Күздік астық дақылдары (жалпы сипаттамасы) Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі



бет5/9
Дата14.02.2023
өлшемі186.86 Kb.
#469548
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дәріс 2

Орта есеппен, бір өсімдікке келетін өркендер (сабақтар) санын жалпы түптену деп атайды.
Астық дақылдарының түптену дәрежесі көп жағдайларға ең алдымен дақыл мен сорттың ерекшеліктеріне байланысты күшті өзгереді. Күздік дақылдар әруақытта жаздықтарға қарағанда күштірек түптенеді. Жаздық дақылдардың ішінде сұлы мен арпа бидайға қарағанда жоғары түптенуімен ерекшеленеді. Жаздық бидайдың кеш пісетін сорттары барынша жоғары дәрежеде түптенуге бейімірек.
Түптену деңгейі қоректену және ылғалдану жағдайларына байланысты да өзгереді. Құнарлығы және ылғалдылығы жоғары (0-20 см топырақ қабатында – 25-30 мм сіңімді ылғал қоры) топырақтарда жақсы өңделген жағдайда түптену барынша қарқынды жүреді, әрі орташа мөлшердегі температура (10-12°С) ол үшін қолайлы деп есептеледі.
Түптенудің биологиялық мүмкіндігі зор. Қалыпты өсіру жағдайларында олар толық байқала қоймайды. Астық дақылдарының бірінші тобы 3-5 өркен (сабан), кейде 10-15 данаға жетеді, өте қолайлы жағдайлар қалыптасқанда жекелеген өсімдіктер 30-40 өркенге дейін түзеді. Алайда ондай өркендердің негізгі бөлігі ерте кезеңдерде, опат болады немесе гүл шоғырын өте кеш береді.
Бір өсімдікке шаққандағы қалыпты дамып, піскен гүл шоғыры (масағы) бар сабақтар санын өнімді түптену деп атайды.
Астық дақылдарының өнімді түптенуі әдетте жоғары емес. Мәселен, Қазақстанда өсірілетін жаздық бидайдың өнімді түптенуі жиі түрде 1,1-1,5 деңгейінде, кейде бірден төмен және сирек жағдайда 2,0 және одан жоғарырақ болады.
Түптену астық дақылдары тіршілігіндегі жауапты кезең. Жақсы түптенудің маңызы зор: бұл жағдайда үлкен ассимиляциялық жапырақ беті қалыптасады, көп мөлшерде түйін тамырлары түзіледі, ал олар өз кезегінде қуатты тамыр жүйесін қалыптастырады; оның үстіне масақтану (шашақтану) кезеңіне жететін бүйір өркендері қосымша астық өнімін береді; түптену кезеңінде сонымен қатар жаздық астық дақылдарында гүл шоғырларының қалыптасуы жүреді (масақ, шашақ).
Жақсы түптенген егістік айтарлықтай шамада болашақ өнімді анықтайды, алайда бүйір өркендердің көптігі қосымша ылғал мен қоректік заттарды қажетсінеді. Түптену кезеңінде қолайлы жағдайлар қалыптасса, кейіннен көп, масақшасы мен ірі масақ (шашақ) түзіледі. Әрине, өнім деңгейі өсімдіктердің түптену кезеніңдегі өсіп-даму ерекшеліктеріне ғана емес, кейінгі кезеңдеріне де тікелей байланысты. Дегенмен өнім негізі масақ (шашақ) – түптену кезеңінде қаланады, сондықтан осы уақытта астық дақылдары тіршілігіне қажетті барлық жағдайлармен барынша толық қамтамасыз етілуі керек.
Әлсіз түптенгенде ұсақ масақ түзіледі де астық өнімі төмен болады. Жаздың бірінші жартысы өте қуаңшылықты және кеш жауған жауын-шашынды жылдары өсімдіктер кеш түптенеді де сабан өркен дамиды (масақты өркендер кеш пайда болады). Ал сабақ өркен (подгон) егін жинауды өте қиындатады.
Астық дақылдарының генеративті кезеңі түтікке шығудан басталады. Түтікке шығу кезеңі түптенудің соңынан басталады. Бұл кезеңде қысқа буын аралықты ұрықтық гүл шоғыры бар ұрықтық сабақ ұзара түседі де жапырақ түтікшесінің ішімен жоғары қарай көтеріледі. Ең алдымен, төменгі буын аралығы өсіп ұзара бастайды, оның соңынан төменнен екінші, үшінші және одан кейінгілер дами бастайды. Бір мезгілде гүл шоғыры да дамиды: үшінші дәрежедегі өсу конусы салынады, сонынан жатын мен аналықтар қалыптасады. Ересек өсімдіктерде ең қысқа буын аралығы төменгі, ал ең ұзын буын аралығы жоғарғы бөлігінде дамиды.
Сабақ өсе бастағанда бірінші буын аралығы топырақ бетінен 1,5-2 см көтерілгенде дақылдың түтікке шығу кезеңі белгіленеді (Сурет 9).

Сурет 9.Дәнді дақылдардын түтікке шығу кезеңі: I – буыннан сабақтық өркен; 2 – кеуіп қалған колеоптиле; 3 – түптену түйіні; 4 – сабақтың (сабанның) буындары; 5 – ұрықтық масақ (шашақ).





Түтікке шығу кезеңінің басталуымен сабақтың және сабақ ішіндегі гүл шоғырының өсуі тез қарқынмен жүреді де қысқа уақыттың аралығында 7...8 см жетеді. Бұл кезеңде өсімдік ылғал, қоректік заттардың, әсіресе азоттың, жетімсіздігі мен аурулармен зақымдануынан айтарлықтай зардап шегеді. Бидайда бұл масақтың төменгі масақшаларының, арпада соған қоса масақтың жоғарғы бөліктерінде масақшалар түзілмей қалуынан көрініс табады. Сабақтану гүл шоғырының (масақ, шашақ) қалыптасуының аяқталуымен бірге бітеді, және олар жапырақ қынабынан сыртқа шығып келесі өсіп-даму кезеңіне ауысады. Бұл үрдісті салқын ауа-райы тежейді, ал жылылық тездетеді.
Дәнді дақылдар вегетативті кезеңнен генеративті кезеңге ауысқанда редукция құбылысынан өтеді, бұл деген сөз түптену кезеңінде түзілген көптеген өркендерден өнімді сабақтар бөлініп шығады. Пайда болған бүйір өркендерден әлсіздерінің өлуі (опат болуы) есебінен кемуі – дәнді дақылдарда қалыпты физиологиялық үрдіс, редукция себептеріне тұраралық бәсеке, арамшөптер зияны және аурулар мен зиянкестердің залалдануы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет