Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет6/13
Дата17.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
#205238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

әр түрлі бөлшектерге арналған материалдар мен дайындамалардың қасиеттері мен олардың мақсаты;

ойылған бөлшектер мен қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

автоматты тазалау және майлау ережесі;

ақаулықтың түрлері және оның алдын алу шаралары.

Параграф 3. Ою-қалыптау машинасының машинисі, 3-разряд


257. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз, картон, жібек және барқыт матадан және оларды алмастырғыштардан сегмент, түбі мен басқа да күрделі қалыптарды ою таллерлік (конверттік) престе және механикалық түрде берілетін эксцентрикті престерде пышақ қалыбының (оймасының) немесе қалыптардың көмегімен ою;

көркем этикеткаларды сурет контуры бойымен дәлме-дәл ою;

престің таллерлік плитасына кесек тақтайды орнату;

престің қысу бөлігін реттеу;

ою сапасын, тазалығы мен тереңдігін бақылау;

жиналмалы қораптардың пішімін ою автоматында ою;

штанцевалдау қалыбын, өздігінен жапсыру мен қабат өткізгіш жүйені орнату, реттеу;

жабдық жұмысындағы ақаулықтарды түзету.

258. Білуге тиіс:

престің құрылысы, реттеу тәсілдері;

материалдардың қасиеттері және ою кезінде олармен жұмыс жүргізу ережесі;

әр түрлі бөлшектерге қолданылатын шикізат пен пышақ қалыптарының түржиыны;

ойылған бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

ақаулықтардың себептері және олардың алдын алу шаралары;

қалыптардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

автоматты реттеу ережесі.

Параграф 4. Ою-қалыптау машинасының машинисі, 4-разряд


259. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандартқа сәйкес бағдарламамен басқарылатын ою прессінде конверт дайындамасын ою;

ою қалыбын көтеру биіктігі бойынша престің тораптарын, механизмді тегістейтін дайындаманы итергішті, қалыпталатын бетті орнату және реттеу;

престі конверттің жаңа түріне ауыстырып салу;

бағдарламалық картаны таңдау және оны программаторға салу;

қағаздың таза беттерін итеру, оларды автомат дөңгелекті үстелдің рамасына орналастыру, конверт дайындамаларын шабу және бума етіп жинақтау;

гидравликалық жүйедегі қысымды реттеу, пресс жұмысындағы ақаулықтарды жою.

260. Білуге тиіс:

басқару жүйесі;

престі автоматты түрде майлау тәсімі;

гидравликалық және шоғырландыру жүйесінің жұмыс қағидаты;

пішіні әр түрлі дайындамаларды ою үшін престі қайта баптау ережесі, машина тораптары жұмысының ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері;

жартылай дайын өнімдердің, оларды кейінгі өңдеуді ескергендегі техникалық шарттары (басылған қағаз беттері, конверт дайындамалары);

конверттерге қатысты қолданыстағы мемлекеттік стандарттар.

52. Бүрмелеу агрегатының машинисі
Параграф 1. Бүрмелеу агрегатының машинисі, 2-разряд
261. Жұмыс сипаттамасы:

декоративтік бұйымдардың сфальцтелген және сфальцтелмеген қағаз дайындамаларын гармошка ретінде құрғақ бедерлі білікпен бүрмелеу станогында бүру;

бүру сапасын бақылау;

жұмыс процессіндегі ақаулықтарды түзету.

262. Білуге тиіс:

станоктың құрылысы және жұмыс қағидаты;

өңделетін дайындаманың түрлері мен мақсаты;

қағаздың қасиеттері;

бүрмелеу кезіндегі ақаулықтардың түрлері және олардың алдын алу шаралары.

Параграф 2. Бүрмелеу агрегатының машинисі, 3-разряд


263. Жұмыс сипаттамасы:

көп қабатты бүрмеленген картон мен орауға арналған сортты қағаздан жасалған бүрмені жасау;

қағаз орамасын машинаға жеткізу;

қағаз жайманы желімдеу аппаратының бұрмасына, кедір-бұдыр білікке, картон мен қағаз жайманы желімдеу машинасына салу;

астауға силикат желім толтыру;

желімдеу аппараттарын, кедір-бұдыр білікті реттеу;

ұзыннан бойлап кесу пышағы мен релені ені бойынша, ал көлденең кесу пышағын белгіленген өлшем бойынша орнату және баптау;

желімдеу машинасының, тасымалдау білігінің жұмысын, картонды, бүрмені желімдеу және жасау, дайындаманы кесу, жиектерін кесу сапасын, силикат желімнің біркелкі түсуін, плита мен кептіру таспасының температурасын бақылау;

пішімді уақтылы іріктеу;

көлденең кесу пышағының жылдамдығын, картон мен қағаздың керілуін реттеу;

жөндеуге қатысу. жабдықты күту.

264. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

машинаның кинематикалық схемасы;

картон мен қағазды машинаға салу тәртібі;

бүрме картонды жасау үшін қолданылатын қағаз бен материалдың негізгі қасиеттері; дайын картонды пішу;

картонның сапасына қойылатын талаптар;

бүрме картонның әр түрлі түрлерін жасауға арналған агрегат машинасын қайта баптау ережесі.

Параграф 3. Бүрмелеу агрегатының машинисі, 4-разряд
265. Жұмыс сипаттамасы:

көп қабат бүрмеленген картонды жұмыс жылдамдығы 100 м/мин. дейінгі бүрмелеу агрегатында жасау. агрегаттың барлық тораптарын: толтыру стенділерін, бүрмелеу басұшын, желімдеу машинасы мен көлденең-кесу пышағын тексеру және жарамдылығын қарау;

агрегат жұмысының жылдамдығын, бу қысымы мен силикат желімнің берілуін, картон мен қағаз жаймасының керілуін реттеу;

картон мен қағаз жаймасын бүрмелеу басұшына салу;

астауға силикат желім толтыру;

плита мен кептіру камерасының температурасын, желімнің картон жаймасына дұрыс жағылуын және қабаттардың желімделу сапасын, кептіру тасымалдауыштарының жұмысын, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен олардың жұмысқа жарамдылығын бақылау;

қабаттарының саны әр түрлі бүрме картонды жасау үшін агрегатты қайта баптау;

агрегатты желім мен шаңның жиналуынан тазалау;

агрегатты жөндеуге қатысу және оны баптау.

266. Білуге тиіс:

тұтастай бүрмелеу агрегатының кинематикалық схемасы;

барлық тораптар мен механизмдердің өзара әрекеттесуі, олардың мақсаты мен реттеу ережесі;

картон мен қағаздық сорты, олардың сапасы мен ылғалдылығы;

картон мен қағазды агрегатқа салу, желімді бүрмеге жағу, бүрмеленген картонның әр түрлі түрлерін жасауға арналған агрегатты пайдалану және баптау ережесі;

бүрмеленген картонның техникалық шарттары.

Жұмыс жылдамдығы 100 м/мин. астам бүрмелеу агрегатына қызмет көрсеткен кезде - 5-разряд.

53. Гуммирлеу агрегатының машинисі
Параграф 1. Гуммирлеу агрегатының машинисі, 2-разряд
267. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен қағаз және этикетка қабаттарды, жолақтар мен фольганы гуммирлеу;

желімді қағазға немесе қағаз жаймаға гуммирлеу агрегатында жағу;

ішпекті гуммирлеу таспасымен жартылай автоматта гуммирлеу және оларды жинаққа құрастыру;

кептіру камераларының, қазандықтың, әперу құрылғысының температурасын, желімнің консистенциясын, оның берілу жылдамдығы мен қағаз жайманың керілуін реттеу;

желім пленкасының біркелкі жағылуын және жабысу, бүрмеленген картоннан жасалған изотермиялық жәшіктердің құрастырылу сапасын бақылау;

желімді пісіру.

268. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін барлық тораптардың құрылысы;

изотермиялық жәшіктерді жабыстыру, желім дайындау, қағаз орамасын толтыру және алу кезінде көтеру механизмдерін пайдалану ережесі;

жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Гуммирлеу агрегатының машинисі, 4-разряд


269. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды, қағаз қабаттарын, жолақ пен фольганы гуммирлеу процессін жүргізу;

қағаз орамасын агрегат стендіне орау;

клишені баспа мөлшеріне байланысты орнату;

қағаз орамасына жазу мен желімді гуммирлеу агрегатында жағу;

желімнің, бояудың берілу жылдамдығын және қағаз жайманың керілуін реттеу;

қыздыру-кептіру камерасының жұмысын, оған ыстық ауаның берілуін және оның араласуын, жылу режимін автоматты түрде реттеу аспабын, гуммирленген қағаздың білікке оралуын, баспа сапасы мен желімді қағаз жаймаға жағуды бақылау;

агрегатты баптау.

270. Білуге тиіс:

гуммирлеу агрегатының кинематикалық схемасы;

агрегаттың барлық тораптары мен бөлшектерінің өзара әрекеттесуі, олардың мақсаты мен реттеу тәсілдері;

жылу арматурасын пайдалану ережесі;

желімнің тұтқырлығын және жарылуға беріктігін айқындау тәсілдері;

қағазды агрегатқа салу және тежегіш айлабұйымдарды реттеу, клишені баптау және орнату тәсілдері;

баспа және қағаз жаймасының гуммирленуі сапасына қойылатын талаптар.

54. Түбін желімдеу машинасының машинисі


Параграф 1. Түбін желімдеу машинасының машинисі, 2-разряд
271. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен автоматтандырылған түбін желімдеу машинасында түп жасау процессін жүргізу;

түтіктерді тасымалдауышқа жіберу;

олардың дұрыс жүруін бақылау;

машинаның форматын ауыстыруға қатысу және машинаны баптау.

272. Білуге тиіс:

машинаның қызмет ету қағидаты;

жабық қаптарға қойылатын талаптар.

Параграф 2. Түбін желімдеу машинасының машинисі, 3-разряд
273. Жұмыс сипаттамасы:

түп жасау процессін жүргізу. түптің қалыптасу процессін реттеу, желім жағу және қаптың дайын түбін қалыптастыру;

түтікті машинаға толтыру;

машинаның қалыпты жұмысын бақылау;

машинаның бөліктерін майлау;

форматты ауыстыруға басшылық жасау және қатысу;

пышақ орнату және машинаны баптау.

274. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы мен жұмыс қағидаты;

жабық қаптарды өндірудің технологиялық процессі;қаптардың техникалық шарттары.

Түптерді автоматты желіде жасау кезінде - 4-разряд.

55. Жазу машинасының машинисі


Параграф 1. Жазу машинасының машинисі, 3-разряд
275. Жұмыс сипаттамасы:

тұсқағазды белгіленген ұзындыққа жазу;

қағаз жайманы жазу машинасына орау;

ұршықты толтыру, тұсқағаз бөліктерін орау, ұршықтан алу, бандерольдеу және арбаға салу;

тұсқағаз жаймасы машинаның жазу құрылғысы арқылы өткен кезде тұсқағаздың сапасын бақылау және тұсқағазды сорты бойынша сұрыптау;

басылған тұсқағаздың тығырығын орнату және машинаға салу.

276. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы мен жұмыс қағидаты; ұзындығы әр түрлі бөліктерді жазу тәсілдері;

тұсқағаздардың артикулы және оларға сорттылықтың техникалық шарттарын белгілеу;

тұсқағаздарды таңбалаудың дұрыстығы.

56. Желімдеу-ию машинасының машинисі
Параграф 1. Желімдеу-ию машинасының машинисі, 3-разряд
277. Жұмыс сипаттамасы:

таспаның жиегін ию және желімдеу, машинада майлау;

машинаға қағаз тығырық салу;

машинаның жұмысы мен таспаның майлану және иілу сапасын бақылау;

машинаның ақаулығын жою және оны майлау.

278. Білуге тиіс:

таспаны желімдеу, майлау және июдің технологиялық схемасы;

машинаның құрылысы және оның жұмыс қағидаты.

57. Желімдеу-кептіру машинасының машинисі (желімдеуші)
Параграф 1. Желімдеу-кептіру машинасының машинисі

(желімдеуші), 5-разряд


279. Жұмыс сипаттамасы:

баритаждау, гуммирлеу, қағаздың бетін желімдеу процестерін жүргізу;

технологиялық режимнің сақталуын, өңделетін қағаздың сапасын, желімнің, бояудың, электр энергиясы мен будың жұмсалуын бақылау;

қағаздың біркелкі кептірілуін, жайманың керілуі мен жабдықтың жұмысқа жарамды күйін бақылау;

қағазды кептіру процессін реттеу;

машинаның керек-жарақтарын ауыстыру;

машинаны жуу. өнімді есепке алу.

280. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы; қапталатын және дайын қағазға, желім мен бояуға қойылатын техникалық талаптар;

қағазды желімдеу режимі;

ақаулықтар мен оларды жою тәсілдері.

58. Қатайту машинасының машинисі


Параграф 1. Қатайту машинасының машинисі, 2-разряд
281. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен қағазды қатайту процессін жүргізу;

машинаны іске қосқан кезде, ораманы ауыстырған кезде және қағаз үзілген кезде қағаз жаймасын толтыру;

қағаз орамасын ораудан алу және шұғаны түзету;

цилиндрдегі будың қысымын бақылау.

282. Білуге тиіс:

қатайту машинасының құрылысы;

қағазды кептіру процессі;

қатайтылған қағазға қойылатын талаптар.

Параграф 2. Қатайту машинасының машинисі, 3-разряд


283. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды қатайту, бояу және кептіру процессін жүргізу;

қағаз орамасы мен фольганы жеткізу және орнату;

қағаз жаймасы мен фольганы негізгі біліктер арқылы және астауды қатайту цилиндріне толтыру;

қағаздың орамаға оралуын және цилиндрдегі қысымды бақылау.

284. Білуге тиіс:

машина мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы мен жұмыс қағидаты;

кептірудің температуралық режимі;

ерітіндінің құрамы;

қағазды қатайту технологиясы.

59. Ұзын талшықты қағаз машинасының машинисі
Параграф 1. Ұзын талшықты қағаз машинасының машинисі, 3-разряд
285. Жұмыс сипаттамасы:

ұзын талшықты қағаз өндірісі бойынша машинаның кардотарау бөлігінде талшықты тарау процессін жүргізу;

жайманың өн бойында бірдей тығыздықты қамтамасыз ету үшін холстты орнату және тегістеу;

талшықты тарауды бақылау;

кардотаспаны қайрау үшін арқан дайындау, машинаны тозаңдандыру;

таспаның мақта тарамын кардотарау машинасынан машинаның ылғал бөлігіне ауыстыру;

машинаның керек-жарақтарын жуу және ауыстыруға қатысу.

286. Білуге тиіс:

машинаның кардотарау бөлігінің құрылысы мен жұмыс қағидаты;

мақтаның техникалық сипаты;

ұзын талшықты қағаздың сапалық көрсеткіштері.

Параграф 2. Ұзын талшықты қағаз машинасының машинисі, 4-разряд


287. Жұмыс сипаттамасы:

ұзын бойлық-берік ұзын талшықты қағаз өндірісі процессін жүргізу;

желім құрамын машинаның астауына құю және желімді ұзын талшықты қағазға сіңдіру;

желімдеу дәрежесін, нығыздау процессі мен машинаның керек-жарақтарының жай-күйін бақылау;

біліктілігі анағұрлым төмен машинистердің жұмысына басшылық жасау. машинаның керек-жарақтарын жууға және ауыстыруға қатысу.

288. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы мен жұмыс қағидаты;

мақтаның техникалық сипаты; сіңдіруге арналған желімнің қасиеттері;

ұзын талшықты қағаздың сапалық көрсеткіштері.

Беріктігі тең ұзын талшықты қағаз жасау кезінде 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.

60. Қағазды полиэтилен пленкамен қаптауға арналған

машинаның машинисі


Параграф 1. Қағазды полиэтилен пленкамен қаптауға арналған

машинаның машинисі, 3-разряд

289. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз жаймаға полиэтилен пленка мен басқа да қаптама материалдарды жабу үшін оны толтыру;

экструдерді полиэтиленмен және басқа да қаптама материалдармен толтыру;

қағаз орамасы мен тұсқағазды машина стенділеріне орнату;

қағаз және тұсқағаз жаймасының оралу сапасын, біліктерді салқындату үшін су жіберетін сорғының жұмысын бақылау.

290. Білуге тиіс:

көтеру механизмдерінің, толтыру стенділері мен су жіберетін сорғының құрылысы;

негіз қағаз бен тұсқағаздардың, полиэтилен мен басқа да қаптау материалдарының қасиеттері;

полиэтилен және басқа да пленкалармен қаптау технологиялық процессі.

Параграф 2. Қағазды полиэтилен пленкамен қаптауға арналған

машинаның машинисі, 5-разряд
291. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды полиэтилен пленкамен қаптау;

экструдерде полиэтиленді еріту технологиялық процессін жүргізу;

полиэтиленнің, бу мен судың жұмсалуын, сондай-ақ әр түрлі аймақтарда полиэтиленді балқыту температурасын белгіленген температуралық режимге және аспаптардың көрсеткіштер бойынша технологиялық процесті реттеу;

пленка жасау және оны қағаз және тұсқағаз жаймаға жағу;

бақылау анализдерін алу;

машина жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою;

машинаның алмалы-салмалы біліктерін ауыстыруға басшылық жасау және қатысу.

292. Білуге тиіс:

машина мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы мен жұмыс қағидаты полиэтиленді еріту, пленка алу және оны қағаз және тұсқағаз жаймаға жағу технологиясы;

қызмет көрсетілетін машинаның жұмыс режимі;

полиэтилен мен басқа да қаптама материалдардың, негіз-қағаз бен тұсқағаздардың физикалық және химиялық қасиеттері.

61. Темекі сүзгісіне арналған қағазды жасау

машинасының машинисі


Параграф 1. Темекі сүзгісіне арналған қағазды жасау

машинасының машинисі, 4-разряд


293. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен темекі сүзгісіне арналған қағазды сіңдіру процессін жүргізу;

қағаз орамасын стенділерге орнату және оны машинаға салу;

негіз-қағазды рилелеу;

орау және тығырықтарын алу.

294. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

қағаздың қасиеттері;

қағазды сіңдіру және кептіру режимі, дайын өнімнің сапа өлшемдері.

Параграф 2. Темекі сүзгісіне арналған қағазды жасау

машинасының машинисі, 5-разряд
295. Жұмыс сипаттамасы:

темекі сүзгісіне арналған қағазды сіңдіру процессін жүргізу;

риле-аппаратты қажетті тереңдікке орнату;

қағаздың риле-аппарат арқылы кептіру камераларына өтуін бақылау;

қағаздың сіңдіру технологиялық режимінің сақталуын және дайын өнімнің сапасын бақылау;

негіз-қағазды жұмсаудың шекті нормасын сақтау;

қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

296. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау ережесі;

негіз-қағаз бен рилеленген түрдегі қағаздың қасиеттері;

қағазды сіңдіру, рилелеу және кептіру режимі;

бақылау-өлшеу аспабының жұмыс қағидаты;

дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

62. Гильза жасау машинасының машинисі


Параграф 1. Гильза жасау машинасының машинисі, 2-разряд
297. Жұмыс сипаттамасы:

битумделген, патрон қағаз бен рольдік картоннан гильза жасау процессіне қатысу;

тығырықты автоматқа орнату және толтыру, араны реттеу, бұйымдарды кесу, өнімді алу;

дайын бұйымдарды қабылдау және ақауларын анықтау;

ақаулы гильзаларды шығарушы;

автоматты баптауға қатысу;

гильзаны орау және желімдеу;

желімді жеткізу және гильзаны кептіруге жіберу;

станокта немесе дискілі арада гильзаны тығырықтың немесе ораманың форматы бойынша сақиналап кесу.

298. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

жартылай дайын өнімдердің сапасы және мемлекеттік стандарт пен техникалық шарттар бойынша өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Гильза жасау машинасының машинисі, 3-разряд
299. Жұмыс сипаттамасы:

битумделген, патрон қағаз бен рольдік картоннан нақты белгіленген диаметрлі сауыттарға арналған гильзаны жасау процессін жүргізу;

желімнің битум ерітіндісін техникалық шарттар бойынша дайындау;

сапасын бақылау;

автоматты баптау және күту;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану.

300. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

ерітінді компоненттерінің құрамы;

дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.

63. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі
Параграф 1. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі, 1-разряд
301. Жұмыс сипаттамасы:

дайын бұйымдарды алу, бумаларға жинау, өлшеу және қоймаға апару;

ақаулы бұйымдарды сұрыптау. қағазды алу және бумаларға түю және орауға жіберу;

машинаны тазалау.

302. Білуге тиіс:

дайын өнімге қойылатын талаптар;

машинаны күту ережесі.

Параграф 2. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі, 2-разряд

303. Жұмыс сипаттамасы:

майлық, жөргек, гигиеналық пакеттер мен осыған ұқсас қағаздан жасалатын басқа да бұйымдарды біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен жасау;

қағаз орамасын машинаға жеткізу және оларды өңдеу;

қағаз ораманы машинаға салуға қатысу, қағаз жаймасының керілуін және қозғалысын реттеу, қағазды салу және мөлшері бойынша кесу, өрнек немесе перфорация салу;

қағаздан жасалған дайын бұйымдарды сұрыптау және орау машинасында орау;

желім дайындау және онымен орау машинасының астаушаларын толтыру;

орау парағының мөлшерін сақтау;

дайын өнімнің сапасын бақылау;

орау машинасын баптау.

304. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты;

қағаз бен дайын бұйымға қойылатын талаптар;

бақылау-өлшеу аспаптарының қолданылу ережесі;

орау машинасын баптау ережесі;

ақаулықтардың түрлері және олардың алдын алу, жою тәсілдері.

Параграф 3. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі, 3-разряд


305. Жұмыс сипаттамасы:

майлық, жөргек, гигиеналық пакеттер мен осыған ұқсас қағаздан жасалатын басқа да бұйымдарды жасау;

қағазды машинаға салу;

машинаның жылдамдығын реттеу, қағаздың керілуі мен оның оралу тығыздығын реттеу;

бұйымдардың мөлшері мен бүктелуін бақылау;

машинаның таспа пышағын қайрау бұрышы мен оның өн бойындағы біркелкілігін сақтай отырып, қайрау.

306. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

қағаздан жасалған бұйымдарды жасау технологиясы;

бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс қағидаты;

шикізат пен материалдарды жұмсаудың шекті нормасы;

машинаның жылдамдығын, қағаздың керілуін және оның оралу тығыздығын реттеу тәсілдері;

дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарты.

Параграф 4. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі, 4-разряд


307. Жұмыс сипаттамасы:

сүлгі, дәретхана қағазы және осы сияқты бұйымдарды жасау;

қағазды ұзыннан және көлденеңнен кесу, бүгу, перфорация салу және бұйымның, полиэтилен пленканың, тоқылмаған материалдардың санын есептеу, сондай-ақ екі және одан да көп бояумен сурет салу;

машина тораптарының жұмысын бақылау және олардың арасындағы циклдерді реттеу;

қызмет көрсетілетін жабдықты баптау;

қағаз майлықтарды өнімділігі жоғары автомат желілерде біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен жасау;

қағаз майлықтарды полиэтилен пленкаға орау және гофротараға салу;

автомат желінің барлық тораптарын майлау;

қағаз, полиэтилен пленка және басқа да материалдарды салу.

308. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

дайын өнімдерге қойылатын талаптар;

бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және баптау ережесі;

машинаның жылдамдығы мен қағаздың орналасу жағдайын реттеу тәсілдері;

қызмет көрсетілетін жабдықтың баптау ережесі, май құбырларының, су құбырларының, пневмо құбырлардың схемасы;

майлау режимі; қолданылатын материалдың, бояу мен желімнің сипаты.

Параграф 5. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі, 5-разряд
309. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз майлық және басқа да осы сияқты бұйымдарды өнімділігі жоғары автомат желілерде жасау;

полиэтилен пленканы, қағазды кесу;

екі және одан да көп бояумен сурет салу, суретті бедерлеу, бүктеу, полиэтилен пленкаға орау және гофротараға салу;

желінің жұмысын бақылау;

автомат желінің барлық тораптарының жұмысын реттеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын, май мен ауаның қысымын, судың салқындатылуын бақылау;

автомат желінің жұмысын өнімділігі жоғары режимде қамтамасыз ету.

310. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты;

электронды, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты мен мақсаты;

үйлесімді жұмысқа қол жеткізу үшін желінің тораптарын реттеу және баптау тәсілдері;

май құбырларының, су құбырларының, пневмо құбырлардың схемасы;

майлау режимі; қолданылатын материалдың, бояу мен желімнің сипаты.

64. Қабаттау машинасының машинисі
Параграф 1. Қабаттау машинасының машинисі, 3-разряд
311. Жұмыс сипаттамасы:

көп қабатты қатайтылған қағазды қабаттау машинасында жасау;

қағазды дайындау, машинаға орнату және салу;

машинаның жылдамдығын реттеу;

кесу тазалығын бақылау, қабаттардың саны мен қабатталған қағаздың енін бақылау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет