І-тарау. Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау


Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының тарихы



бет3/8
Дата28.03.2024
өлшемі80.41 Kb.
#496746
1   2   3   4   5   6   7   8
Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау

1.2 .Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының тарихы

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасы өзінің пайда болуын 1939 жылдан бастап есептейді, бірақ басқарманың құрылуы туралы нақты дерек сақталмаған. Басқарма 1946 жылдың наурыз айына дейін Қазақ ССР Халық Комиссарлары Кеңесінің жанындағы жергілікті мақсаттағы Орман басқармасына бағынысты болды, алайда 1946 жылғы 28 наурыздағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қазақ ССР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ ССР Министрлер Кеңесі болып қайта құрылуына байланысты жергілікті мақсаттағы орман басқармасы базасындағы қор құрушыға бағынушының атауы өзгерді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 15 шілдедегі Жарлығымен Қазақ ССР Орман шаруашылығы министрлігі құрылды, осыған байланысты Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасының бағы-ныштылығы өзгерді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1953 жылғы 15 сәуірдегі Жарлығымен Қазақ ССР Ауыл шаруашылық министрлігі мен Орман шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылық министрлігі болып қосылды, осыған байланысты облыстық орман шаруашылығы басқармалары таратылып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының жанынан орман шаруашылығы басқармалары құрылды. Осылай Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасы пайда болды.


1956 жылы Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы басқармасы құрылған уақытта, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1956 жылғы 17 қыркүйектегі № 607 қаулысына сәйкес Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің жанынан Орман шаруашылығы Бас басқармасы құрылды.
1957 жылғы 4 маусымдағы Заңмен Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы Орман шаруашылығының Бас басқармасы Қазақ ССР ауыл шаруашылығы министрлігімен қосылды, нәтижесінде Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық басқармасы жанынан қайтадан орман шаруашылығы басқармасы құрылды.
1960 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 18 қарашадағы № 911 қаулысы негізінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанынан Орман шаруашылығы және орман қорғау Бас басқармасы, ал облыстарда Еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқару комитеттері жанынан орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасы құрылды.
Қазақ ССР Орман шаруашылығы министрлігінің 1987 жылғы 30 қарашадағы № 172 бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысы Еңбекшілер депутаттарының атқару комитетінің орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасы 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан орман шаруашылығы өндірістік бірлестігі болып аты өзгертілді.
Үкіметтің 1996 жылғы 26 сәуірдегі № 513 қаулысы негізінде Шығыс Қазақ-стан орман шаруашылығы өндірістік бірлестігі 1996 жылғы 14 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы бірлестігі болып аты өзгертілді.
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 1997 жылғы 1 тамыздағы № 60 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы бірлестігі 1997 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы бірлестігі болып аты өзгертілді.
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 1998 жылғы 4 сәуірдегі № 27 бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы бірлестігі 1998 жылғы 4 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман, балық және аңшылық шаруашылығы басқармасы болып аты өзгертілді.
Үкіметтің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 198 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық орман, балық және аңшылық шаруашылығы басқармасы 2000 жылғы 1 маусымнан бастап, Қазақстан Республикасының Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігі орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің Орман және биоресурс бойынша Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы болып аты өзгертілді.
Үкіметтің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысы негізінде Орман және биоресурс бойынша Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы 2002 жылғы 29 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы болып аты өзгертілді [15, б.181].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет