Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі


Экономикалық Құндылықты



бет4/23
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#450773
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Ағыраев М.М.

Экономикалық

Құндылықты





Әлеуметтік


Өтемақылы



Талдамалық


Ынталандырушы





Технологиялық

Бейімделуші





Ақпараттық




Еңбек


Ескерту –автормен зерттеу негізінде құрастырылған


Сурет 1. Әлеуметтік қорғау функциялары

Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешуші ұзақ мерзімді басымдық болып табылады.

Қоғамда тұрақты қалыптасып отырған бірқатар анықтамаларға тоқтала кеткен жөн.

Кедейлік – бұл халықтың белгілі санаты алғашқы кезектегі қажеттілігін қанағаттандыруда қиындық көретін және қоғам өміріне қатысу мүмкіндігінен айрылған әлеуметтік – экономикалық құбылыс.

Кедейлер – бұл кедейлік шегінен төмен немесе соған тең орташа жан басылық табыстары бар азаматтар санаты.

Кедейлік шегі – кірістің адамның ең аз қажетін қанағаттандыру үшін қажетті шегі. Кедейліктің шегі ең төменгі күн көріс деңгейі негізінде белгіленеді және аз қамтамасыз етілген адамдарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету кезінде өлшем ретінде пайдаланылады.

Атаулы әлеуметтік көмек – белгіленген кедейлік шегінен төмен айлық орташа жан басы табыстары бар адамдарға мемлекет ұсынатын төлем.

Экономикалық функция – тұрғындардың өмірлік деңгейін көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуге бағытталған.

Әлеуметтік функция – адамның өмірлік деңгейін жақсы тұрмысын жоғарылатуға әлеуметтік қорғауды бағыттау, халықтың әлеуметтік осал бөлігін өмір сүру кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады.

Талдамалық функция – халықтың өмірлік деңгейін жүйелік талдауды аштық пен өзге де әлеуметтік салдарлар үшін әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарды, аумақтарды анықтау мақсатында қолданылады.

Технологиялық функция – барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау белгілі бір кезеңдерден, операциялардан құралатын технологиялардан тұрады.

Ақпараттық функция – азаматтарға өзінің қызығушылығын қорғау бойынша адамның құқықтары мен мүмкіндіктері туралы, Қазақстанның және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы олардың нәтижелері туралы толық және сенімді ақпараттарды ұсыну кепілдігінің жүйесін құруға бағытталған.

Еңбек функциясы – бұл нақты мақсаты, заты және құралы болатын нақты еңбек. Әлеуметтік қорғау функциясын орындайтын әлеуметтік институттар жоғары біліктілікті еңбек ресурстарымен қамтылуы тиіс.

Әлеуметтік қорғау функциясы – нақты әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қазақстанда өтпелі кезеңде ең алдымен әлеуметтік қорғаудың құндылықты функциясы өзіндік күшке бағытталады. Нарықтық қатынастарда халыққа қойылған жағдайды жанға бататындай бастан кешіруге мүмкіндік беретін ерекше қызметті өтемақы функциясы алады. Көптеген өркениетті елдерде белсенділікті ынталандыру функциясы орындайды. Ынталандыру барлық әлеуметтік топтар және азаматтар өзіндік экономикалық жағдайларын жасауға бағытталған. Сонымен бірге, бейімдеуші функциясы жаңа қоғамдық нақтылыққа халықтың әр қилы санаттарын бейімдеуді қамтамасыз етеді[5].

Әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:


  1. Ақшалай зейнетақы.

  2. Жәрдем ақы.

Зейнетақы – материалдық қамсыздандыру үшін қарттарға, мүгедектерге, көп жылғы сіңірген еңбек үшін және асыраушысынан айырылған жағдайда әр азаматқа тағайындалған ақша төлемі.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әр түрлі жәрдемақылар маңызды орын алады. Оларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша және тағы басқа әлеуметтік жәрдемақылар мен өтемақылар, жеңілдіктер жатады.

Әлеуметтік қамсыздандыруды экономикалық құбылыс ретінде неғұрлым ерекше белгілерін ажыратып көрсететін негізгілеріне төмендегілер жатады:


  1. Әлеуметтік қамсыздандырудың обьектісі – қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелері, оның қатарында уақытша еңбекке жарамсыз мүшелері де кіреді.

  2. Еңбекке жарамсыздарды қамсыздандыру үшін құрал көздері ретінде қоғамдық тұтыну қорлары қызмет атқарады.

Әлеуметтік қорғау жүйесі өзара байланысқан элементтер жиынтығын, нарыққа өтудің өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңілдетуге, сонымен қатар барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған.

Халықтарды әлеуметтік қорғауды реттеу механизмі болып әлеуметтік кепілдіктер жүйесі, еңбекақы кепілдігі, зейнетақы, жәрдемақы, аз қамсыздандырылған отбасыларына тегін минималды әлеуметтік көмек көрсету табылады. Әлеуметтік қорғау жүйесінің ең негізгі мәселесі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің мөлшерін және тұрғындарға мемлекеттік қолдау көрсету жүйесін жақсарту болып табылады. Ол үшін келесідегідей міндеттерді қолдау қажет:



  1. Атаулы қолдау көрсету (Белгілі себептермен өзін-өзі қамсыздандыра алмайтын азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету).

  2. Барлық тұрғын халыққа тиісті әлеуметтік көмек көрсету.

  3. Осы сала бойынша бөлінген қаржылырды тиімді пайдалану.

Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген жанұяларды қолдау мағынасында, жанұясында балалары, білімгерлері, зейнеткерлері мен мүгедектері және жұмыссыз тұлғалары бар немесе олардың табыстары бекітілген күн көріс деңгейінен төмен болған жанұяларға әлеуметтік жәрдемақы төлеуді енгізу.

Негізгі бағыт жұмыссыз тұрғындарды әлеуметтік қорғау болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру ақшалай төлем түрінде (зейнетақылар, жәрдемақылар, компенсациялар), медициналық көмек түрінде, жеңілдіктер беру арқылы, әлеуметтк инфрақұрлым обьектілерін құру арқылы көрсетіледі [6].

Әлеуметтік қамсыздандыру иесі – Республикалық деңгейде, жергігікті деңгейде және шаруашылық білім деңгейінде қалыптасады.

Республикалық деңгей – осы қоғамның барлық қатысушыларына әлеуметтік кепілдікпен қамсыздандыру және оны бақылау. Оған келесі табыс деңгейлерінің кепілдемелері қосалады: минималды айлық жалақы, қызметкерлердің еңбекақы мөлшері, зейнетақы және тағы да басқаларды.

Жергілікті деңгейде - әлеуметтік және демографиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз ету.

Еңбекші топтың деңгейіне мекеменің өзіндік қорлары, зейнетақы және әлеуметтік кепілдемелер мен жеңілдіктер есебінен қалыптастыруды негіздейді. Әлеуметтік қамсыздандыру шығындарының қаржыландыру қөздеріне мыналар кіреді:



  • бюджеттік зейнетақы қорының құралдарынан;

  • әлеуметтік сақтандыру қорынан;

  • кәсіпорын мен ұйымдардың өз еркімен келген салымдарынан;

  • қайырымдылық қорлары және тағы басқа да қорлардан.

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік қорғауға мынадай құрлымдарды енгізуді көздейді:

  1. Барлық азаматтарға бюджет қаражаты есебінен бірдей деңгейде

жәрдемақы беру (әлеуметтік қатерлердің түріне қарай ).

3.Ресми жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен зейнеткерлік жасына жеткенге немесе сақтандыру төлемдерін беруге негіз болған жағдайлар тоқталғанға дейін қосымша төлем беру.



  1. Еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғанің және кәсіби аурудың салдарынан еңбек қабілетінен айырған және асыраушысынан айырылған жағдайда сақтандыру ұйымынан төлем беру түрінде оны зейнеткерлік жасқа толғанға немесе сақтандыру төлемдерін беруге негіз болғаннан кейін жағдайлар тоқталғанға дейінгі қосымша қорғау көзделеді.

Күн-көрістің ең төменгі деңгейі немесе өмір сүру минимумы деп – адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін қалпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтамыз. Қоғам дамуы жағдайындағы күн көру деңгейі өмір деңгейінің қоғамға қажетті төменгі шекарасын анықтайды. Күн-көрістің ең төменгі деңгейі келесідегідей формуламен есептеледі:

Σ Х. Э. Қ = МШө.қ.+ ТҚ өқ + РШөқ. (1)


Мұнда: Σ Х.Э.Қ.- халықтың экономикалық қатынастар дәрежесі (күн-көру минимумынан экономикалық-әлеуметтік дәрежесіне дейін);

МШө.қ – материал шығындарының өзіндік құны;

Т.Қө.қ – тұрмыстық қызметтің өзіндік құны;

Р.Шө.қ – рухани шығындардың өзіндік құны.


Қартайған кездегі әлеуметтік қорғау ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің өлшемдері жетілдірілетін болады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылған кезде зейнеткерлікке шығу кезеңі ескеріледі. Ынтымақтастықты жүйеден төленетін зейнетақы мөлшері тұтыну бағаларының өсуі және зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңында белгіленген төлемдер бойынша шектеулер ескеріле отырып, өсірілетін болады.

1.2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оны жүзеге асыру принциптері

Бұл жүйе өзара байланысқан элементтер жиынтығын, нарыққа өтудің өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңілдетуге, сонымен қатар барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған.

Ең алдымен әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі – қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетімдер, ауруларды қорғауды көздейді. Бұл зейнетақыны индексациялау, жәрдемақыны, түскі астар беру тағы басқадай көмек түрлері жолымен жүзеге асырылады. Аталған қоғамдық топтарды қолдау үшін қайырымдылық қорлар мен ұйымдардың, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың, жеке азаматтардың көмегі маңызды рөл атқарады.

Екіншіден, мемлекеттік сектордан босаған жұмысшыларды қабылдай алатындай ұсақ және орта кәсіпорындардың дамуына мемлекет қажетті шараларды жасауға мүдделі және міндетті.

Үшіншіден, мемлекет, одан кейін кәсіпкерлік құрылымдар, мамандықты ауыстыру немесе жұмыстан босатудың өндірістік немесе экономикалық себептеріне байланысты белгілі мөлшерде материалдық ресурстар шығындарын көтеру қажет.

Төртіншіден, мемлекет, жалпы адамдық мораль қалыптарына, салт-дәстүрге, мәдениетке және т.б. қайшы келмейтін заңдар жүйесін жасап, олар өз кезегінде әр азаматқа тіршілік түрін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет[7].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет