I бөлім. 2011 жылы республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары


жылы бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру және оларды өңірлер бойынша игеру



бет13/13
Дата12.06.2016
өлшемі3.66 Mb.
#129818
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2011 жылы бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру және оларды өңірлер бойынша игеру

млрд .теңге

Облыстардың атауы

Бөлінгені

Игерілгені

% орынд.

Алматы қаласы

46,3

45,9

99

Ақтөбе облысы

20,2

20,1

100

Астана қаласы

18,7

18,2

97

Қарағанды облысы

17,6

16,1

91

Шығыс Қазақстан облысы

15,4

14,9

97

Оңтүстік Қазақстан облысы

13,2

13,2

100

Маңғыстау облысы

13,1

12,2

93

Қызылорда облысы

11,2

10,1

90

Қостанай облысы

10,3

10,2

99

Батыс Қазақстан облысы

10,2

9,5

93

Жамбыл облысы

7,7

7,5

97

Солтүстік Қазақстан облысы

7,5

6,8

91

Ақмола

7,2

6,7

92

Павлодар облысы

5,7

5,6

98

Атырау облысы

4,4

4,4

100

Алматы облысы

3,9

3,9

100

Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдар 167 инвестициялық жобаны іске асырмаған, бұл ретте 4,8 млрд.теңге игерілмеген. Қаражаттың басым бөлігінің, 1,4 млрд.теңгесінің (67%) – Қарағанды, 722,3 млн.теңгесінің (62%) – Солтүстік Қазақстан, 547,3 млн.теңгесінің (88%) – Ақмола облыстарында игерілмеуіне жол берілген.

Бұл ретте 167 жоба уақтылы іске асырылмағандықтан, 2011 жылы өңірлерде білім беру саласында – 21, денсаулық сақтауда – 8, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта – 82, сумен жабдықтауда – 16, отын-энергетикалық кешенде – 3, көлік және коммуникацияда – 8, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында – 25 және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының аясында 4 объекті пайдалануға берілмеген.

Қарағанды облысында есепті кезеңде аяқталуы жоспарланған, құны 18,6 млрд.теңге тұратын 179 инвестициялық жобаның құны 4,4 млрд.теңге немесе 17,3% болатын 31 жобасы іске асырылмаған.

Бірқатар елді мекендерде тұрғын үй жағдайларын жақсарту проблемасы шешілмеген. Құны 2,7 млрд.теңге тұратын «Қарағанды қаласының Шахтерлер даңғылындағы 36 шы кредиттік тұрғын үй салу» инвестициялық жобасы іске асырылмаған. Сонымен бірге Сәтпаев, Қарқаралы ауданының Қарқаралы қалаларында және Нұра ауданында 281,0 млн.теңгенің жалға берілетін үйлерін салу бойынша 3 инвестициялық жоба аяқталмай қалған.

Жергілікті атқарушы органдардың уақтылы мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізбеуінен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында индустриялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, құны 0,8 млрд.теңге тұратын 13 жоба іске асырылмай қалған.

Солтүстік Қазақстан облысында құны 14,8 млрд.теңге тұратын 59 бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның құны 10,6 млрд.теңге болатын 36 жобасы немесе 61%-ы аяқталған.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жеткілікті дәрежеде бақылау жүргізілмегендіктен, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында 20 жоба іске асырылмаған. Сөйтіп тұрғын үй құрылысын салу объектілеріне инженерлік-коммуникациялық жүйелер құру (1,4 млрд.теңге, 12 жоба) және құрылыс пен тұрғын үй сатып алуды кредиттеу (1,5 млрд.теңге, 8 жоба) мәселелері шешілмеген.

Облыста мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз ету проблемасы өткір қойылып, балабақшадан орын алуға 9 615 бала кезекте тұрғанына қарамастан, Петропавл қаласында 320 орынға арналған, құны 567,4 млн.теңге тұратын балабақшаның құрылысы уақтылы аяқталмаған.

Петропавл қаласында сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау бойынша құны 297,2 млн.теңгенің жобасы іске асырылмаған.



Алматы қаласы бойынша есепті кезеңде 319,7 млрд.теңгенің 28 бюджеттік инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып, оның құны 92,9 млрд.теңге (57,1%) болатын 16 жобасы аяқталмаған.

Білім беру саласында жалпы құны 4,8 млрд.теңге тұратын 10 инвестициялық жоба, соның ішінде 2,0 млрд.теңгенің 7 балабақшасы іске асырылмаған. Ал Алматы қаласы бойынша балабақшадан орын алуға 41 064 бала кезекте тұр. Сонымен бірге «Көкжиек» ықшамауданында 1200 орынға арнап салынған, құны 1,8 млрд.теңге болатын орта мектеп пайдалануға уақтылы берілмеген.

Объектіні пайдалануға мемлекеттік қабылдау рәсімдерінің ұзарып кетуіне байланысты, жалпы құны 11,2 млрд.теңге болатын, 300 төсектік, қалалық көп бейінді аурухана пайдалануға берілмеген.

Ақбұлақ ықшамауданында 1200 орынға арналған орта мектеп салудың құны 1,1 млрд.теңге тұрса, ал Шаңырақ-5 ықшамауданында сыйымдылығы осындай мектепті салудың құны 1,6 млрд.теңге, немесе 508,1 млн.теңгеге жоғары болып шыққан.



Маңғыстау облысында 2011 жылы іске асырылып жатқан, құны 20,4 млрд.теңге тұратын 57 инвестициялық жобаның құны 2,6 млрд.теңге болатын 5 жобасы немесе 8,7%-ы іске асырылмай қалған.

Жаңаөзен қаласында жалпы құны 2,6 млрд.теңге болатын, 100 төсектік перзентхананың құрылысы аяқталмаған.

Құрылысқа өтінім болмағандықтан, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 4 жобаны іске асыруға бөлінген микрокредиттер берілмеген, 4,8 млн.теңге толығымен игерілмеген.

624 орынға арналған 2 мектептің құрылысы құнындағы 157,7 млн.теңгеден 1,1 млрд.теңгеге дейінгі айтарлықтай айырмашылықпен жүзеге асырылуда.



Павлодар облысында есепті кезеңде аяқталуы жоспарланған, құны 10,1 млрд.теңге тұратын 31 инвестициялық жобаның құны 1,1 млрд.теңге болатын 7 жобасы немесе 22,5%-ы жүзеге аспаған.

Жергілікті атқарушы органдар мердігерлерге қатысты шарттық міндеттемелерін орындамағаны үшін заңнамада белгіленген шараларды қабылдамағандықтан, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың құны 460,8 млн.теңге тұратын 6 жобасы орындалмаған.

Павлодар қаласында жалпы құны 689,0 млн.теңге тұратын 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы да осындай себеппен аяқталмаған.

Астана қаласында жалпы құны 69,2 млрд.теңге тұратын 22 инвестициялық жобаның құны 20,5 млрд.теңге болатын 10 жобасы немесе 45%-ы іске асырылған.

Жобалық шешімдердің ескерілмеуіне және ЖСҚ-ға түзетулер енгізілуіне байланысты, құны 2,4 млрд.теңге тұратын, «Оңтүстік-Шығыс ықшамауданындағы (ауысымында 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, ауысымында 150 адам қабылдайтын балалар емханасы) амбулаториялық-емханалық кешен» жобасы іске асырылмаған.

Құны 1,6 млрд.теңге тұратын 3 балабақша пайдалануға берілмеген, бұл ретте Астана қаласы бойынша балабақшаға кезекте 49 000 бала тұр.

Жергілікті атқарушы органдар 240 орынға арналған балабақша салу кезінде жобалар құнының 377,4 млн.теңгеден 590,6 млн.теңгеге дейінгі бағалық диапазонға жол берген.

Қала көшелерінің жол жабынын жайластыру, сондай-ақ жалпы құны 18,9 млрд.теңге тұратын «Астана-Теміртау» автомобиль жолын (9 км учаскесінде) реконструкциялау бойынша 6 жоба аяқталмаған.

Шығыс Қазақстан облысында құны 20,3 млрд.теңге тұратын 76 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, оның құны 4,5 млрд.теңге тұратын 26 жобасы немесе 34,2%-ы іске асырылмаған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тиісті бақылаудың болмауына байланысты, тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуникациялық желі салу және жалпы құны 1,3 млрд.теңге тұратын тұрғын үй сатып алу бойынша 20 инвестициялық жобаның мақсатына қол жеткізілмеген. Сонымен бірге құны 1,3млрд.теңге тұратын үш жоба бойынша сумен жабдықтау желісі реконструкцияланбаған.

Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, Шығыс Қазақстан облысында 390 мектепте сабақтар екі ауысымда оқытылады. Сонымен бірге Үржар ауданының Науалы ауылында құны 727,5 млн.теңге тұратын, 320 орынға арналған орта мектеп пайдалануға берілмеген.

Жергілікті атқарушы органдар Семей полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдамауда. Сөйтіп облыстық онкологиялық диспансердің құны 1,1 млрд.теңге тұратын, 85 орынға арналған радиологиялық орталығын құру инвестициялық жобасы іске асырылмаған.



Батыс Қазақстан облысы бойынша құны 13,8 млрд.теңге тұратын 131 инвестициялық жобаның құны 1,5 млрд.теңге болатын 16 жобасы немесе 12,2%-ы іске асырылмаған.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбегендіктен, индустриялық инфрақұрылымды дамыту бойынша құны 208,6 млн.теңге тұратын 8 жоба және сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялауға қатысты құны 509,7 млн.теңге болатын 6 жоба аяқталмаған.

Батыс Қазақстан облысы бойынша балабақшаға кезекте 14,5 мың бала тұрғанына қарамастан, құны 794,2 млн.теңге болатын, 290 орынға арналған 2 балабақша пайдалануға берілмеген.

V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

Республикалық бюджеттің атқарылуын бағалау бюджетті атқаруға қатысты бюджет және өзге де заңнамаларды жетілдіру бойынша жекелеген жүйелі шаралардың қабылданғанын көрсетіп отыр.

Атап айтқанда, өткен жылы жергілікті жерлердегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды нығайту жолымен мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру бөлігінде Бюджет кодексіне өзгерістер енгізілді. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінетін бюджет қаражатын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің арнайы шотынан кезең-кезеңімен бөлу тетігін құру арқылы оның уақтылы және тиімді пайдаланылуына бақылау күшейтілді.

Есеп комитеті мемлекеттік органдардың жауапкершіліктерін күшейтудің, соның ішінде бюджеттің тиімсіз жоспарлануына жауапкершіліктерін күшейтудің заңнамалық актілерде көрініс табуына тұрақты негізде ұсыныстар енгізіп отырады.

Бұрынғы кезеңдердегі бұзушылықтардың негізгі түріне бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципін бұзушылық және бюджет қаражатын негізсіз пайдалану жатқызылды. Алайда соңғы үш жылда жағдайдың жақсарғаны байқалады, бақылау объектілері бюджет және өзге де заңнама нормаларының ережелерін сақтауда айтарлықтай дәрежеде түзеле бастаған.

Сонымен бірге бақылау іс-шараларының қорытындысы қаржылық бұзушылықтар деңгейінің төмендемегенін, сондай­-ақ бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың өсе түскенін көрсетуде.

Оның басты себептері:

1) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражатына деген қажеттілікті жоспарлау сапасына тиісті жауапкершіліктерінің болмауы;

2) бюджетаралық қатынастар тетігінің жетілдірілмеуі орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру мәселелерінде жүйеліліктің болмауына әкелуде;

3) өңірлердегі бағдарламалық құжаттарды іске асыруға республикалық бюджет қаражатының (70%-ға жуығының) барынша тартылуы мемлекет-жеке әріптестік тетігін дамытуға әкімдіктердің жұмыс сапасының төмен екендігін көрсетеді.

2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын бағалаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті республикалық бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалануға кедергі келтіретін негізгі проблемалар көрсетілген тұжырымдар ұсынды, сондай-ақ оларды жою және бүкіл бюджет процесін жетілдіру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсынымдар әзірледі.

5.1. ТҰЖЫРЫМДАР

1. 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет түсімдердің әлеуеті жеткілікті дәрежеде зерделенбей, төмендетілген болжамды макроэкономикалық көрсеткіштердің негізінде бекітілген. Нәтижесінде бюджет екі мәрте нақтыланып, Үкімет оған 25 мәрте түзету енгізген. Үкіметтің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына енгізілген өзгерістердің Заңда көрсетілген бюджеттің негізгі параметрлеріне сәйкес келмеу фактісі анықталды. Бұл ретте бюджеттің параметрлері нақты міндеттер ретінде емес, болжам ретінде қаралып, Үкіметке бюджет параметрлерін жиі-жиі қайта қарауға мүмкіндік берген.

2. ЖІӨ-ні шикізат секторының есебінен қалыптастыру үрдісі сақталып отыр, бұл бәсекеге қабілеттілікке теріс әсер ету қатерін сақтай отырып, ел экономикасын шикізатқа деген әлемдік бағаның ауытқуына тікелей тәуелді етеді. Шикізаттық емес экспорттың үлесін ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан саясатқа қарамастан, 2011 жылы экспорттың өсуі шикізаттық мақсаттағы тауарлық позицияның есебінен (75,5%) қамтамасыз етілген.

3. Өнеркәсіпте, соның ішінде тамақ өнімдері өндірісінде, қара металлургияда және басқаларында өңдеуші сектордың үлесінің төмендеу серпіні сақталуда, бұл ҮИИДМБ-ны жеделдете іске асыру мақсаттарына сай келмейді.

4. Ауыл шаруашылығына елеулі бюджет қаражатының салынғанына және ел халқының экономикалық белсенді бөлігінің төрттен бірі осы салаға жұмысқа тартылғанына қарамастан, ол ЖІӨ-нің тек 5%-ын ғана қамтамасыз етеді, бұл еңбек өнімділігінің төмендігімен, ғылыми базаның және саланы техникалық жарақтандырудың нашарлығымен, еңбек ресурстарының ұтымды пайдаланылмауымен түсіндіріледі.

5. Елімізде жалпы сыртқы борыш, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш өсіп келеді. Жалпы ішкі өнімге қарағанда, жалпы сыртқы борыштың үлесі қысқарғанына қарамастан, ЖІӨ-ні қалыптастыруда шикізаттың елеулі болуына байланысты, оның ұлғаю қатері бар.

6. Үкімет бюджетті түзету кезінде өз өкілеттігін асыра пайдаланып, бюджеттің негізгі параметрлерінің бірі – тапшылықтың мөлшерін 10,4 млрд.теңгеге, тиісінше, ЖІӨ-ге салыстырмалы үлесін ұлғайтып өзгерістер енгізген. Енгізілген өзгерістер «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағында белгіленген нормативтік құқықтық актінің тікелей әсерінің негізгі принциптеріне қайшы келеді. Аталмыш тармақтың нормасында төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс екендігі көзделген.

7. Бюджетке түсетін салықтық және басқа да түсімдердің төмендетіліп жоспарлануы, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың негізсіз ұлғайтылуы республикалық бюджет тапшылығының көтеріңкі жоспарлануына алып келеді.

Тапшылық көлемінің ұлғаюы мемлекеттік қарыз алудың өсуіне алып келіп, мемлекеттің қаржы институттарын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерді өздерінің активтерін басқару үшін мемлекеттің қаржы құралдарын пайдалануға бағыттайды. Оларға шаруашылық субъектілеріне қысқа мерзімді және орта мерзімді кредиттер беруге қарағанда, қаржы рыногының аталған сегменті тартымдырақ болып табылады. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы қор және кредит рыноктарының дамуына ықпал етеді.

8. Есепті жылдың қорытындысы бойынша бюджеттен өтелуге жататын ҚҚС (543,3 млрд.теңге) 2010 жылдың осындай мөлшерінен 2,3 есеге асып кетті, бұл 2012 жылдың бюджетіне теріс «қысым» көрсетуі мүмкін.

9. 2010 жылдың соңындағы аванс төлемдерінің елеулі мөлшерінің нәтижесінде кейінгі жылға декларациялар толтырудың қорытындысы бойынша салықтар азайып, корпоративтік табыс салығының жоспарланған көлемінің түсуіне теріс әсер еткен.

10. Заңнаманың кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын қолма-қол ақша айналымын реттеу және шектеу бөлігінде қолданыстағы нормалары тиімсіз болып отыр. Соңғы үш жылда заңды тұлғалардың арасындағы айналымда жыл сайын орташа есеппен 1,4 трлн.теңгеге жуық қолма-қол ақша пайдаланылған, бұл түрлі «қолма-қол ақшаға айналдыру» фирмаларының жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

11. Функционалдық топтар бөлінісінде бюджеттің шығын бөлігінің жалпы ұлғаюымен қатар, нақтылау кезінде жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бастапқыда көзделген қаржыны елеулі түрде төмендету немесе алып тастау фактілері орын алған. Бұл бюджеттік бағдарлама әкімшілері шығындарды негізсіз жоспарлағанын және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бюджет жүйесінің негізділігі мен реалистігі принциптерін сақтамастан келіскенін көрсетеді.

12. Республикалық бюджет жобасын жоспарлау кезеңінде мұнайға қатысты емес кірістердің ұлғаюы үшін ішкі резервтердің қолдан шығарылған пайдалары республикалық бюджеттің шикізатқа тәуелділігін күшейте отырып, тапшылықты жабуда мемлекеттің тәуелділігі көлемінің артуына алып келеді.

13. Елімізде жекелеген бюджеттік бағдарламаларды есепті жылдың соңында қаржыландыру жалғасуда. Бұл республикалық бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келеді және экономикалық өсуге тиісінше мультипликативті әсер етпейді.

14. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспар жасауда қалыптасқан тәжірибесі формалды сипатқа ие. Оларда бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің стратегиялық бағыттардың көрсеткіштерімен, жұмсалған бюджет қаражатының көлемімен өзара байланысы көрсетілмегендіктен, стратегиялық жоспарлардың да, бюджеттік бағдарламалардың да іске асырылуына бағалау жүргізу қиындық келтіреді. Сөйтіп, нәтижеге бағдарланған бюджеттеу бастапқыда қойған мақсаттарына қол жеткізе алмайды және мемлекеттік басқару буындарының жауапкершілігі мен бастамашылығы, бюджет қаражатын үнемдеуге деген мүдделілігі деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерін шешпейді. Бұған қоса, стратегиялық жоспарлардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізбегені үшін орындаушылардың барабар жауапкершіліктері көзделмеген.

15. Үкіметтің трансферттерді, субсидиялар мен субвенцияларды, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді пайдалана отырып, бюджетаралық қатынастарды реттеуге қатысты қабылдап жатқан шаралары өңірлердің әлеуметтік экономикалық дамуын теңдестіруді қамтамасыз етпейді.

16. Бюджет және өзге де заңнаманың жетілдірілмеуі Нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерді іске асыру кезінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз етпейді. Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері стратегиялық жоспарларындағы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша әлі күнге дейін мониторинг жүргізуді және пәрменді шаралар қабылдауды жүзеге асырмай отыр, бұл жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен берілген трансферттерді заңнама нормаларын және тиімділік принципін бұза отырып пайдалануына мүмкіндік береді. Бюджеттік тәртіпті сақтауда тараптардың жауапкершіліктерін қатайту бойынша жүйелі шаралардың болмауы тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуде қабылданған міндеттемелердің орындалмауына алып келеді.

17. Жергілікті атқарушы органдар трансферттерді есептеудің жаңа әдістемесі енгізілгеннен кейін бұрын нысаналы сипаты бар республикалық бюджет қаражатының бір бөлігін басқа мақсаттарға пайдалана отырып, бақылау аясынан шығаруға мүмкіндік алды. Жаңа әдістемені қолдану оның алдына қойған мақсаттардың орындалуына күмән келтіреді, сонымен бірге өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі проблемасы сақталады. Бұл ретте мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі үшін ерекше маңызды мәселелерді шешу жергілікті атқарушы органдардың иелігіне берілді.

18. Үкімет индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген қаражаттың атаулылығы мен нысаналы сипатының қамтамасыз етілуін бақылауды тиімсіз жүзеге асырды. Жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімдерде орындалмады, ҮИИДМБ-ның бірқатар бағытының мақсаттары мен міндеттеріне әрдайым қол жеткізілмеді. Индустрияландыру картасына инвестициялық жобаларды, соның ішінде аяқталмағандарын іске асыру мерзімдерін ұзарту жөнінде үш мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

19. Үкімет жаңа акционерлік қоғамдар құрған кезде квазимемлекеттік сектордың қазіргі субъектілерінің әлеуетін жеткілікті дәрежеде зерделемеуде, толыққанды тәуекелділік талдауы жүргізілмеуде, сөйтіп олардың қызметтері қайталануда.

20. Ұлттық компаниялар мен басқарушы холдингтердің ұйымдық құрылымдарында көп сатылық және көп буындық басым болуда. Еншілес ұйымдары бейінді емес қызметпен айналысқандықтан, олардың тікелей функциялары орындалмауда. Бұл олардың жұмыстарының тиімділігіне теріс әсерін тигізеді және кейіннен таратылу қаупімен банкроттық тәуекелін ұлғайтады.

21. Мемлекеттің қатысуымен құрылған жекелеген акционерлік қоғамдардың қаржылық есептілігін іріктеп талдау көрсеткендей, оларда жинақталған шығындар көбінесе өткен жылдардың шығындарын жабуға таза табыстың белгілі бір бөлігін бағыттауды регламенттеудің болмауынан туындап отыр.

22. Өңірлердің арасындағы және өңірлердің ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан айырмашылықтар шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейінің жеткіліксіздігін, жергілікті атқарушы органдар өңірлердің ішкі әлеуетін нашар пайдаланып отырғанын көрсетеді. Үкімет жүргізіп отырған өңірлік саясаттың шығындары жергілікті жерлердегі істің жағдайын алдын ала факторлық зерделемей, олардың пайдаланылуын бақылаудың әзірленген тетігін жасамай, өңірлерге республикалық бюджет қаражатын бөлуден туындап отыр.



5.2. ҰСЫНЫМДАР

1. Бюджет процесін жетілдіру және оның сапасын арттыру мақсатында Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдамаға бұрын енгізілген қағидаларды ескере отырып, бюджетті жоспарлау процесін қайта қарау; бұл үшін бюджетке түсетін түсімдердің әлеуетін зерделеп, бюджет жүйесі принциптерінің сақталуы негізінде талдау және тәуекелдерге бағалау жүргізу; осы ретте бюджетті қалыптастыру кезінде есептерді және басқа да ақпаратты негізсіз бергені немесе дұрыс бермегені үшін бюджет процесіне қатысушылардың заңды жауапкершіліктерін қарастыратын және қатайтатын норманы заңнамалық тұрғыдан бекіту;

2. Бюджетті түзету процесін заңнамаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырып, енгізілген өзгерістерді негіздей отырып, бюджеттің негізгі бекітілген параметрлеріне әсерін тигізбей оңтайландыру;

3. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін мемлекеттің әртүрлі бағалы қағаздарын пайдалана отырып, республикада ішкі қарыз алудың шегін белгілеу арқылы ішкі қарыздарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, білім және ғылым министрліктері бірқатар жобаларды іске асыру үшін пайдаланатын сыртқы қарыздарды тарту тетігінің тиімділігіне бағалау жүргізу және оларды уақтылы игеру жөнінде жүйелі шаралар әзірлеу;

4. Республикалық бюджеттің экономиканың негізгі макроэкономикалық параметрлеріне (жалпы ішкі өнім, сыртқы жалпы борыш және б.) әсерін тигізетін шикізатқа тәуелділігінің күшейіп келе жатқанына назар аудару; жоғары қосылған құны бар өңдеуші салалардың тауарлары мен өнімдеріне мультипликативті әсерді қамтамасыз ететін шағын және орта кәсіпкерлікке сүйене отырып, экономиканың барлық салаларында шикізаттық емес секторды үдету саясатын дәйектілікпен жүргізу;

5. Инвестициялық жобаларды іске асыруды ҮИИДМБ-да көзделген индикаторлармен бірге қамтамасыз ету, сондай-ақ, қажетіне қарай, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бөлігінде Индустрияландыру картасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына көлеңкелі экономикамен күресті күшейту тетіктерінің бірі ретінде жазбаша түрде жасалатын мәмілелер бойынша заңды тұлғалардың арасында қолма-қол нысандағы есеп айырысуды жүзеге асыруға тыйым салуға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау; заңды тұлғалардың өз араларында қолма-қол нысанда жүргізетін операциялар бойынша ақпарат ұсынуда Қаржы министрлігінің Есеп комитетімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

7. «Мемлекет пайдасына бас тарту» кедендік рәсіміне жатқызылған тауарларды декларанттардың беру мерзімдерін регламенттеу бөлігінде «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

8. Салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтардың тиімділігіне түгендеу және бағалау жүргізу, соның нәтижесі бойынша оларды қолданудың орындылығы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

9. Стратегиялық жоспарларды әзірлеудің қолданыстағы тетігін бюджеттік бағдарламалар паспорттарын жасаудың бұрынғы оң тәжірибесін ескеріп, олардың рәсімдерімен байланыстыра отырып жетілдіру, аталмыш тетікте бөлінетін бюджет қаражатының көлемін жоспарланған көрсеткіштерімен, өлшемдерімен және күтілген нәтижелерімен негіздеп көрсету;

10. Түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеуіне жауапкершілікті қатайтуды қарастырып, трансферттер жөніндегі келісімдерді іске асыру кезінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара тығыз іс-қимылын қамтамасыз ететін тетік әзірлеу; республикалық бюджет қаражатының нысаналы бағытын айқындайтын және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағытты сақтай отырып, трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесін қайта қарау;

11. Өңірлерді дамытуға арналған республикалық бюджет қаражатын олардың әлеуметтік-экономикалық саладағы салыстырмалы түрдегі артықшылықтары мен кемшіліктерін, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жағдайын, сауда-коммерциялық әлеуетін, ұдайы өндірістік базасын, аумақтық-салалық ұйымдастыруды дамыту және өндірістік күштерді орналастыру деңгейін, шаруашылықтың инновациялық нысандарының дамушылығын ескере отырып, сараланған негізде бөлу;

12. Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасыз, оған мемлекеттік сараптаманың қорытындысынсыз, құрылыстың нормативтік мерзімдерін асырып объектілер салу тәжірибесін жою; бұл ретте тиісті деңгейде жүзеге асырылмаған авторлық және техникалық қадағалауға жауапкершілікті арттыру; жобалардың белгіленген құнының қымбаттауына жол бермеу;

13. Бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығындылығын болдырмау үшін олардың ұйымдық құрылымынан бейінді қызметпен айналыспайтын бөлімшелерді алып тастау бойынша шаралар қабылдау; ұлттық компанияларда және басқарушы холдингтерде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шараларын күшейту;

14. Акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің активтерінің өзгеруіне жыл сайынғы бағалау жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттің қатысуымен жаңа заңды тұлғалар құрудың орындылығын бағалауда жекешелендіру және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның қатысу рөлін күшейтуге қатысты заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысын мониторингілеу ережесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

15. Республикалық және коммуналдық меншіктегі мүлікке толық түгендеу, сондай-ақ оны пайдалану тиімділігіне бағалау жүргізу; квазимемлекеттік сектордың шығынды субъектілеріне түгендеу жүргізіп, оларды бәсекелес ортаға беруге тиісті шаралар қабылдау;

16. Таза табыстың бір бөлігін дивиденд төлеуге және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесіне қарай, сараланған көзқарас ұстана отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығындарын жабуға бағыттауды регламенттеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау ұсынылады.

________________________




1 Осы жерде және бұдан әрі квадрат жақшалардағы бірінші сан – Есепке қосымшаның нөмірін, екінші сан – Есепке қосымша материалдың реттік нөмірін білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет