Жер кодексі Сіздің білгіңіз келген нәрсе


Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері



бет2/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#139724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері


жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалануға (жалға) және (немесе) жеке меншікке берілуі

Мүмкін. Жерге құқықты таңдау шаруашылық субъектісіне беріледі







Жеке меншік

(Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік

құқығын беру ақылы негізде жүзеге асырылады)

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау)


ҚР жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалары




Толық бағалау құны бойынша сатып алу



49 жылға дейінгі мерзімге жалдау шарты

Жеңілдетілген баға бойынша сатып алу





Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең баға + Жер салығы

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының 75% - іне тең баға +Жер салығы

Жер учаскесін пайдаланғаны үшін жалға беру кезінде жер учаскесі үшін, жер салығы мөлшерінде белгіленген, базалық төлем ставкасының

100-120% -і мөлшеріндегі төлем




Бірден сатып алу



Мерзімін 10 жылға дейін ұзартып сатып алу

Бірден сатып алу

Мерзімін 10 жылға дейін ұзартып

сатып алу








Кепілге салуды қоспағанда, жалдау құқығымен барлық мәмілелер жасасуға тыйым салу

Керілге салуды қоспағанда, 10 жыл ішінде жер учаскесімен барлық мәмілелер жасасуға тыйым салу

Жер учаскесімен заңдармен тыйым салынбаған кез-келген мәміле түрін жасауға құқық

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына акті

Жер учаскесінің сатып алу бағасының кемінде 50% төлеген кезде кепілге салуды қоспаған­да, оның сатып алу бағасы толық төлен­генге дейін онымен мәмілелер жасауға тыйым салу

Жер учаскесінің сатып алу бағасының кемінде 50% төлеген кезде кепілге салуды қоспаған­да, оның сатып алу бағасы толық төлен­генге дейін онымен мәмілелер жасауға тыйым салу


Негізгі ұғымдар мен айқындамалар.



Жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтардың, заңды тұлға құрмай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен және шаруашылық қызметпен және шаруа (фермер) қожалығымен айналысуға құқығы бар (ҚР АК 19-бабын және “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” ҚРЗ 1-бабын қараңыз).

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар - меншікке, шаруашылық жүргізуге немесе жекеленген мүлікті оралымды басқаруға құқығы бар ұйымдар (түрлері мен нысандары - шаруашылық серіктестердің барлық түрлері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер). Заңды тұлғалардың және коммерциялық емес ұйымдар (мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, тұтынушылар кооперативтері, селолық тұтынушылар кооперативтері және заңдарда көзделген өзге де нысандар).

Жергілікті атқарушы органдар – аудандық дәрежедегі, облыстық, Алматы, Астана қалаларының, облыстық дәрежедегі қалалардың, аудандық (қаладағы аудандардан басқа) атқарушы органдары кент, ауыл (село), ауылдық селолық округ әкімдері.

ҚР ҮҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган – облыстық, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге қандай жерлер жатады?

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер - құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелорациялық желі, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жерлер, сондай–ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар кіретін ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін берілген жерлер).

Ауыл шаруашылығы алқаптарына:


  • егістік;

  • тыңайған жер;

  • көп жылғы екпелер, егілген жерлер;

  • шабындықтар;

  • жайылымдар жатады.


Ауыл шаруашыл

ығы алқаптарын бір санаттан екіншісіне ауыстыруды қалай жүзеге асыруға болады?

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір санаттан екіншісіне ауыстыру жер учаскесінің меншік иесінің ауыл шаруашылығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға берген өтініші, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру қажеттігі табиғи факторларға, оларды бұдан кейін де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негізделеді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жерлерді жеке меншікке беру
Жеке меншік құқығын қалай түсінуге болады?

Жеке меншік құқығы – бұл тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету, соның ішінде иеліктен айыру (сату, сыйға тарту ж.т.б) мүмкіндігі.


Жеке меншік құқығы қалай туындайды?

Жеке меншік құқығы:



  • мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін тікелей мемлекеттен мемлекеттік органдар актілерінің негізінде алу;

  • азаматтық-құқықтық мәмілелердің (сыйға тарту, сатып алу-сату және т.б.) негізінде;

  • жер учаскесін әмбебап мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) алу жолымен туындайды.


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке кімдерге және қандай мақсатпен беріледі?

Ауыл шаруашылығындағы жер учаскелері жеке меншікке:

ҚР азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылығын, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшін;

ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаларына – тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, ғылыми-зерттеу, тәжірибе және оқыту мақсатына, қосалқы ауыл шаруашылығын, бағбандық пен мал шаруашылығын жүргізу үшін беріледі.


Шаруа (фермерлер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскесін алуға кімнің басым құқығы бар?

Шаруалықты жеке еңбегімен қатысу негізінде жүргізетін арнаулы білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтардың басым құқығы бар.


Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қандай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бөлек меншікке берілуі мүмкін?

Бөлек меншікке:



  • тұрғын халықтың қажетіне арнап пайдаланатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар;

  • ортақ пайдаланудағы жолдар, оның ішінде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне өтуге арналған жолдар;

  • жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері немесе жер пайдаланушылар бірлесіп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру арналары, суағарлар, құдықтар, суат пункттері) орналасқан жер учаскелері берілмейді.


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке қандай шарттармен сатып алуға болады?

  • Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен:

  • бірден,

  • 10 жылға дейін мерзімін ұзартып.

  • Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының 75%-іне тең жеңілдетілген бағамен:

  • бірден;

  • 10 жылға дейін мерзімін ұзартып сатып алуға болады.


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскелерін жеңілдетілген шарттармен кімдер ала алады?

Азаматтар мен мемлекетік емес заңды тұлғалар ҚР Үкіметі белгілеген жеңілдетілген баға бойынша кадастрлық (бағалау) құнының 75%-і мөлшерінде республиканың кез келген аумағында жер учаскесін ала алады.


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеңілдетілген жағдайлармен жеке меншікке сатып алған тұлғалар үшін қандай шектеулер бар?

Жер учаскелерін жеңілдетілген жағдайлармен жеке меншікке сатып алған тұлғаларға жер учаскелерімен, кепілге беруді қоспағанда, жер учаскесіне жеке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген сәттен бастап 10 жыл ішінде мәмілелер жасасуға тыйым салынады.


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жене меншікке мерзімін ұзартып кімдер сатып ала алады?
ҚР азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін толық құнымен және жеңілдетілгенбағамен ала отырып, оны 10 жылға дейін мерзімін ұзартып сатып ала алады, бұл шарт өтініште көрсетіледі.
Жерді төлеу мерзімін ұзартып сатып алу кезінде қандай шектеулер қойылады?

Жер учаскелерін төлеу мерзімін ұзарту арқылы алған тұлғаларға учаскенің бағасы толық төленгенге де дейін (сату, жалға немесе өтеусіз пайдалануға беру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталына салым немесе жарна ретінде беру) жасасуға тыйым салынады. Аталған тұлғалардың жер учаскесін кепілге беруге оның сатып алу бағасының кемінде елу проценті төленген жағдайда рұқсат етіледі. Бұл ретте жер учаскесінің сатып алу бағасы төленген бөлігі ғана кепіл нысанасы бола алады.

Барлық көрсетілген шектеулер сатып алушыға сатып алу=сату шартының негізінде берілген жер учаскесі актісінде көрсетіледі.
Меншік иелері өз жер учаскелеріне қалай билік ете алады?

Жер учаскесі үшін кадастрлық (бағалау) құнына тең баға бойынша төлемді толық енгізген тұлғаның (меншік иесінің) жер учаскесімен, оның нысаналы мақсатын өзгертпей, заңдарда тыйым салынбаған мәмілердің (сату, сыйға тарту, уақытша жер пайдалануға (жалға) беру және т.б.) кез-келген түрін мемлекеттік органдардан қандай да болсын рұқсат алмай-ақ жасасуға құқығы бар.


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді

уақытша жер пайдалануға беру
Жер пайдалану құқығы дегенді қалай түсінуге болады?

Жер пайдалану құқығы – бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с.с) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі.



Жер пайдалану құқығы қалай туындайды?


Жер пайдалану құқығы:

  • мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;

  • жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;

  • жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.



Жер пайдалану құқығы кімдерге беріледі?


Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғаларға, сондай -ақ халықаралық ұйымдарға беріледі.

Жер пайдаланудың қандай түрлері бар?


  • уақытша өтеулі жер пайдалану:

  • қысқа мерзімді (5 жылға дейін);

  • ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін;

  • өтеусіз негізіндегі уақытша жер пайдалану (ақысыз беріледі) түрі, бұл ретте уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс (жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайларды қоспағанда);

  • мемлекеттік жер пайдаланушылардың мұқтажы үшін берілетін тұрақты жер пайдалану түрі.


Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы деген не?

  • Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға берілген мемлекеттің меншігіндегі жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын алу.

Бұл жағдайда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша пайдалануға, иеліктен шығаруға және кейінгі жер пайдалануға беруге жол берілмейді.

  • Жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шарттарын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу ҚР-ның азаматтық заңдарына сәйкес жалдау шарты негізінде жүргізіледі.


Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын беру.

Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге беріледі.

Бұл ретте шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған және ауылда (селода) тұрғын үйі бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесі меншік құқығында сақталады, ол шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесінің құрамына кірмейді.

Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері жоғарыда көрсетілген ережелер бойынша арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден беріледі.


Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі мен орман өсіруді жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығын беру.

Мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылық өндірісі мен орман өсіруді жүргізу үшін жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге беріледі.

Мемлекеттік емес заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін жер учаскелеріне жер пайдалану құқығын беру жеке тұлғаларға арналған тәртіптегідей беріледі.
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы қандай мақсаттар үшін беріледі?


  • шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшін;

  • тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін;

  • бақша өсіру үшін;

  • ортақ пайдаланудағы жолдарды салу кезеңінде;

  • тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезеңінде;

  • қызметтік жер телімі түрінде беріледі.


Қызметтік жер телімі деген не?

Қызметтік жер телімі мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтін адамдарға осы заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерлерден ұзақ мерзімді уақытша өтеусіз – жер пайдалануға бөлінеді.

Жер қызметтік тұрғын үйді күтіп–ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу және мал жаю үшін беріледі.

Қызметтік жер теліміне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тізбесі ҚР Ү –нің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 908 (1-қосымша) Қ-мен айқындалған.


Қызметтік жер теліміне құқықты кімдер иелене алады?

Қызметтік жер теліміне құқықты:

жасы немесе мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлер;

Қарулы Күштер қатарына міндетті мерзімді қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердің отбасы қызметке немесе оқу орнында болған бүкіл мерзімде; қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қаза тапқан қызметкерлердің отбасы: жұмысқа жарамсыз зайыбы мен қарт ата-аналары үшін - өмір бойы, балалары үшін - олар кәмелетке толғанға дейін иелене алады.



қызметтік тұрғын үйлер үшін қызметтік жер телімі берілген жағдайларға ҚР – ның тұрғын үй заңнамасына сәйкес құқық сақталады.

Қызметтік жер теліміне қатысты қандай шектеулер бар?


Қызметтік жер теліміне жер пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын, соның ішінде кепілге беруді қоса алғанда, мәміле жасасуға жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын жӘне жер пайдалану құқығын ресімдеу рӘсімі
Жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді қандай мемлекеттік органдар қабылдайды?

Жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды.


Жер учаскесіне құқық беру тәртібі

Жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

Өтініште:


  • жер учаскесін пайдаланудың мақсаты;

  • жер учаскесінің болжамды мөлшері;

  • жер учаскесінің орналасқан жері;

  • сұралатын пайдалану құқығы (жеке меншік,қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану);

  • ҚР азаматтарына жеке меншікке берілген басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетілуге тиіс.

Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш ол түскен кезден бастап 3 айға дейінгі мерзімде қаралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет