Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі



бет9/12
Дата17.07.2022
өлшемі0.76 Mb.
#459710
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Рахметова Арай диссертация 13 июнь

1. Диагностикалық кезең. Отбасылық «диагноз» ұғымында отбасы мүшелерінің жекелік –тұлғалық қасиетін есепке алу арқылы қарым- қатынастағы бұзылысты белгілі бір типке келтіру болып табылады. Отбасылық психодиагностика біріншіден барлық кезеңде де алдын ала психотерапевтік техника іріктеліп отырса, екіншіден отбасы мүшелерінің бірінен алынған мәліметтің басқа мүшелерімен сәйкестігі, психотерапевтің қатысушылар мінез-құлқы туралы бақылау және сұрау барысындағы қалыптасқан өз әсері («отбасы бала көзімен», «отбасы психотерапевт көзімен», «шын мәнінде біз қандаймыз») де басты назарға алынады.
2. Отбасы шиеленісін жою. Бұл кезеңде психотерапевт отбасы мүшелерімен бір жақты кездесуде отбасындағы шиеленісті анықтап, оның туындай себебі мен қайнар көзін табады. Психотерапевт пен отбасы мүшелері арасында тепе-теңдік байланыс орнату нәтижесінде, шиеленіске қатысушылардың эмоциялық деңгейін төмендетуге және жоюға болады. Психотерапевт шиеленіске қатысушылардың бәріне бірдей түсінікті тілде сөйлеуге үйретеді. Сондай-ақ өзіне делдалдық бағыт алып, шиеленіс туралы бірінен алған ақпарат көлемін келісу арқылы екіншісіне жеткізіп отырады. Вербальді емес (ым –ишара, мимика және адамның басқа да қимыл әрекеттері, даусы және дауыс қарқыны, түр, бет - әлпетін сәндеуі) құрамда алынған ақпаратты психотерапевт отбасылық терапияда «робот-манипулятор» тәсілін қолдана қарама-қайшылық туғызатын хабарды ым-ишарада көрсете отырып, сезім мен төзімділік ым-ишарасын да байланыстыра кетуі қажет.
3. Қайта құру кезеңі. Бұл кезең топтық пікір сипатында ұйымдастырылады. Мұнда отбасы мәселелерін немесе бір отбасын жеке алып, сондай-ақ қарама-қарсы топтағы ұқсас мәселемен оның туыстарымен салыстыра отырып, қарастыруға әбден болады. Осы топта мінез-құлықтық тренинг өткізумен қатар, белгілі бір ереже бойынша талас сөзді құрастыру жағдайын үйретеді.
4. Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық психотерапияда жағдайға байланысты рөлдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи сипатта қолдануды меңгертеді. Сонымен қатар, алдыңғы кезеңдерде қалыптасқан эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту болып саналады. Психологиялық кеңес беру мен психокоррекия жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын үйретеді. Отбасы психотерапиясында бөлінген кезеңдерді процесстік құрылымға келтіріп, психодиагностикалық көрсеткіштердің мақсаты мен көлеміне байланысты оның әдістерінің жүйелі қолдануы негізделеді.
Төменде отбасы психотерапиясында көбірек қолданылатын тәсілдер беріліп отыр:

  • Үнсіздікті мәнді пайдалану;

  • Тыңдай білу қабілеті;

  • Сұрақтар көмегімен меңгерту;

  • Қайталау;

  • Жинақтау және түйіндеу;

  • Аффект бейнесін нақтылау (ашып түсіндіру);

  • Конфрантация-ерлі-зайыптыларда саналы меңгерілмеген белгілер, қатынас және мінез-құлық таптаурындарын қайта өңдеу мен саналы меңгеруге мақсатталған;

  • Рөлдерде ойнау;

  • «Жанды скульптура» жасау;

  • Бейнетүсірілімдерді талдау.

Қорыта келе, отбасылық психотерапия тұлғаның оған деген жағымды қатынас орнатуына, отбасылық шиеленістің алдын алуға бағытталған практикалық психологияның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.


Жалпы зерттеу жұмысы бойынша жүргізілген эксперимент үш кезеңге лайықтап өткізілді. Алғашқы кезеңде диагностикалық кезең болғандықтан студенттердің отбасын құруға, ересектік өмірге деген дайындығын және оған деген эмоциялық қарым-қатынасын анықтауға арналды. Университеттің 3 және 4 курс студенттерінің отбасылық өмірге деген көзқарасы мен өзіндік тұжырымдары талқыланды.
Зерттеудің эксперимент бөлімінің екінші кезеңінде психопрофиликтикалау мақсатында «Отбасылық психотерапия» әдісімен студенттерге психологиялық тұрғыдан отбасына дайындау жұмыстары этностық құндылықтарға сай жүргізілді. Аталған кезең бойынша этностық құндылық көрсеткіштері анықталды.
Отбасын құруға дайындығын этностық құндылықтарға негіздеудің көрсеткіштері анықталғандықтан, студенттердің оған деген көзқарастары мен пікірлері, қарым-қатынасы пайымдалды. Отбасында орын алатын түрлі қобалжулар мен әртүрлі эмоциялық көңіл-күйді аңғартатын қарым-қатынас этностық құндылықтардың негізінде тұжырымдалды.
Эксперименттің үшінші кезеңінде студенттермен жүргізілетін тренингтің психологиялық тұрғыдан ықпал ететін бағдарламасы ұсынылды.
Жалпы сөз соңында, келешекте өмір жолында кездесетін отбасылық қиындықтар мен дағдарыстардың алдын алудың және жағымсыз жайттардың болуына жол бермеу мақсатында отбасыдағы ынтымақ пен татулықты сақтауға арналған әдістер жүйесі ұсынылып отыр. Зерттеудің соңында отбасылық өмірге дайындауды мақсат ете отырып, өз мақсатымызға жетіп, тақырып бойынша ұсынылған әдістердің тәжірибелік нәтижесіне сәйкес дұрыстығына көз жеткіздік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет