«Келісемін» «Бекітемін» шжқ МҚК «Талдықоған қаласы» Оқу ісі жөніндегі


Стандарт «Тоқ ішекке пальпация жасау техникасы»



бет12/38
Дата03.12.2022
өлшемі121.75 Kb.
#466339
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Стандарттар ішкі аур. проп.

14.4 Стандарт «Тоқ ішекке пальпация жасау техникасы».
I.Тоқ ішектің жоғарылаған бөлігіне пальпация жасау:
1.Науқасты белге дейін шешіндіру, арқасымен жатқызу, аяғының жеңіл бүгілуін қамтамасыз ету, қолын кеудесіне қоюын сұрау.
2.Сол жақ қолдың білезігін науқастың оң жақ бел аймағының астына орналастыру, ал оң қолдың жартылай бүгілген саусақтарын іштің оң жақ бүйір аймағына, тоқ ішектің жоғарылаған бөлігіне перпендикулярлы орналастыру.
3.Теріні кіндік жаққа итеру.
4.Дем шығарған кезде іш қуысының босаңсуына байланысты қолды тереңірек басу керек.
5.Ішекке қарай сыртқа жылжымалы қозғалыстар жасау.


ІІ. Көлдеңен тоқ ішекке пальпация жасау.
1. Науқасты белге дейін шешіндіру, арқасымен жатқызу, аяғының жеңіл бүгілуін қамтамасыз ету, қолын кеудесіне қоюын сұрау.
2. Асқазанның төменгі шекарасын анықтау.
3.Екі қолдың 4 бүгілген саусағын асқазанның төменгі шекарасынан 2- 3 см төмен және алдынғы орта сызықтан 4- 5 см оңға және солға вертикальды орналастыру.
4. Теріні жоғары итеру.
5.Дем шығарған кезде ақырындап қолды іш қуысына қарай енгізу.
6. Төмен қарай сырғымалы қозғалыс жасау.


ІІІ.Тоқ ішектің төмендеген бөлігінің пальпациясы.
1.Науқасты белге дейін шешіндіру, арқасымен жатқызу, аяғының жеңіл бүгілуін қамтамасыз ету, қолын кеудесіне қоюын сұрау.
2.Сол жақ қолдың білезігін науқастың сол жақ бел аймағының астына орналастыру, ал оң қолдың жартылай бүгілген саусақтарын іштің сол жақ бүйір аймағына, тоқ ішектің төмендеген бөлігіне перпендикулярлы орналастыру.
3.Теріні кіндік жаққа итеру.
4.Дем шығарған кезде іш қуысының босаңсуына байланысты қолды тереңірек басу керек.
5.Төмен қарай жылжымалы қозғалыстар жасау.


14.5 Стандарт «Қийма (сигма) тәрізді ішекке пальпация жүргізу техникасы».
1.Науқасты белге дейін шешіндіру, арқасымен жатқызу, аяғының жеңіл бүгілуін қамтамасыз ету, қолын кеудесіне қоюын сұрау.
2.Оң қолдың білезігін алдынғы іш қабырғасына ішектің орналасуынан ішке қарай және оған перпендикулярлы орналастыру. Саусақ ұштары сол жақ мықын аймағында орналасу керек.
3.Теріні кіндік жаққа қатпар жасау арқылы итеру.
4.Дем шығарған кезде ақырындап қолды іш қуысына қарай енгізу.
5. Қолды сыртқа және астыға қарай сырғымалы қозғалыс арқылы қийма тәрізді ішекті қолдың саусақтарымен сипау.
Қалыпты жағдайда тоқ көлденең ішек 2-2,5см жуан, орташа тығыз цилиндр тәрізді ауырсынусыз, жылжымалы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет