Филология және психология” факультеті “Педагогика және психология” кафедрасы «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі»


-апта. Қазақтың әйгілі би-шешендерінің бірі Доспамбет жырау (XVI ғасыр)



бет5/6
Дата16.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#140066
1   2   3   4   5   6

\

8-апта.
Қазақтың әйгілі би-шешендерінің бірі Доспамбет жырау (XVI ғасыр).
Жоспары :

1.Ол-талай шайқастарда ерлік көрсеткен батыр, жорықшы жырау.

2.Жырау толғауларының идеялық мазмұны.

3.Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

Қазақ халқының өз атымен өмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, осы кезден басталатын қазақтың төл әдебиетіне өзіндік үлес қосқан, сол замандағы әлеуметтік іс-шаралардың бел ортасында болып, ерлігімен де, өрлігімен де, хас батырлығымен де, өр рухты жырларымен де ел құрметіне бөленген көрнекті ақын, жыраудың бірі - Доспамбет жырау.

Доспамбет – тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни XVI ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған Азаулы ноғайлыларының басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыры.

Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана – бар-жоғы 160 жолдың көлемінде. Осы жыр үзінділерінің өзіне қарап оның шығармаларының тікелей жорық үстінде, ұрыс майданында туғанына көзіміз жетеді. Себебі, оның қазір қолда бар шағын толғауларында жырау өмірімен қоштасар алдындағы адам кейпінде өткен дәуренінің мән-мағынасы туралы тебіреніп ой қозғайды.

Жаралы жауынгер – жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштен ақтарылып шыққан зарлы мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр – аманаты елес береді. Солай болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық-ақынның туған жеріне, еліне деген ыстық махаббаты, ынта сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан қорғау – жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады.

Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның жырларында ел үшін, жер үшін шайқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезіндегі қайсар қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы қайнар бастаулары.

Доспамбет поэзиясына тән үлкен бір ерекшелік – оның өлең-толғауларындағы айтылған ой қазақ мақал-мәтелдерімен астасып, ішкі мағынасы жағынан болсын, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру өзгешеліктері жағынан болсын үндесіп, қоғамдық құбылыс жөнінде нақтылы сөз өрнегімен беріледі.

Арғымаққа оқ тиді

Қыл мықынның түбінен,

Аймадетке оқ тиді

Отыз екі омыртқаның буынынан.....

Доспамбет шығармалары аздығына қарамастан ғұмырлы, қашанда мәңгілік. Оның толғаулары өзінінің мән-маңызы, ішкі толғанысы жағынан алып діңгектер сияқты үлкен әлеуметтік жүк арқалап тұр. Жырау жырлары тарихтың талай аласапыран оқиғаларының арасында адасып, жоғалып кетпей, бізге келіп жетті де, рухани бастаулардың қуатты көзі бола отырып, шығармашылығы

мен күрескерлігі өзімен үндес XVIII ғасырдағы әдебиеттің ірі өкілі Ақтамберді мен XIX ғасырдағы өршіл рухты азамат ақын Махамбет поэзиясына және одан кейінгі бүкіл әдебиет дамуына игі әсерін тигізді.



8-апта. 3 балл
Тест Қаздауысты Қазыбек би
1. Қазыбек қандай тұлға? А)шешен; Б) Би шешен; В) ақын, жазушы; 2. Қазыбек қаи жылдар өмір сүрген? А) 1667-1764; Б) 1545-1670 ; В) 1478-1584; 3. Қаздауысты қазыбек кімдермен серіктес болған? А)Жиренше, маиқы, Аязби; Б) Төле, әйтеке; В)Доспанбет, Бұқар жырау; 4. Қаздауысты Қазыбек қай жүздің биі? А)Орта; Б)Ұлы; В)Кіші; 5.Орта жүздің ханына Қазыбек сеніммен қарады.Орта жүздің ханы кім ? А)Жәнібек; А) Абылай ; В)Шыңғыс; 6. Қаздауысты Қазыбек қай ғасырда өмір сүрген? А) ХІІІ; Б) ХІ; В) ХҮІІ; 7.Қаздауысты Қазыбек би қандай заңдарын жасауға көмектесті? А) Жеті жарығы; Б) Кодекс; В) Білім туралы; 8 Қаздауысты Қазыбек Жоңғария хандығына елшілік, Тәлімгерлік жолмен неше рет барды? А) 3 ; Б) 2 ; В) 4 ;
9-апта.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668 - 1781 ж).
Жоспары :

  1. Бұқар –қазақ мемлекетінің дербес өмір сүру қажеттігін ту етіп көтерген кемеңгер жырау.

  2. Толғауларының әлеуметтік мәні, тарихи сипаты.

  3. Бұқар толғауларындағы Абылай хан бейнесі.

Тарихта “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған аумалы – төкпелі заманға душар болған ел – жұртқа “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, басқыншы жаудың бетін қайтарып, өз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында біржола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр қолбасшы – көсемнің қажеттігін ерте түсінді, сүйтіп, ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен, халық мүддесін терең түсініп, өзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның төңірегіндегі белгілі батырларының жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың өшпес әдеби бейнесін жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен болашағын ойлау мақсатындағы ерлікке барабар іс - әрекеттерін аңғартады.

Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, сол мекенде қайтыс болады. 1993 жылы жыраудың туғанына 325 жыл толған мерекелі тойында оның басына үлкен күмбез орнатылып, Қарағанды қаласында осы мерекеге арнап ғылыми – теориялық конференция өткізілді. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау мақсатында бір топ мерекелі мақалалар мен бір кіші-гірім зерттеу кітіпша жарық көрді. Сондай-ақ, сол жылы тұңғыш рет жырау жырларының жеке жинағы екі рет басылды (бірі – “Жалын” баспасынан шыққан ”Әй, Абылай, Абылай”.

Бұқар жыраудың ақындық қуаты мен дарын – күшін айқын танытатын келесі бір жыры “Әлемді түгел көрсе де” деп аталады. Мұнда ол адам баласы өмірінің сыр – сипаты мен қызық қуанышының шексіздігін, аспанға шарқ ұрып, Ай мен Жұлдызды аралаған арман – үмітінің жарқындығын шебер бейнелейді. Осы ерекшеліктерімен бұл жырды тұрмыстың әр алуан қуаныш – қызығын шалқыта, асқақ жырлайтын оптимистік гимні деуге де болар еді.

Жыраудың жыраулық поэзияда адам өмірі мен табиғат құбылыстарын астастыра сипаттау, сондағы көркемдік ізденістерге, тіпті бейне жасаудың тұрақты тәсіліне жол салған. Осы жәйт Бұқарға да тән. Жыраудың “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек” атты екі бөлімнен тұратын жырынан бізде бұрын кездеспеген жаңа бір үлгісін көреміз.

Жыраудың дүниеге көзқарас танымын белгілейтін шығармаларынан оның “Бірінші тілек тілеңіз” атты толғауын бөліп атауға болады. Бас аяғы он бір тілектен ғана тұратын бұл жырда Бұқар өз дәуіріндегі адамдардың ой – тілегі мен арман – мұратын жинақтап беруге талаптанады. Бұлары құдайға құлшылық пен бес уақыт намаз, тыныштық пен адамгершілік, адалдық, тазалық болып келеді.

Бұқардың “Ақсаңнан биік тау болмас”, “Айналасын жер тұтқан”, “Ай не болар күннен соң”, “Бағаналы орда, басты орда” атты толғаулары өз дәуірінің өмір көріністерін: көшпелі тұрмыс тұсындағы адамдардың өзара қарам – қатынастары мен қалыпты салт – сана, ұғым – түсініктерін, жалпы өмірдің құбылмалы екендігін баяндау тұрғысында келеді.

Бұқар жыраудың бір топ жырлары (“Ежелгі дос жау болмас”, “Шашырап шыққан хандар көп”, “Рулының оғы жоғалса табылар”, “Он екі айда жаз келер”, “Мырзалық қонаққа пайда, малға қас”, “Асқар таудың өлгені”, “Жар басына қонбаңыз”, “Биік тауға жарасар”, “Жал құйрығы қаба деп”) ел бірлігі, жақсы мен жаман, білімділік пен надандық, жалпы ізгілік мәселелерін қамтиды. Тағы бір алуанында (“Атан болған жиырма бес”, “Құбылып тұрған бәйшешек”, “Садыр, қайда барасың ?”) жыраудың әлеуметтік ортаға көзқарасы мен ішкі сезім күйлері басым болып келеді.

Асан қайғы жырларының көрініс тапқан жұмбақ үлгісінде келетін орағыта астарлау, пернелеу тәсілдері де Бұқарда өз көріністерін тапты.

Бұқар жырларының дидактикалық мазмұнының сипатына келсек, бұлар да өзіне дейінгі өмірді пәлсапалық тұрғыда тану, бағалау арқылы соны адам санасына сіңіріп тәрбиелеу мақсатына құрылады. Жырау осыған орай кейде дайын үлгіні өзгертпей алуға да, не соны сөз орамы мен ұйқас үшін аз – кем түрлентіп қолдануға да, тіпті, тыңнан жол салып өзінше кестелеуге де бейім.

Бұқар жырау сол тұстағы әр алуан өмір көріністері мен адамдар арасындағы қарым – қатынас жайларын да өз назарынан тыс қалдырмаған. Жырау мұнда жалпы өмірді үнемі жаңғырып жаңару, түрлене құлпырып, өзгеру барысында бағалауға мән береді. Соған орай жыраудың “құрсағы құшақ байлар” мен “қу таяқты кедейдің” тағдыры туралы түйген ойлары да көңіл аударуға тұрарлықтай. Ол бұлардың арасындағы аспан мен жердей айырмашылықты (байлық пен жоқтықты) тұрақсыз ауыспалы құбылыс ретінде түсіндірмек болады (“Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз, Айнала ішсе азайып, Көл су алмас демеңіз, Құрсағы құшқ байлардан, Дәулет таймас демеңіз, Жарлы байға теңеліп, Жайлауға жарыса көшпес демеңіз”,т. б).

Жыраудың бізге жеткен азды – көпті мұрасын табиғи сипаты жағынан насихат толғау, арнау толғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болар еді. Шығармаларының басым көпшілігін құрайтын насихат толғауларында, жоғарыда аталғандай, адамды игілікке тәрбиелеу, бауырмалдық, адалдық, әділдік мәселелері сөз болады. Осыған орай жыраудың топшылаулары мен ой – болжамдары да сезім күйлері арқылы беріліп отырады. Осы талапқа сай бұл жырлардың көңіл – күй, лирикалық сипаты басым болып келеді.

Жыраудың қолда бар арнау – толғауларының көпшілігі (“Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ей, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай , сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын”) Абылай ханның сол тұстағы ұстанған саясаты мен жалпы ел басқару ісіне арналса, енді бір топ жырларының (“Садыр, қайда барасың ?”, “Бұқарекең – біз келдік Ақан, Төбет байларға”) әр кезеңде әр қилы тілек – талаптарға орай белгілі бір кісілерге арнау түрінде айтылғанын көреміз.

Бұқар тарихта “Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама” атанған қатерлі заманда қазақ елінің басын құрап, қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастыра білген Абылай ханды халық тәуелсіздігін қорғап қалған көсемі, даңқты қолбасшысы ретінде сипаттайды. Сол тұста ерекше ерліктері мен көзге түскен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Тілеуке, қарақалпақ Құлашбек, т. б. батырларды ханның сенімді серіктері, оның бұйрық – жарлықтарын бұлжытпай орындаушы сарбаздары ретінде асқақ жырлайды.

Бұл – қалың жұртшылықтың жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күреске шығып, елдікті сақтап қалуға бел байлаған кезі еді. Абылай хан дәл осындай ауыр кезең, қиын сәтте бөлек – бөлек шашырап жатқан үш жүздің басын біріктіріп, жауға үзілді – кесілді тойтарыс бере алатындай бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға талаптанды. Сол себепті Бұқар өз жырларында Абылайдың сол тұстағы орасан зор еңбегін жоғары бағалай отырып, халық арманын ақтаған батыр – қолбасшының мақтантұтарлық әдеби бейнесін жасауға зер салды. Айталық, Абылай хан науқастанған тұста айтқан мына бір бес жолдан тұратын жырға ол Абылайдың сол кездегі бүкіл жұрт ұмытпастай тарихи еңбегін сыйғызып, нақты бейнелей алған дер едік. Сондай – ақ, бұдан жыраудың тапқырлығы мен шешендігін, хас шеберлігін де анық көреміз :

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым – ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған ханым – ай.

Қалыңсыз қатын құштырған ханым – ай,

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,

Сонда қалар ма екен қайран жаның – ай !

Ел берекесінің ұйтқысы татулық – бірлікте, бейбіт өмірде деп санаған қарт жырау ханға “өлетұғын тай үшін, қалатүғын сай үшін” ерегіс – жанжалдың, қажетсіз қантөгістің орынсыз екенін де батыл ескертіп отырады. Абылай бірде ашу шақырып, көрші отырған орыс мемлекетімен соғысамын деп қаһар төккенде, Бұқар бұған үзілді – кесілді қарсы шығып, ел тағдыры үшін мұның үлкен қателік екенін айтады.

Бұқар жырау Абылай бейнесіне әр қырынан келіп, оның шындыққа сай тұлғасын өрнектемек болады. Бұл бағытта туған жырларының бәрі дерлік Абылай ханның сол бір жауапты кезеңдегі әралуан саяси қызметі мен саналы өмірін оның басқару мерзіміне орай кезең – кезеңге бөліп, ой таразысымен екшеп саралау, жинақтап қорыту үлгісінде келеді. Мұның бәрі бір ғана талап – ертеңгі ел болашағы, тәуелсіз, бақытты өмірді орнату мақсатымен терең ұштасып жатады. Осыған орай жыраудың өзге жырларынан оның “Ал,. айтамын, айтамын” атты толғауын бөліп атауға болар еді. Бұл шағын ғана туынды (бас- аяғы 31 жол) ішкі логикалық бірлікпен жалғасқан үш бөліктен тұрады. Біріншісінде Абылай мінген жүйрік сайгүліктің түр-тұлға, сын-сипаты сөз болса, екіншісінде сол атқа лайық оның иесі де елдің биік талап тұрғысынан сипатталады. Ал, үшінші бөлімі Абылай бейнесін бірыңғай бөліп алып, жеке сомдауға арналған.

Бұқар өзіне дейінгі қалыпты жырдың сыртқы түзілім – құрылысына айтарлықтай жаңалық енгізе қоймаса да, оның дәуір талабына сай мазмұндық, көркемдік жағынан жетіліп, кемелденуіне үлкен үлес қосты. Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, т. б толғауларында орныққан тақырып пен мазмұнды жырау өз туындыларында жаңа бір қырынан ашып сипаттайды. Бұдан Бұқар тұсындағы жыраулық толғаулардың әлеуметтік мәні мен көркемдік сапасының ұшталып, өмір құбылыстарын даралау, адам бейнелерін жасауы жағынан толыса кемелденгенін көреміз.

Бұқар толғауларының өзіндік белгілеріне келгенде, біз ең алдымен, олардың түрі мен мазмұнының терең астасып отыратынын айтуға тиіспіз. Жырау ырғақ пен бунақ, тұрақты ұйқастың бірлік – шарттылығын көбінесе айтылар ойдың мазмұнына бағындырап отырады. Осыған орай бұлардағы ішкі логикалық байланыс – тұтастықты Бұқар шығармаларының басты сипат – ерекшеліктері деп айта аламыз.

Бұқар - өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс – шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау. Ең алғаш ол ауыз әдебиеті үлгілерінен бастау алып, дәуір талабына орай әлеуметтік мазмұн мен көркемдік сапаларды игерген жыраулық поэзия Бұқар шығармалары арқылы жаңа белеске көтеріліп, әдебиетіміздің байып, марқая түсуіне жол салды.

9-апта. 3 балл
Глоссарий

1.Поэзия-

2.Жырау-

3.«Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама»-

4.Лирикалық-

5.Хас-


6.Толғау-

7.Талант-

8.Теориялық-

9.Кемеңгер-

10.Оптимистік-

10-апта.

Cырым Датұлының шешендік өнері.

Жоспар:


  1. Сырым Датұлының өмірі.

  2. Сырым бидің батасы.

  3. Шешеннің тапқырлық сөздері.

Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ сипаты, тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғаның бірі Сырым Датұлы.

Халық даналығына жүгінсек, “сымбатсыз сұңқар болмас, тұлғасыз тұлпар болмас” дегендей, Сырым шешеннің дене бітімі, кескен-келбеті мінсіз, жан-жақты жетілген, сом болаттан құйылғандай болу керек. Бұған Байбақты руынан шыққан қарындасы елден ерте кетіп, жырақта қоныс теуіп, көрмей-білмей 40 жігіттің ішінен Сырымды жазбай танығанда, сол ауыл ақсақалы: “Сырымды сен қалай таныдың?” –деп сұрайды.

Сол мезетте қарындасы: “Сырымда үш қасиет бар. Біріншісі- батырға біткен тұлғасы, екіншісі- өжет мінезі, үшіншісі- асқан даналығы деп естуші едім. Маған Сырым қыран топшылы, толық денелі, кең иықты, шалқақ төсті, жолбарыс бетті, басы да елден ерек, торсық шекелі боп көрінді”- дейді.

Демек, талант дегеніміз ағзаның ерекше дамуы, орталық жүйке жүйесінің мықтап шарықтауы, белгілі бір қабілеттің биіктеп, кең өріске шығындап шырқауы ғой.

Сырым шешеннің тұңғыш рет билік айтуы былайша екен. Мал өрістен қайтқан кезде, бірі атқа мінген, бірі жаяу кісіні көреді. Екеуара бір түлкі. Шекесі қызып таласқан . Содан Сырымға төрелік айтуды өтінеді. Жаяу адам мән-жайды: “Жаздай осы түлкіні көз жазбай аңдып, алғашқы қан-сонарда қолға түсірем деп”- жүр едім деп түсіндіреді. Ат үстіндегілім-білігі кемел өндірдей жас Сырым : “Әйел адамның жүретін жері-ауыл арасы ғана болады. Ал еркек адам қайда бармайды, сірә Сіздің көріп жүргеніңіз ұрғашы түлкі болар, әлі де болса күтіңіз, жүрген болар”- деп Шынында да жаяу кісі артынан өзі көріп бақылап жүрген ұрғашы түлкіні қолына түсіреді.

Бұл Сырым шешеннің туа бітғыті қасиеті көрегендігі ме, әлде Есім ханды (оол 1598-1643 жылдары билік құрды) Сырым жер жастандырады. Осы оқиғадан кейін Алдар би :

“Қарадан хан болдың,

Айырдан нар болдың

Жоқтан бар болдың,

Көнеден дәурен озды,

Көндей қамқа тозды,

Атадан ұл озды,

Анадан қыз озды !”- деп болған істі қолдайды.

Айбыны асқан Сырым:

-Қарадан хан болсам, халқым қалаған болар.

Айырдан нар болсам, атам жараған болар.

Жоқтан бар болсам, тәңірім қараған болар.

Көнеден дәурен озса, жасы жеткен болар.

Көндей қамқа тозса, жағасы кеткен болар.

Атадан ұл озса, еркіндігі болар.

Анадан қыз озса, еркелігі болар- деп жауап қайтарады.

Шешеннің пайым-парасаты, зерде-зейіні, адамгершілік қасиеттері, жоғары ойлау мәдениеті сөйлеген сөзінене байқалады. Нақтылап айтқанда, ойын дұрыс , мінсіз жеткізу мен ойлаған пікір-лебізінің дұрыстығына деген сенімі. Әсіресе, Сырым шешен тұтқиылдан қойылған сауалдарға ып-ықшам, жинақы жауаптары әзір.

Хан бірде Сырымды:

-Сөз анасы неден?

Су анасы неден?

Дін анасы неден?

Жол анасы неден?- деп тексереді.

Іле Сырым:

Сөз анасы-құлақтан,

Су анасы-бұлақтан,

Дін анасы- ұяттан,

Жол анасы-тұяқтан- дейді.

Осынау Сырым сөдері жоғары танымдық қабілеттен, этикалық –тәжірибелік даналықтан, көрегендік интуициядан туған.

Заманында Сырым жер турасында , адам құны туралы, ұрлық, барымта, мал құны, неке бұзу, куәлік, жер дауы хақындағы алуан-алуан дауларға тура, әділ билік айтып, елдің ақыл-аузы, арқан-қазығы, бүтінші-бітімшісі болған. Өзі айтқандай, “таудан биік көңілмен, теңізден терең ғылыммен” шым-шытырық дау-шарды егжейлі- тегжейлі саралап, жіктеп сөйлеген. Сырым шешенде сыр мен сымбаты келіскен, ауыспалы мәнде шебер қолданылған алмастыру тәсілі жиі.

Сырым сыртқы дүние құбылыстарын айтар ойына негіз, тірек ете отырып, олардың басты немесе қосалқы белгілеріне орай бір-біріне үйлестігін не айырмашылығын әріден толғап сипаттап ойша көрсетеді де, ең соңында түйінді сөзін қадап айтады.

Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолында жанқиярлықпен күрескен нағыз қаћармен Сырым Датұлы шешендік өнер тарихында мәңгі өшпес білімді, билік сөздерімен ерекшеленеді.
10-апта. 3 балл


Реферат
Тақырыбы:

1.Айтыс өнерінің дамуы және өркендеуі.

2.Айтыс.Айтыстағы тапқырлық сөздірі.

3.Айтыс өнерінің түрлері.


Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

1. С.Негенов. Шешендік өнер. А-1997 2. БАдамбайев. Халық даналығ. А-1976 3. Н.Төреқұлов. М.Қазыбеков. Қазақтың би шешендері. А-1993 4. Б.Шканов. Шешендік сөздердің жанарлық ерекшелігі. 5. М. Балақаев. Е. Жанпиісов, М.Томанов, Қазақ тілінің стилиистиасы. А-1996 6. Н.Уәлиев. Сөз мәдениеті. А-1985 7. БӘдембайеов. Шешендік өнер. А-1992 8. Қ.Ниеталиев . Қазақ тілінің орфоэпиалықсөздегі. А- 1977 9. М.Балақаев. Қазақ тілінің орфографикалық сөздігі. А-1979.



11-апта.
Айтыс. Айтыстағы тапқырлық сөздер.
Жоспары :

  1. Зерттелу тарихы.

  2. Айтысты мазмұны мен тақырыбына қарай жіктеу.

  3. Ақындар айтысы.

4.Халықтың тұрмыс – тіршілігіне байланысты туған айтыстар.

5. Әдет – ғұрып салтына байланысты туған айтыстар.


Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір саласы – айтыс өлеңдер. “Айтыс” деген атау қазақ ұғымында өлеңмен айтысу, өлең сағысына, жарысына түсу мағынасында қолданылып келген. Айтыс дәстүрі тек қазақта ғана емес, Иран, Индия халықтарында да, арабтың бәдуйлер деп аталатын көшпелі тайпасында көшпелі тайпасында да және түркі тілдес өзбек, түрікпен, қарақалпақ, қырғыз сияқты халықтарда да болған. Айтыс әр елдің өз тілінде аталған. Мысалы: арабта “мұғалақат”, өзбекте “лафар”, қырғызда “айтуш”. Айтыстың диалогтық кейбір жолдарын V-VII ғасырлардағы Орхон-Енисей жазуларындағы Иоллы ақынның “Күлтегін” дастанынан кездестіреміз. Немесе XI ғасырларда жазылған Баласағұнидің “Құтадғу-Білік” шығармасының бірнеше өлең шумақтары айтыс үлгісінде құрылған. XIII ғасырда өмір сүрген Ұлы жыршының Шыңғыс хан мен өлеңмен жауаптасқаны да айтыс түріне жатады. Айтыстың топтасып айтылатын кейбір түрлері бұдан да арғы заманға барып тіреледі. Адам баласының өзінен жоғары нәрселердің бәрін “тәңірі” деп танып, табиғатқа табынған. Сәбилік дәуірде туған бәдік тағы басқа сондай жырлар айтыс өлеңдерінің ең көне түрі болып табылады. Айтыс қазақтың сөздік қорын жетілдіретін бай қазына.

Айтыстың тарихи даму жолы, өзіндік ерекшеліетері бар. Айтыстың басты ерекшеліктерінің бірі – ол өзінің ұзақ даму жолында болған оқиғаны, шындықты, ақиқатты өткір тілмен бүкпесіз айта алатын берік қалыптасқан дәстүрге аайналды. Расында айтыс нағыз ақындық өнер. Ипровизаторлық өнер, оның үстіне айтыс – поэзиямыздың көлемді де күрделі жанры.

Айтысқа кез-келген адам түсе бермеген, айтыс сайысына түсетін ақын ойдан тез шығарғыш дарынды да, сөз нөсерін түйдек-түйдегімен құйлатын төкпе де қарсыласынан тұтқиылдан төнетін ұшқыр да, ұтқыр, логиклық ой да күшті болуы шарт .

Айтыс сайысына дейін екі жақ ақындар да сөз жоқ үлкен дайындықпен келеді. Ол өзінің туған жерін ардақтап адам ата тегін, дін саптарын білумен бірге өз қарсыласына мін тағатын кемшіліктерін, осал мінездерін соғұрлым көп білсе, соғұрлым тиімді.

Айтыстың өзіндік тағы бір ерекшелігі, оған әйел еркек бірден қатасып отырғанын еске алсақ, мұның көпке ортақ өнер, ортақ жанр болып дамығанын көреміз. Ақын әйел қатыспаған айтыс кемде-кем. 1965 жылы “Жазушы” баспасынан шыққан 3-томдық айтыстың нақ жартыс ақын әйелдер.

Айтыстың күшті дамыған кезі XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын, өз руының әруағын көтеріп, туын жоғары ұстауға тырысқан. Айтыс ақындарының өткен ғасырдағы өкілдері Сүйінбай, Шернияз, Қатаған, Орынбай, Шортанбай, Кемпірбай, Шөже, Балта, Жанақ, Түбек, Тоғжан, Ақсұлу, Тәбия, Майлықожа, Тезекбай, Әсет, Ырысжан, Бейбіт, Мұса, Манап қыз сияқтылар.

Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі халықтың тұрмыс тіршілігіне, әдет-ғұрып саласына байланысты туған айтысар. Екіншісі – шын мәніндегі ақындар айтысы. Екіншісі қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады. Көбінесе әзіл-оспаққа, күлдіргі әңгімеге құрылған айтыстың алғашқы үлгілерінде ақындар айтысындағыдай ақындық шабыттан, тыңнан туған өткір ой, өзекті оқиға желісі, әсерлі сөз жүйесі бола бермейді.

Айтыс өнерінің ең ерте заманнан келе жатқан түрі – бәдік айтысы. Екінші түрі “жар-жар” қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтысы.

Жар-жарда бір жағы ескі әдет-ғұрыптың, қатал заңның әділетсіз кесікінін әшкерелесе, екіншіден, қазақ әйелдерінің бас бостандығының болмағанын айтып көрсетеді. Бұл жағынан жар-жар өлеңнің әлеуметтік мәні зор. Жар-жар өзіне тән еретеден қалыптасқан өлеңдік құрылысы бар. Жар-жар көбінесе 7-8 буынды жыр үлгісіне, кейде 11 буынды қара өлең үлгісіне құрылған. Жар-жар өлеңдерінің көркемдік стилі, әдісі, негізінен психологиялық паралеллелизм деуге болады. Көркемдік құралдарының бұл түрінде жансызды жандандыра сөйлету, жануарға тіл бітіру сияқты табиғат құбылыстарын адам ойына қатар қою әдісі жиі қолданылған.

Айқындар айтысы. Қазақтың әдебиетші ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, нағыз ақындар айтысы XIX ғ. дамыған. Олай дейтіні XIX ғасырға дейінгі айтыс ақындарында өмірбаяндық деректері де, айтыс өлеңдері де сақтала бермеген. XVIII ғ. өмір сүрген ақын-жыраулардың аты-жөні белгілі болғанымен, олардың айтыс өлеңдерінен қай түрде, қандай көлемде болғаны туралы нақтылы деректер әлі күнге анықталған емес.

XIX ғ. басында туып, бертін келе дамыған айтыс ақындарының аты-жөні, тіпті өмірбаяны да белгілі. Олардың айтыс өлеңдері халық аузында немесе қолжазба күйінде сақталып келген.

Айтыстың күшті дамыған кезі – XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын өз руының әруағын көтеріп туын жоғары ұстауға тырысқан.

Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі- халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. Екіншісі- шын мәніндегі ақындар айтысы. Бұл соңғысы қазақ айтыстарының ең күрделісі.

Айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілері халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған. Және ол жұрттың жиналған жерінде, ойын-сауық үстінде шығарылған. Оларды шығарушы да ақындар болған. Бұл айтыстар жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілірі болғандықтан да өзіне тән ерекшеліктері барлығын көрсетеді. Ең алдымен, ол ойын-сауық ретінде, халықтық көңілдендіру, күлдіру негізінде туғандығын аңғартады. өлеңі жұрттың жаттап алып, айта беруіне лайықталған болады. Мұнда нағыз ақындар айтысындағыдай тыңнан қозғалатын күрделі әңгімелер, оқыстан туған оқиғалар буырқанып-буырсынып шығатын сөз саптасы кездеспейді. Көбінесе жеңіл-желпі айтылған әзіл-оспақ түрінде болып отырады. Екіншіден, бұл айтыстарда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған әр түрлі ұғым, түсініктер араласа жүреді.

Бүл айтылғандар тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып салтқа байланысты туған айтыс өлеңдерінің көмекшілігі емес. Ол – айтыс өлеңдерінің қалай туып, алғашқы қалыптасу ретінде нені сөз еткендігін аңғартатын ерекшеліктері болуға тиісті. Және осы айтыстар кейіннен үлкен айтыс өлеңдерінің, яғни аындар айтысының, шығуына негіз салды, соның бастамасы болды деп түсінеміз.

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстарды мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлеміз. Солардың ішінде басталары:”жар-жар”, “бәдік айтысы”, “қыз бен жігіт айтысы”, “дін айтысы”, “жұмбақ айтысы”. Бұларды талдағанда “жар-жар ”мен “бәдік” айтысына тоқталып жатпаймыз. өйткені ьол екеуін осы кітаптың алғашқы тарауында қарастырғанбыз. Бұл арада, қайталау түрінде, “жар-жар” мен “бәдік” – айтысы өлеңінің ең ескі, алғашқы үлгілеріне салыстырғандығын ескертпеппіз.



Қыз бен жігіт айтысы. Бұл айтыс халықтың әдет-ғұрып салтына байланысты ойын –сауықтар кезінде айтылған және ол ойын-сацыққа жиналған жұртты көңілдендіру, күлдіру, ән мен өлең қызығына батыру негізінде туған. Мұның алғашқы үлгілерін белгілі ақын қыздар мен жігіттер шығарған. Оларды осы айтыстағы өлеңдерін кейіннен өлең айтуға икемі бар, бірақ өзіндік ақындық өнері жоқ жастар жаттап алып ойын-сауық кезінде айтып жүретін болған. Бұл айтысты көбінесе қыздар мен жігіттер бастап, солар айтатын болғандықтан, халық оны “қыз бен жігіт” айтысы деп атаған.

Қыз бен жігіт айтысы, әдетте, екі жастың амандасуынан басталып, әзіл-оспақ, әдемі қалжың ретінде айтыла береді. Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды, ойын-сауыққа лайықты күлдіргі жайлар сөз болады. Айтыстың өлеңі ретінде шығарылған және жұртқа таныс, үйреншікті жаттамалар болғандықтан оны ойын-сауық үстінде өлең айтуға икемі бар жігіт пен қыздың қайсысы болсада орындай береді. Бұл айтыстың мысалы төмендегідей болып келеді.

Жігіт :

Көгілдірік, ендеше, көгілдірік,



Көк дөненге өмілдірік.

Осындай бірме-дірге кез келгенде,

Айта гөр өлеңіңді төгілдіріп.

Қыз:


Асыл қайрақ, замандас, асыл қайрақ,

Бау ағашта тұрады бұл-бұл сайрап.

Құдай айдап осындай кез келгенде,

Өлеңіңді айта гөр, тәуір сайлап,-

деп айтысқа түскен қыз бен жігіт бір-бірін өлеңге шақырады. Бұлардың айтысы осылай басталып үдей береді, жұртты күлдіру үшін әр нәрсені әдемі әзіл, қалжзыңға айналдырады. Бұл ретте айтысушылар бір-бірінің бойындағы мінез кемшіліктерді де өлеңмен күлкі ететін болды. Мәселен:

Қыз:


Қызға барған ел білсін атағыңды,

Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды.

Қыздан көңілің қалмаған қу көкірек,

Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды...

Сақалыңды айнаға көрші қарап,

Ту құйрықтан маңызды төрт-бес қадақ.

Ауылыңдағы бақалыға күзеп сатсаң,

Алты сабын береді, жеті тарақ,-

деп, жігіттің қаужиған сақалын күлкіге айналдырады. Бірақ жігіт оған дау айтып- “сөздің көркі – мақал, адамның көркі – сақал”,- дегенді дәл етеді. Және өз таптарынан қыздыңда мінезін айтыа- әзіл етеді.

Айтысқа түскен қыз бен жігіт көңіл сырын, бір-бірін ұнатқандығында білдіріп отырады. “Бұдан былай таныс болып, көрісіп жүрерлік”- дегендерді де өлеңге қосады. Айтысып отырған бір қыз жігітке: “кешке таман қызы қараған кісі болып келіп-кетіп жүр”,- деді оған жігіт:

... Қозы қарап, мезгілсіз бара берсем,

итін қосар қу әкең сорым қайнап,-

дейді. Жігіттің бұл сөзіне қыз:

... Ит түгілі қасқырдан қорықпас ем,

Дәл өзіңдей, дариға, болсам жігіт,-

деп жауап қайтарды да жігіттің намысына тие сөйлейді.

Қорыта келгенде, халықтың әдет-ғұрып ойын-сауық салтына байланысты туған “қыз бен жігіт айтысы” қазақ ауыз әдебиетінде “айтыс” жанрының алғашқы үлгілерінің бірі болып табылады. Ол кейінен үлкен “айтыстың” шығуына негіз салған жанрдың бірінен саналады.

Дін айтысы. Тарихшылардың айтуына қарағанда, XVI-XVII ғасырға дейін қазақ халқы тұтасынан бір дінде болмаған, тек XVII ғасырдан бері қарай ислам дінін қабылдап алған. Осы кезден бастап ислам- қазақтардың да негізгі дініне айналған.

Дін иелері, қожа-молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеа жаю үшін поэзияны, соның ішінде айтыс өлеңдерін пайдаланған. Олар халыққа түсініксіз дін сөздерін, діни шарттарды кейбір жалдамалы ақындар арқылы ұғындырмақ болған, көпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни әңгіме-үгіттерді таратқан.



Жұмбақ айтысы. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-салтына байланысты туған айтыс өлеңінің тағы бір түрі- жұмбақ айтыс. Бұл айтыста ойын-сауық үстінде, көпшіліктің жиналған жерңнде айтылатын болған.

“Жұмбақ айтысы” бұкіл айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең қиыны секілді. өйткені ол тапқырлық пен білгірлікке құрылады. Сондықтан мұндай айтысқа түсу үшін ақынның өліңді суырып салып айтуы жеткіліксіз. Бұған қоса ақын тапқыр, білгір жіне тез ойлап, шапшаң жауап беретін болуға тиіс. Сонда ғана ол өзімен айтысқа түсіп отырған ақанның сынау мақсатымен оқыстан берген жұмбағын дұрыс шеше алатын болады. Бұл үшін жұмбақты берушініңде, оны шешушінің әр нәрседен хабары, көп мәліметі болуы шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет