Жүктеме: 6 сағат Сынып: 1 Мұғалім



бет13/33
Дата23.02.2024
өлшемі215.44 Kb.
#493035
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
3 сынып КТЖ -Инди 34 аптамен-1

БЖБ Мазмұндама

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелісөздердіқолданаотырыпжеткізу
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді,нақылсөздерді,вербалдыеместілдікқұралдардықолдану;
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрдетүсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып,қажеттіақпараттытауып,белгіқойып,сынтұрғысынанбағалап оқу
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтаужәне негізгі ойды білдіріп тұрған мәтінбөлігін,сөйлемді анықтау;

1







101

ТЖБ-4


3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
3.1.2.1* шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай
мазмұндау, сахналау

1







102




Не үйрендім?

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
3.1.2.1* шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай
мазмұндау, сахналау

1









Математика
Түсінік хат
«Математика» оқу пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.
Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәні келесі міндеттерді айқындайды:
1) логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;
2) оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;
3) сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
4) өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
5) тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту;
6) түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
7) коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
8) ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.
«Математика» пәнінің оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушының сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына негіз болады.
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
3-сыныпта – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды. Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттар қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдаланылады.
«Математика» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Сандар мен шамалар»: 1000 көлемінде сандар, тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орын, сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандардың разрядтық және кластық құрамы, разрядтық қосылғыштардың қосындысы, мыңдық, үлестер: оқу, жазу және салыстыру, сандармен амалдар орындау, бөлшектер, бөлшектерді салыстыру, санның квадраты және кубы, 1 мен 0-дің көбейту және бөлу қасиеттері, көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік қасиеттері, 6, 7, 8, 9-ға көбейту және бөлу кестесі, қалдықпен бөлу, кестеден тыс көбейту және бөлу, қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу, қосындыны санға көбейту, кестелік көбейту және бөлу, санның үлесі, кері амал, шамалар және өлшем бірліктері, палетка, шамаларды өлшеу, салыстыру түрлендіру, купюралар және олармен әрекеттер жасау, сағаттар түрлері, уақытты анықтау, купюралармен әрекеттер;
2) «Алгебра элементтері»: сандық және әріптік өрнектер, өрнектерді құрастыру, жазу және оқу, өрнектің мәні, әріптік теңдік түрінде берілген көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері, сандық өрнектерді салыстыру, жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібі,теңдіктер мен теңсіздіктер, теңдеулер, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу;
3) «Геометрия элементтері»: геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі, шеңбер мен дөңгелек, центр, радиус, диаметр, симметриялы және симметриялы емес фигуралар, тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш аудандары, құрастырылған фигуралардың периметрі, геометриялық фигураларды кескіндеу және салу, параллель және қиылысатын түзулер, шеңбер сызу, кеңістіктік фигуралардың жазбасы, кеңістіктік фигуралардың орналасуы, нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты, жазық фигурада белгіленген нүктелер;
4) «Жиындар. Логика элементтері»: жиындар және олармен орындалатын амалдар, ішкі жиынтық, жиындардың қиылысуы мен бірігуі, пікірлер, ақиқат және жалған тұжырымдар, логикалық есептер, кестелер мен графтар, тізбектер, заңдылық, тізбектерді құрастыру, заттардың комбинациялары;
5) «Математикалық моделдеу»: есептер және математикалық модель, есептерді моделдеу, есептерді талдау және шығару, математикалық тіл, көптаңбалы сандардың графикалық моделі, разрядтар және кластар кестесі, жиын белгілерінің атаулары, латын алфавитінің әріптері, амалдар компоненттерінің атаулары, деректерді жинақтау, жүйелеу, салыстыру, диаграммалар мен пиктограммалар.
«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған критерийлер мен дескрипторлар бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізіп, оқу тапсырмаларын береді (5.9-кесте).
Пән бойынша жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары



Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1

Берілген мәліметтері жетіспейтін есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептерді шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады

мәліметтері толық емес есептерді
ажырата біледі;
есепті жетіспейтін мәліметпен
толықтыра алады;
жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады

2

Артық мәліметтер берілген есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.

артық мәліметтері бар есептерді ажырата алады;
есептің шартын өзгерте және дәлелдей алады;
бақылай, салыстыра және қорытынды
шығара алады

3

Графикалық модельдеу
Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі

есеп мәтінін сызбамен келтіре алады; есеп мәтінін және оған сай келетін
сызбаны сәйкестендіре алады;
есептің берілгендерімен
модельді толтыра алады; сызба бойынша есеп құрастыра алады

4

Заңдылықтарды табу және өзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар. Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.

заңдылықтың белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;
элементтері/заттар белгілі бір ереже бойынша орналасқанын түсінеді;
топтастыра және қорытынды жасай алады.

«Математика» пәнін оқытудағы жұмыс түрлері:

  1. оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету;

  2. ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;

  3. математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды жасау);

  4. өздігінен жоспар мен графиктер құру.

«Математика» пәнін оқытуда оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту көзделеді.
Математиканы оқыту үдерісінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін жұмыс түрлері:

  • тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;

  • математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

  • тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).

Аталған жұмыс түрлерін білім алушының қабылдауына қарай әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Мысалы:

  • оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу және оларды қолдау; жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;

  • проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру; білім алушылардың жетістіктерін бағалау;

  • оқушыларды зерттеу іс-әрекеттеріне баули отырып, белсенді оқуға ынталандыру; оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

Математиканы оқытудағы әдістер:

  • оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;

  • түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

  • мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс. түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТ ның мүмкіндіктерін пайдалану;

  • математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру; оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың жұмыс барысында сандық ресурстарды қолдану құзыреттілігін арттырып, бос уақытында технологияларды сенімділікпен және шығармашылықпен пайдалануын қамтиды.
Математика пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

1тоқсан

2тоқсан

3тоқсан

4тоқсан

Әр тоқсанда

3-сынып

3

3

3

3

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет