Факультет: «География және табиғатты пайдалану»


Болашақтағы туризм дамуының мүмкіндіктері



бет6/9
Дата05.12.2022
өлшемі384.66 Kb.
#466454
1   2   3   4   5   6   7   8   9
срс

Болашақтағы туризм дамуының мүмкіндіктері


Батыс Қазақстан облысында туризм инфрақұрылымын дамытудың іс- шаралар жоспары:
-Даму институттары, даму қорлары, екінші деңгейдегі банктердің қаражатынан қаржыландыра отырып, шағын кәсіпкерліктің туристік саланы дамыту жөніндегі жобаларын ілгерілетуге ықпал ету;
-Халық қолөнерін жаңғырту және кәдесый өнімдері индустриясын дамыту жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету; Бұл мақсатта Орал қаласы мен аудан орталықтарында шағын кәсіпкерлікті дамыта отырып, ұлттық салт- дәстүрімізді жаңғыртуға бағытталған жаңа фабрикалар ашу.
-Халықаралық және республикалық туристік көрмелерге қатынасу
-Батыс Қазақстан облысының туризмі жөніндегі материалдарды әзірлеу және WEB-сайтқа жариялау үшін ұсыну, жетекшi туристік операторлар мен БАҚ өкiлдерi үшiн ақпараттық турлар өткiзу;
-Орал қаласындағы Курени аумағын ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру;
-Шалқар көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды салу үшін инвесторларды тарту үшін шаралар қабылдау. Туристік зона аумағында парапландар мен серуендеуді ұйымдастыру;
-Емдік туризмді дамыту мақсатында: Бөкей ордасы ауданындағы Аралсор көлі аумағында, Ақжайық ауданындағы Әлжансор көлінің аумағында және Қабылтөбе ауылында емдеу орталығын салу;
-Ауданаралық автомобиль жолдарын жаңарту. Автожолдардың бойына тамақтану, медициналық қызмет көрсету және басқада нысандарды салуды жоспарлау;
-Янайкино аулында демалыс базасын және балық аулауға арналған демалыс базасын салу;
-Зеленов ауданыңда ат туризмі бойынша туристік нысан салуға құжаттар жасақтау, Жаңақала, Қаратөбе, Казталовка аудандарында қымызбен емдеу орталықтарын ашудың жоспарларын дайындау, Бөкей ордасы ауданыңда шұбатпен емдеу орталыған ашу
-Батыс Қазақстан облысы еліміздегі басқа облыстармен салыстырғанда жылқы туризмін дамытуға өте қолайды өңір. Жылқы туризмін дамыту арқылы ұлттық туризмді насихаттауға болады. Орталықтың негізгі жобасын жылқы шаруашылығы бар шаруашылықтарға негіздесе көп қаржыны талап етпейді. Орталыққа:
Жылқы қоралары- жылқыны өсіруге арналған тұрақ- жайлар;
Биені сауу орны- саумалдықтарды сауатын орындар;
Қымыз цехы- қымыз ашытатын цех;
Торсық дайындайтын цех- дайын болған қымызды құюға арналған жаңа қазақы ыдыстар;
Емдеу орталығы- қымызбен емдейтін орталық;
Аттылы туристік база- ат маршруттарын дайындайтын және өткізетін база;
Ат спорты алаңы- ат спортынан (бәйге, аударыспақ, көкпар, қыз қуу, теңге алу т.б.) жарыстар өткізу;
Ұлттық «Жылқы шаруашылығы» базасы аталған салаларды қамтиды және оның ел экономикасында дамуына ықпал етеді:
Жылқы шаруашылығы;
Туризм оның ішінде ұлттық туризм;
Тамақ өнеркәсібі (қымыз, ет, т.б.);
Жеңіл өнеркәсіп (тері өңдеу, жіп жасау, жылқы қылын іске асыру);
Медицина (қымызды пайдалану, косметология);
Спорт (жылқы спорты түрлері);
Құрылыс (жаңа ғимараттар салу);
Байланыс (жол, телефон, интернет)
Таза экология;
Қалдықсыз өндіріс; т.б.
Сондай - ақ, перспективада 2022-2025 жылдарға арналған жобаларды іске асыру жоспарланған: Ақсай қаласында IntercontinentalHotelGroup-HolidayInn халықаралық франшизасы бойынша қонақ үй салу, 4 жұлдызды қонақ үй кешенін салу, Шалқар көлінде туристік қызметті ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Өңірлік туристификациялау картасының ТОП-50-іне енгізілген Хан ордасы музей-қорығының визит-орталығын салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет