозғалысымен үйлестіруге ұмтылу айлық-күндік календарьдың пайда болуынан көрінді, осы мақсатпен қосымша ай оқтын-оқтын енгізіліп отырды. Қосымша айы бар осындай календарь тұңғыш рет Қытайда біздің эрамызға дейінгі үш мың жыл ішінде жасалды, содан соң бұған байланыссыз Хаммурапи патшаның бұйрығы бойынша біздің эрамызға дейінгі XVIII ғасырда Вавилонда енгізілді.

Мың жыл өткеннен кейін бұл Ассирияда содан кейін Иудейде, Ежелгі Римде және ежелгі Грецияда таратылды. Әрбір 8 жыл сайын ежелгі Грецияда біздің эрамызға дейінгі VI ғасырда үш қосымша ай енгізудің қатаң тәртібі орнатылды, ал 100 жылдан кейін ежелгі грек философы Метон неғұрлым дәл 19 жылдық циклды анықтады, осының ішінде он үшінші ай 7 рет енгізілуге тиіс болды. Қазіргі кезде айлық-күндік календарь еврей діни мерекелерін есептеу үшін ғана қолданылады.

Айлық календарь пайда болудан бұрын-ақ шамамен біздің эрамызға дейінгі төрт мыңжылдың ар жағында ежелгі Египетте күн календары пайда болды. Ол барлық календарьдан қолайлырақ болып шықты да, дүние жүзінің көп елдеріне бірте - бірте тарады. Күн календары Күннің көрінетін жылдық қозғалысына негізделген. Египетте жыл 365 күн тәулігінен тұрды, ал астроно­миялық жылда 365 күн 5 сағат 48 минут және 46 секунд болғандықтан, календарьлық жыл таза тропикалық жылдан шамамен -------- тәулік озып отырды.

Ежелгі Египеттің өзінде-ақ жылды 30 күннен 12 айға тең бөлетін еді. Бұл 360 күн құрады. Мұндай жылды астрономиялық жылмен теңестіру үшін біраз уақыттан кейін соңғы айға Египет даналарына арнап тағы да 5 күннен қосып отырды. Мұндай календарьлық жыл тропикалық жылдың ұзақтығына өте жақын болып шықты. Бұларды АРЕ христиандары, коптылар мен эфиоптар әлі күнге дейін қолданады. Айларға бөлінумен қатар әрбір жыл үш маусымға бөлінді. Бұлардың басталуы Нилдің тасуы, егін себу мен жинау арқылы анықталды. Өз кезегінде әрбір ай 10 күндік үш үлкен аптадан, немесе 5 күндік 6 шағын аптадан тұрды.

Юлий Цезарь тұсындағы календарь реформасы. Римде ежелгі заманда айлық календарьлар қолданылды. Ол бойынша жыл 1 марттан басталды да 12 айға бөлінген 155 күннен тұрды. Мұндай клендарьды маусым алмасуымен үйлестіруге болмағандықтан б.э.д. VII ғасырда 22 күннен тұратын қосымша ай енгізілді, бұл календарьға 2 жылда бір рет қосылатын еді.

Жаңа календарьда 365 тәуліктен тұратын жылдың египеттік ұзақтығы қабылданды.Тәулікті ең қысқа ай – февральға қоса бастайды.Бұл ой жорасы бойынша оларды февральдың ақырғы күні жайдан-жай қоса қоюға болмады, осы айдың қатардағы күндерінің арасына апарып «жасыратын» болды. Февральда екі жиырма төртінші сан осылай шықты. Ал ішіндегі тәуліктердің есебін римдіктер кері тәртіпте жүргізді, яғни белгілі бір моментке дейін қанша күн қалғандығын есептеді. Мұндай моменттер: әр айдың бірі (календы), 30 күндік айдың бесі немесе 31 күндік айдың жетісі (ноны), қысқа айдың он үші немесе ұзын айдың он бесі (-----) болып саналады. 24 февраль март айының біріне дейінгі (календыға дейін) алтыншы күн болғандықтан, қосымша күн (екінші 24), екінші алтыншы күн деп аталды («биссекстус»), осыдан барып орыстың «високосный» деген сөзі шығады.

Созиген реформасы бойынша жылдың басы 1 январьға көшірілді, өйткені осы күннен бастап жаңадан сайланған Рим консулдары мен басқа да магистраттар өзінің міндеттеріне кіріседі. Осыған байланысты айлардың бұрынғы рет санының енді орны ауысты (мәселен, сегізінші октябрь оныншы болды). Басқа «айларға жаңа аттар берілді: төртеуі құдайлардың құрметіне Янус, Марс, Майи, Юнон деп аталды, квинтилис Юлий Цезарьдың құрметіне июль болып аталды, ал біраз кейініректе секстилис император Августың құрметіне — Август деп аталды. Сонымен бір мезетте жеке айлардың ұзақтығы біраз өзгерді және календарь бізге жақсы мәлім түрге келді, өйткені оның сырттай қарағанда қазіргіден ешқандай айырмашылығы жоқ еді.

Осы уақыттан бастап юлиан календары деп атала бастаған календарь Римде біздің эрамызға дейінгі 46 жылы 1 январьда енгізілді. Бұл күндік жылмен сәйкес болуы үшін өткен жылға екі қосымша ай енгізілді. Тарихта бұл жыл шатасқан немесе конфузды жыл деп аталды.

Біздің эрамыздың 325 жылы Никей әлемдік соборы бүкіл христиан дүниесі үшін юлиан календарын қабылдады, бұдан кейін ол Европаның көп елдеріне бірте-бірте тарады.

Календарьлардың түпкі нүктелері. Бірыңғай календарьлар мен қатар халықтар жыл санағын жүргізуге болатындай ортақ түпкі нүктені керек етті. Ежелгі Римде мұны эра деп атады.

Жылдарды санау үшін бірыңғай түпкі нүктенің қажеттігі туралы түсінік бірден тұжырымдалған жоқ. Цивилизацияның бастапқы кезінде және одан соң көптеген ғасырлар бойында әр халықта, әдетте уақыт санаудың өзінің түпкі нүктелері болды. Бұлардың қайсыбірі билеушінің таққа отыруынан жыл санауды бастады. Мәселен, Вавилондықтарда Набонассардың таққа отыруы біздің эрамызға дейін 747 жылы, ал Үндістанда Ұлы монғолдар династиясынан Акбар патшаның таққа отыруы (біздің эрамыздың 1550 жылы) уақытты санаудың түпкі нүктесіне алынды. Екінші бір жағдайларда эраның басталуы қайсыбір елеулі тарихи оқиғалармен байланыстырылды. Ежелгі Грецияда жыл санау алғашқы олимпиададан (біздің эрамызға дейінгі 776 жылы), ежелгі Римде — осы қаланың негізі қалануынан (біздің эраға дейінгі 753 жылы), ал араб елдерінде хиджрадан — яғни Мұхамедтің Меккадан Мединаға қашуынан (біздің эрамыздың 622 жылы) бастап жүргізілді.

Ежелгі заманда «дүниенің жаралуынан» бастап эра сана өте көп тараған: Византия православиясы біздің эрамызға дейінгі 5508 жылды, католик діні біздің эрамызға дейінгі 4004 жылды, иудей діні біздің эрамызға дейінгі 3761 жылды санады. Тарих не бары екі жүздей эраны біледі.

Қай эра болсын шартты маңызы болатындығын ескерген жөн. Алайда жыл санаудың дәлдігі мен жүйелілігі бұдан бұзылмайды. Тек түрлі эралардың өзара байланысын біліп, тарихи оқиғаларды оқып үйренгенде оны еске алудың маңызы зор.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген «Христың туғанынан» бастаған халықаралық эра (бұдан әрі «рождества Христова» - «РХ») Рим монахы Дионисий Малыйдың ұсынысы бойынша VІ ғасырда енгізілген. Оның тұсында жылдарды санау «Диоклетиан эрасы» бойынша жүргізілді. Бірақ христиандар оны өзінің аса жауыз дұшпаны деп санады. Сондықтан да Дионисийге христиан мерекелерінің жаңа есебін құрауды тапсырғанда ол бұлардың есебін басқа эра «РХ»-дан бастап жүргізуді ұсынады.

Бұл дата белгісіз болғандықтан, Дионисий оны схоластикалық пайымдаулар жолымен «шығарады». Ол әрбір 28 жыл сайын ай күндері сол бір апта күндеріне келетінін білді. Бұл Күн шеңбері деп аталды. Оған Ай шеңбері де мәлім еді, яғни осындай 19 жылдық кезең болатын, соның ішінде Айдың біркелкі фазалары айдың белгілі бір күніне келетін-ді. Бұл сандарды біріне-бірін (28 х 19) көбейткенде шіркеу мерекелері оның ұзына бойында (532) сол бір күндерге сай келетін болып шықты.

Сөйтіп жаңа пасхалия «Диоклетиан эрасының» 248 жылынан басталуға тиіс болды, ал Дионисийдің пікірі бойынша Христың туған күні бұған дейінгі 532 жылдың ар жағында яғни «Диоклетиан эрасы» басталғанға дейінгі 284 жылдың ар жағында ғана бола алатын еді. «Дионисий эрасы» (Мұны әдетте жаңа эра—б.э. деп атайды.) басқа эралар сияқты шартты болғанымен шіркеу мерекелерін есептеу үшін өте қолайлы болып шықты, ол бүкіл христиан дүниесінде, ал содан кейін жер шарының көп елдерінде бірте-бірте таралды.

Григориан календарының жасалуы мен оның таралуы. Юлиан календары сол замандағы календарьлармен салыстырғанда едәуір дәлірек болды, бірақ қалайда оның жылы астрономиялық жылмен үйлеспеді, одан 11 минут 14 секунд ұзақ болды. Алғаш қарағанда байқалмайтын бұл алшақтық 128 жылда Юлиан жы- лының шынайы жылдан бір тәулікке, ал XVI ғасырдың аяғына қарай тіпті 10 тәулікке артта қалуына әкеліп соқты.

Шіркеу салты бойынша пасха, мерекесі күннің теңелуінен кейін алғашқы көктемгі ай толысуының іле-шала алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін болды. Ал Никей соборы кезінде көктемгі күн теңесуі 21 мартқа тура келгендіктен, собор пасханы тек осы сәттен ғана атап өтуді белгіледі. XVI ғасырда шынайы күн теңесуі енді 11 мартта болғанымен, шіркеушілерге пасханы юлиан календары бойынша 21 марттан кейін мерекелеуден, яғни оны жазға жақын көшіруден басқа ештеңе қалмады.

Юлиан календарының дәл еместігі оны қабылдағаннан кейін бірнеше жүз жылдан соң барып байқалды. XIV ғасырдан бастап оны жетілдіруге әрекет жасалып бақты, бірақ 1582 жылы ғaн­a Рим папасы XIII Григорийдің инициативасы бойынша реформа жүзеге асырылды.

Жаңа календарь негізіне итальян ғалымы Луиджи Лилионың жобасы алынды. Бұл Никей соборының шешімін мызғытпай қалдыруға сол себепті көктемнің басталуын, біріншіден, 21 мартқа қайтаруға, әрі, екіншіден, мұндай алшақтықтың көрінуін бұдан арғы жерде болдырмауға тиіс болды. Бірінші мәселе Рим папасы Григорийдің декретімен шешілді: 1581 жылғы 4 октябрьден соң 5 емес, 15 октябрь болып саналсын, делінді. Екінші мәселені жүзеге асыру үшін әрбір 400 жылдан кейін озып кеткен үш тәулікті календарьдан алып тастап отыруға ұйғарылды; Бұл үшін ең қолайлысы жүз жылдықтың аяқталатын жылдары болып табылды: бұлардың ішінен високосныйы алғашқы екі цифры 4-ке бөлінетіндері болып қалды. (мысалы, Юлиан календары бойынша 1600 жыл високосный да, ал 1700, 1800 ж2не 1900 жылдар високосный болмай шықты.)

Жаңа календарь Юлиан календарынан едәуір дәлірек еді. Мұнда жыл астрономиялық жылдан 26 секунд ғана қалып қойды, ал тәулікке қалып қою 3300 жылдан кейін ғана болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл Европаның католик елдерінде, XVIII ғасырда протестанттық, XIX ғасырдың аяғында — XX ғасырдың басында — Жапонияда және Европаның бірқатар православие елдерінде қабылданды. XX ғасырдың 20-жылдарында оны Греция, Түркия, Египет қабылдады. Қазіргі кезде жаңа календарь халықаралық календарь болып саналады.

Басқа егінші халықтар сияқты, шығыс славяндар да сонау ежегі заманнан бері жыл мерзімінің алмасуын қадағалады. Сондықтан да уақыттың ең ерте есебі маусымдық есеп болды. Маусым мен пұтқа табынушылықтың мерекелері байланысты болды, кейіннен бұл христиан дінінде де сақталды. Мәселен, масленица – көктемнің басталу мерекесі; купала Күннің қысқа қарай бұрылуымен байланысты еді; ал күн ұзаруының басталуымен байланысты қыста коляда мерекеленді.

Маусымдардың айналым шеңбері уақыттың неғұрлым ірі бірлігі «жазды» құрады, өйткені жыл уақытының толық ауысуы жаңа жазға оралу деген сөз еді. Жаңа «жаздың» есебі сірә көктем мерекесінен, марттан басталған болуы керек.

Жазу-сызудың ең ежелгі ескерткіштеріне қарағанда, мысалы, Остромиров евангелиясына қарағанда славяндар жылды айға бөлуді білген. Бұлардың аттары табиғат құбылыстарымен және біздің ата-бабаларымыздың шаруашылығымен байланысты болған. Бұдан славяндарда бір уақыттарда айлық-күндік календарь болды деп қорытынды шығаруға болады. Бұл атаулар ішінара қазіргі украин, белорус және басқа славян тілдерінде сақталып отыр. Алайда басқа бір ежелгі документтер, мысалы, Олегтің гректермен жасасқан шарты Русьте ежелгі рим календарындаәы ай атауларымен де таныс болған деп пайымдауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған Остромиров евангелиясына «еноуар» (январь) деген сөзді кездестіруге болады.

Русьте айды төрт аптаға, ал аптаны 7 тәулікке бөлу сонау ертеден қабылданған. Тек ежелгі календарьда қабылданғандай күндер планета-құдай атауларымен аталмаған. Демалыс күні жексенбі апта деп аталған, содан кейін дүйсенбі, сейсенбі т.б. болады. 988 жылы Русьте христиан діні қабылданады, ал сонымен бірге сонау Никей әлем соборы бекіткен юлиан календарында қабылданады. Түпкі нүкте ретінде «СМ»-дан басталатын («РХ»-ға дейінгі 5508 жыл) Византия эрасы мойындалды. Византиядан жыл басының жаңа датасы — сентябрь қабылданды. Алайда тұрмыста дәстүр бойынша жыл басы 1 март болып ұзақ сақталып келді.

«СМ»-ның 7208 жылы 19 декабрьде І Петр календарь реформасы туралы указға қол қойды. Европа елдерінің көпшілігінде қабылданып та қойылған «РХ»-дан басталатын жаңа эра енгізілді, ал осымен бірге жаңа жыл 1 январьдан басталатын болып белгіленді. Не бары 4 айға созылған қысқа 7208 жылдан кейін сентябрьден 31 декабрьге дейін) . Москвада жаңа жылдың не жаңа ғасырдың басы ретінде 1700 жылдың 1 январы салтанатпен аталып өтілді. Шіркеумен қатынасты шиеленістіріп алмау үшін I Петр күндерді есептеудің юлиан жүйесін сақтады. 30 жылы енгізілген календарь Россияда Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін өмір сүрді.

Дегенмен XVIII ғасырдың орта кезінің өзінде Европа елдері-
нің көпшілігі григориан календары бойынша өмір сүрді. Бұның өзі елдер арасындағы қатынастарда үлкен қиыншылықтарға
ұшыратты.Сондықтан да Россияда жаңа календарь жүйесіне көшуге
деген әрекет жасалды, бірақ бұдан ұзақ уақыт ештеңе шық-
пады.

1918 жылғы 25 январьдағы Халық Комиссарлары Советінің декреті бойынша біздің еліміз жаңа стильге көшті. Осы уақытқа қарай григориан календары юлиан календарынан 13 күнге озып кеткендіктен, 31 январьдағы сәрсенбіден кейін 1 февраль емес, 14 февраль деп саналу белгіленді.

Бірінші бесжылдық жылдарындағы халық шаруашылығының тез дамуы календарь реформасын жүргізу қажеттігін тудырды. 1929 жылы үздіксіз жұмыс аптасына көшумен байланысты 1930 жылы мартта СССР-де өндірістік табель-календарь енгізілді, мұнда жыл 72 бес күндікке бөлінді. 1931 жылдын 1 декабрінен еліміз 6 күннен тұратын үздіксіз жұмыс аптасына көшті. 1940 жылғы 26 июньнен бастап қазіргі кезде де қолданылып отырған жеті күндік апта қалпына келтірілді. Жексенбіден басқа ұлттық не интернациональдық мереке күндері — 1 январь, 8 март, 1,2 және 9 май, 7 және 8 ноябрь және 5 декабрь жұмыс істелмейтін деп танылды (енді 5 декабрь мерекесі 7 октябрьге көшті).

Қолданылып жүрген григориан календарының кемшіліктерімен байланысты СССР-де жаңа календарь жүйесін жасау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Совет Одағының өкілдері Бүкіл дүние жүзілік календарь жасау идеясын қуаттап отыр, бұл өмірдің қазіргі ғылыми және экономикалық дәрежесіне сай келіп, жер шары халықтарының жақындаса түсуіне жәрдем етеді.



Бекіту сұрақтары:

  1. Қазіргі кезде мұсылман елінде қандай кунтізбе қолданылады?

  2. Григориан күнтізбесі кімнің есімімен байланысты?

  3. Біздің ата бабаларымыз араб жазуын қанша уақыт қолданған?

  4. Әріптің жоғарғы жағы әдетте томенгі жағынан кіші болған жазу түрі?

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті. А, 1991

  1. Ермолаев И.П. Историческая хронология. К, 1980

  2. Кобрин В.В. ВИД. М, 1984

8 дәріс. Тарихи география және топонимика




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет