Г. Г. Жанахметова Топ: бх-21-115-12 Мазмұны Кіріспе



бет3/9
Дата18.05.2022
өлшемі96 Kb.
#456966
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
реферат №1

Күн радиациясы дегеніміз — күн сәулесінің жер бетіне түсіретін жарығы мен жылуы. Күн радиациясының жер бетіне таралуы географиялық ендікке байланысты. Олай болса, Қазақстан жеріндегі күн радиациясының мөлшері негізінен ендік аймақтық бойынша
таралады. Республика жерінің ұлан байтақтығына байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай жылдық радиацияның мөлшері 100-ден 160 ккал/см2-ге дейін артады. Республикамыздың таулы аудандарының беткейлеріндегі жиынтық радиацияның мөлшері бұлттылыққа байланысты өзгеріп отырады. Күн жарығы мен жылу жердің атмосфера қабатында шағылып тұтылады. Атмосферадағы су буы, шаң және бұлт күн радиациясын шашыратып таратады да, шашыранды радиация түзіледі. Шашыранды радиацияның жылдық және айлық мөлшері жергілікті жер ендіктеріне байланыссыз таралады. Шашыранды радиацияның жарық мөлшері Казақстанның оңтүстігінде 45,5 ккал/см2-ден солтүстік бөлігінде 48,8 ккал/см2 шамасына дейін өзгеріп отырады. Атмосферада бұлттылық артқан сайын күн көзінен таралатын радиацияның мөлшері азайып, шашыранды радиация көбейеді. Күннің жерге тура түсетін сәулесін тура радиация деп атайды. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның екеуінің қосындысын жиынтық радиация деп атайды: РЖ = РТ + РШ, мұндағы Рж жиынтық радиация; Рт — тура радиация; Рш — шашыранды радиация. Жиынтық радиацияның жер бетінен шағылғанын шағылған радиация, ал жер бетіне сіңіп кеткенін жұтылған радиация деп атайды. Жұтылған радиация топырақты, жердің өсімдік жамылғысы мен судың үстіңгі қабаттарын қоздырады.
Қар мен мұздықтар өсімдік пен құм, шөл жерлерге қарағанда күн радиациясын өзінен едәуір шағылыстырады.
Атмосфера циркуляциясы. Атмосфера циркуляциясы — жер бетіндегі климатты қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі.
Жылдың суық кезінде Қазақстан климатына Азия антициклонының батыс тармағы күшті ықпал етеді. Қазақстан климатының
қалыптасуына негізінен арктикалық, қоңыржай, тропиктік ауа массалары әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет