Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу


Кіші мектеп жасындағы оқушыны рухани-адамгершілікке педагогикалық процесте тәрбиелеу жолдары



бет6/8
Дата06.07.2022
өлшемі130.57 Kb.
#459623
1   2   3   4   5   6   7   8
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

2.2. Кіші мектеп жасындағы оқушыны рухани-адамгершілікке педагогикалық процесте тәрбиелеу жолдары.


Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері:

  1. Оқушылардың белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру.

  2. Қоғамдық борышқа саналы көзқарасын тәрбиелеу.

  3. Сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету.

  4. Адамгершілік нормаларынан ауытқуға жол бермеу.

Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке дайындаумен тығыз байланысты. Ол баланың мектепкке барған алғашқы күнінен басталады. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындаудан басталады. Оқу бала үшін-еңбек, қоршаған ортаны танып-білу, жаңа ғылыми білімдерді игеру адамгершілікке тәрбиелеудің басты құралдары болып табылады.
Орыс ағартушысы Н. Г. Чернышевский адамгершіліктің маңызды бір саласы адамның өмір сүру шарты, адамның пайдалы істері мен әрекетті-еңбек-деп есептегені жоғарыда айтқанымызға дәлел болмақ, ол жасөспірімдерге, болашақ қоғам қайраткерлеріне, шынайы халық мүддесін қорғаушыларға мынандай негізгі адамгершілік сапалар қасиеттер қажет деп есептеген: патриотизм,гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық,сөзді іспен байланыстыра білу, кішіпейілділік т.б.
Патриотизм, Чернышевскийдің тұжырымдауынша, адамгершіліктің басқа бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Ортақ іске қызмет ету үнемі адамгершілікті керек етеді дей отыра, ол гуманизмді теріс ұғынушыларды сынады, оның пікірінше, шын гуманист адам айналасындағы адамдарға зор сүйіспеншілік және құрмет сеніммен құрауы, қайырымды болуды, зиянды әрекеттерге қарсы шығуы, адам баласының мұң-мұқтажын біліп отыруы, жамандық атаулының бәріне келіспес, мейірімсіз күрес жүргізуге білуі тиіс-деген көзқарастары адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына негіз болады.
Адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру және оның тәсілдерін қолдану.
ұрпақ тәрбиесін толымды жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның отбасынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдермен ұғымдар, адамшылық мінез-құлқының ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Мектеп жағдайында бұл жұмысты ұстаздар он бір жыл бойына жүйелі түрде жүргізеді. Адамгершілік қасиеттер – жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру мен тікелей байланысты. Оның талаптарын негізінен оқушыларға арналған ережелерде баяндалған. Олар күнделікті өмірде өтіп жатады. Себебі олардың адамгершілік қызметі қоғамның талаптары мен қоғам және баланың тікелей өзінің өмір сүруі, тіршілігімен байланысты болып келеді. Мұндай жағдайда дербес белсенді әрекетінің маңыздылығын да естен шығармау керек.
Қайсі бір адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу оқушылардың сана-сезімімен мінез-құлқына әсер ету қажеттілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда адамгершілік тәрбиесінің әртүрлі ұйымдастыру формалары мен амал тәсілдері қолданылады. Оларға адамгершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу, лекция, піккір талас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз.
ұйымдастыру формалары деп баланы оқу әрекеті мен оқудан тыс тәрбие жұмыстарын айтамыз. Оқу әрекеті-оқыту процесінде жүргізіледі. Сабақ үстінде оқу пәндері мазмұнының адамгершілік бағытын қамтамасыз ету болып табылады. Кітап –дүниеге ашылған есік, олай болса бала кітапты оқи отыра табиғат, қоғам, адам жайындағы заңдылықтардың қыр-сырын танып, адамдар арасындағы өзара қатынаспен олардың еңбектері жайлы көзқарасын орнықтырады. Қоғамдық мінез-құлық нормаларымен таныстырады, моральдық қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді. Адамгершілік туралы ұғымдарын түсіндіріп, рухани- адамгершілік тәрбиесін бойларына сіңіреді.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық бейненің озық, өнегелі дәстүрлерін жас жеткіншектер бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру қоғамымызда аса маңызды міндеттердің біріне айналғаны даусыз. К.Д. Ушинскийдің «Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді»-деген иедясын дамыта отырып, Н.А. Добролюбов; «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер қалың халықтың ішінде болып табылады, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік сол халықтың ерекшелігін, тілектері мен талаптарын, үміттерімен болашақтарын білдіреді. Сондықтан мектеп адамгершілігі жоғары жастарды қалыптастыру үшін халықпен оның өмірімен өте тығыз байланыста болуы тиіс, халықтан нәр және әсер алып отыруы тиіс»-деген. Адамгершілік тәрбиесіне көзқарасында ол, ұлттық тәлім-тәрбиенің оның іргертасы, болғандығын дәлелдейді.
Адамгершілік –адамның рухани арқауы-демекші, оны ұрпақ тәрбиесінде қалыптастыруда қазақ халқында негізінен эпостық жырлар мен фольклорлық шығрамаларының, соның ішінде ауыз әдебиетінің орны ерекше болған.
Ауыз әдебиеті шығармалары мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі арқылы оқушының сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту мүмкіндігі мол. Ата-бабамыздың салт-дәстүрін, ұлы даналарымыздың өнеге- өсиетін үлгі ету рухани-адамгершілік тәрбие берудің, оқушының жүрек тазалығын сақтаудың тиімді жолы.
Адамгершілік қасиетін сіңіруде ұлттық салт-дәстүріміз бен халықтық өнеріміз оның берік діңгегі және ажырамас бөлігіне айналғалы қашан. Сондықтан да күллі дамуымыздың бағыт –бағдарына, Болашағымыздың жарқындығына тікелей қатысы бар ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бүгінгі өміріміздің өзегі бола бермек. Оның үстіне Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі ұлттар мен ұлыстар қазіргі кезде өз тілін, өз мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қалпына келтіріп, оны жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатына падалануда игі істер атқарып жатқаны бұл мәселеде оның мәні менмаңызын одан да жоғары арттыру қажеттілігіне күмән туғызбайды.
Жиырмасыншы ғасырдың соңы қазақ ұлты егемендік – жақсылық пен имандылықты ала келді. Жақсылықтың ең бастысы — ата-бабаларымыздың армандап өткен дербес мемлекет болу мәртебесне ие болды. Алайда санамызда сіңіп қалған ескі зардаптардан арылып, өркениетті ел болуымызға ықпал ететін көздерді іздеу және оларды тәрбиеде пайдалану келелі мәселелердің бірі.
Ел президенті – Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрқайсымыздың жан-жақты тәрбиесімен айналысумызға, білім алуымызға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санатория шараларын сақтауымызға және әл ауқатымыздың артуына тағы сол сияқты бағытталған» — делінген.
Қазіргі уақытта, әсіресе жастардың бойында қатігездік, шыдамсыздық, зорлық пен зұлымдық, ұрлық пен пәтуасыздық сияқты адамгершілікке жат әрекеттердің қалыпты жағдайға айналып бара жатуы жастар бойындағы сенімнің, руханияттың қарапайымдылыққа айналуы болып тұр. Сондықтан бұл қауіпке қарсы тұрып, рухани мәдениетіміздің негізі тілімізді, дінімізді, ділімізді, салт-дәстүрімізді сақтап қаламыз деп, сол үшін ұлттық имандылық тәлім тәрбиемізді қайта түлетіп жүзеге асырудың жолдарын көрсетуіміз – Отан алдындағы борышымыздың бірі іспеттес.
Адам баласы қандай қоғамда өмір сүрсе де дінге, жаратқан тәңірге, иманға берік сенуі керек. Республикамыз тәуелсіз мемлекет болып, тіліміз мемлекеттік статус алып, халқымыздың айбынды құралына айналғанда біздің басты міндетіміз шәкірттерді салауатты өмірге тәрбиелеу, яғни олардың өмір сүруінің нақты жолдарын сенім мен ықыласты қалыптастыру. Ол үшін болашақ маманның ішкі жан дүниесін ұлттық дәстүрге бейімдеу, имандылық пен инабаттылық қасиеттерге баулу шәкірт тәрбиесінің ірге тасы болуы қажет.
Қазіргі кезеңде қылмыстың асқынып, зинақорлық бой алғанда жастар арасындағы қарым-қатынаста қарапайымдылыққа ауа бастауда. Мұндай құбылыстарды біздің жастарымыздың әлі салауатты өмір сүре білмейтіндігіміздің дәлелі дейміз. Егер жастарымыз салауатты өмір салттарымен өмір сүрсе, имандылық тәрбиесі өмір өзегіне айналса, мемлекетіміздің қылмысқа қарсы күресі, денсаулық сақтау ережесі мұқият сақталса, рухани азығымыз молая түсіп, болашаққа батыл қадам жасаудың ең тиімді педагогикалық жолы пайда болатынына күмән жоқ.
Бұл мәселе жөнінде ұлттық руханиаттың көсемі Абу Насыр ал-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас дұшпаны» — деп ұрпағына өсиет мұра қалдырды. Бұл өсиетке адалдық қазіргі қоғам мүшелерінің бұл жұмыс заңына тәрбие процесінің түп қазығына айналуы шарт демекпін. Сондықтан да ұстаздар ең әуелі бойымызға имандылық қасиеттерді дарытуға, пәк рухта тәнімізді таза ұстауға, өмір салтына бейімделуіміз қажет.
Дінтану пәнінің ерекшелігі сол жас ұрапаққа өмірдің барлық саласынан толық мағлұмат береді және өмірдің мәнін, дұрыс жолдарын меңгерулеріне, олардың ғылыми дүниетанымының негізгі тірегінің бірі имандылық дәстүрі екендігіне сендіру.
Дінтану пәні арқылы тәрбие алған жасұрпақтың мінез-құлқы қалыптасып, халқымыздың салт дәстүрі мен әдеп ғұрпын жақсы біліп, ұлттық рухани санасының өсіп жетілуіне игі әсерін тигізеді.
Бұл пәнді оқытуды «Білім негізі бастауышта» дегендей төменгі буындағы шәкірттерден бастап жүргізген дұрыс. Себебі жас шыбық иілгенге қандай икемді болса, жас балада тәрбиені қабылдауға сондай бейім. Сондықтан ұрпақ жайындағы өзық ұлттық мұраны бүгінгі күннің талабына байланысты оқу-тәрбие процесіне ендіру аса маңызды міндетіміз.
Исламның белгілеуі бойынша, моралъ ғасырлар бойы өмір сүреді, себебі оны адамдарға Аллаһтың өзі берген. Әрине ғылыми педагогика бұл оймен келісе қоймайды. Бірақ Исламның ата-ананы қадірлеу, жасы үлкенді құрметтеу, кішілеріс қамқорлық жасау, ұрлықты, кісі өлтіруді, екіжүзділікті, менмендікті, шүкірлік етпеуді, жалқаулықты, кісі ақысын жеу, маскүнемдікті, күншілдікті айыптауы сияқты тағылымдарын мектептегі іс тәрбие жұмысында тиімді де және жүйелі пайдаланса жас ұрпақтың іс-әрекеттеріндегі келеңсіз жағдайлар азаяр еді деп ойлаймыз.
Жалпы білім беретіп мектептің 4 сыныбынан бастап тәрбие сабақтарында мұсылмандық-имандық парыз туралы түсінік беріп, оны жалпы адамзатқа тән адамгершілік қасиеттермен байланыстырьш отыру ұрпақ тәрбиесінің тиімділігін арттырар еді деп есептеймін.
Жас ұрпақка имандылық, адамгершілік тәрбие беруде Абай, Шәкәрім, Шоқан, Ыбырай шығармаларынан үзінді келтіріп, олардың мән-мағынасын ұстаздар жүйелі түрде оқушылар санасына ұялатып отырса оларға рухани азық болары даусыз. Мысалы, Абайдың ойынша, Исламның көп шарттары адамға жақсылық етуге, ешкімге зорлық жасамауға, әдепті, ынсапты, бірлікте болуға бағытталған және бұл қасисттері бар адам иманды, ал бұл қасисеттері жоқ адам имансыз болады деп есептеген.
«Иман» сәзінің қазақша баламасы-сенім (арабша «Аллаһқа сену»). Зерттеушілер А. Құдиярова, А. Елемесовалардың пікірінше, «иман» сөзінің «сенім» сөзінен алмастырылуы Тслам дінінің енуімен тығыз байланысты құбылыс екенін айта келе «иман» сөзі діни мағынада да қолданылатынын айтады. Оның қоғам, соның ішінде жас ұрпақ тәрбиесі үшін атқаратып маңызы зор: «діни нанымды мейлі жағымды қиял, мейлі тәрбие құралы деп қарасақта, оның адамдардың ғұмырын жеңілдететіні, мінез-құлықын жұмсатып, мейірбандылығын арттыратыны, білрілігн бекем деп, әдептілікті орнықтыртыны даусыз».
Қазіргі кездегі тәрбиенің басты қағидаларының бірі оқушыларды адамгершілікке, имандыққа тәрбиелеу, тәрбиеде жеке тұлғалық бағыт ұстау, жастардың бостандығымен әлеуметтік құкын мойындау. Осы тұста кейбір зерттеушілер адамгершілік тәрбиесін имандылық шарттарымен байланыстырады, себебі адам бойындағы ұят, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқгы қасиеттер сенімнен туындайды (бұл жерде «сенім» кең мағынада алыпып отыр). Бұл оймен келісе отырьш, психологиядан белгілі ішкі мотив, жүрекпен сезіну болмай адам ен жоғары кісілік қасиетгерге ұмтыла алмайды (сыртқы әсерлердің мүмкіншіліктерін де жоққа шығармаймын).
Соңғы кездері адамдар, әсіресе жастар арасында етек алып жүрген жәй ол еш нәрсеге, ешкімге сенбегендіктен бе, әлде «ешнәрсенің де сұрауы жоқ, бүгін қолыңнан келіп тұрғанда қармап қал» деген психологиядан туып отырма? Осы ойымыз тәуелді болу үшін Қазақстанның көрнекті ғалымы Қ.В.Жарықбаевтың сөзін келтіруді жөн көердік: «Ислам дініндегі екі нәрсе қазіргі тәлім-тәрбиемізге мықты ықпал жасайды. Мүның бірі — жүрекпен тығыз байланысты имандылық дейтін психологиялық сезімді тәрбиелеу, екіншісі – шариғатқа негізделген білгілі бір тәртіпке, жүйелі заңдылыққа бағыну қажет. Өйткені, діннің арқасында кең далада шашырап жатқан көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталғаны тарихтан белгілі. Осы тұрғыдан дін психологиясын, оның әр түрлі қыры мен сырын зерттеудің мәні ерекше. Бұл пікірмен келіспеуге болмайды, себебі жас ұрпақты діннің адамгершілікке байланысты тағлымдардын бойларын мықылдап жинап, күнделікті тұрмыс, қоғам, қарым-қатынаста басшылыққа алмай, өз ұлтының, елінің, тілінің мүддесін ойлайтын азамат болып қалыптасуы екі талай дегіміз келеді. Олай болса, тәрбие жұмысында оқушылардың кіршіксіз адал ниетіне сену, олардың біреуі қайырымдылық жасауға дайын тұратын қасиеттерін есепке алып, оларды әрі қарай жүйелі дамытып отыру сынып жетекшілері мен ата-апалардың біріккен жұмыстарының негізгісі дегіміз келеді. Оқушыларға «имандыбол», «ұятың ды сақта» деудің орнына ата-аналар тарапынан тағлым (өнеге) көрсету оларға тиімді әсер ететін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол тағылымдар еңбек ету, ынсап, әділеттілік, ақыл, білімге талаптану, отбасы бірлігі. Осы тағылымдар жас ұрпақты өтірікпен, біреуге жала жабу, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен, мейірімсіздік, тас жүректіліктен аулақ болуға тәрбиелейді.
Ұлы Абайға жүгінсек «өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Аллаһтың сүйген құлының бірі боласың», — деген екен. Имандылық, адамгершілік тәрбиелерінің мазмұны бір-бірімен ұштасып, ақылдың, имандылықтың, ар-намыстың іргетасы, еңбек, қиындықты жеңу арқылы қалыптасады десек артық айтқандық болмас.
Мұсылман дінінің басты қағидаларының бірі имандылық қазіргі кезде екі мағынада қолданылып жүргенін айтқан жөн. Бір зерттеулерде (Қ. Жарықбаев, Ж.Наурызбаев) имандылық деп «сенімі мықты, иманы бар, иман шартты бұлжытпаЙ орындау» десе, ал кейбір зерттеулерде (М.Х. Балтабаев) имандылық — эстетикалық тәрбие деп берген. Біздің ойымызша, имандылық қасиеттер іс-әркеттерде, мінез-құлықта таза сезімде, қарым-қатынастарда көрініп тұруы керек. ХІ ғасырда Қайқауыстың «Қабуснамасында» «Ей, перзентім, егер падиша болсаң, өзіңді жаман істерден аулақ ұстай білгің … Жан дүниең таза болсын. Әр істі бастасаң, ақылдың бұйрығына сүйеніп баста, ақылға сыймайтын іске қол ұрма. Падишаға сөзі мінез-құлқы басқалардың сөзі, мінез-құлқынан, ұлылығымен, даналығымен дараланып тұруы шарт».
Мұсылман білімпаздары сенімді білімнің қанаты деп санаған. Қазіргі тәуелсіз еліміздегі әркімнің сенім бостандығын қолдап, ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген Ислам дінінің имандылық қағидаларын адамадар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым-қатынас негізіне алып жас ұрпақты тәрбиелеуте пайдалана отырьш, өркениетті ел болу жолын ұстауды таңдауымыздың себебі де сол екені айқын. Өйткені, белгілі діндар ғулама Халифа Алтай қажы айтқандай «Иманды елде ізгілік пен адамгершілік салтанат құрып, қылмыс пен бұзақылық тиылып, оларға жол қалмайды».
Қорыта айтқанда дін адаманың адамагерішілігінің бастауы. Өкінішке орай, біз жетпіс жыл бойы діннің тәрбиелік жағына мән бермей, халық санасын улайтын апиын деп қарап, оның жағымды-жағымсыз жақтарын ақтара қарап тексеріп жатпай жамандауға, шабуылға шықтық. Дін адамгершілік және психологиялық жағынан күрделі жан-жақты рухани құбылыс екені рас. Оның адамдардың көкейтесті азаматтық, тәрбиелік жайына тікелей қатысы бар. Діннің бұл мүмкіндігін елемеу рухани ауытқуға адамгершілік, әдеп орнына бос кеуделік пен қара күшке салуға жетелейді. Қазіргі орны толмас рухани қасіреттің бір ұштыгы сондама деп ойлаймын.
Әдептілік-әдемілік
«Әдептілік-әдемілік» атты тәрбие сағатының негізгі мақсаты:

  1. Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету;

  2. Оқушылардың сөздік қорын молайтуға, әдептілікпен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету,

  3. ‡лкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ребус, кадоскоп, «Венн диаграммасы», теледидар, кассета, «7 күлте гүл».
Әдісі: түсіндіру, оқушыларды шығармашылыққа баулу, іздендіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Барысы:
Кіріспе кезені.
Ребус шешіп, тақырыбын хабарлау.
-Құрметті балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әдептілік-әдемілік» деп аталады. Сендер мектепке алғаш келген күннен бастап оқушылар ережесімен танысасыңдар және оны орындайсыңдар, бағынуларың керек. Кейде сол ережені біліп тұрса да әдепсіздік, тәртіпсіздік жасайтын оқушылар кездесіп қалады. Сондай тәртіпсіздікті, әдепсіздікті болдырмау үшін біз қандай болуымыз керек?

  • Әдепті

-Дұрыс, балалар! Ендеше, қазақта «Әдепті елдің баласы, алыстан сәлем береді» немесе «Сәлем-сөздің атасы» деген сөз бар. Бұл тегіннен тегін айтылмаған. Сәлем- қазақ тіліне араптың «Ассалам» деген сөзінен өзгеріске түсіп енген сөз. Тыныштық болсын, бейбітшілік болсын деген мағынаны білдіреді.
Сәлемдесу –алғаш рет немесе араға біраз уақыт салып көрген адамдардың бір-біріне жақындық ниет, жылы шырай танытуы.
Енді мына сұрақтарға жауап беріп көріңдерші:

  1. Сен бір жұмыспен көршіңе кіріп, есік ашқан кісіге ең алдымен не деу керек?

  2. Сенің үйіңе қонақтар келді, кіріп келген адамға не деп айту керек?

  • Әрине, амандасу керек.

  • Амандасудың қандай түрлері бар?

  • Ассалаумағалайкум.

  • Сәлеметсіз бе?

  • Есенсіз бе?

  • Саумысыз! Сәлем бердік?

  • Рахмет, өте жақсы.

  • Міне, біздің әдептілігіміздің басы – сәлемдесуден басталады екен.

ІІ.а. Адамның қандай болмағы, кім болмағы тәрбиеге, ортаға байланысты, яғни жеке адам өз-өзінен әдепті болып шыға келмейді.
Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп, жетіледі. Оған айналасындағы адамдар, отбасы, мектеп әсер етеді. Сондықтан адамдардың әдептілігі де оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді.
Адамның әдепті екенін қай жағынан білеміз?
ә. Көрініс көрсету.
-Жәнібек қандай бала? (Мінездеме беру).
б. Ең алғаш мектепке келгенде, біз қандай сиқырлы сөздерді үйрендік? (кодоскоптан көрсету)
-Рахмет, кешіріңіз, рақым етіңіз, қайырлы таң, сәлеметсіз бе, сау болыңыз! (Оқушылар өздері сыпайы сөздерді айтады).
Бұл сөздерді қай кезде қолданамыз?

  1. ¤зіңе көмектескен, керек затыңды берген, сыйлық тапсырған адамға және жолдасыңа – рахмет айт.

  2. Тамақ ішіп болған соң, «рахмет» айт

  3. Біреу өзіне «рахмет» айтса, «жақсы» деп жауап бер.

  4. Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса» дегенді ұмытпа.

  5. Байқаусызда біреді қағып кетсең, «кешіріңіз» деу керек.

  6. Сыныпқа кешігіп келсең, мұғалімнен рұқсат сұра.

Барлығы «сәлеметсіз бе?» деу керек.
в. ‡лкен кісі қолындағы нәрсені көтере алмай келе жатса, оған не деу керек.?
Барлығы:
-«Көмектесейік»-деу керек.
Әдепті бала мен әдепсіз балалардың айтысы. «Не деу керек?» әні хормен айтылады.
г. Телидидардан кассетаға басылған жағдаяттарды көрсетіп, үш қатарға үш тапсырманы жеке-жеке беру, сұрақтарға жауап алу.
Бірінші қатар: Жұмыстан шаршап келген анасы қызы Айымға «Шай қоя салшы» деп еді, Айым тыңдамай ойнап кетті.
Сұрақ:
Бұл әдептілікке жата ма?
Екінші қатар: Көшенің қақ ортасында жолда екі қыз бала сөйлесіп тұрды. Адамдар оларды айналып өтіп жатыр. Бір- екеуі ескерту жасады, бірақ қыздар оларды жақтырмай, ренжіп, сөздеріне құлақ қоймай тұра берді.
Сұрақ
-Бұл әдептікке жата ма?
‡шінші қатар: Сабақ басталып кетті. Болат сабақтан кешігіп қалса да, ентігіп сабаққа кірді де орнына беттеді. Мұғалім ескерту жасады.
Сұрақ: -Кешіккен оқушы не істеу керек? Қанда сөз айту керек?
д. «Әдептілік-әдемілік» оқушылар шығармашылығы, үйге берілген тапсырма бойынша әңгімелерін оқыту. (Екі-үш оқушы).
ІІІ. Қорытынды.
Венн диаграммасы арқылы оқушылардың бойындағы жақсы, жаман және екеуіне де ортақ кескіндерді тапқызып, кескіндету.
4 сыныпқа өткізген мына бір тәрбие сағатымды ұсынамын:
Әдептілік- тәрбие бастауы.
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халықының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру;

  2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін арттыру;

  3. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. ұйымдастыру:

ІІ. Әдептілік, адамгершілік туралы сұрақ-жауап:

  • Әдептілік дегеніміз не? Оны қалай түсінесің?

  • Әдепті бала қандай болуы керек деп ойлайсың?

  • Әдепті болғың келеме? Әдептілікті бізге кім үйретеді?

  • Әдепсіз адам қандай болады?

Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, тәрбиеші ұстаздарымыз үйретеді. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек екенін біз мына өлең жолдарынан тыңдайық:
1-оқушы: Ата- ананың тілегі, адам болып өскені
Адамдықтың тірегі, адал болып өскені.
2-оқушы: Әдептілік дегенің, әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің, әуре салсаң әлегің.
3-оқушы: Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс, сауық пен кинодан.
4-оқушы:
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді!
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді!
5-оқушы:
ұрыншақ бала жанында
ұрыспен керіс, айқай-шу
ұстамды бала маңынан,
ұнамды іс байқайсың.
6-оқушы:
Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында,
Шығарып мақтаймыз.
7-оқушы:
Кім үлкенді сыйлас,
Кім үлкенді тыңдаса-
Сыйлы болмақ өзі де
‡лкен болған кезінде.
8-оқушы:
Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін,
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
ІІІ. Сұрақ-жауаптар.

  1. Суреттер бойынша әңгімелесу. (Адамгершілік, сыпайылық, қарым-қатынастарға бағытталған суреттер).

  2. «Жалғастыр» ойыны.

а) Не істеуге болмайды? Осы сөз үлкен етіліп көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастыруы керек.
-‡лкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

  • Кішкене баланы жылатуға болмайды;

  • Құстарды атуға болмайды;

  • Қыз баланы ренжітуге болмайды;

  • Сабақтан кешігуге болмайды;

  • Сыныпта айқайлауға болмайды; т.с.с. жалғастырып айтады.

б) Не істеу керек? деп жазылып көрсетіледі. Бұл сол сияқты жүргізіледі.

  • ‡лкендерді сыйлау керек;

  • ‡лкендердің тілін алу керек;

  • Кішілерге қамқор болу керек;

  • Әдептілікті сақтау керек;

  • Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек;

  • Сабақты жақсы оқу керек;

І‡. Концерттік бағдарлама.

  1. «Жорға» биін орындайтын ұлдар тобы.

  2. «Аққулар биі» орындайтын қыздар тобы.

  3. Көрініс. Ана мейірімі.

V.Құпия хаттарға жауап беру. (хаттарды қатарынан қойып, бір оқушы шығып, дауыстап оқиды. Қалғандары ойланып, жауабын айтады).
1-хат. Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. ¤зі өтірікші, кезбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?
2-хат. Құрметті достар!
Менің досым бар. ¤зі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй-ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып ылғи мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
VІІ. Қорытынды
Сабақты қорытындылай келе, оқушыларды адалдыққа, кішіпейілділікке, ақылдылыққа, инабаттылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге баулыдым. Міне, осындай жақсы мінез-құлықтарды оқушылар әрдайым естерінде сақтап жүрсе нұр үстіне нұр болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет