Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы


Калифорниялық қалқанша сымыр



бет20/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Дәріс 1 Энтомология

Калифорниялық қалқанша сымыр– Quadraspidiotus perniciosusComst. Қауіпті зиянкес, ішкі карантин объектісі болып есептеледі. Бұрынғы КСРО-да бірінші рет 1931 жылы Кавказдың Қара теңіз жағалауынан табылған. Қазіргі уақытта Молдавияда, Украинада, Грузияда, Краснодар және ставрополь өлкелерінде, Орта Азияда, Хабаровск және Приморье өлкелері мен Сахалиннің оңтүстігінде таралған. Ал қазақстанда Шымкент обылысының оңтүстік аудандарында кездеседі.
Зиянкестің ұрғашысының ұзындығы 1,3 мм, лимондай сары түсті , денесі дөңгелек болады, аяғы, қанаты мен көзі редукцияланған, бір жерде қозғалмай тіршілік етеді, шаншып-сорғыш ауыз аппараты жақсы жетілген, қалқаншасының орта бөлімі дөңестеу, түсі бозғылт қоңыр, диаметрі 2 мм жетеді. Еркектері бірнеше сағат қана өмір сүреді, түсі қызғылт-сары, кеудесінде көлденең орналасқан қара жолақ бар, ауыз аппараты редукцияланған, бір жұп қанаты, 3 жұп аяғы, ұзын мұртшалары болады, денесінің ұзындығы 0,8-0,9мм, қалқаншасының ұзындығы 1 мм жетеді. Личинкасының денесі сопақша, түсі сарғылт, жақсы жетілген ұзын тұмсығы ба, көздері, мұртшалары және 3 жұп аяғы болады.
Калифорниялық қалқаншалы сымыр 1 жастағы личинка күйінде қалқанша астында қыстайды. Кейбір жағдайларда II-жастағы личинкаларыжәне ересектеріде қыстап шығады. Көктемде жеміс ағаштарында «шырын жүру » кезеңі басталысымен личинкалар қысқы ұйқыдан оянады да10-12 күн ішінде 2 рет түлеп, ересек насекомдарға айналады.Ұрықтанған ұрғашы сымырлар50-60 күн өмір сүреді. Осы мерзім ішінде олардың әрқайсысы 60-80 личинка табылады. Кейіннен олар ағаштың діңімен бұтақтарының қабығына сүлікше қадала жабысады да бірте-бірте қозғалу қабілетін жоғалтады және арқа жағында қалқанша пайда болады. Зиянкес қоректенетін жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре бастаған қабығында ұзын салалы және көлденең сызықтар, ал жапырақтары мен жемістерінде және жас қабығында осы түрге ғана тән қызғылт дақтар пайда болады. Нәтижесінде ондай ағаштардың беретін өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді. Ол әсіресе питовниктермен жас бақтарға қатты зиян келтіреді. Мекендеген жерлердің географиялық ендігіне байланысты калифорниялық қалқаншалы сымыр жылына 2-4 генерация беріп өсіп өнеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет