Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы



бет18/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Kniazbaev kures — копия

10.Арқадан асырып лақтыру.


Жеңнен және белбеуді артынан ұстап лақтыруға ыңғайлы. Қарсыласты қатты немесе аздап еңкейіп тұрғанда орындалады. Шабуылдаушы қарсыласын жеңінен жәнебелбеуінен артқы аяғынан ұстап, өзіне қарай тартып, оған арқасын бере айналып, жамбасымен санынан қағып, алға – солға – бір жағына еңкейіп, лақтырады.


Жеңі мен жағасынан; әр аттас иығы мен жеңінен; аттас иығы арқылы белбеуінен; әр аттас жағасы мен жеңінен белбеуінен бүйірінен қолтығына кіріп; белбеуі мен аттас қолынан; мойны мен жеңінен қолдарын айқастырып; жағасынан айқыш – ұйқыш; әр

26


аттас қолы мен аттас жағасынан; аттас қолы мен әр аттас жағасынанұстауға болады. Тактикалық даярлық: тайдыру; лақтыратынжақтан қарсы жаққа жұлқу; қарсылас қорғанамын деп шабуылдаушыны итеруге мәжбүр ететін амалдарды пайдаланады.
Қателіктер: қарсыласқа арқасын беріп әбден айналмағандықтан оны кілемнен көтеріп ала алмайды; жамбаспен қаққанда мүлт көтереді; аяғын ерте тіктегендіктен онымен қарсыласын қаға алмайды; қарсыласына арқасын беріп мықтап айналып кетсе , жамбасы қағуға келмей ілгері кетіп қалады, артқа – жоғары қарай емес, тек жоғары қарай қағады.
Қорғану: белбеуден ұстап алып, қағатын жамбасын жақындатпау; еңкейіп бүйірімен қарсыласының бүйіріне не жамбасына тіреу; аяғын қарсыласының айналатын жағын қою, шабуылдаушының әр аттас аяғын іштен орап алу.
Қарсы амалдар: кеудемен лақтыру; аяқтың басына көтеріліп арттан шалу.

Комбинациялар: іштен іліп, арқадан асырып лақтыру, иықтан асырып лақтыру, көтере беріп арқадан асырып лақтыру, алдан шалып, арқадан асырып лақтыру; тобықтан қағып, арқадан асырып лақтыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет