Кіріспе жұмыстың жалпы сипаты



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата11.05.2023
өлшемі0.57 Mb.
#473523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кіріспе ж мысты жалпы сипаты

 
Жұмыстың өзектілігі. Зерттеу жұмысының өзектілігі «Едіге батыр» 
жырында әлі күнге дейін зерттеуді талап ететін қырларын одан әрі дамыта 
зерделеу. Себебі эпостың елуге жуық нұсқасы кездеседі. Сондықтан оның әр 
нұсқасына баға берген ғалымдардың еңбектерін сараптап қарау керек. Осы 
негізде жұмысты үлкен екі тарауға бөліп, теориялық бөлімді жалпы батырлар 
жыры, эпос, эпикалық дәстүрге жалпылама түсініктеме беріледі. 
«Едіге батыр» жыры туралы зерттеулер ішінде шетелдік ғалымдар ішінен 
негіз етіп В.М.Жирмунскийдің «П.М.Мелиоранский и изучение эпоса 
«Едигей»» еңбегін, отандық ғалымдардан Жұбаназар Асанұлының ««Едіге» 
жыры – тарихи-қаһармандық эпос» атты диссертациясын қарастырып 
отырмыз. Бұдан бөлек ҚР Ұлттық кітап қорындағы Қаныш Сәтбаевтың «Ер 
Едіге» атты 1927 жылы жарық көрген төте жазу үлгісіндегі нұсқасымен де 
таныстық. Олардың еңбектерінде жырдың тарихы шындығы, құрылымы және 
түрлі халықта кездесетін нұсқалары бойынша жасалған зерттеулерге мән 
бердік.
Практикалық бөлімде негізінен ғалымдар еңбегімен жұмыс, талдау және 
сараптау жұмыстары жасалады. Сол арқылы жырдың өзімен де танысып
құрылымдық, сюжеттік желісі бойынша жеке ой қорытылады. Тіпті зерттеу 
барысында аталған жырды ешқандай жыршы толық жатқа айтпайтыны туралы 
деректерді де кездестірдік. Бұл жұмбаққа жауап алу кезінде, Едіге батырдың 
арғы бабаларының әулие әрі пері болғандары туралы аңыз қалған деректерге 
сүйеніп, аталған жырды толық айтқан адамның ерте өмірден өтуі мүмкін деген 
қайнаркөздерді де кездестірдік. 
 
Жұмыстың мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты эпикалық дәстүр, 
жалпы батырлар жырының зерттелуі және негізгі «Едіге батыр» эпосының 
бүгінгі күнге жету тарихымен танысу және зерделеу. Аталған мақсатқа жету 
үшін төмендегі міндеттерді негіз етіп алдық. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет