Кәсіптік оқытудың әдістемесі



бет10/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

1.2.4. Сабақтың тақырыбы:
Сән журналынан үлгілерді таңдау


1) Білімділік мақсаты: оқушылардың теориялық білімділігін арттыру, таным-түсініктерін кеңейту,шығармашылыққа баулу.
2) Тәрбиелік мақсаты: талғампаздыққа, ұқыптылық пен үнемді болуға үйрету. Сәнді де жарасымды киіне білуге тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық мақсаты: эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту, ізденімпаздық, еңбекқорлық іс- әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, сызбалар, тест.
Сабақтың формасы: ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, геометрия, информатика, әдебиет.
Сабақтың көрнекіліктері: «Бурда» журналы, сән үлгілері, суретті буклеттер, таблицалар.
Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Б) Сабаққа қажетті құралдарын дайындату.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:
Сәндік қолданбалы өнер. Тігін бұйымдарының сән үлгілері. Сұрақтар мен тапсырмалар беру:

  1. Сән деген не, сәннің неше бағыты бар?

  2. Силуэт деген не, пішім деген не?

  3. Стиль сөзі нені білдіреді және стильдің қандай түрлері бар?

  4. Пропорция деген не? Киімдер пайдаланылуына қарай неше топқа бөлінеді?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Сән таңдау

Қоғам дамыған сайын көзқарастар өзгеріп, мода да үнемі түрлену үстінде болады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адамдар жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Үлгіні таңдаған кезде киімнің ыңғайлы, жас мөлшеріне сай, сәннің соңғы бағытына сәйкес ыңғайлы ұзындықта, сапалы матадан, лайықты түсте, сәнді нақышта тігілу керек. Тігін бұйымы өмір ағымына сай негізгі талаптарға жауап беру тиіс:

Жақсы киіне білу де өнер. Бұл өнерді игеру үшін - бұйымдардың қаншалықты сәнді екенін таңдауға арналған «Лиза», «Маусым үлгілері», «Бурда» журналдарының көмегіне сүйенуге әбден болады. Бұл журналдардың бәріне пішім үлгілері жинақталған қосымшалары бар. Әрбір үлгінің өз нөмірлері болады, қосымшадағы осы нөмірдің астынғы жағында оны дайындау жөнінде нұсқаулар беріледі. Одан үлгінің суретін, материалдың шығынды, қосымша парақты пішімдердің, кішірейтілген сызбасын, жайылманың жоспарын, түсініктеме мәтінді, өлшемге арналған таблицаны табуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет