Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет14/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Эндоплазматикалық тор - Портер 1945 жылы жануарлар жасушасынан, ал кейінірек өсімдіктер жасушасынан цитоплазманың ішіне батып тұратын, тармақталған аса жіңішке торды ашты. Ол цитоплазманың бүкіл қабатын торлап жатады, ал ядроның аймағында ерекше жиі тор түзеді. Сондықтан оны эндоплазмалық тор немесе ретикулум деп атайды. Эндоплазмалық тор түтікшелер мен өзекшелер жүйесінен тұрады, бұл жүйенің қабырғасы плазмалемма мембранасына қарағанда айтарлықтай жұқа, қарапайым мембрана болып табылады.
Эндоплазмалық тор түтікшелерінің ішінде түссіз, мөлдір энхилема деп аталатын сұйықтық болады. Бұл сұйықтықтың құрамында тұздар мен еритін ақуыздар бар. Кейбір жерлерінде эндоплазмалық тордың беті тегіс, басқа учаскелерінде оларға рибосомалардың бекінуіне қарай кедір-бұдыр болып келуі мүмкін. Эндоплазмалық тор ядроның сыртқы қабықшасы есебінен түзіледі, сондықтан тор энхилемасы мен ядро қабықшасының арасындағы перинуклеар сұйықтығы бірдей деп санауға болады. Кәрі жасушалардан жас жасушалар түзілгенде эндоплазмалық тор мембраналары жойылып кетпестен, ұрпақтан-ұрпаққа ауысады, ал ядро мембранасы әр жолы қайтадан түзіледі.
Кейбір авторлар плазмалемма мен эндоплазмалық тор мембраналары бірігіп, іс-жүзінде мембраналардың үздіксіз торын құра алады деп санайды. Алайда бұл пікір дұрыс емес. Плазмалемма мен эндоплазмалық тор бір-біріне үлеспейді, бұл плазмодесмадан жақсы көрінеді. Плазмодесманың көлденең кесіндісінен плазмалемма мен эндоплазмалық тордың мембраналары еш жерде бірікпестен, пора арқылы өтетіні көрінеді. Сонымен, көршілес жасушалардың эндоплазмалық торы жалғасып, бірыңғай үздіксіз жүйе құрайды. Соның арқасында жасушалар арасында энхилема алмасады.
Эндоплазмалық тор өзектерінің бойымен заттар тасмалданады. Цитоплазманың барлық қабаттарын аралап, ядро мембраналарымен қосыла келе және плазмодесмадан өте отырып, эндоплазмалық тор ядро мен цитоплазманың, жасушасының әр түрлі учаскелерінің, сондай-ақ көршілес жасушалардың өзара байланысуын қамтамасыз етеді.
Эндоплазмалық тордың рибосом бекінетін кедір-бұдырлы бөлігі ақуыз синтезіне қатысады. Рибосомалар мұнда уақытша бекінеді. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тор учаскелерінде синтезделген ақуыз оның өзекшелеріне, энхилемаға өтеді. Энхилема ақуыздардың, нуклеотидтер мен тұздардың ерітіндісі болып табылады, ол қан сарысуын еске түсіреді және қоректендіру қызметін атқаратын болса керек. Тор энхилемасы арқылы жасушаның өсуіне, жаңа органоидтар құруына, зат алмасу реакцияларына қажетті заттар жеткізіледі.
Рибосомалар - рибосомаларды 1955 жылда Паллада ашқан олар рибонуклеопротеидті бөлшектер болып мембраналары болмайды. РНК және ақуыздан құралған әр бір жасушада бірнеше он мыңдық рибосомадан құралған. Ол ядрошықта синтезделіп, цитоплазмада еркін және эндоплазматикалық торда жайғасқан. Рибосомада ақуыз және өте кем мөлшерде липедтер кездеседі. Рибосома ядрода, пластидаларда, және митохондряда болып, тек қана ақуызды синтездейді.
Рибосомалар - клеткадағы белоктың биологиялық синтезделуін іске асыратын, химиялық құрамы нуклеопротеидтерден тұратын, диаметрі 20-30нм шамасында, үлкен және кіші екі бөлікшеден құралған денелер рибосомалар деп аталады. Өсімдік клеткаларында рибосомалардың үш түрі кездеседі: цитоплазмада –80S рибосомар, хлоропласта –70S рибосомалар, ал митохондрияларда –80S рибосомалар. Рибосоманың құрамында рРНҚ және белоктар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет