Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа қатысты ескертулер



Pdf көрінісі
бет30/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа қатысты ескертулер
Сабақ басталмас бұрын жұмыс үстеліне 
құрал-саймандарды, кеpекті материалдарды 
дайын дап қою қажет. Оқушылар сәндік-қолдан-
балы өнерімен таныс. Алдыңғы сабақтардағы оқу 
материалдарын пысықтау үшін сынып бөлмесіне 
сәндік-қолданбалы өнерге байланысты әртүрлі 
көрнекі құралдар мен қолөнер туындыларын жи-
настырып қоюыңызға болады.
Суреттерге мұқият қара.
Бұл тапсырма оқушылардың көркем күйдіру 
өнері туралы ұғымының қалыптасуына ықпал 
етеді. Күйдіруге жарайтын материалдар туралы 
оқып біледі.
Ықтимал жауаптар:
Оқушылар суреттерде матаның, ағаштың және 
былғарының бейнеленгенін айтады. Оқулықтағы 
мәтінді оқуды сұраңыз. Олар пирография өнерінің 
пайда болуының қысқаша тарихымен танысады 
және аталған өнердің маңыз дылығын түсінеді. Бұл 
жолы гильоширлеу тәсілімен танысады. 
Анықта. 
Тапсырма күйдіру тәсілдерін анықтауға бағыт-
талған. Оқулықта нүктелі, сызықшалы, аралас 
тәсілдегі күйдіру мысалдары берілген. Оқушы-
ларға бір парақ қағазға қарындашпен нүктелі, сы-
зықшалы күйдіру тәсілдерін қайталап салып көру-
ді ұсыныңыз. 


27
Көрк
ем еңбек
2-тарау. Сәндік-қолданбалы өнер
Зертте. 
Тапсырма оқушыларды ойландыруға арналған. 
Олар мынадай сұрақтарға жауап іздейді:
• Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінде 
көркем күйдіру әдістері кездесе ме?
• Пирография өнері қалай және қашан пайда 
болды?
• Көркем күйдіруді өнердің өзге түрлерімен са-
лыстырып, оның айырмашылығы мен ұқсастығы 
туралы айт.
Оқы, қызық!
 
Оқушыларды филиппин сyретшісі Джoрдан 
Манг-Осан шығармашылығымен таныстырыңыз. 
Ол - қаpапайым лyпаның көмегiмен күн сәyлесін 
тақтaйшаға түcіріп, күйдiру аpқылы сyрет салaтын 
суретші. Мұндaй туындылаp суpетшіден шыдaм-
дылық пeн aсқан шeберлікті тaлап eтеді. Қазіргі 
уақытта оның шығармашылығы әлемде кеңінен 
танымал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет