Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар



бет3/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#171322
1   2   3   4

Бұлардан басқа объектіге сілтеме орнататын Оbjесt (Объект) атаулы тип те бар, т.с.с.

Жадта қажетті орындар бөлу үшін айнымалылар Dim не Static операторлары арқылы сипатталады (dimension - статикалық, static – статикалық, қозғалмайтын). Сипаттау үлгілері:



Dim х% ; Dіт х Аs Іпtеgеr

Dim у, z # ; Віт у Аs single,z Аs Double

Static а$ ; Static a As String, т.б.

Dіm, Static кілттік сөздерінің бірі бір процедура ішінде пайдаланылатын айнымалыларды сипаттау кезінде жазылады. Олардьң орнына Ргіvаtе кілттік сөзін жазу да мүмкін. Мысалы:


Dim x As Single,

Static x As Single,

Private x As Single

сипаттамалары бірдей. Static aрқылы сипатталған айнымалының ағымдық мәні процедура аяқталған кезде де сакталады; Dіm, Ргіvаtе айнымалыларының мәңдері жойылып кетеді.

Айнымалыны қосымшаның түрлі процедураларында пайдалану ушін оны код терезесінің (General) (Declaration) секциясында (бөлімінде) Рublic кілттік сөзі арқылы сипаттау керек (риblіс - көпшілік). Терезеде алдымен Орtіоn Ехрlісіt жазуы көрінуі мұмкін.

Ескерту. 1. Айнымалы атауы үшін ушін кілттік сөздерден, кілттік символдар мен бос орын және тыныс белгілерінен басқа ұзындығы 255-ке дейін (кирилицамен қоса) символдар тізбегін алуға болады.

2. Gепеrаl / Dесlаrаtіоп секциясы шығатын код терезесі форманы екі рет шертпей, алғашқы рет View - Сodе командасы берілген кезде көрінеді. Ргіvаtе аркылы жарияланған процедурамен тек бір формада, Рublіс арқылы жарияланған процедурамен проектінің барлық формаларыңда жұмыс істеу мүмкін (олар барлық формаларда қолжетерлік).

Қарапайым программаларда сандық және жолдық айнымалыларды (х%, у. а$) вариант типті етіп сипаттау да мүмкін (Vаrіапt, жан - жақты). Бұл кезде айнымалылардың типтері көрсетілмей жазылады; Dim х, у, а Мысалы, 1.7 - такырыпта жазылған процедурада айнымалылар вариантты типті етіп (Dіт х. у арқылы} сипатталған. Оның қатесі жоқ. Редактор процедураға енгізілген вариант типті айнымалының типін өзі ажырата алады. Бірақ күрделі программаларда редактор қате жіберіп, бүтін типті айнымалыларды жолдық (символдық) деп қабылдауы мүмкін. Сондықтан айнымалыларды сипаттауда олардың типтерін де жазып қойған дүрыс.

Программада жиі пайдаланылатын турақтыны Сonst операторы арқылы сипаттау да мүмкін (сопstant - түракгы). Мысалы, программа узіндісін


Сопst рі = 3.1415926

R = 4.5 : h = 7

С=рі * r^2 * h

V = рі * r^З * h/3

түріңде жазу мүмкін.

VB-те пайдаланылатын математикалық операторлар мен стандартгы функциялардың басым көпшілігі Бейсиктегі сияқты:

+ (қосу) ; - (азайту); * (көбейту); / (бөлу); \ (бүтін бөлу); ^ (дәрежелеу); Моd (қалдықты есептеу); & (жолдарды біріктіру, конкатенация);



Аbs(х); 5іп(х); Соs(х); Аtп(х); Sqr(х); Ехр(х); Int (х); Rnd (x); Mid $; Left $6 Right $;

Str$ (x) - саңдық мәнді жолдық типті ету;

Vаl (х) - цифрлармен берілген жолдық мәнді сандық типтіге алмастыру, т. б.

Visual Ваsіс-те құрылымдық программа кұру ушін Qbasіс-те қолданылатын құрылымдар пайдаланылады.



2.2.2 ОLЕ технологиясы

Элементтер панелінін ОLЕ элементі аркылы формада орнатылған объектіге (ОІ.Е- объектісіне) Windows-та жұмыс істейтін қосымшалар белгішелерін орнатып, оларды формада бірден іске косуға болады (ОLЕ (Оbjесt Lіnkіпg and Еmbеddіпg - объекгілерді қатарластыру және байланыстыру)). Мұндай технология ОLЕ технолоғиясы делінеді, VВ-ке оның ОLЕ авпюматтындыруы деп аталатын жеке түрі енгізілген. Мысалы, ОLЕ- объектісін Word 97 мәтіндік редакторымен жұмыс істеуге пайдалану тәсілі:

1. Орталықтан жаңа форма ашу.

2. Формада ОLЕ- объектісін орнату. Тышқан түймесі босатылған кезде қосымшалар тізімі енгізілген oбъектіні кірістіру сүхбаттық терезесі көрінеді (6 сурет).



6 сурет - Объектіні кірістіру терезесі


3. Тізімнен Документ Місrоsоft Word қатарын таңдап, Белгіше түрінде (В виде значка) жалаушасын орнату. Жалаушаның астыңғы қатарында Word белгішесі орнатылып койылады.

4. Терезенің ОК түймесін шерту. Форма ашылып, оның ОLE объектісі ішінде Word белгішесі көрІнеді. Алғашқы рет бірден Word редакторы да іске косылуы мүмкін.

5. Проектіні сакгау.

6. Іске қосу комаңдасын беріп, көрінген форманың ОLЕ объектісінде орналасқан Word белгішесін екі рет шерту. Word редакторы іске косылады да. онымен әдеттегідей жұмыс істей беруге болады. Ашылған бетте қүжатты толтырған соң оны сақтау үшік Fіlе Сохранить копию как ... командасын беру керек.



Word терезесі жабылған ксзде экранда форма қайта көрінеді.


2.2.3 Мәзір құру. Формалармен жұмыс


Форманы Windows қосымшаларының терезесі сияқты пайдалану Visual Basic-тің тағы бір ерекшелігі. Формаға түрлі мәзірлер орнатып, әр мәзірге енгізілген командалық пункттер объектілерімен әдеттегідей жұмыс істеуге болады. Мәзір кұру үшін VВ құрамына Меnu Еdіtог (Мәзір редакторы) программасы енгізілген. Оны пайдалану әдісі:Форманы таңдап, Тооls - Меnu Еdіtог (Қүрал - Мәзір ре-дакторы) командасын беру (аспаптар панелінің "Мәзір редакторы" тұймесін шертуге де болады.). Редактор іске қосылып, оның екі бөлімді терезесі көрінеді (7 сурет). Оның жоғарғы бөлімі мәзір және мәзір командаларының атауларын енгізуге арналған. Енгізілген атаулар терезенің төменгі бөліміне жазылып қойылады.

7 сурет-Мәзір редакторы терезесі


Терезеде көрінген Сарtіоп, Name, Сhесked, Enаblеd, Vіsіblеd, WindowList - мәзір компонеттері (қасиеттер);

Сарtіоп - мәзір не оның командасы атауын анықтау.

Name - программада ажырату үшін Сарtіоп өрісіне енгізілген атауды арнайы түрде жазу (VВ атауды Namе өрісіне енгізілген түрде кабылдайды).

Visibled (көрсету) — мәзір командасын жасыру не көрсету.

Еnаblеd (қосылулы) - командаға Тгuе не Ғаlsе мәнін меншіктеу. Алғашқы кезде Еnаblеd, Vіsіblе қасиеттері үшін логикалық Тruе мәні орнатулы тұрады. Оны ерекше жағдайлардан басқа кезде өзгертпеу керек.

Іndех - мәзірді элементтер массивіне айналдыру. Ол, Windows-та пайдаланылатын тәсіл сияқты мәзір пункттерінің төменгі жағында ашылған файлдар тізімін көрсетіп қою үшін пайдаланылады.

Мысал. Формада СІосk (Тіmе, Dаtе) мәзірін құру керск. Тіmе (уақыт), Date (дата) — СІосk (сағат) мәзірінің пункттері (жүйелік сағаттың ағымдық уақыты мен датаны көрсететін стандартты функциялар).

Мәзір құру тәсілі:

1. Орталықты іске қосып, көрінген форманы ерекшелеу. Меnu Еdіtог терезесін экранға шығарып, Сарtіоп өрісіне мәзір атауын (СІосk) енгізу, одан соң ТАВ клавишін басу (ол курсорды бір мәтіндік өрістен келесісіне орналастырып қояды). Атау төменгі бөлімге жазылады.

2. Nаmе өрісінің алдына mnu қосымшасы (префиксі) жазылған мәзір атауын енгізу: mnuСІосk. Ол программалық код терезесінің объектілер тізіміне кірістіріліп қойылады (mnu - тізімге жазылған атаудың мәзір екенін ажырату үшін пайдаланылатын префикс. Мпи орнына басқа префиксті жазу да мүмкін).

3. Nехt (Келесі) түймесіи шерту. Сарtіоп, Name өрістері тазаланады да, редактор келесі мәзір атауын не мәзір пунктін енгізуді күтеді. Курсор Сарtіоп өрісіне орналастырылып қойылады.

4. Сарtіоп өрісіне Тіmе, Namе өрісіне ТіmеItеm пункт атауын енгізу (tіет (пункт) - программада атаудың мәзір пункті екенін ажырату үшін пайдаланылған жалғау). Тіmе терезенің төменгі бөліміне жазылып қойылады.

5. Терезенің " Солдан оңға" (→) түймесін шерту. Ол төменде жазылған Тіmе атауының алдына көп нүкте (....) қойып кетеді. Көп нүкте — редактордың Тіmе-ді мәзір пункті етіп белгілеуі.

6. Nехt түймесін шертіп, Сарtіоп өрісіне Dаtе, Nаmе өрісіне DаtеІtеm пункт атауларын енгізу. Бұл жолы "Солдан оңға" түймесін шертудің қажеті жоқ, оны тек алғашқы пунктті енгізу кезінде шерту керек. Редактор Dаtе сөзін мәзір пункті деп автоматты тұрде қабылдайды да, алдына көп нүкте қойып кетеді (8 сурет).


8 сурет-СІосk мәзірі құрылған Мәзір редакторы терезесі.


Ескерту. Қажет болса, келесі мәзірлер мен олардың пункттерін де осылайша енгізуге болады. Редактор терезесінде Солға, Жоғары, Төмен, Кірістіру (Insert). Жою (Delete) туймелері де бар. Оларды пайдаланып, құрылған мәзірді редакциялау қиын емес.

7. ОК түймесін шерту. Редактор терезесі жабылып, Сlосk мәзірі енгізілген форма көрінеді. Мәзірді ашу үшін атауын әдеттегідей бір шертсе болғаны (9 сурет).



Form 1

Clock

Time

Date


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет