ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2016 жылдың 15 сәуірінде өтетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ғылым, өндіріс, бизнес: қазіргі жағдайы мен елдің инновациялық даму жолы» тақырыбында «Байтұрсынов оқулары - 2016» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.
Конференция жұмысының бағыттары:
- Заң ғылымдарының өзекті мәселелері;
- Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуының қазіргі тенденциялары;
- Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру мен ғылымның өзекті мәселелері;
- Ғылым, білім беру және практикада ақпараттық технологиялардың даму жолдары;
- Қазақстанның АӨК инновациялық дамуы: ауылшаруашылық, ветеринарлық және техникалық ғылымдардың даму тенденциялары;
- Жаратылыстану ғылымдарының болашағы мен негізгі даму бағыттары.
Конференция шеңберінде ЖОО ғылым мен білім беру, сонымен бірге Қазақстанның индустриалдық- инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын шешуге бағытталған өзекті мәселелер қарастырылады.
Конференция барысында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетел ғалымдарының қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
Конференцияға министрліктер мен ведомстволар, ғылыми мекемелер, кәсіпорындар жетекшілері мен қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, ЖОО профессорлық- оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар шақырылады.
ҚАТЫСУ ШАРТЫ
Конференцияның басталу мерзіміне дейін ғылыми мақалалар жинағын жариялау жоспарланады. Конференция бағдарламасына ену үшін ұйымдастыру комитетіне қатысушының баяндаманың және тіркеу формасын мемлекеттік және орыс тілінде электронды түрін (e-mail:3i_ksu@mail.ru) 2016 жылдың 15 наурызына дейін жіберу керек. Ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге құрайды.
Тіркеу жарнасын банк есепшотына аударуға болады:
ҚР Білім беру министрлігі ШЖҚ РМК «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»
Мекенжайы:
110000, Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 47
Тел./факс 8 (7142) 51-11-60, 51-16-64
«Банк Центр Кредит» АҚ
ЖСК KZ838560000000079688
БСН 990240005319 БЕК 16
БСК: KCJBKZKX
СТН 391700052352
Банк СТН 391700078345
Түбіртекте МІНДЕТТІ ТҮРДЕ «конференция» деп көрсетілуі керек.Төлем жөнінде түбіртек көшірмесі баяндамамен бірге электронды поштаға (3i_ksu@mail.ru) жіберіледі.
Баяндама мәтініне қойылатын талаптар:
- баяндама (мақала) мәтіні 6 (алты) парақтан кем болмауы және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы тиіс.Парақ форматы А4 (297х210 мм.). Парақтың параметрлері: барлығы– 2 см. Электронды нұсқада мақала беттері нөмірленбейді, баспадан шыққан үлгіде нөмірленеді.Шрифті: Arial; 10 пт. кегль. Мәтін тасымалсыз форматталып, бірінші жолдағы азат жолы 1 см басталады. Жол аралығы – 1 интервал. Баяндаманың (мақаланың) тақырыбы парақ ортасына жазылады. Мақала мәтінінде автоматты түрде нөмірлеу қолданылмау керек;
- Бірінші беттің сол жағына міндетті түрде ӘОЖ көрсетілуі тиіс;
- Баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен, қою шрифтпен), автор (лар)-дың тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны (лауазымы,кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы), аннотация (курсивпен, 12 шрифтпен, 2-3 сөйлем) және негізгі сөздер (3-5 сөзден тұратын) мәтіннің алдында мақала тілінде жазылады.Егер ұйымның атауында қала атауы көрсетілмесе, онда үтір арқылы ұйым атауынан кейін қала аты көрсетіледі, шетел ұйымдары үшін қала және ел атауы (Дальневосточный институт переподготовки кадров ФСКН РФ, Хабаровск)жазылады. Егер мақала бірнеше авторлар бірлестігімен орындалса, авторлардың аты- жөні жұмыс барысындағы үлестері бойынша жазылады;
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында көрсетіледі.Қолжазбаның соңында МЖБС 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» талаптарына сәйкес әдебиеттер тізімі мәтін ішіндегі сілтеменің реттілігіне орай нөмірленеді.Мысалы, – [1, 13 б.].
Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар қарастырылмайды. Мақала мазмұнының жауапкершілігі мақала авторына жүктеледі.
Ұйымдастырушы комитеттің байланыс телефондары мен мекенжайы: 110000, Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 47 үй, бас ғимарат, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университет.
1. Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасы: тел.: 8 (7142) 51-16-64, факс: 8 (7142) 51-11-60, 305 кабинет (конференцияны ұйымдастыру бойынша).
2. Иргизбаева Құралай Байқуанышқызы - ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының маманы тел.: 8 (7142) 39-01-88, 311 кабинет (мақалалар жинағында жариялау бойынша).
Ұйымдастыру комитеті
Тіркеу формасын екі тілде толтыру керек / Заявка на участие в конференции заполняется на двух языках
Өтінім үлгісі
ТІРКЕУ ҮЛГІСІ – өтінім
«Байтұрсынов оқулары– 2016» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу үшін
Тегі, аты, әкесінің аты (толық) ________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ______________________________________________________
Жұмыс орны (ЖОО, мекеме), қызметі __________________________________________________
Телефон (қызметтік, мобильдік) ______________________________________________________
Е-mail ____________________________________________________________________________
Баяндаманың атауы _________________________________________________________________
Қажетті техникалық құралдар ________________________________________________________
Конференция жұмысына қатысу:
-
баяндаманы оқу (жеке қатысу)
-
жариялау (сырттай қатысу)
Мейманханада орын брондау қажеттілігі (иә / жоқ)_______________________________________
Келетін күні (пойыз, вагоннің нөмірі, келетін уақыты) ____________________________________
Образец заявки
РЕГИСТРАЦИОННАЯ ФОРМА - заявка
для участия в международной научно-практической конференции
«Байтурсыновские чтения – 2016»
Фамилия, имя, отчество (полностью) __________________________________________________
Учёная степень, ученое звание ________________________________________________________
Место работы (ВУЗ, учреждение), должность ___________________________________________
Телефон (служебный, мобильный) ____________________________________________________
Е-mail ____________________________________________________________________________
Название доклада ___________________________________________________________________
Необходимые технические средства ___________________________________________________
Участие в работе конференции:
-
планирую выступление с докладом (личное участие)
-
публикация (заочное)
Необходимость бронирования места в гостинице (да / нет) ________________________________
Дата прибытия (номер поезда, вагона, время прибытия) ___________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |