Тәрбие жүйесінің педагогикалық белгілері:
мақсат-міндеттері
объектісі мен субъектілері
педагогикалық іс-әрекеттер
нәтижесі (жан-жақты даму барысында өмір сүретін жеке адам).
Тәрбие жүйесін жетілдіру мақсаттары мен міндеттері:
ҚР «Білім туралы» заңының талаптарына сай жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету, жас деткіншектерді қазақстандық отансүйгіштікке, азаматтыққа, адамгершілікке және жалпы азаматтық құндылықтарға тәрбиелеу;
өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, қоршаған ортаға деген адами ізгілікті көзөарасын қалыптастыру, табиғатпен үндестікте өмір сүру дағдысын меңгерту;
«Қазақстан-2030» статегиялық бағдарламасына сай дені сау, рухы биік жеке тұлғаны қалыптастыру;
Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет, ұлт тарихын оқып-үйренуді тереңдете отырып, оны жас ұрпақтың өз бойына саналы түрде сіңіруіне көмектесу;
Ата-ана, жұртшылық арасында педагогика, соның ішінде этнопедагогикалық мәселелерін уағыздау арқылы табиғи парызы мен құқықтық мемлекет заңдарын ұштастыра білуге бағыттау;
Оқушылардың өара қарым-қатынасында, отбасында, көпшілік ортада жоғары адамгершілік, сыйластық, қамқорлық, жанашырлық, имандылық, жалпы ізгілік қағидаларға сүйену дағдыларын қалыптастыру;
Балалардың өзін-өзі басқаруына қолдау көрсету;
Еңбекке баулу арқылы іскерлік пен құзырлығын тәрбиелеу.
Тәрбие жүйесіндегі басшылыққа алынатын басты идеялары:
Жеке тұлға тәрбиесіндегі мазмұнының құндылығы, дүниетанымның бағыты немесе өмірдің мәні;
Жалпыадамзаттық және халықтық мәдениетті игеруге көмектесу;
Тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін дамыту;
Тұлғаның денсаулығы мен психикалық дамуының табиғи бағдарын ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: |