Жұмыс түрлері Уақыты Жиналыстар


Тамыз 2016 жылы өткізілген өндірістік жиналыстың шешімі



бет2/5
Дата31.08.2022
өлшемі34.04 Kb.
#460105
1   2   3   4   5
Тамыз 2016 жылы өткізілген өндірістік жиналыстың шешімі:

1.Жаңа оқу жылының жоспарын орындау;
2.Қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін орындауын қадағалау;
4.Өзгерістер енгізілген заңнамамен толық танысып, сол бағытта жұмыс істеу;


ЖШС «ӘДІЛЕТ РК» «Бәйтерек» балабақшасы
№2 хаттама
«Бәйтерек» балабақшасының өндірістік жиналысы 20 желтоқсан 2016 жыл
Қатысушылар:13
Меңгеруші -1
Әдіскер-1
Тәрбиешілер-4
Педагогтар -3
Медбике-1
Тәрбиешінің көмекшісі -2
Шарушылық меңгерушісі - 1
Күн тәртібінде:
1. Балаларды сақтандыру (жаңа жыл шыршасы).
2. 1-жартыжылдықтағы балалардың денсаулықтары.
3. Балалардың тамақтануы.

Күн тәртібіндегі бірінші қаралған мәселе Жаңа жылдық ертеңгілікте балалардың қауіпсіздігі туралы. Меңгеруші Джаксынкаева Н.Т: Жаңа жыл мерекесі жақындаған кезде жасыл шырша да өз орнын табады. Жаңа жылды өрт сияқты оқиғалармен көңілге кірбің түсірмей, жақсы өткізу үшін жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттілігі туралы естеріңізге саламыз.


Шыршаны орнатқанда оның бөлмеден шығуға кедергі келтірмей орналасуын қадағалау қажет. Шыршаны жылу беру батареясының жанына орналастырған қауіпті. Иллюминацияны қосқан кезде бөлмедегі жарықты толықтай өшіруге болмайды.
Мереке аяқталған соң шыршаны үйде ұзақ ұстаудың қажеті жоқ. Кеуіп қалған қылқанның өрт қауіптілігі жоғары болады. Сонымен қатар, синтетикалық материалдардан дайындалатын жасанды шыршалардың өрт шығу қаупі бар және олар жанған кезде денсаулыққа қауіпті улы заттар бөлінеді.
Жаңа жылдың бенгал алауы мен әр түрлі мерекелік отшашуларсыз өтпейтіні белгілі. Жаңа жылды тойлау қарсаңында әр түрлі өрт шығу қаупі бар пиротехникалық құралдар қолданылады, олардың салдарынан өрттің шығуы, адамдардың жарақат алуы және мертігуі әбден мүмкін.
Мұндай заттарды сатып алғанда бірнеше қағиданы естеріңізде ұстаған жөн. Пиротехниканың барлық түрі тек далада пайдалануға арналған!
- отшашуға арналған орынды таңдап алыңыз. Мұның кең ашық алаң болғаны дұрыс – мысалы, ағаштар мен құрылысы жоқ аула, бақ немесе алаң.
- таңдап алынған жерді мұқият қарап шығу керек, жанында өрт шығу қаупі бар объектілер, автомашина тұрақтары, ағаш қоралар немесе гараждар 100 метр радиуста болуы тиіс.
- отшашу кезінде айналасында түскен жапырақтар мен қылқандар, қураған шөп болмауы қажет, өйткені бұлар кенет ұшқын түскен болса, өртенуі мүмкін.
- өткір жел болған кезде желге қатысты қауіпті аймақтың көлемін 3-4 есеге ұлғайту қажет.
- Көрермендердің қайда болатын алдын ала ойластырыңыздар. Оларға жақсы көрінуін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек, бұл үшін оларды жел соқпайтын жақтан отшашу алаңынан 35-50 метр қашықтықта оларға жел арқылы түтін мен бұйымдардың жанбаған бөліктері ұшпайтындай етіп орналастыру қажет.

Медбике Маткаримова Б. Баяндама жасады. 2016-2017 оқу жылдарында біздің балабақшада балалармен қызметкерлер арасында денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Балалардың ата-аналарына тұмау кезіндегі профилактика жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.
Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.
Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.
Осыған орай жұмыстың обьектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет