Хасанова и. У. Рахметова а. Ж


Ұ....................................................................................................................  І



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата01.11.2023
өлшемі1.71 Mb.
#482146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
xasanova

Ұ.................................................................................................................... 
І...................................................................................................................... 
Ө.................................................................................................................... 
 
21-тапсырма. Төмендегі сөздердің дауысты дыбыстарын 
өзгертіп, тобын көбейтіңіз. Сөз мағынасын өзгертіп тұрған 
дыбысты табыңыз. Үлгі: Ас – өс – іс – ыс – ес 
 
От, ер, ін, таң, бой, өз, сол, ел, қыс, ат. 
22-тапсырма. Төмендегі сөздердің дауыссыз дыбыстарын 
өзгертіп, тобын көбейтіңіз. Сөз мағынасын өзгертіп тұрған 
дыбысты табыңыз. Үлгі: Ас – ат – ақ – ар
От, ер, ін, өз, ұл, ат, үн. 
23-тапсырма. Жұмбақ әріпті табыңыз. 
Әнде бар, 
Ырғақта жоқ. 
Сәнде бар, 
Сымбатта жоқ. (Ә) 
Сабада бар, 
Месте жоқ. 
Табада бар, 
Пеште жоқ. (Б) 



Қоғада бар, 
Қоқымда жоқ. 
Тағада бар, 
Тоқымда жоқ. (Ғ) 
Пернеде бар, 
Термеде жоқ. 
Пердеде бар, 
Кермеде жоқ. (П) 
Гауһарда бар, 
Гүлнәрда жоқ. 
Жауһарда бар, 
Сәуледе жоқ. 
Дыбысы жоқ болса да,
Алфавитте орны бар.
Оқылмайтын жазса да,
Қай белгі ол табыңдар? 
 
24-тапсырма. Қандай сөз? 
Егер «Б»-дан бастасаң, 
Мүшесімін адамның. 
«Б»-ны алып тастасаң, 
Неше түрлі тағаммын. (Бас – ас) 
Егер «Б»-дан бастасаң, 
Мен басыңда тұрамын. 
«Б»-ны алып тастасаң,
Жеміс болып шығамын. (Бөрік – өрік ) 
 
25-тапсырма. Сөз ішіндегі сөз.
«С»-дан бастап оқысаң,
Сәтті күнмін сәрсенбі. 
«Ә»-ден бастап оқысаң, 
Демалыспын – әр сенбі. 
Тілек тілеп сәрсенбі, 
Демал, ойна әр сенбі. (Сәрсенбі) 


10 
«Д» әрпінен бастасаң
Заңғар ойлы данамын. 
«А» әрпінен бастасаң, 
Ұрпақ сыйлар анамын. 
Ақылын тыңдап дананың, 
Даңқын асыр ананың! (Дана) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет