Л. Н. Ибраимова этнопедагогика (ОҚУ ҚҰралы) Тараз 2009


ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ТӘРБИЕСІ



бет10/15
Дата11.03.2022
өлшемі250.55 Kb.
#456168
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ibraimova-etnopedagogika

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ТӘРБИЕСІ


Халық педагогикасының алдына қойған мақсатының бірі – ел арасына кеңінен тараған табиғат қорғауға байланысты халық дәстүрлерін педагогикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, жүйеге келтіріп, жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану. Ұрпақты туған жерін, өскен елін жанындай сүйетін, өлкенің келешегі үшін аянбай, тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде халық арасына кең тараған табиғат қорғау дәстүрлерінің маңызы зор.


Заманына байланысты экономикалық, тұрмыс-ахуалдық қалыптың бұзылуы жеке тұлғаның ой-санасына, мінезіне әсер етеді.
«Заманға жаман күйлемек, жаманды заман билемек, заманнан жаман күйремек» (Абай ) деп халық философиялық тұжырыммен табиғатты қорғауды, экологиялық келеңсіз жағдайға қарсы ұрпағын жамандықпен аянбай күресу керек екендігін уағыздайды.
Қазақ халқы «Табиғат» деген ұғымды өте кең және терең түсінген. Халық ұғымында: «Табиғат – «туған жер», «өскен ел»,
«атамекен», «Жер-Ана», «аяулы өлке», «ауылым» деген адам жүрегіне өте жылы естілетін керемет сөздермен кең мағынада айтылады. Белгілі жазушы, әрі ғалым Ақселеу Сейдімбеков өз шығармаларында халқымыз бен табиғат арасындағы үндестікті, бірлікті, сабақтастықты ерекше атап көрсеткен. «Көшпелі өмір салты табиғи географиялық дара бітімдегі биосфераға бірден-бір үйлесетінді. Ата- бабамыз туған жеріне кіндік қанын ғана емес, қажет болса жүрек қанын да төге білген» – деп, жазушы табиғат пен халқымыз арасындағы өзара байланысты жоғары бағалаған.
Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі сонау ерте кезден басталған.
1. Халық ұғымындағы ертеден келе жатқан сөздер: «киелі», «қасиетті», «обал», «киелі жер», «сауабы тиеді», «табиғатқа қиянат жасама» деген ұғымдар.
Киелі қасиетті кітап «Құрандағы» аяттар 143 табиғатты таза сақтауға, үнемді пайдалануға арналған. Мысалы: а) шариғат жолында дәрет алғанның өзінде суды артық жұмсауға тиым салған;
б) нанның ұсағын басуға тыйым салған. (Мұхаммед пайғамбар түскен нанның ұсағын таба алмай, ол аяққа басылмасын деп оған қорған тұрғызған).
в) зияны тимесе жан-жануарлар мен жәндіктерді өлтіру күнә деп есептеген. Сүлеймен пайғамбар жолында кездескен құмырсқа илеуін баспай айналып өткен.
г) халқымыздың «бұлақ көрсең көзін аш», «бір күн отырсаңда ағаш ек», жерді шұқыма, «суды төкпе», аққуды атпа, күлді шашпа деген өсиеттері соған дәлел. Сонау ерте кезден-ақ табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана сезімін тәрбиелеудің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білді. Олар өздерінің педагогикалық идеяларында табиғатқа жауапкершілікпен қараудың, жеке адамның адамгершілік қатынасын қалыптастырудың маңызына ерекше мән берді.С. Рубинштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты бөліктерінің бірі қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып,... басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз - дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынастағы адам» дейді.
Атақты педагог В.А.Сухомлинский бала жанына табиғаттың жақын екендігін және олардың сан алуан табиғат сырына құштар екендігін байқаған әрі табиғат арқылы тәрбиелеу оның педагогикалық жұмысының негізі болған. Ол «табиғаттың әдемілігі адам жанының тазалығын тәрбиелеуде үлкен орын алады» деп, атап көрсеткен.
Қазақ халқында табиғатты сүйіп, қорғау туралы түрлі мақал-мәтелдер, ауыз-әңгімелер, тағлымы мол салиқалы сөздер, даналық нақыл ойлар, өрелі өнегелі өсиеттер айтылып, ата-ана арқылы балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған.
Табиғатпен біте қайнасып, аспан астында өмір сүрген халқымыздың табиғатты қорғау дәстүрі де оған байланысты тудырған даналық сөздері де жас ұрпақты еңбекке даярлаудың тәсілі. Ӛз асыраушысы, анасы деп ұғынған ата-бабамыз – табиғатты ерекше қастерлеген. Тіпті ата кәсібіне орай жаз жайлауын, қыс қыстауын белгілеп, үнемді тәртіппен пайдаланған. «Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді», «Жол үстінде тас жатса, алып таста», «Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық» т.б. Халық арасындағы туған жер туралы әндер мен күйлер өнер адамдарының, өнерпаз халқымыздың туған жерді аялай біліп, ардақтай сүйетінін дәлелдейді.
Табиғатты аялап, оның қызығын көре білген халқымыз табиғат заңдылықтары мен оның сиқырлы сырларын да жақсы білген. Халық арасындағы туған жер туралы әндер мен күйлер өнер адамдарының, өнерпаз халқымыздың туған жерді аялай біліп, ардақтай сүйетінін дәлелдейді. Қазақ композиторларының күйлері мен әндері «Сарыарқа», «Сарыжайлау», «Атамекен», «Алатау» т.б. туған жеріміздің тамаша табиғатын әсерлі суреттеп, жанымызды жадыратады
Қазақ халқында ауа тазалығын сақтауға байланысты дәстүрлер кең таралған. Қазақ халқының арасында «Таза ауа – дертке дауа», деген нақыл сөз бар. Ауа тазалығын сақтау дәстүрлері халықтың денсаулығының кепілі. Халықтың дәстүрлі түрде ауа тазалығын сақтауға қосатын үлесі - күнделікті қарапайым еңбек. Олар күнделікті жыл маусымының әр кезеңінде, таңертең мен кешқұрым ауласына су сеуіп сыпырып, жиналған қалдықтарды арнайы қазылған шұңқырға тастап, лас суды сол шұңқырға төгіп, осы шұңқырды дәрі-дәрмекпен өңдеп тұруы. Барлық ұлы жұмыс, қарапайым қадамнан басталады.Әлем кеңістігін, аспанды, ауаны аялау - қазақ халқының қанына сіңген, өмір бойы өзімен бірге келе жатқан асыл дәстүрі. Қазақ халқы табиғатпен үйлесімді өмір сүру барысында табиғаттың теңдесі жоқ қоры - жасыл өсімдіктердің сырын білуге тырысқан. Жасыл желектерді ары мен жанындай қадірлеген. Оның дәлелі ретінде ел ішінде кең тараған: «Көкті жұлма - көктей соласың» дейтін тыйым салу түріндегі даналық сөзі еріксіз еске түседі. «Көкті жұлма», – деп, жалпы жасыл өсімдіктерді
қажетсіз жұлмау, ағаштарды есепсіз кеспеу керектігін түсіндіреді. Жер бетіндегі жасыл өсімдіксіз табиғаттың дамуы, жануарлар дүниесінің, адам баласының өмір сүруі мүмкін емес.Жасыл өсімдікті аялау жайындағы халық дәстүрлерінің мән-мағынасы осы.
Қазақ халқына тумасынан жақын –– жануарлар дүниесі. Халық оның кейбір түрлерін өте ертеден қолға үйретіп, өнімдерін пайдалана білген. Төрт түлік мал және оның пайдасы жайлы мақал-мәтелдер туғызған. Халық дәстүрінде буаз малды бауыздау немесе буаз аңдарды ату үлкен қылмыс болып саналған. Үкі, қаршыға, қырғи, ителгі, шүпек, бүркіт сияқты құстарды қолда асырап, аңшылық кәсіпке пайдаланған. Олардың құрып кетпеуіне қамқорлық жасаған. Мәселен, адам мен құстар арасындағы достық жайлы мына аңызды мысал ретінде келтіріп кетейік. «Жоңғар жаугершілігі кезінде қазақ елін, жерін тастап, жан-жаққа бас сауғалап көшкені белгілі. Сонда атақты Төле би жұртта жалғыз үй қалып қойыпты. Ӛктем жау тепсініп келіп, бидің ордасына ойран салмақ болады. Сонда Төле би тұрып:
- Ей, пенделер, шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді, сол ұяда қызылшақа балапандары жатыр, әлі өз беттерімен ұша алмайды. Мен үйімді жықсам олардың ұясы бұзылады. Сондықтан обалдарына қалмайын деп көшпей отырмын. Адам болсаңдар соны аяңдар, онан соң ойраныңды сала бер!» – дейді.
Бұны есітіп таң қалған және мұншама адамгершілікке риза болған қолбасшы, Төле бидің үйіне соқтықпаған көрінеді» . Адамға ең жақын әрі халықтың ең сүйікті құсы – қарлығаш. Оңың да адамға сенгендігі сонша, көпшілігі ұяларын үйге салады. Олардың емін-еркін кіріп шығуына үйдің терезелерін, есігін ашып қою, балапандарын мысық, жылан сияқты қауіптерден құтқарып отыру – халықтың ежелден келе жатқан дәстүрі.
Республикамыздың оңтүстік облыстарында наурыз айында ұшып келетін нәуірзек құсының келуін ерекше қарсы алған. Нәурізекті – жыл басы, қөқтем хабаршысы, жақсылықтың нышаны деп құрметтейді. Оларға жем шашады. Құстың келу құрметіне арнап бүкіл ауыл болып наурыз көже істейді. Бұл мереке қүні жұртшылық бір-біріне жаңа жылының жемісті, молшылық, мамыршылық жыл болуына тілек білдіріседі.
Халық басқа да үкі, қаршыға, қырғи, ителгі, шүпек, бүркіт сияқты құстарды қолда асырап, аңшылық кәсіпке пайдаланған. Олардың құрып кетпеуіне қамқорлық жасаған. Қыс – құстар үшін қатал сын. Суық күн, тамақтық жемнің аз болуы – құстарды көп шығынға ұшыратады.Халық қанатты достарына бұндай қиын-қыстау кезеңде өз жәрдемін аямаған. Тіпті халық біреуге ізгі ниет білдіргенде: өркенің өссін, көсегең көгерсін деуі, немесе өз сүйіспеншілігін білдіргенде: ботам, шынарым, бұлбұлым, сұңқарым, құлыным деп табиғатта өзі сүйетін құбылысқа немесе затқа байланыстыра айтуының өзі халықтың табиғатқа шексіз сүйіспеншілігінен шыққан теңеулер.
Халық өз жерін қорғай отырып, оны өз шаруашылығына тиімді пайдалана білген. Малдың жаз жайлауын, қыс қыстауын белгілеп, белгілі тәртіппен белгілеген. Ал, жайылымды және оның шөбін ұқыпты пайдалана білмегендерді: «Жайлауды жайлай білмеген, малды айдай білмейді», «Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді» деп сынаса, «Қыс қыстауынды, жаз жайлауында күт» деп ақыл айтып, жайлауды күтіп ұстауға баулыған.
Табиғат қорғау – өз алдына жеке іс, дара мақсат емес. Табиғат қорғау – Отанды қорғау, адамды қорғау. Оның қазіргісі мен келешегін қорғау, өзімізден кейінгі ұрпақтардың өміріне қамқорлық жасау болып табылады. Табиғат қорғау ісінде өз халқымыздың бойына қалыптасқан озат дәстүрлерінен үлгі ала отырып игі істер істеу, дәстүрімізді одан ары жалғастыру – біздің асыл борышымыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет