Глоссарий (анықтама, сөздік)


Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді



бет9/48
Дата26.02.2023
өлшемі440.5 Kb.
#470073
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
lekc (3)

Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді:

-физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру;

-тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру;

-мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру;

-аса тиімді әдістер мен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне енгізу.

Сонымен физиканы оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты физиканы оқыту жолындағы теорияны жетілдіру, оқыту үрдісі баарысында негізгі заңдылықтарды ашып беру, оқушылардың физиканы қаншалықты меңгергенін зерттеу, физиканы оқыту негізінде оқушыларды тәрбиелеу, ой-өрісінің өсіп жетілуін өзектеу, жалпы дамуын жандандыру.

Жалпы алғанда мынадай қорытындыға келеміз:

Физиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.

Физиканы оқытудың негізгі міндеттері

Физиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады:

-ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызы және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық тәрбие беру;

-ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастыру;

-материаның құрылымдық сарқылмасиығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңынының жан-жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің ақарар маңызын ашу;

-ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда, кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, роботты техниканың, аомдық энергетиканың дамуымен, жаңа материалдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясында қолданылуымен таныстыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет