Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі



бет15/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
asem

Академик І.Кеңесбаев өз пікірінде білдірген˸«Біз сөз етіп отырған фразеологизмдердің жалпы тіл жүйесіндегі рөлі, сөйлеу процесіндегі атқарар қызметі, көп жағдайда осы стильге ойысып отырады.
Осының нәтижесінде сөз, сөз тіркестері, сөйлем өрісі кеңейіп отырады.Тыңдаушы мен оқырман қауымға жатықта түсінікті болу үшін фразеологизмдерді сөйлеуші не жазушы стиль жағынан әр жаққа жүгіріп, шебер қолдануға тырысады».
Профессор ғалым К.Аханов«Тіл білімінің негіздері» атты еңбегінде: «Тіл – тілдегі сан алуан фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады да, олардың мәнерлеп бейнелеуші қызметі өте күшті болады.Олардың көпшілігінің эмоциялық бояуы басым болып, айрықша образды,экспрессивті қызмет атқарады», - деп түйіндейді. Аталған еңбегінде автор фразеологизмдердің негізгі белгілері ретінде төмендегідей бөледі:
  • даяр қалпында жұмсалуы;
  • мағына тұтастығы;
  • тұрақтылығы;

І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев 1962 жылы жазған «Қазіргі қазақ тілі. Лексика.Фонетика» атты оқулығында фразеологиялық бірліктерді фразалық тіркестер деп, атап оларды: идиомдар мен фразаларға бөледі.
Идиома-тіркес құрамындағы сөздерді бөлуге келмейтін, мағына тұтастығы тіркеспен бірге анықталатын сөздер тобы. Және де бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді.
Мысалы: Тайға таңба басқандай-анық деген мағынаны білдіріп тұр.
Фраза-тіркес құрамындағы сөздердің біреуі болса да, бастапқы лексикалық мағынасын сақтап тұратын сөз тіркесінің түрі.
Мысалы: Тепсе темір үзу-мықты деген мағынада қолданылып тұр.
Ержанова Зохре«Қазақ қолөнеріне байланысты фразеологизмдердің этномәдени аспектісі» 2010 атты авторефератының «Қазақ қолөнерімен байланысты қалыптасқан фразеологиздердің этно мәдени негіздері» деп аталатын бірінші тарауында қазақ тіліндегі фразеологизмдердің зерттелу жайы мен қазіргі бағыттары, фразеологизмдерге ұйытқы болған атаулардың бірнеше ғалымдар тоғысында зерттелуі, кәсіби фразеологизмдердің қалыптасу арналары сөз болады. Ғалым фразеологизмдерді
  • Тас өңдеу өнерімен байланысты қалыптасқан кәсіби фразеологизмдер
  • Ағаш өңдеу өнерімен байланысты қалыптасқан кәсіби фразеологимздер
  • Үйге қатысты фразеологизмдер
  • Киіз үйдің құрамдас бөліктеріне қатысты фразеологизмдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет