Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Педагогика әдіснамасының мәнісін ашыңыз.
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білігінің негізгі белгілері қандай?
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері олардың мәні мен мазмұны.
Әлеуметтік педагогиканың негіздері қандай?
Әлеуметтік педагогика әдіснамаларының негізгі проблемалары қандай?
Әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық негіздері, олардың мәнісі.
Әлеуметтік педагогикаға практикалық, теориялық түрде және білім саласы бойынша сипаттама беріңіз.
Әлеуметтік педагогиканың дүниетанымдық негіздері.
Әлеуметтік педагогиканың логикалық –гносеологиялық негіздері қандай?
10. Әлеуметтік педагогиканың ғылыми-мазмұндық деңгейі қандай?
11. Әлеуметтік педагогика мәселелерін жүзеге асыруға ғылыми-теориялық тәсілдемелері
қандай?
4-тарау
Әлеуметтік педагогиканың негізгі қағидалары және олардың талаптарын іске асыру
Әлеуметтік педагогика қағидаларының проблемалары оның теориялық-әдістемелік негіздерінің әзірлемесімен байланысты. Бұл әлеуметтік- педагогикалық үдерістің тиімділігіне әсер ететін негізгі базалық ережелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Аталмыш тақырып мына проблемаларды қарастырады:
- әлеуметтік педагогика қағидалары ұғымы және оның мәні;
- әлеуметтік педагогиканың негізгі қағидаларына жалпы сипаттама және олардың талаптары.
4. 1. Әлеуметтік педагогика қағидалары ұғымы және оның мәні
Қағидалар әлеуметтік оқыту және тәрбиенің негізгі заңдылықтарын көрсетеді, солардан туындайды және сондықтан, өзінің өмір сүруі мен әрекеттерінің обьективтік табиғатын құрайды. Олардың әрқайсысы әлеуметтік педагогтың теориялық негіздемелері мен практикалық қызметінің міндетті ережелері мен талаптарын ұсынады. Қағида нормативтік-реттеуші функцияны атқарады.
Қағида көбінесе ережемен теңеседі. Алайда, өзінің көлемі жағынан ереже қағидадан тар шеңберлі. Ол қағидамаен салыстырғанда, жеке ұғымға жатады және жеке ережені, нақтылы жағдаятта қолданылатын әдісті көрсете отырып, содан туындайды. Педагогикада алатын орнына қарай, ереже рецептуралық ұсынымдар сипатында болады, Қағиданың құрамында көптеген ережелер орын алады, бірақ, олардың жиынтығы құбылыстардың жиынтығы ретінде олардың мәнін бере алмайтындықтан, әлі де қағиданы құрай алмайды.
Ереже – бұл маман қызметінің міндетті сипатын білдіретін белгілі бір норма.Ол қағидаға қарағанда, неғұрлым жеке сәттерде атқарылу міндеттілігін көрсетеді және оның (қағиданың) талаптарынан туындайды. Талаптар орындалуға міндетті ереже, шарт болып табылады.
Ұсыным – біреу немесе бір нәрсе туралы есепке алу, практикалық орындау үшін қажетті кеңес, тілек, жағымды пікір.
Өзінің мәні бойынша, әлеуметтік педагогика қағидалары әлеуметтік- педагогикалық қызметтің ұйымдастырылу мазмұнына және қылмыстық іс жүргізу жағына негізгі талаптарды білдіреді. Олар теория мен практиканың өзара байланысын анықтайды, болжалды нәтижеге жету проблемасын шығармашылықпен шешуге көмектеседі.
Қағида белгілі бір заңдылықтың, оның атқарылу шарттарын немесе практикалық қызметті күнделікті бақылаудың нәтижесін және одан туындайтын және белгілі бір ережелер, талаптар, ұсынымдар түрінде рәсімделген қорытындылар болып табылады.
Қағидалар былайша бөлінеді:
- ғылым ретінде әлеуметтік педагогика қағидалары. Олар: жалпы әдістемелік сипатта және жалпы ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогикаға тән болады. Мұндай қағидалар: ғылымның заңға теңесетін бастапқы қалпы; негізінде заңдардың тобы жататын неғұрлым жалпы ереже; занның жекеше іске асырылуы. Мұндай қағидаларға ғылымилық , обьективтілік, тарихилық, практикаға байланыстылық жатады;
- практика ретіндегі әлеуметтік педагогика қағидалары (тікелей айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастыруды негіздейтін қағидалар). Олар орындалуы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жоғары ұйымдастырылуын және тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін бастапқы базалық ережелерді, талаптарды білдіреді. Бәрінен бұрын соларды әлеуметтік педагогика қағидаларымен теңестіреді;
- әлеуметтік саланың мамандарын даярлау бойынша білім беру қағидалары. Бұл жоғары (орта кәсіптік) мектеп қағидалары, олардың талаптарын орындау мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді: Мұндай қағидаларға, сондай-ақ, жалпы сипат тән, жоғары (орта кәсіптік) мектептің заңдылықтарын көрсетеді және олардың талаптарын жоғары (орта) кәсіби мамандарды даярлауда ескеру қажет.
Қағидалардың ерекшелігі сонда, егер әлеуметтік педагог олардың талаптарын ескеретін болса, онда олардың жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі мейлінше өте зор. Іс жүзінде маман жеке өз тәжірибесі немесе басқалардың тәжірибесі арқылы көптеген (ал, кейде тек бірнеше, тұрпаттық) әлеуметтік-педагогикалық қызмет қағидаларын көрсететін ұсынымдарды пайдаланады және бұл оған жұмыс барысында көп көмегін тигізеді. Бұл жағдайда игерілген ұстанымдар маманның практикалық қызметін анықтайтын нормалар, ережелер нысанында іске асады. Әлеуметтік педагогика қағидаларын арнайы үйрену маманға кәсіпті меңгеру үдерісінде оған практикалық жұмысында табиғи қажетті болып саналатын ұсынымдарды игеруге мүмкіндік береді.
Практика ретінде әлеуметтік педагогика қағидалары оның үдерісі мен нәтижесіне, тиісті қызметке, елеулі ықпал ететін факторларға сүйенетін топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз заңдылықтарына сүйенеді және олардан тиісті қағидалар туындайды. Әлеуметтік педагогикада факторлардың рөлі жоғарыда қаралды. Бұл ретте, олардың әрқайсысы әлеуметтік педагогикалық қызметті іске асырудың тиімділігін негіздеуші қағидалардың жиынтығын анықтайтындығын атап көрсетеміз. Әлеуметтік педагогикада осы қағидаларды біліп, олардың талаптарын басшылыққа алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |