Ф-об-007/017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет4/11
Дата23.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#7880
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақылау сұрақтары:

1. Византия Римнің қай бөлігінде құрылды.

2. Византия империясы қай жылы империя атанды.

3. Византия империясының негізін қалаушы кім.

4. Император Юстиниан өзінің қаншадан астам заң жинақтарын жасап шығарды.

5. Византиядағы феодализмнің негізгі ерекшелігі.

6. Император және оның жақтастары.



5-лекция

Тақырыбы: IX-XI ғ.ғ. Батыс Еуропаның саяси картасы.

Жоспары:

1. XI ғ.ғ. Батыс Еуропаның феодалдыќ ќұрылысының негізгі сипаты.

2. IX-XI ғ.ғ. Франция.

3. VIII-XI ғ.ғ. Италия.

4. IX-XI ғ.ғ. Германия.

5. VIII-XI ғ.ғ. Англия.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Гутнова Е.В. “ Историография истори средних веков” М.1985 г.

2. Шервут Е.А. “ Закооны лангобардов” М.1992г.

3. Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального гасударство в Западной Европе” М.1973г.

4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.

5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.

6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.

7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.

8. “История Европы”. В 8-т. Т-2,-3,” Средневековая Европа” М.1988г.

9. Левандовский А. “Карл великий” М, 1995 г.



Лекция мақсаты: ІХ-ХІ ғасырлардағы Батыс Еуропаның саяси картасына тоқтала кетсек, бұл тақырыптың мақсаты осы Еуропа елдеріндегі өмір сүріп жатқан территориясының қай аумақты алып жатқандығы, сонымен бірге халықтың орналасуы көрсетілген. Студент өз білімін жетілдіру мақсатында Батыс тарихы пәнінен көптеген деректерді жинай отырып қандай мақсатта бұл алып империялардың біртін келе кейіннен тарих сахнасынан жойылып кейінне қайта қалыптасуы жайлы көптеген мәліметтерді іздеу болып отыр. Біз осы тақырыпты тереңінен зерттей отырып лекцияның мәтінінен қарастырып көрсетеміз.

Лекция мәтіні.

Каролинг империясы ќұлағаннан кейін 843 жылы Верден шарттарының нәтижесінде Германия мен Франция бірќалыпты дамыды. Ал Лотарь мемлекетінде билік басында 855 жылы король Лотарь өлген соң, феодалдыќ мемлекеттер үш дербес болып бөлінді.870 жылы Мерсен бітімі бойынша Германия мен Франция корольдері Лотарингия мемлекетін өзара бөліп алды.925 ж.ж. Лотарингия мемлекеті түгел Германия мемелекетінің ќол астына кірді. 959 жылы бұл мемлекет екі герцогтыќќа бөлінді.

IX-X ғ.ғ. бургунд корольдігі екіге бөлінді; 879 жылы төменгі Бургундия болып, 888 жылы жоғарғы Бургундия болып. XI ғ.ғ. 1033 жылы Бургундия корольдігі бірігіп, Германия ќұрамына енді.

IX-X ғ.ғ. Франция корольдігінде 884 жылы Бургундия герцогтары пайда бола бастады.Верден бітімі бойынша Ұлы Карлдің немересі Лотарь жалғастыру керек еді, біраќ Лотарь өлген соң оның ұлы II Людовик король болған кезде Италия біртұтас мемлекет болмай жан-жаќќа ыдырап кетті.

IX-XI ғ.ғ. Еуропада басќа мемлекеттер ќұрыла бастады. Еуропаның оңтүстік-батысында, Пиреней түбегінің солтүстік таулы аудандарында VIII ғ.ғ. Вестгот Испаниясын арабтар 711-714 ж.ж. жаулап алғаннан кейін,718 ж.ж. корольдік болған Астурия өз тәуелсіздігін саќтап ќалды да, IX ғ.ғ. Ұлы Карл негізін ќалаған Пиреней сыртында Испан маркасы бөлініп шығып, Наварра корольдігі ќұрылды және Франция ќұрамына кірген Барселон графтығы да бөлінді.

Орыс флоттары 756 ж.ж. Босфор жағалауындағы Никомиди мен Пафлагонияны ойрандатып,Константинополь түбегін және Дунайға дейінгі жерлерді басып алды. Князь Святослав Византия-Болгар шайќасында Балканға екі рет жорыќ жасайды. 969-970 ж.ж. Святослав болгарлармен одаќтасып, солтүстік Фракияны ойрандатады да және 971 ж.ж. император Иоани Цимисхий (969-976 ж.ж.) Святославты Болгариядан ќуып шығады.

Орыстар 1043 жылы Константинопольге соңғы жорығында жеңіліске ұшырап, 1047 ж.ж. орыс императоры Константин IX Мономахтың (1042-1055 ж.ж.) ќызы Киевтің ұлы князі Ярослав Мудрыйдың баласы- Всеволодќа күйеуге шығумен аяќталды.

IX-XI ғ.ғ. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде феодалдыќ ќұрылыстың толыќ орнығып болды. Феодализмнің негізі болған феодалдыќ жер меншігі- вотчина түрінде үстемдік етті. Ірі жер иеленушілері ұсаќ жеке шаруалардың шаруашылығын әрдайым ќанап, салыќ түрлерін өсіре берді. Осы тұста Францияда шаруалардың көп бөлігі крепостной шаруалар ауыр жағдайда болды. Олар өздері сеньорларына жеке басына және әртүрлі соттыќ ќатынасќа бағынуға мәжбүр болды. Осы тұста крепостной шаруалардың өзі де “сервтер” (латынша аударғанда-ќұлдар) ќатарына еніп, жеке басының бостандығынан да айрылды.

IX-XI ғ.ғ. Феодалдардың күшейген кезеңінде олар иерархия деп аталатын немесе “феодалдыќ баспалдаќ” принципі бойынша ќұрылды.Феодалдыќ баспалдаќтың басында король өзі ќолдап, әбарлыќ феодалдар жоғарғы сеньор болып саналды.

2.IX-XI ғ.ғ. Франция. 843 ж.ж. Каролинг мемлекеті ыдырағаннан кейін 870 ж.ж. Мерсен бітіміне сәйкес бұл елді бөліп тұратын Германия мен Италияны бөліп тұратын шекара Маас өзенінің төменгі жағалауымен Мозельмен Рона болатын IX ғ.ғ. аяғында Сона мен Ронаны 933 ж.ж. Бургундия королдігіне біріккен. X ғ.ғ. неміс және француз Каролингтер арасындағы өзара ќырќыс салдарынан, ќол астындағы халыќтарды ыдыратып нормандыќтардың соғысына душар болады. Каролингтер графтығының арасындағы өзара король тәжіне таластар арќасында,987 ж.ж. аќсүйек және дін феодалдары “Францияның ұлы герцогы” деп аталған Робертин Гуго Капетті король етіп сайлады. Осы тұстан бастап XVIII ғ.ғ. дейін француз тәжісін Капетингтер руынан тараған ағайындар басќарған. X-XI ғ.ғ. француздардың бірнеше графтыќтар өз жерлерін дербес түрде иелік етті. Олар солтүстік француз халќы мекендеген жерлердегі ірі феодалдар: Мэн графтығы, Блуа, Турень, Анжу графтығы, Шампань графтығы, Бургунд герцогтығы болды.

Провансаль халќының территориясында Пуато мен Гаронна графтығы аралыќтарында Аквитания герцогтігі, Гаскон графтығы, Тулуз графтығы, Овернь графтығы болды.

Ќиыр солтүстік-батысында Кельт тұрғындары мекендеген жердегі Фландрия герцогтығы.

Француз королінің ќұрамында да жер иеліктер болды.X ғ.ғ. Испан маркасы деп аталған Барселон графтығы да кірді.

X ғ.ғ. француз шаруаларының көпшілігі крепостнойлар ауыр феодалдыќ ќанауға түсті.Олардың әрбір сервтері соттыќ жағынан сеньорларға тәуелді болды және айыптар мен салыќ төлемдерді төлеп отырды. Сервтер жеке басы тәуелді адам ретінде Жан бас салығы, егер ол ерікті адаммен некеге отыратын болса неке салығын, өлім салығы, яғни оның заттары сеньорлардың меншігінде болып есептелді, мұра салығы деп. аталатын салыќ түрлері болды.

Феодалдыќ таптысының езгісіне ұшыраған шаруалар арасында көтерілістер шыќты. 997 ж.ж. Нормандияда шаруалар көтерілісі. 1024 ж.ж. Бретанда шаруа көтерілістері болды. Шаруалар көтерілісін феодалдар өте ќатал түрде жазалау арќылы басты

3.VII-VIII ғ.ғ.Италияның солтүстік үлкен бөлігі лангобардтардың ќол астында болып, VIII ғ.ғ. бастап Каролинг империясының ќұрамына кірді. 843 ж.ж. солтүстік және орта Италия Верден бітімінен кейін Каролинг империясының бір бөлігі болудан ќалды да, IX ғ.ғ. ортасында Италия королдігінің астанасы Павияда, ең алғаш Лангобард королдерінің темір тәжін кигізіп Италия королін таќќа отырғызған.Италия королі шын мәнінде ешќандай билігі болмаған еді, билік бастарында жекелеген феодалдар ќолында болды. IX ғ.ғ. Италия жерлеріне арабтар (сарациндер) басып кірді.Арабтар бүкіл Сицилияны, онда Палермоны орталығында эмират ќұрды, Апулияны өзіне ќаратты. XIIғ.ғ. византия мен арабтар арасындағы соғысу кезінде Нормандия бүкіл Италия ќарасты Сицилияны жаулап алып, 1130 ж.ж. Италия жерінде Сицилия королідігінің негізі ќаланды.

IX – XIIғ.ғ. крепостной шаруалар барщинада 2-ден 12 аптаға дейін, науќан кезінде 3-4 аптасында салыќ төлеп отырды. Италияда шіркеулік жер иелігі зор роль атќарды. Феодализмнің алғашќы баспалдағы ірі феодалдыќ иеліктерді: негізгі жұмысшы таптар крепостной ғана емес, колондардан, ќұлдар мен ерікті арендаторлардан ќұрылды.

X- XI ғ.ғ. италян феодалдарына үздіксіз ала ауыздыќ күресті, елге басќыншылыќ соғыстар болып- византиялыќтардың, венгерлердің, герман феодалдары, арабтардың,нормандардың басып кіріп, Италияның саяси ќұлдырауына әкеп соќты. Басќыншылыќпен кіргендердің көпшілігі италян халќының латын тілінде сөйлеуіне байланысты, оларда латын тіліне көшті.

4. IX-XI ғ.ғ Рейннің шығыс бетінде мекендеген Каролинг империясы ыдырап, БатыФранк мемлекеттінің ќұамына енген герман тайпалары феодалдандыруға өте баяу дамыды. X ғ. бас кезінде Германия территориясына тайпалыќ герцогтар енді: Саксония мен Тюрингия, Франкония, Швабия және Бавария герцогтары болатын.Бұлар ежелгі германдыќ тайпалар туыстыќ байланыстарын арттыру маќсатында және германдардың саяси бытыраңќылығын саќтау үшін біріктірілді. 911 ж.ж. Германия Каролингтер түбімен жойылғансоң, корольдікке тайпалыќ герцогтің бірі- I Конрат Франконский сайланды. I Конрат өлген соң тайпалыќ герцогтардың арасындағы жанжалдардан кейін 919 ж.ж. екі бірдей корольдіктер ќұрылды; бірі- Генрих Саксонский, екіншісі- Арнульф Баварский сайланды.Германия жерлеінде сыртќы нормандар, венгерлер шапќыншылығынан көптеген ќұлдырауға әкеп соќты. I Генрих (919-936 ж.ж.) өзінің шебер саясатымен ќол астындағы герцогтарды біріктіре отырып, венгер отрядтарына ќарсы күресте 933 ж.ж. мен 955ж.ж. аралығындағы күресте венгер әскерлерін біржолата ќырып жіберді. I Генрихтің ұлы мирасќоры I Оттон (936-973 ж.ж.) германдыќтардың шіркеу арќылы жер салыќтарын, жер иеліктерін бөліп беруді маќсат тұтты. I Оттон мен оның баласы II Оттонның тұсында шіркеуге жер сыйлаушылыќ және сол жерде мекендеген адамдар шіркеудің саяси үстемдігінің ќол астына енуіне мүмкіндік жасады. I Оттон тұсында тарихшылардың зерттеулеріндегі тұжырымдама негізінде, императорлыќ шіркеу деп аталған корольдік өкіметінің ќызметіне ќойылған болатын.

Немістердің алғашќы феодалдыќ мемлекеті “неміс” сөзінің тайпалыќ шығу ерекшелігіне ќарамай, 920 ж.ж. документтерде “немістер корольдігі” атау пайда бола бастаған.

Франкондыќ династияның (1024-1125 ж.ж.) алғашќы корольдері II Конрад және III Генрих тұсындағы Германия.

II Конрад тұсындағы саясатпен III Генрихтің шіркеу ќолдауындағы саясат екі бағытта болды. IV Генрих (1056-1106 ж.ж.) патшалыќ ќұрған және корольдің жасы әлі кәмелетке толмаған болатын.Сол себепті бұл тұста Германияда шіркеулік папаның көптеген саясатымен іске асты.IV Генрихтен кейін оның ұлы V Генрих (1106-1122 ж.ж.) таќќа отырды.

5.Англосаксондар жаулап алған Британия территориясында V-VIII ғ.ғ. өзінде бірнеше англосаксондыќ корольдіктер ќұрылған.Ағылшындардың негізін ќалаған Уэссекс,Сассекс,Экссекс тайпалыќ рулыќ туысќан тайпалыќ топтар болатын.

1070-1075 ж.ж. Саксония көтерілісі басталуы себептері:IV Генрих тұсындағы шіркеу папаларының және Германия ірі феодалдарының Саксония жерлерінің иелік еткен феодалдардан зорлыќпен күштеп жерлерін тартып алды.Бұрынғы король жерлерін түгел король ќарамағына ќайтару болды. Корольдік саясат ќарсы Саксонияда 1070ж.ж. көтерілісті ірі феодалдар туғызды, 1073-1075 ж.ж. аралығында күрестің екінші кезеңі шаруалардың көтерліске жаппай шығуы, бұл көтерілісті бастаған Саксон аќсүйектері Оттон Нортгеймский болатын.1075 ж.ж. IV Генрих бұл көтерілісті тоќтатып, шаруаларды түгел ќырып тастады. Осы тұстан бастап шаруалардың жағдары өте ауыр болды.

IX ғ.ғ. Англосаксондыќтар корольдіктері бірігу салдарынан Англия мемлекетіне айналуы.829 ж.ж. Уэссекстердің королі Эгберт тұсында англосакстардың елі бірігіп, Англия деп аталатын мемлекет ќұрды.Англия тарихында нормандар көбінесе “даттар” деп аталған және олар Дания жерлеріне шабуыл жасап тұрған. Англияның солтүстік бөлігін Уэссекс корольдігі ќол астына ќарады және “дат правасы” деген аймаќ болған. Англия Даттарға ќарсы бірнеше шапќыншылыќ жорыќтарға шығып отырған. Англосаксондыќ тайпалардың бірігу салдарынан король халыќтыќ жиналыстарды тоќтатып, өзінің кеңесшілерімен (уитенагемот) мен жиналыс жасап отырды.

Даттарға ќарсы күресті англосаксондыќ мемлекетті нығайту ісіндегі королі Альфред (871-900ж.ж.) ел басќарған уаќытта болатын.Бірнеше жабуылдардан жеңіліске ұшыраған Альфред Даттар королі мен келісімге келіп шартќа отырады. Осы шарт бойынша екіге бөлінеді: оңтүстік-батыс бөлігінде ағылшын корольдіктерінің билігі жүреді, солтүстік-шығыс бөлігі даттар ќол астында болады.Король Альфредтің өз заңдар жинағы-“Король Альфредтің шындығының” үлкен маңызы болды. Дербес мемлекетті феодалдандыру маќсатында және үстемдік таптың мүддесін ойлап заң жолын бекітті.

X ғ.ғ. екінші жартысында король Эдгардың кезінде (959-975 ж.ж.) даттарды, скандинавиялыќ бірнеше тайпалыќ жерлерді өзіне ќаратып, ағылшын халыќтарының этникалыќ ќұрамы күшейді. Англияның феодалдандыру дәуірі өте жоғарғы теңгейде өсті.1016 ж.ж.Дать корольдері Англияға шапќыншылығы ќайта басталды. Бұл шапќыншыќ салдарынан Англия жеңіліске ұшарайды, Англия, Дания, Норвегияға королі бір ғана Кнут (1016-1035 ж.ж.) билік басына отырады.

Бақылау сұрақтары:

1. Батыс Еуропада цехтар жеке-жеке бөлінген уақыт.

2. ХІ-ХІІ ғ.ғ. Батыс Европада өндірістің қай саласы дамыды.

3. Қай ғасырда Батыс Еуропа қалалары қалыптасты

4. ХІ-ХІІ ғ.ғ. Батыс Еуропада өндірістің қай саласы дамыды.

5. ХІ ғасырдағы Батыс Еуропаның феодалдық құрылысының негізгі сипаты.



6-лекция

Тақырыбы: Орта ғасырларлыќ ќалалар.

Жоспары:

1. Ерте ортағасырлардағы ќолөнер.

2. Ортағасырлыќ ќалалардың пайда болу теориясы.

3. Ќалалардың өзін-өзі басќару жолындағы күресі.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Гутнова Е.В. “ Историография истори средних веков” М.1985 г.

2. Шервут Е.А. “ Закооны лангобардов” М.1992г.

3. Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального государство в Западной Европе” М.1973г.

4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.

5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.

6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.

7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.

8. “История Европы”. В 8-т. Т-2,-3,” Средневековая Европа” М.1988г.

Лекция мақсаты: Батыс Еуропада орта ғасырлыќ ќалалар ќолөнершілік пен сауда орталыќтар бұрынғы Италияда, Францияда пайда болды. Феодалдыќ ќалалардың пайда болуы түсіндіру

Лекция мәтіні.

Феодалдыќ ќоғамның белгілі бір кезеңінде ќаланың пайда болуы оның алғашќы феодалдыќ дәуірінен-өркендеген феодализм дәуіріне өтуімен байланысты болды. Соңғысына тән ерекшелік- ќалалардың ќол өнершілікпен сауда орталығы ретінде тууы және гүлденуі болып табылады. Шикізат өндірістерінің өркендеуі және ќалалардың өсуі, феодалдыќ ќоғамның экономикасына, саяси ќұрлысына, рухани өміріне елеулі ыќпалын тигізді. Сондыќтан да XI ғ. ғ. Батыс Еуропада ќаларлар ќалыптасты. Бұл кезең алғашќы орта ғасырмен феодализмнің толыќ өркендеген, хронологиялыќ шекарасы бар еді.



X-XI ғ.ғ. Батыс Еуропаның шаруашылыќ өмірінде елеулі өзгерістер болды. Крепостной шаруалардың еңбегін ќанауға негізделген өндірістің феодалдыќ әдістері өзінің алдындағы ќұлдар еңбегін ќанауға негізделген көне әдістерге ќарағанда еңбек өнімділігі анағұрлым кең жол ашќан еді. Алғашќы орта ғасырдағы өндіргіш күштердің өркендеуі-ќолөнершілік кәсіптің бірте-бірте өзгеруі, техниканың өркендеуі және еңбек тәсілдерінің жетілуі оның салалары дамыды. Ќолөнершіліктің жекелеген түрлері; металл өндіру, ќорыту және өңдеу ең алдымен ұсталыќ ќару жараќ жасау үстінде болды.Мата әсіресе, шұға тоќу, өйткені оны өндіру бұрын шаруалар семьялары ќолдан тоќи беретін кендір мата шығарудан анағұрлым күрделі, былғары өңдеу; ќышшылар еңбегінде ќұмнан жасалатын ыдыстарды көбейтті. Ќолөнер бұйымдарын өндіру барған сайын ауыл шаруашылығындағы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығынан басќа ша, еңбек етудің жаңа бір саласына айналды. Ќолөнерінің жаңа салаларға бөлінуі, өндіріс техникасын және еңбек тәсілдерін жетілдіру- ќолөнершілік ісін одан әрі мамандандыруды талап етті. Біраќ өз шаруашылығын дербес жүргізілетін және бір өзі әрі диќан, әрі ќолөнерші ќызметін атќаратын шаруалар жағдайында мұндай мамандандырудың мүмкіндігі жоќ еді. Ол үшін ќолөнершілік кәсіптің егін шаруашылығына көмекші ќызметін жойып, оны дербес өндіріске айналдыру ќажет болатын еді. Ќолөнершілік кәсіпті ауыл шаруашылығындағы еңбектен ажырату процесінің екінші жағы- егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуде прогрестің орын алуы еді. Топыраќ өңдеу ќұралдары мен әдістерінің бірте-бірте жетілуіне, жегілген өгіздерге тірелген темір соќќалардың пайда болуына, егін шаруашылығының бұрынғы кесімді және ауыспалы тәрізді жабайы түрін танапты, үш танапты егістік ауыстыруына байланысты ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі артты. Ауыл шаруашылыќ өндірісінің өркендеуіне егін салынатын жер көлемінің артуыда игі әсер етті. Бұл жөнінде ішкі отарландыру жаңа жерлерді шаруашылыќ үшін игеру және жаңадан үлкен алаңдар игерілді, дәндә және техникалыќ даќылдар егістігі кеңейтілді: кендір, конопля, вайда, майлы даќылдар және т.б. егістігі артып, огород, баќ жүзім шаруашылыќтары және ауыл шаруашылығына шарап өндірумен тығыз байланысты және май шайќау кәсіпшіліктері өркендеді. Өндіркіш күштердің өркендеуіне байланысты алғашќы орта ғасырлыќ дәуірдің аяќ шенінде, шамамен X-XI ғ.ғ. Еуропада ќолөнершілікті ауыл шаруашылығынан ажыратуға ќажетті жағдайлардың бәрі туды. Ауыл шаруашылығынан ажырасу процесінде, ќолөнершілік- ќол еңбегіне негізделген ұсаќ өнеркәсіп өндірісі өзінің өркендеу дәуірінде бірнеше сатыдан өтті. Оның ішінде біріншісі бұйымды тұтынушының заказы бойынша өндіру болды. Бұл жағдайда материалдыќ тұтынушы заказ берушінікі болуы да, немесе ќолөнершінің өзінікі болуы да ыќтимал еді және еңбекке аќы төлеудің заттай, яки аќшалай түрінде болуы мүмкін еді. Ќолөнершіліктің бұл формасы тек ќалада ғана емес, шаруалардың шаруашылығына ќосымша ретінде деревняда ќолданылып жүрді. Алайда, ќолөнершінің заказы бойынша жұмыс істеу кезінде товарлыќ өндіріс әлі туа ќоймап еді немесе бастамалы сипатта еді, өйткені еңбек өнімі әзірше рынокќа шығарылмайтын.Ќолөнерші әзірше деревняда, феодалдың ќол астында, феодалдыќ ќанаушылыќ өсіп отырған жағдайда ќалып отырғанда, ол өз өндірісін көп ќиыншылыќпен жүргізе алатын, феодалдыќ үстемдік кәсіптің дербес дамуы жолына көптеген кедергілер ќоятын еді.. Сондыќтан ќұлдыќтағы және феодалға тәуелді селолыќ тұрғындардың ќалың бұќарасы арасынан бірте-бірте оќшауланып шыќќан ќолөнершілер деревнядан кетуге тырысып баќты, өз шонжарларының ќол астынан ќашуға және өздері өндірген өнімдерін өткізуге ќолайлы болды. Шаруалардың деревнядан ќашуы бір жағынан олардың күшейіп келе жатќан феодалдыќ озбырлыќќа ќарсылығы жоғары еді. Орта ғасырлыќ ќоғамның өркендеуі дәуірінің бүкіл барысы, шаруалардың деревнядан ќашуы тікелей ќолөнершілікпен сауданың орталыќтары- орта ғасырлыќ ќалалардың тууына әкеп соќты.

2.Орта ғасырлыќ ќалалардың пайда болу себептері, орта ғасырлыќ ќалалардың шығу жөнінде көптеген теориялар болды. Буржуазиялыќ ғалымдардың айтуынша бұл теориялардың көпшілігіне тән нәрсе- проблемаға провалыќ,формальды – заңдылыќ тұрғыдан ќарауларында еді. Өз зерттеулерінде идеалистік методологияға сүйенетін буржуазиялыќ тарихшыларды ќоғамның даму өзгезістері емес, орта ғасырлыќ ќалалардың ќандай әлеуметтік экономикалыќ жағдайда тууы емес, ќайта провалыќ мәселер және ең алдымен ќаланың наќты бір провалыќ категория ретінде пайда болуы, басќарудың ќалаға ғана тән формаларымен ќалалыќ прованың тууы мәселері ғана ќызыќтыратын сондыќтан да олар орта ғасырлыќ ќаланың пайда болуының түбірлі себептерін дәлелдеп бере алмайды.

Батыс Еуропада орта ғасырлыќ ќалалар ќолөнершілік пен сауда орталыќтар бұрынғы Италияда, Францияда пайда болды. IX ғ.ғ. Еуроапда феодалдыќ ќарым-ќатынастардың өркендеуі мен өндіргіш күштердің өсуі және ќолөнершіліктің ауыл шаруашылыќтан ажыратылуына, крепостной шаруалардың деревнядан ќашуы болатын.Итальяндыќ және оңтүстік француздыќ ќалалардың ерте пайда болуына байланысты Италия, Франция мен Византия және т.б. Шығыс елдерінің сауда ќатынасының өсуі көптеген әсер етті. Бұл елдердің халќы көптеген бай ќалаларға сауда ќатынаста болды, атап айтќанда,Константинополь, Александрия, Дамаск, Багдад, Ќытай мен Үндістанның жекелеген ќаларында болды.

X-XI ғ.ғ. ќалалар солтүстік Францияда, Нидерланды да, Англияда, Оңтүстік – батыс Германияда, Рейн мен Дунай бойында пайда болды. XI ғ.ғ. Фландрияның графтығында ќалалар ќаптап кетті. Фландрия ќалалары- Брюгге, Ипр,Гент,Лилль, Дуэ, Аррас және т.б. ќалалар шұға өндірумен даңќы көптеген Еуропа елдеріне белгілі болды. Батыс Еуропалыќ ќалалардың көлемі тым шағын болатын, ќала тұрғындары саны мың немесе үш-бес жүзден адамнан аспайтын болды. Ќала дуалдарының сыртында, өз шекарасында ќала тұрғындарына ќарасты егістіктер, жайылымдар, огород тар болды.

3.Орта ғасырлыќ ќалалар феодалдардың жеріне салынатын, сол себепті шаруалар феодалдыќ сеньорларға бағынуға мәжбір болатын, өйткені ќаланың бүкіл билігі бастапќыда солардың ќолында болды. Феодал өз жерінде өз жерлерінде ќалалар салынуына ынталы болатын, өйткені ќалалыќ ќолөнершілік пен сауда оған ќосымша кіріс көзін әкеледі. Ќалалардың экономикасы өсуіне байланысты, феодалдардың ќалалардан түсетін кірісті барған сайын көбірек өндіруге тырысуы ќала мен аќсүйектер арасындағы күресті міндетті түрде өршітуге әкеп соќты. Ќала тұрғындары мен сеньорлар арасындағы күрес, ќалалардың өзін-өзі басќаруы осы күрес барысында болды. Еуропаның әртүрлі елдерінде, олардың өркендеу бағыты әртүрлі болды. Ќалалары өте ерте пайда болып, экономикалыќ жағынан ерте гүлденген Италияның, Францияның ќалаларында ќала тұрғындары сеньорлардан тәуелсіздікті тартып алды. Солтүстік және Орта Италияның көптеген ќалалары – Венеция, Генуя, Флоренция, Сиена, Лукка, Равенна, Болонья, Милан және т.б. ќала маңындағы селолыќ аймаќтармен ќосса, тіпті кейбір кішігірім ќалаларды өзіне бағындырып, ќала –мемлекетке айналды. XIII-XIV ғ.ғ. Византия, Венеция, Венгрия, Адриатиканың Далматы жағалауында славяндар ќаласы Дубровник шын мәнінде өзі дербес ќалалыќ республика еді. Бұл Балќан ќолөнер өндірісінің және транзиттік сауданың ірі орталығы болды. Германияда империялыќ ќалалар деп аталатын XII-XIII ғ.ғ. ең көонекті императорға бағынатын және із жүзінде бургомистр басќарған ќалалыќ советтің билігіндегі тәуелсіз ќалалыќ республикалар болатын. Бұл ќалалар өздігінен соғыс жариялауға, бітім жасауға, аќша шығаруға т.б. правалы болды.Тәуелсіздікке жеткен ерікті ќалалар мыналар еді; Любек, Гамбург, Бремен, Нюрнберг, Аугсбурс, Майнедегі Франкфурт және басќалары. Солтүстік францияның көптеген ќалаларында:- Амьен, Сен-Кантен, Нуайон, Суассон, Лан және фландриялыќ ќалалар- Гент, Брюгге, Ипр, Лилль, Дуэ, Сент-Омер, Арраста өзара ќарулы ќаќтығыстарға дейін барады, соның салдарынан тәуелсіз ќалалардың тұрғындар арасында ќалалыќ советтік, яғни мэр деп аталатын ќалалыќ совет басшысын сайлап алған.

4.Орта ғасырлыќ ќаланың өндрістік негізін ќолөнершілік ќұрайтын.Ќала тұрғындарының сеньорларға тәуелділігі толыќ жойылып бітпегендіктен, соның пайдасына түрлі салыќтар мен төлемдер алынатындыќтан, ќаланың экономикалыќ жағдайы да тура деревнядағыдан айырмашылығы болмады.Батыс Еуропада орта ғасырлыќ ќолөнерге даму салдарынан мұнда түрлі цехтар ашылды.

XIV-XV ғ.ғ. цехтар жік-жікке бөлінді, осы дәуірде шеберлердің ќолөнерлері аға цехтерде немесе үлкен цехтарда дамыды. Цехтардың өсуі шеберлер ќолында көмекші шеберлердің және шәкірттерді жалдамалы түрде үйрету түрінің дамуында болатын.

Цехтыќ жүйе ыдырап бастаған кезеңде сауда капиталының өндіруші- ұсаќ ќолөнершілер болатын. Сауда мен көпестік капитал өндірістері арата түсті. Цехтар ыдырағаннан соң, ќолөнершілердің көпшілігі ќанаушы көпестік капитал ќолында, алғашында алып сатарлыќ үлкен роль атќарды.

Ќала мен деревняда товар өндірісінің өркендеуі XIII ғ.ғ. бастап сауда мен рыноктыќ байланыстар күшейіп, деревняда товар-аќша ќатынасы баяу өсті. Себебі, ќаладағы ќолөнершілердің товарларына деревнядағы ауылшаруашылыќ өнімдеріне айырбастау зор роль атќарды. Шаруалар шаруашылығымен феодалдар шаруашылығы бірте-бірте рыноктыќ ќатынасќа тартыла басталады. Деревняда астыќ, Жан, мал. Және басќа ауылшаруашылыќ өнімдерін кең өріс ала бастады. Ќалаларда ќолөнер бұйымдары және деревняда өндірілмейтін басќа товар түрлері әкеле бастады. Батыс Еуропа ќалаларында барған сайын товар-аќша дамуы XIII-XIV ғ.ғ. бастап рентаны тұраќтану процесі басталды.Товар сауда ќатынасында заттай аќы төлеуді аќшалай төлеммен төлеу және аќшалай рентаға толыќ көшу процесіне өтті. Бұл деревнядағы шаруалар үшін және олардың әлеуметтік ќұрылысында аса маңызды өзгерістер алып келді. Әр елде ќалардың түрліше даму феодалдардың шаруаларды ќанауымен оларға үстемдік етумен ќоймай, сауда ќатынасында да түрліше салыќ түрлерінің өсуі болатын. Аќшалай рентаға өту, бұл шаруалар арасындағы шаруашылыќтарының араласып, мал-мүліктің теңестірумен ќатар шаруалардың өзі ауќатты және кедей шаруалар болып бөлінуге алып келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет