Жарақаттың жіктелуі


Қайнау. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностика. Емдеу принциптері



бет13/31
Дата15.06.2023
өлшемі418.29 Kb.
#475101
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
ХИРУРГИЯ ВМ-407 ЖАУАБТАРЫ

53. Қайнау. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностика. Емдеу принциптері.
Күйікті күн астында ұзақ уақыт жүріп, сіріңкені немесе электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау нәтижесінде де алуға болады. Оның қай түрі болмасын қауіпті. Кейбірі адам терісінің жақсы болуына байланысты жылдам емделсе, екіншілеріне медициналық көмек қажет. Ал күйікті дұрыс емдеу үшін ең алдымен оның қай дәрежелі екендігін анықтап алғанымыз жөн. Төменде күйіктің классификациясын және алғашқы көмекті қалай көрсетуге болатындығы жайында мәліметтер ұсынылған:
1. Бірінші дәрежелі күйік. Ең көп таралған әрі әлсіз түрі. Бірінші дәрежелі күйік кезінде тері аздап қызарады және қолмен басқан кезде ауырады. Терінің ең сыртқы «эпидермис» қабаты зақымдалады. Әдетте күннің астында көп жүрген кезде пайда болады.
2. Екінші дәрежелі күйік біріншіге қарағанда көбірек ашып ауырады. Күйген жерлерде күлдіреуіктер пайда болады. Ол ас үйде жүріп қолымызды қайнап тұрған қазанның немесе шәугімнің, ауылда самаурынның сыртына тигізіп алған кезде болады. Бұл кезде терінің «дерма» деп аталатын екінші қабаты жарақаттанып, сыртқы қабаты толығымен күйіп кетеді.
3. Күлдіреуіктің түсі сарғыш болып келеді. Олар ешкімнің көмегінсіз-ақ жаңа тері пайда болған кезде жарылады.
4. Үшінші дәрежелі күйік. Ауыр жарақаттардың қатарына жатады. Терінің астындағы қабаттары да зақымдала бастайды. Тері ағарып кетуі де мүмкін. Жүйке жүйесі зақымдалатындықтан, күйген жерін сезбей қалуы ғажап емес.
5. Төртінші дәрежелі күйік. Жүйке талшықтары толығымен зақымдалып, күйген жер қарайып, артынша қабыршықтанып кетеді. Күйіктің ең ауыр түрі болғандықтан, тері, жүйке жүйесі, бұлшық ет және сүйек толығымен жарақаттанады.
54. Карбункул. Анықтау. Этиологиясы. Клиникасы. Емдеу принциптері.
Көршиқан , карбункул (лат. carbunculus – шоқ) – түк қаптары, май бездері және оған жақын жатқан тері және тері асты жасушаларының іріңдеп қабынуы. К. май және тері бездерінің өзегіне, сондай-ақ жарақаттанған теріге (немесе шиқанды қысып өзегін шығарғанда) микробтың енуі салдарынан пайда болады. К-ның пайда болуына терінің немесе онымен жанасатын іш киімнің таза болмауы, хим. заттардың әсері, қажалу, қышыған теріні қасу, жеңіл жарақаттар, зат алмасуының бұзылуы әсер етеді. Сонымен қатар К. пайда болуына кейбір аурулар (мыс. қант диабеті) өте қолайлы жағдай туғызады. К. – ауыр өтетін ауру түріне жатады, ол, көбінесе, егде жастағы адамдарда кездеседі. К. мойынның артқы бөлігіне, арқаға, бетке жиі шығады. Бетте пайда болған К. өте қауіпті, өйткені іріңді қабыну өршіген жағдайда, оның бас сүйек арқылы миға таралып, адам өміріне қауіп төндіруі (іріңді менингитке әкелуі) мүмкін. К. дамуының алғашқы сатысында қабыну аумағы қызарып, тері қатайып, ісінеді (қабыну ісігі, инфильтрат). Аурудың дене қызуы көтеріліп, ұйқысы қашады. Ісік үлкейгенде (7 – 9 тәулік аралығында) іріңдеу сатысына ауысады, бұл кезде терінің жоғ. қабаты астынан іріңді тамырлар білінеді де, олар жарылып өзегі шығады, қанды ірің ағады. Мұндай жағдайда К-ның беткі жағы тесік-тесіктеніп, елеуіш тәрізді болып қалады. Аурудың бұл сатысы 18 – 20 тәулікке созылады. Ауру асқынбаған жағдайда К. өлі тіндерден тазарып, біртіндеп жазыла бастайды. Көбінесе жазылған К. орнында көлемді тыртық қалады. Ал ауру асқынған жағдайда ісіктің көлемі ұлғайып, бездердің шошынуы, қан тамырларының қабынуы – тромбофлебит, организмнің жалпы іріңдеп улануы – сепсис, т.б. пайда бола бастайды. Кейбір жағдайда К. адамның өміріне үлкен қауіп туғызып, тіпті оның өлімінің себебі болуы мүмкін. К-нан алдын ала сақтану үшін күнделікті тіршілікте жеке бастың тазалығын (гигиена) сақтау, яғни денені және іш киімді таза ұстау, терінің жарақаттануынан сақтану қажет. К-ды емдеу үшін ауру белгісі білінісімен дереу дәрігерге көрінген жөн. Себебі К-ды емдеу өте күрделі. Ем ретінде антибиотиктер, май дәрілер (таза ихтиол), физиотерапия қолданылады. Ауру асқынып кеткен жағдайда хирургиялық операция жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет