Күйіс малының ас қорыту ерекшеліктері. А мес қарын



бет6/7
Дата17.05.2023
өлшемі123.5 Kb.
#473800
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-41374

Нәжіс бөлу (дефекация).
Азық қорыту жолында қорытылмаған азық қалдығы тоқ ішек бойымен жылжи отырып, қоюланып, тығыздалып, нәжіске айналады да, тік ішекке өтеді. Осы нәжіс массасын сыртқа шығаруды қамтамасыз ететін күрделі рефлекстік нәжіс бөлу дефекация (латын тілінде faecis – тұнба, қою қалдық деген мағына береді) деп атайды. Бұл актыда екі кезең байқалады. Афференттік – дефекацияға мұқтаждық тудыру және эфференттік – нәжіс шығару.
Дефекация тік ішектің кілегей қабығын жиналған нәжіс массасының тітіркендіруінің нәтижесінде басталады. Бұл процес тік ішек қуысындағы қысым сынап бағанасымен 50-60 мм көтерілгенде басталады. Тік ішектен қозу импульстері вегетативтік жүйке тармақтарымен жұлынның құйымшақ бөлігінде орналасқан дефекация орталығына беріледі. Одан орталыққа тепкіш жолдармен қозу импульсі ішкі (бірыіңғай салалы етті) және сыртқы (көлденең жолақ етті) қысқыштарға бағытталады. Орталықтан келген қозу импульстерінің әсерінен қысқыштар босаңсып, тік ішектің толқынды жиырылуы күшейеді. Дефекация кезінде құрсақ еттері мен көкет жиырылып, мал күшенеді де, құрсақтағы қысым жоғарылайды. Бұл еріксіз жүретін рефлекс. Сонымен қатар гипоталамус пен үлкен ми жарты шарларының әсерімен дефекация ерікті түрде де реттеледі. Оның себебі сыртқы қысқыш ерікті түрде жиырылып, босаңси алады. Осыған байланысты симпатикалық жүйке арқылы ауырсыну түйсігі, үрей нәжіс бөлуді тежейді. Қарын қатты керілсе, тік ішектің жиырылуы күшейеді.
Үй жануарлары (ит пен мысықтан басқалары) нәжісті қимыл үстінде, түрегеп тұрып не жатып та бөле береді. Нәжіс бөлу жиілігі, бөлінгенқидың мөлшері, оның қоюлығы малдың түріне байланысты.
Түрлі жануарлардың нәжіс бөлу жиілігі мен бөлетін нәжіс мөлшері.

Жануарлар

Тәулігіне нәжіс бөлу
жиілігі

Нәжіс мөлшері, кг

Нәжістің дымқылдығы, пайыз

Ірі қара
Жылқы
Қой
Шошқа
Ит
Қоян
Тауық

12
8
6
4
3
7
5

22
16
2
1,7
0,2
0,12
0,04

84
70
65
72
75
50-75
72



Түлік түрі мен азықтың құрамына қарай жынның ас қорыту жолынан өту жылдамдығы да өзгеріп отырады. Күйіс қайырмайтын малдың ас қорыту жолдарының алдынғы бөлімдерінен күйіс малымен салыстырғанда жын жылдамырақ өтеді. Тоқ ішек арқылы жын күйіс малында жылдамырақ өтеді. Ас қорыту жолында жынның аялдау уақытын 100 пайыз деп алса, оның жеке бөлімдерінің үлесі төмендегі көрсеткіштер тиеді. Сиырда – мес қарын мен жұмыршаққа – 80 пайыз, қатпаршаққа – 6, ащы ішекке –5, бүйенге – 3, қима мен тік ішекке – 6 пайыз. Жылқыда – қарынға – 25 , ащы ішекке – 10, бүйенге – 35, қарта мен тік ішекке – 30 пайыз.
Жынның ас қорыту жүйесінің түрлі бөлімдерінде аялдау мерзімі және оның жылжу жылдамдығы азықтың сипатына, оның құрамы мен қасиетіне байланысты. Мысалы, белоктар көлемді азықтың ішек бойымен өтуін жылдамдатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет