Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін



Pdf көрінісі
бет41/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
treatise63052

Амортизация түрлері
- сызықтық 
немесе бір қалыпты үйлесімді амортизация – НӨҚ бүкіл 
амортизациялық қызмет мерзімі аралығында амортизациялық аударымдар нормасы 
тұрақты: 


Н
а
 = 1 ⁄ T
а.
- жеделдетілген амортизация. Оның екі әдісі қолданылады: сатылас және азаймалы 
құн әдісі. Сатылас әдіс кезінде амортизациялық аударымдар нормалары 
амортизациялық қызмет мерзімі аралығында тең аралық кезеңдер сайын азаяды. 
Азаймалы құн әдісі бойынша амортизация НӨҚ қалдық құнынан жылдар бойы 
өзгермейтін нормалар бойынша аударылады. 
Пайдалану барысында НӨҚ тозуға ұшырайды. НӨҚ тозудың үш түрін ажыратады: 
материалдық, моральдік және экономикалық.
Тозу процесінің, біріншіден, өндірістік-техникалық жағы бар: материалдық тозу 
нәтижесінде машиналар мен жабдықтау тұтынушылық құнын жоғалтады. Екіншіден
оның экономикалық жағы бар, себебі пайдалану барысында еңбек құралдары өзінің құнын 
жоғалтады. Экономикалық тозудың деңгейі қалыпты амортизациялық қызмет мерзімі 
аралығында техниканы пайдаланудың ұзақтығына тәуелді. Материалдық тозудың екі 
түрін ажырату керек: физикалық және коррозиялық. Коррозиялық тозу қоршаған 
ортаның әсерінен пайда болады да, оны жоюға мүмкіндік жоқ. Физикалық тозу үйкеліс 
пен сынықтың нәтижесінде орын алады, оны жөндеу арқылы жоюға болады. Физикалық 
тозу деңгейін өлшеу: 
К
фт
 = T
н
 ⁄ T
а
 ·(1–K
қ
), 
мұнда: Т
н
– НӨҚ нақты қызмет мерзімі
Т
а
– НӨҚ амортизациялық қызмет мерзімі; 
К
қ
– НӨҚ қалдық құнын сипаттайтын коэффициент. 
Экономикалық тозу үлкен дәрежеде моральдік тозуға байланысты. Моральдік тозу 
ҒТП пен нарықтық экономикада орындалатын құн заңы әсерінен туады. К. Маркс 
моральдік тозудың екі түрін ажыратқан. Моральдік тозудың 1 түріне ҒТП әсерінен 
уақыт аралығында арзанырақ жаңғыртылатын машиналар ұшырайды (ұқсас машиналарға 
қарағанда арзанырақ жаңғыртылу немесе олармен бәсекеге түсе алмайтындықтан айырбас 
құнын жоғалтады). Оның формуласы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет