Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар



бет19/33
Дата18.05.2022
өлшемі367.42 Kb.
#456879
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
ВИП лекция -15 каз 22-ДОТ (2)

Сандық және сызықтық масштаб.
Сандық және сызықтық масштаб. Сандық масштаб алымы 1-ге тең бөлшекті көрсетеді, ал бөлшектің бөлімі картада жергілікті жер сызығының ұзындығы қанша есе кішірейгенін көрсетеді. Мысалы, 1:50000 масштабында карта сызықтық өлшемдер 50000 есе кішірейтілген, яғни картаның 1 см-і жергілікті жерде 50000см-ге немесе 500 м-ге, болмаса, 0,5 км-ге сәйкес келеді. Сандық масштабпен жұмыс істеу карта сызығының ұзындығынан жергілікті жер ұзындығына және керісінше ауысуға келтіріледі.
Сызықтық масштаб – бұл сандық масштабтың графикалық мәнері. Түзу сызықта масштаб негізі деп аталатын кесінді бірнеше рет салынған. Масштаб негізі жергілікті жердегі жүздеген метр немесе километрдің бүтін санына сәйкес келеді. Принйип бойынша, оның ұзындығы 2 см-ге тең. Бірінші негіз майда бөлікткрге бөлінеді.
Циркуль өлшегіш, курвиметр, қағаз және сызғыш көмегімен карта бойынша қашықтықты өлшеу.
Өлшеуіш-циркульмен өлшеу. Циркульді өзінен сәл еңістеу ұстап, оның инелері өлшейтін кесіндінің шеткі нүктелеріне қойылады; циркульдің адымын өзгертпей, оны сызықтық масштабқа қойып, сол аяғы нөлдің сол жағынан келетіндей, ал оң аяғы нөлдің оң жағынан, бөлулердің бірінде дәл тұруы тиіс, содан соң ізделінетін қашықтық неше метрге немесе километрге сәйкес келетіні жазылу бойынша есептелінеді.
Картаның сызықтық масштабына сыймайтын ұзын сызықтар бөлшектеніп өлшеніледі. Қисық сызықтағы қашықтық циркуль адымымен (кішігірім адыммен) өлшенеді. Әдетте, циркуль адымының ұзындығы 1 немесе 0,5 см-ге тең.
Картада маршрут ұзындығын, әдетте, курвиметрмен өлшенейді. Қалыпты курвиметрде карта бойынша қашықтықты өлшеу ұшін екі шкала болады: бір жағынан – метрлік (0-ден 100 см-ге дейін), екінші жағынан - дюймдік (0-ден 39,4 дюймге дейін). 1 дюйм 2,54 см-ге тең. Бұл аспаптың төменгі жағындағы айналдыру дөңгелекшесі тісті берілістержүйесі арқылы меңзермен жалғанған. Картадағы сызық ұзындығынөлшеу үшін алдымен дөңгелекшені айналдыра отырып, меңзерді шкаланың бастапқы (нөлдік) бөлінісіне қойып, дөңгелекшені өлшенетін сызық бойымен сырғанату керек. Курвиметр шкаласы бойынша алынған санды карта масштабының шамасына көбейту керек.
Курвиметр жұмысының дұрыстығын сызықтың белгілі ұзындығын, мысалы, картадағы километрлік тор сызықтарының арақашықтығың өлшеу жолымен тексереді. 50 см ұзындықты өлшеу кезінде курвиметрдің қателігі 0,25 см-ден аспайды. Маршрут ұзындығы өлшеуіш-циркульмен де өлшене алады.
Карта бойынша өлшенген маршрут ұзындығы нақтылы ұзындықтан біршама қысқа болады, өйткені картаны,әсіресе ұсақ масштабты картаны құрастырғанда, жолдартүзуленеді. Таулы-жоталы жерлерде сонымен бірге маршруттық гризонталь жүргізу мен оның шынайы ұзындығының арасында өрлер мен еңістерге байланысты елеулі айырмашылықтар болады. Осыған байланысты карта бойынша өлшенген маршрутқа түзетулер енгізген жөн. Түзету коэффиценттері жергілікті жерлердің әр түрлі типі мен карта масштабтары үшін бірдей емес.
Қағаз жолағы көмегімен өлшеу үшін – оның тегістеу шетін картадағы нүктелер арасындағы анықталатын қашықтықпен беттестіріп, оларға қарама-қарсы қағаз жолағында жіңішке сызықтармен белгілер жасайды. Осы белгілер арасындағы кесіндіні сызықтық масштабқа қойып, қашықтықты есептейді.
Егер сызғыш пайдаланылса, онда оның көмегімен картадағы нүктелер арасындағы қашықтықты сантиметрмен (миллиметрмен)өлшейді, содан соң алынған мән масштаб шамасына көбейтіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет