Ж. Баласағұни ғұлама ақын. ХІV ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы



бет19/44
Дата08.12.2022
өлшемі484.06 Kb.
#466883
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
5-d0bdd2b1d181d29bd0b0

Экологиялық жағдай
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.
Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. өмірге келетін сәбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды.
1969 – 1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді.
70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.
3.

Билеушілер

Жүргізген саясаты

Наркеш Дайын



Егін шаруашылығы дамыды
Отырықшы қалалық өмір салты орнады

Инанч-білге



Елді өнерге,күнкөріске баулыды.Бейбіт өмірді насихаттады.Сауда қатынасын дамытты.Қарақытайлар үстемдігінен құтылды.Білге хан атанды.

Бұйрық



Қара Ертістегі Орунгу маңын мекендеген.Билік үшін таласты.Шыңғыс пен Ван хандардан жеңіліп,Енисей қырғыздарына қашты.


7-билет

  1. Сақтардың мәдениеті.

  2. Қазақстан - 2050 стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттама беріңіз.

  3. Қола дәуірі кезеңіндегі жартастардағы суреттер табылған аумақтарды карта бойынша белгілеңіз.




Ответы
1.Б.з.б. VII ғасырдан бастап “аң стилі” пайда болды. “Аң стилінің” негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты болған. Ру, тайпалар өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған және оларды қасиетті тұмар деп санаған.
Бұл өнердің дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Осы жерлерден сақтарға “өмір ағашы” дейтін арыстан бейнесі тараған.
Қызылордадан 300 шақырым жерде, апасиак-сақтардың астанасы Шірік-Рабат орналасқан. Қаланың орталығынан күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) табылды. Археологтар цитадел орталығынан жебе ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл заттардың жасалған мерзімі б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.
Есік обасынан табылған қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстардың арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша ерекшеленеді. Камал Ақышевтің пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.
Есік обасына 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы жерленген. Оның киімі басынан аяғына дейін алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына байланысты “Алтын киімді адам” - деп аталды.
Сақ ханзадасының жанынан семсер, қанжар-акинак, алтын ұшты жебе, қамшы, жібек қоржын, алтын түймешелер, алтынмен апталған қола теңгелер, мөр-жүзік табылды. Барлығының саны – 4000-нан астам.
Алматының күншығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында 40-тан астам оба табылды. Соның бірі – Есік обасы, диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр.
Бәбіш-Молда қаласының қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Қала ішінен қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылды. Бұл заттық деректер қала тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді.
Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан Бесшатыр қорымы 31 обадан тұрады. Обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, шығыстан батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр. Қорым б.з.б. 5-4 ғасырларға жатады.
Ғалымдар үлкен Бесшатыр обасын “патша” қорғандары деп атайды. Себебі бұл обаларда патшалар, даңқты адамдар жерленген.
Оба үйіндісінің айналасындағы тас дуалдың маңайына ірі тас бағандар – менгирлер орнатылған. Кейбір менгирлерге қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашалып салынған.
Сағана 3 бөліктен тұрады: дәліз (дромос), қабір алдына кірер ауыз, жерлеу бөлмесі. Сағананың қабырғасы 16 қатар бөренеден қиып салынған.
Жетісу сақтарының кіші обалары қарапайым адамдардың қабірлері болып есептеледі. Сақ дәуірінің бас кезінде қола кезіндегі сияқты мәйітті тас сандықшаларға, кейін жер қабірге жерлеген.
2.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына жаңа өршіл мақсат қойып отыр. Ол – әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру.
Қазақ елінің 2050 жылға дейін даму бағыттары айқындалған Жолдаудың тарихи маңызы өте зор. Бұл мемлекет өмірінің, қоғам мен экономиканың барлық тараптарын одан әрі жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы болып табылады.
Жолдауда Елбасы: «Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз» деп атап көрсетті. Осы ретте тарих өлшемімен салыстырғанда қас-қағымдай уақыт – тәуелсіздіктің жиырма бір жылында еліміз қол жеткізген, Жолдауда атап айтылған табыстарға қысқаша тоқтала кеткен жөн: «Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Біз «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналды.
Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біз елімізге 160 млрд доллардан астам шетел инвестициясын тарттық. Стратегия – 2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз. 15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды».
Осы жылдарда Қазақстанда: «Білім алуға тең мүмкіндіктер жасалуда. Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті. Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайды, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Біздің адам капиталын дамытудағы ұзақмерзімді салымдар саясатымыздың арқасында қазіргі талантты жас ұрпақты өсірдік».
Әлемдік саясатта біздің еліміз – талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес. Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастығы ұйымына және ұжымдық қауіпсіздік ұйымына төрағалық етті. Астана экономикалық форумында біз диалогтың жаңа форматын – G-global-ды ұсындық.
Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз. Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып танылды».
Мемлекет басшысы Жолдауда осыдан дәл 15 жыл бұрын қабылданған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының мерзімінен бұрын орындалғандығын атап өтті. Оның басты қорытындылары: «Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз.
Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық. Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар. Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ бар, оның 90%-ы – жеке иелікте. Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналды. Әлемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі нақ біздің елімізде өтті.
Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Біз сыртқы сауданың – 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік».
Сонымен қатар республикада «үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды.Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті.
Егер 1999 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 46 млрд теңгені құраса, 2011 жылы 631 млрд теңге болды. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн адамға дейін өсті.Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді. Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 94,7%-ын қамтыды. 1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды. Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды.
1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды. Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды. Электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті. Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет