Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі



бет29/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
стандарт акуш гин

Ескерту. Туылғаннан кейін нәрестені шомылдыруға болмайды. Ал босану кезәнде мекониймен немесе қан, шырышпен ластануын стерильді мақталық тампондармен тазаланады.
3.1.51. Стандарт «Нәресте антропометриясы»


Мақсат: нәрестенің жетілгендігі туралы дәрежесін анықтау.
Ресурс: жаймалық үстелше; электрондық таразы; нәрестені екіншілік өңдеуге арнлаған заттары бар стерильді пакет, сантиметрлік лента, стерильді қолғаптар.
Іс-әрекет алгоритмі.
1.1-3 минут қолыңызды сабынмен жуыңыз, стерильді салфеткамен құрғатыңыз, антисептикпен 3-5 минут өңдеңіз.
2.Стерильді қолғаптар киіп, оның сыртын 70 % спиртпен өңдеңіз

  1. Алдын ала жылытылған жаймаларға оралған нәрестенің салмағын лшеңіз және жаймалардың салмағын алып тастаңыз.

  2. Стерильді сантиметрлік лентамен бас айналымын, кеуде айналымдарын өлшеңіз.

  3. Нәресте бойын шүйде төмпешігінен өкше сүйегіне дейін өлшеңіз.

  4. Алынған мәліметтерді нәретелердің ауру тарихына жазып қойыңыз.



3.1.52. Стандарт «Омыраумен емізу техникасы және сүт бездеріне күтім жасау»

Омыраумен емізуде бірқатар ережелерді ұстанған жөн:



  • Емізер алдында анасы қолын ешбір химиялық жуатын заттармен қолды жумау керек.

  • Егер айналасы шулы болса тыныш жерге баруы тиіс.

  • Сүт безі ұшынан бірнеше тамшы сүт шығару керек себебі патогендік микроорганизмдерді шығару керек.

  • Ыңғайлы қалыпта отыру керек.

  • Отыратын орындыққа арқасы жанасып ыңғайлы отыруы керек.

  • Орындыққа немесе жанына пышақ қоюы керек.

  • Баланы иықтарынан және арқасынан демеп ұстап отыру керек.

  • Сүт безін қолдың ортаңғы және сұқ саусақтары арасында ұстауы керек себебі баланың тыныс алуына ешнарес кедергі болмауы шарт.

  • Саусақтары ареолаға см жетпей орналасуы керек.

  • Баланың қалпы анасына ішпен іш жанасуы керек және басы омырау жаққа бұрылған болуы тиіс.

  • Омыраумен емізерден бұрын сүт безі ұшымен нәрестенің ерніне тигізіп алуға болады, сол кезде нәресте рефлексті түрде аузын ашады.

  • Нәресте емген кезде тек сүт езі ұшын ғана емес, сонымен қатар айналысындағы ареоланы да алуы керек.

  • Емізу ұзақтығы 30 мин-тан спау керек.

  • Емізіп болған соң баланы вертикальді қалыпта ұстап тұру керек, себебі емген кезде сүтпен бірге жұтқан ауа да шығуы керек.

  • Емізіп болған соң қалған сүтті сауып тастау керек.

  • Сүт безін ашып отыру керек себебі ылғал кебу керек.

Баланы омырауға салуына мән береңіз. Анасы алғаш босанушы болса оған дұрыс емізу техникасын үйретіп, көрсетіңіз.
Омырауға салудағы төрт негізгі жағдай:

  1. Нәресте басы және денесі бір деңгейде болуы керек.

  2. Нәресте беті анасының омырауына бұрылған болуы керек.

  3. Анасы нәресте денесін өзіне ішпе іш жанастыруы керек.

  4. Анасы баласын тек иығы мен басын ұстап қоймай сонымен қатар денесін де арқасын демеп ұстап тұруы керек.

Нәрестенің омырауға дұрыс емес салынғандығын келесілер көрсетеді:

  • Нәресте аузы ашық, астыңғы ерін жабылмаған;

  • Сүт безі ұшы айналасындағы ареола қатты көрініп, нәресте аузының ішіне енбей тұруы.

  • Нәресте сүтті ұзақ, баяу және арасында жиі пауза жасап емеді.

Егер сүт безі сүтке өте қатты толып тұрса насына біраз сүтін сауып тастау керектігін айтыңыз. Бұл баланың емуін жеңілдетеді.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет