Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет20/23
Дата16.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#140931
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

375. Шпрединг-машина машинисті

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі конструкциялы шпрединг - машиналарда негізгі және жылуды оқшаулайтын поливинилхлоридті линолеумды, текстовинитті және маталы және қабыршақты негіздерде басқа материалдарды шпрединг-машиналарда дайындау технологиялық процесін жүргізу; шпрединг - машинада драп, мауыт, жүнді байка және трикотажды жағу процесін, сондай-ақ неғұрлым жоғары біліктілікті машинистің басқаруымен өңделуі қиын арнайы маталарды резеңкелу кезінде шпрединг – машинаған қызмет көрсету бойынша жекелеген операцияларды орындау. Агрегатты, байланысқан құрал - жабдықты және бақылау- өлшеу аппаратурасын жұмысқа дайындау және өз бетінше жөндеу. Агрегатты сынау қосу және құрал- жабдықтың синхронды жұмысын реттеу. Ыстық және салқындатушы біліктердің температуралық режимдерін, аймақтар бойынша термокамероны, матаның өту жылдамдықтарын, жағылатын қоспалардың рецептурасына байланысты жұмыс білік пен раклилердің және қатайтатын біліктержің арасындағы саңылауды таңдау және қою. Матаның немесе қабыршақтың созылуын реттеу, орау мен тарқату кезінде қисаюларды бақылау және жою. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесті қадағалау және оны өзгерту. Берілген технологиялық режимнен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою. Машинаның жұмысы процесінде матаны жағу сапасын бақылау, машинаға және байланысқан құрал- жабдық қызмет көрсететін жұмысшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: әр түрлі агрегаттың құрылысын және конструкциялық еркшеліктерін; маталы және қабыршақты материалдардың түрлерін, сорттарын, қасиеттерін және белгіленуін; 1 м2 матаға жағылған желімнің шығынын есептеу әдімтемесін; ақаудың туындау себептерін және оларды жою тәсілдерін.


376. Шпрединг-машина машинисті

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Өңдеуі қиын маталарда және арнайы белгілеулер: баллон, газ мөлшері бар, жібектер, тиокол лентасы, капрон, поролон және басқа маталарды шпрединг – машинада майлау процесін жүргізу. Шпрединг – машинаға қызмет көрсететін жұмысшыларға басшылық ету. Салмақты, метражды және матаның енін тексеру. Мата мен желімді дайындау бойынша жұмыстарды орындау. Әр түрлі маркалардың желімі және консистенция бойынша құрғақ қалдықтың шығынын есептеу. Бензин буларын шығару мақсаттарында резеңкеленген маталарды машинада домалату. Арнайы маталарды қайталауға және вулканизацияға дайындау. Қайталаудан кейін диагональдық қабаттың арнайы маталарын бояу- майлау, диагональдық қабаттың жиегін қолмен кесу, екі жақтық майлау.

Білуі тиіс: ерекше жауапты маталарды майлаудың технологиялық процесін; өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптарды; тоқыса маталардың, желімдер мен қосалқы маталардың түрлерін, сорттарын және қасиеттерін; 1 м2 матаға жағылған желімнің мөлшерін есептеу әдістемесін; құрал- жабдықтың құрылысын.


377. Шприц-машина машинисті

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Резина әзірлемелерін шприцтау бойынша қарапайым жұмыстарды орындау. Шайбаларды таңдап алу. Машинаны баптау және қыздыру. Машинаны үздіксіз қоспамен қоректендіру және шығарылатын әзірлемелерді калибрінің дұрыстығын әлсін- әлсін бақылау. Шприц - машинаны бөлшектеу, тазарту және жинау. Агрегаттың шприц- машинасында сымды резеңкелеу. Неғұрлым жоғары біліктілікті машинистің басқаруымен 85 мм дейін бұрамдықтың диаметрімен әр түрлі конструкциялы шприц – машиналарда баулар мен түтіктерді шприцтау кезінде жұмыстарды орындау. Резеңке қоспаны беру, машинамен созылатын әр түрлі пішінді түтіктер мен бауларды қабылдау. Берілген мөлшерлер бойынша әзірлемелерді өлшеу және кесу, ұнтақ жағу немесе суыту, тартпаларға немесе қанылтыр табаларға салу.

Білуі тиіс: шприцтау технологиялық процесін; бұйымдардың ерекшеліктерін, мөлшерін, түрлері мен пішіндерін, резеңке қоспалардың рецептілерін, маркаларын және оларды өңдеу ерекшеліктерін; өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптарды; құрал- жабдықтың құрылысын және реттеу ережесін.

Жұмыс мысалдары

1. Автокөліктерге есік және терезе шынылары үшін әзірлемелер – әзірлеу.

2. Қыздырылған резеңке қоспадан әр түрлі және мөлшердегі ленталар – шприцтау.

3. "Аптечкалардың" бөлшектеріне арналған резеңке бау - шприц-машиналарда әзірлеу.


378. Шприц-машина машинисті

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Резеңке әзірлемелерді шприцтау бойынша күрделі жұмыстарды немесе резеңке әзірлемелерді не біліктілігі неғұрлым жоғары шприц- машинаның машинистінің басқаруымен басқа бұйымдарды шприцтау бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау. 85 мм дейін бұрамдықтың диаметрімен шприц-машиналарда әр түрлі конструкциялы және пішінді резеңке шекқұбырларды, түтіктер мен шнурларды шприцтау (ерекше жауапты бөлшектерден басқа). Алмалы- салмалы протекторлық шығыршықтар үшін металлкардты резеңкелеу. Шприцтау (қыздыру) үшін массаны дайындау. Шприц- машинаны массамен апару және тиеу. Температура режимін ретеу. Затты алу. Затты одан арғы технологиялық операцияларғажіберу. Механизмдерді тазарту және майлау. Автомат-дозатор болған кезде (штампталған галоштар өндірісі) – автоматтың жұмысын реттеу және мөлшерлегішімен синхронды жұмыс істейтін іріктеу транспортердің жұмысын қадағалау.

Білуі тиіс: шприцталатын массаға техникалық талаптарды; шприц-машинаның құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; шприц-машинаның механизмдеріне қызмет көрсету ережесін; ерекше әзілемелердің ассортиментін, мөлшерлерін; көтеру- тасу механизмдерінде жұмыс істеу ережесін

Жұмыс мысалдары. Вулканизаторларға, эбониттен істелген таяқтарға, сілтілі түтіктерге арналған төсемдер, секторлық және қорытатын шығыршықты камералар – шприцтау.
379. Шприц-машина машинисті

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Резеңке дайындауларды шприцтау бойынша күрделі жұмыстары орындау. 85 мм артық бұрамдықтың диаметрімен машиналарда шиналарды қалпына келтіру мен жөндеу үшін заттар мен резеңке- техникалық дайындауларды, сондай- ақ шағын шприц- машиналарда ерекше жауапты бұйымдарды шприцтау. Автоматтандырылған тармақта алмалы- салмалы протектордық шығыршықтарды дайындау үшін металлкордты резеңкелеу. Шприцтау әдісімен фаолиттан, винипласттан, кабельді пластикаттан бұйымдар дайындау. Көп мәрте шприцтау әдісімен күрдеоі конфигурациялы бұйымдарды көркем инкрустациялау. Шприц-машинаны жұмысқа дайындау: мундштуктарды, дрондарды, реттелетін жұқа тақтайшаны таңдау және орнату. Шприц-машинаға массаны беруді қадағалау. Шприцтау режимін реттеу: температураны, судың айналымын, бақылау –өлшеу құралдары бойынша және көзбен шприцтау жылдамдығын. Шығарылатын дайындаулардың сапасын қадағалау. Шприц-машинаны қосу, тоқтату және жөндеу. Біліктілігі неғұрлым төмен машинистерге басшылық ету.

Білуі тиіс: шприцтау технологиялық процесін; өңделінетін қоспалар мен қосалқы материалдардың маркалары мен қасиеттерін; дайындаулардың мөлшері мен ерекшелігін; өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптарды; көп мәрте қайта шприцтау әдісімен инкрустациялау тәсілдері; бақылау- өлшеу құралдарын пайдалану ережесін.

Жұмыс мысалдары

1. Велопротекторлар, велокамералар және шеңбер ленталар - шприцтау.

2. Тоқыма қабықпен шлангалар - тоқыма қабық саптар өндірісінде шабылған бастиегімен шприц-машиналарда өңдеу.
380. Шприц-машина машинисті

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Айдайтын және қорытатын камералардың дайындауларын, протекторлық шығыршықтар мен диафрагмалар үшін дайындауларды шприцтау. Қақтаушымен бірге рецепт бойынша аналық қоспаны дайындау. Шприц-машинанын берілген калибрға, қима диаметрін және дайындаулар салмағын баптау. Технологиялық параметрлерді сақтау. Дайындауларды түсіру және жылжыту үшін көтеру құрылғыларын басқару.

Білуі тиіс: шығарылатын дайындауларды шприцтаудың технологиялық процесін; өңделінетін қоспалардың шифрлары мен рецептілерін, дайындаулардың мөлшерлері мен ерекшелігін; бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды; құрал- жабдықтың режимдерін; шприц-машинаны және бақылау- өлшеу құралдарын жөндеу ережесі мен құрылысын.

Жұмыс мысалдары. Қалыптық резеңке техникалық бұйымдардың дайындаулары – прецизиялық алдыңғы қалыптағышта дайындау.
381. Аэрозоль орауларының өндірісінде құрал- жабдық жөндеушісі

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Аэрозолды ораулардың өндірісінің жекелеген учаскелерінде құрал- жабдықты жөндеу; клапандар мен аэрозолды литографирленген баллондарды дайындайтын автоматтар мен жартылай автоматтарды; аэрозолды баллондарды лактауға, тегістеуге, жабу мен орауға арналған машиналар және бүкіл автоматты тармақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Жұмыс барысында автоматты тармақтарды реттеу. Автоматты тармақтың жекелеген механизмдерін жөндеу. Автоматты тармақты жөндеу кезінде мөлшерлейтін бастиектер мен форматорларды ауыстыру. Автоматты тармақтың баллондарының диаметрінің өзгеруімен байланысты кестелер бойынша қажетті есептеулерді орындау. Агрегаттардың, автоматтар мен жартылай автоматтардың ағымдағы жөндеуіне қатысу.

Білуі тиіс: автоматты тармақтың автоматтары мен жартылай автоматтарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын; механизм тораптарының дәлдігіне тексеру және жөндеу ережесін, күрделі және дәл бақылау- өлшеу құралдарын белгіленуі мен пайдалану; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың кинематикалық және электрлық сызбаларын.


382. Аэрозоль орауларының өндірісінде құрал- жабдық жөндеушісі

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Минутына 120 данаға дейін өнімділік кезінде аэрозолды ораулардың өндірісінде автоматты мен жартылай автоматты автоматтарды жөндеу. Құрал- жабдықтың технологиялық режимдерін жөндеу. Жекелеген автоматтардың белгіленген жұмыс режимдерінен ауытқуларының себептерін анықтау және оларды жою. Автоматтарды жөндеу кезінде қажетті техникалық есептерді орындау. Жөндеуден кейін бұйымдарды сынау дайындау.

Білуі тиіс: автоматты станоктардың барлық буындарының кинематикалық сызбаларын және өзара әрекеттесуін; автоматтардың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін; аэрозолдық препараттардың қасиеттерін; бақылау- өлшеу құралдарын реттеу ережесін; мүмкіндіктер мен отырғызулар жүйесін, өңдеу дәлдігі мен тазалығының кластары мен деңгейлерін.


383. Аэрозоль орауларының өндірісінде құрал- жабдық жөндеушісі

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Аэрозолды ораулардың өндірісінде автоматты тармақта құрал- жабдықтың бүкіл кешенін жөндеу. Минутына 120 данадан артық өнімділікпен аэрозолды ораулардың өндірісінде автоматтарды жөндеу.Тармақтардың бүкіл агрегаттары жұмыстарының технологиялық режимдерін жөндеу. Автоматты тармақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Автоматты тармаққа қызмет көрсететін жұмысшыларға нұсқама жүргізу.

Білуі тиіс: автоматты тармақта орнатылған автоматтарды конструкциясын, автоматты тармақтағы жұмыс режимдері мен жөндеу ережесін; станоктардың анықтамалары мен паспорттары бойынша автоматтардың жұмыс режимдерін анықтау ережесін; аэрозолды препараттардың өндірісі технологиясының негіздерін.


384. Материалдар мен жартылай фабрикаттардың ораушысы

1-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Материалдарды және орай ені мен қалыңдығының дәл мөлшерлерін сақтауды қажет етпейтін жартылай фабрикаттарды орау (қабыршақтарды, ылғалданған және ылғалданбаған маталар, қағаздар, баулар, иірілген жіптер, жіптер, сымдар, таңатын материалдар және басқалар), сондай-ақ біліктілігі неғұрлым жоғары ораушының басшылығымен жекелеген орау жұмыстарын орындау. Материалды дайындау, сорттау, сулау. Шпульды, бобиналарды, штангаларды, катушкаларды жеткізу. Машинаны тазарту. Материалдың ақауларын жою, жиектерін кесу, штангаларды, катушкаларды алмастыру және басқ.

Білуі тиіс: орау құрал- жабдықтарының құрылысы мен жұмыс қағидасы туралы негізгі мәліметтер; орау сапасына негізгі талаптар; материалдардың және жартылай фабрикаттардың түрлерін, сорттарын, орау тәсілдерін.


385. Материалдар мен жартылай фабрикаттардың ораушысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі орау құрылғыларында ені мен қалыңдығының дәл мөлшерлерін сақтауды қажет ететін материалдардың және жартылай фабрикаттардың әр түрлі түрлерін (қабыршақтарды, ылғалданған және ылғалданбаған маталар, қағаздар, маталар және басқалары) иірілген жіптер орау. Орау және тасу құрылғыларын жұмысқа реттеу және дайындау. Орау құрылғыларын зарядтау; материалды машинаға салу. Машинаны қосу, тоқтату және тазарту. Орау машиналарының жұмысын, есептегіштің ақаусыздығы мен орау сапасын қадағалау.

Білуі тиіс: орау құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын және оларды реттеу ережесін; орау сапасына негізгі талаптарды; материалдардың және жартылай фабрикаттардың түрлерін, сорттарын, орау тәсілдерін.


386. Материалдар мен жартылай фабрикаттардың ораушысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Каучук лентасын, шыныталшықтан жылу оқшаулайтын штапельді материалды, автотоқтату қондырғысымен орау машинасында дәкені, сондай-ақ басу мен сурет сапасын бір уақытта бақылаумен баспа қағазын орамдарға орау.

Білуі тиіс: орау құралдарының жәнебақылау- өлшеу құралдарын құрылысын; орау сапасына негізгі талаптарды; материалдардың және жартылай фабрикаттардың түрлерін, сорттарын, орау тәсілдерін; материалдардың негізгі қасиеттерін.


387. Химия өндірісінде қашықтан басқару пультының операторы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Тіркеуші, жазушы және реттеуші құралдарымен және құрылғылармен жабдықталған қашықтан басқару пультының регламентіне сәйкес күрделі емес технологиялық процесті жүргізу немесе біліктілігі неғұрлым жоғары оператордың басшылығымен күрделі көпфазалы процестің жекелеген операцияларын жүргізу. Аппараттар мен коммуникацияларды инертті газбен үрлеу. Шикізатты дайындау, алғашқы ерітінділерді, қоспаларды құрастыру, шикізатты мөлшерлеу және оны аппараттарға тиеу. Реакциялық массаны жылытумен немесе оны берілген температураға дейін суытумен араластыру кезінде технологиялық процесті жүргізу. Қосымша компоненттерді немесе катализаторларды аппараттарға беру. Реакцияның аяқталу және өнімнің даярлық сәтін анықтау. Дайын өнімді реакциялық массадан бөлу, өнімді түсіру, сүзу, тұндыру, айдау, кристаллдау, кептіру, себу және т.б. Сынамалар алу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті бақылау. Технологиялық режимді басқару пультынан реттеу. Берілген концентрациялы және рецептурадағы ерітінділер мен қоспаларды құру. Технологиялық журналда жазу жүргізу, шикізат пен өнімдердің қозғалысын есепке алу. Учаске солармен жабдықталған құрал- жабдықтар мен коммуникацияларға қызмет көрсету. Ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін учаскеде процестің физикалық- химиялық негіздерін және мәнісін; негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының, басқару қалқанының және реттеуші құрылғылардың құрылысын және жұмыс істеу қағидасын; технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін; шикізат пен дайын өнімге МемСТ-ды және техникалық шарттарды; сынамалар алу ережесін.

Жұмыс мысалдары.

1. Синтетикалық май қышқылдарының өндірісінде қышқыл ағындарды бейтараптандыру.

2. Синтетикалық жуатын құралдардың композицияларын дайындау.

3. Көмірсутегі шикізатын тура тотықтыру әдісімен өңдеу кезінде май спирттарын сульфиттау.


388. Химия өндірісінде қашықтан басқару пультының операторы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Автоматтандырылған химия өндірістерінд қашықтық пультынан технологиялық процесті жүргізу. Температураның, қысымның, кернеудің, мөлшерлеудің және құрал - жабдықты дистанциялық пульттан басқарудың басқа параметрлерінің қатаң шектерінде күрделі көп фазалық технологиялық процесті жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдарының және автоматиканың көмегімен тиелетін және жұмсалатын шикізат пен материалдардың саны мен сапасын, дайын өнімнің шығымы мен процестің басқа көрсеткіштерін бақылау. Сигналдық құрылғылар бойынша құрал - жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды және технологиялық процес бұзушылықтарын жою. Қажет болған жағдайда процесті дистанциялық басқару пультынан қолға көшу. Бақылау- өлшеу, реттеу және тіркеу құралдарына және пультта орнатылатын автоматты құрылғыларға қызмет көрсету. Өндірістік журналда қарулар көрсеткішін тіркеу.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін өндірістің технологиялық сызбасын; құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын; қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процестерін; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; құралдар мен автоматты жүйелердің жұмысындағы мүмкін ақаулар және оларды жою тәсілдері; техникалық шарттармен және МемСТ-мен дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; орындайтын жұмыс шегінде химияның, электр техникасының және химиялық технологияның негіздерін.

Жұмыс мысалдары

1. Сары фосфор өндірісінде фосфориттерді кептірудің, қыздырудың, пісіп жетілдірудің және салқындатудың технологиялық процесін жүргізу.

2. Жартылай өнімдер өндірісінің (паранитробензол, диизоцианаттар) технологиялық процесін жүргізу.

3. Вискозды талшық өндірісінің, қалдық ерітінділерді тазартудың тұндыру ваннасын, копролактамды регенерациялаудың технологиялық процесін жүргізу, капрон шайырын кептірулер.

4. Хлор және каустикалық сода, трилон- Б, хлорпарафиндер, үшхлорэтилен , монохлорсірке қышқылы, хлорамин, 2,4-Д амин тұзы, АГ - тұз; адипонитрил, қышқыл адипон қышқлы, синтетикалықтың тұз қышқылының және құрғақ концентрацияланған хлорлы сутегіні (стринингі - процесс), сұйық хлор өндірістерінде технологиялық процесті жүргізу.

5. Кальций карбиді өндірісінде карбидті пештердің реакциялық газын іріктеу мен тазартудың технологиялық процесін жүргізу.

6. Асқа салатын тұздың тұздығын дайындау және тазарту, кристалл тұзын алумен асқа салатын тұздың тұздығын булау.

7. Иіретін ерітінді алудың толассыз технологиялық процесі барлық сатыларын жргізу оның қалыптасуға дайындау, қалыптау, талшық өңдеулері, «нитрон» талшығының өндірісінде натрийді регенерациялау.

8. Акрил қышқылы нитрилін, ацетонциангидрин, акрил қышқылы метилін аудың үздіксіз технологиялық процесін жүргізу

9. Пиролиз, газ бөлу, полимерлеу, жоғары қысымды (2500 кг/см2) полиэтилен өндірісінде түйіршіктелген полиэтилен алудың үздіксіз технологиялық процесін жүргізу.

10. Екінші қайтара май спирттарды бөлу.

11. Бастапқы май спирттарды гидрогенизациялау.

12. Екінші қайтара май спирттардың тазарту.

13. Синтетикалық май семіз қышқылдарды және синтетикалық май спирттарды алу кезінде парафинді тотықтыру

14. Синтетикалық май қышқылдарын алу кезінде оксидті сабындау.

15. Моноалкилсульфоянтарнойын тұзда динатрий қышқылын алу.

16. Алғашқы май спирттардың өндірісінде метил эфирларын алу.

17. Алғашқы май спирттардың өндірісінде сабынды ыдырату.

18. Синтетикалық жуатын құралдардың өндірісінде май спирттарды сульфаттау.

19. Екінші қайтара май спирттардың өндірісінде сульфаттау.

20. Алғашқы май спирттарды этерификациялау.
389. Химия өндірісінде қашықтан басқару пультының операторы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысын автоматты реттеумен химия өндірістерінде, қажет болған жағдайда - құрал- жабдықты тікелей орнату жерлерінде қашықтан басқару пультымен технологиялық процесін жүргізу. Бақылау - өлшеу құралдарының және автоматиканың көмегімен негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, электр энергиясының, температураның шығынын, қысымды және процестің басқа көрсеткіштерін бақылау және реттеу. Шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың , дайын өнім шығымын барлық өндіріс сатыларында есептеу және есепке алу. Пневмоэлектрлық сигналдық құрылғылары бойынша құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды және технологиялық процестің бұзушылықтарын анықтау және жою. Технологиялық процесті қашықтан басқару пультының барлық автоматты құрылғыларының үздіксіз жұмысын үйлестіру және қамтамасыз ету. Қажетті мәліметтерді зауыт диспетчеріне жеткізу.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін өндірістің технологиялық сызбасын; бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика жүйелерінің және құрал- жабдықтың құрылысы мен құрылымын; шикізатты және өнімнің шығымын есептеулер әдістемесін; автоматты құрылғыларға қызмет көрсету ережесін, автоматиканы бақылау және процесті бұғаттау процесінің сызбасын; технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін. Цех бойынша авариялы жағдайларды жою жоспарын (бөлімшеде).

Арнайы орта білім қажет.

Жұмыс мысалдары

1. Аммиак, метанол, цианур қышқылы, аммиак селитрасы, карбамид, капролактама, әлсіз азот қышқылы, диметилтерефталат, нитрофоски, этилбензол өндірістерінде технологиялық процесін жүргізу.

2. Берілген концентрациялық және мөлшердегі күкірт газын алудың немесе күкірт қышқылының өндірісінде өңдеудің барлық сатыларының (сулы тазарту, кептіру, тотықтыру және абсорбциялау) технологиялық процесін жүргізу.

3. Экстракциялық әдіспен фосфор қышқылы, концентрацияланған және күрделі тыңайтқыштар мен жемдік фосфаттардың өндірістерінде технологиялық процестің барлық сатысын жүргізу.

4. Органикалық жартылай өнімдерді (фталь ангидриді, антрахинон, диизоцианаттар және басқ.) өндіру технологиялық процестің барлық сатысын жүргізу.

5. Сары фосфор өндірісінде (электрайдау, конденсация) технологиялық процесті жүргізу.

6. Хлор мен каустикалық сода, флотореагенттер, кальций гипохлориты, этилацетат өндірістерінде технологиялық процесті жүргізу..

7. Қиыстырылған тұқым улағыштарыны, винилхлоридты, төрт хлорлы көміртегіні, перехлорэтиленді, тетрахлорэтанды, үшхлорэтиленді, каучук хлорпрен және латекстерді, дихлорбутенді, дихлорбутадиенді, хлореметилді, дихлорэтанды, поливинилхлоридты, сутегі асқын тотықтарын, металл натрийын, регенеративті заттарды, эпихлоргидринды, глицеринді, сұйық хлорды, этилді сұйықтықтарды, монокристалдарды және олар үшін тұздарды өндіруде технологиялық процесті жүргізу.

8. Кальций карбиді өндірісінде ірі қондырғыларда нафтаны, кальций карбидінен ацетиленді, нафтадан ацетилен мен этиленді өндірудің технологиялық процесін жүргізу.

9. Элеткрохимиялық әдіспен пергодриль,тетраэтиловинец (синтез), фреондар 11-12, кремнийорганикалық мономерлерді (тура синтезбен) және жеңіл органикалық синтез өндірісінде технологиялық процесін жүргізу.

10. Иіретін ерітінді алудың толассыз технологиялық процесінің барлық сатыларын жүргізу, оны қалыптауға дайындау, қалыптау және талшық өңдеу, бір уақытта өз цехының жұмыстарын және кәсіпорынның басқа цехтерін басқарумен және үйлестірумен «нитрон» регенерацияның талшық өндірісінде натрийді регенрациялау.

11. Перхлорвинилдық шайыр өндірісінде дихлорэтан тәсілімен хлорлау сатыларының процесін жүргізу

12. Құрамында изобутил спирті, диметилацетамидтер, хлорлы литий бар қалдық ерітінділерді регенерациялау процесін жүргізу.

13. Акрил қышқылы нитрилін, ацетонциангидринді, акрил қышқылы метрилін (тотықтыру, ректификациялау, синтездеу және басқ.) - бір уақытта өз цехының жұмыстарын және кәсіпорынның басқа цехтерін басқарумен және үйлестірумен үздіксіз технологиялық процесін жүргізу.

14. Бір уақытта өз цехының жұмыстарын және кәсіпорынның басқа цехтерін басқарумен және үйлестірумен пиролиз, газ бөлу, полимерлеу, жоғары қысымды (2500 кг/см2) полиэтилен өндірісінде түйіршіктелген полиэтилен алудың үздіксіз технологиялық процесін жүргізу.

15. Дивинил өндірісінің технологиялық процесін жүргізу.

16. Бір уақытта өз цехының, учаскесінің және кәсіпорынның басқа цехтерін жұмыстарын басқарумен және үйлестірумен күкірт концентратын байытудың, күкіртті балқыту мен ұсақтаудың үздіксіз технологиялық процесін жүргізу.


390. Түткіш машиналардың операторы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен қуаттандырумен түткіш машиналарда шыныталшықты түту мен жабыстыру процесін жүргізу; біртүткіш аппаратқа қызмет көрсету. Машинаны жұмысқа дайындау: түткіш машинаның күйін тексеру, шыныталшықты, сіңдіру үшін лакты апару, бакка құю. Шығарылатын төсекжапқыштардың маркасына сәйкес түтілген шыныталшықтарды өлшеу. Талшықты түткіш машинаның қуаттандыратын торына төсеу. Түту процесін қадағалау. Талшықты біркелкі сіңдіру немесе құрғақ талшықты түткіш машина арқылы өткізу. Сіңдірілген немесе құрғақ шыныталшықты түткіш машинаның барабанына орау, белгілі ұзындықты бөліктерге кесу, барабаннан алу. Сіңдірілген шыныталшықты қысқыштарға орнату немесе оны лнеталық кептіру машинаның торына төсеу. Майлау. Құрғақ шыныталшықтан төсекжапқыштарды өндіру кезінде машинаны және шығын бакты тазарту, оны өлшеу, ауданын, қалыңдығын, көлемдік салмағын және маркасын анықтау. Орамға орау, байластыру, маркалау және орау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет