Лекция: 36 сдж: 28 Практикалық (семинар) сабақтар: 36 Жұмыс бағдарламасын құрастырған: оқытушы А. К. Молдадосова


Хасров І Анашорван реформалары, сыртқы саясаты



бет2/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#12863
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

3. Хасров І Анашорван реформалары, сыртқы саясаты. Маздакидтер қозғалысын басқаннан кейін және әкесінің өлімінен кейін Хасров Аношорван (531-579 ж.ж.) билікке келді. Ол елде бірқатар реформалар жүргізді:

- жер-салық жүйесін түгелдей қайта құрды;



  • сауданың дамуына жағдай жасады;

  • құрылыс жұмыстарына баса назар аударды;

  • білім мен ғылымның дамуына жағдай жасады;

Сыртқы саясатында көрші халықтармен кескілескен күрес жүргізді. 532 жылы Византия императоры І Юстианмен “мәңгілік келісім” жасаған болатын. Бірақ Византияның күшейіп кетуінен қорқып, келісімді бұзды. 540 жылы Сирияға ірі шабуыл жасады және Антиохияны тонап, өртеудің нәтижесінде орнында тек күлі ғана қалды. Соғыс одан әрі Закавказье мен Месопатамияда жалғасты және үзілістермен 562 жылға дейін созылып, келісіммен аяқталды. 570 жылы Хасров Иеменді жаулап алды. Бұл Византия мен Иран арасындағы 20 жылдық соғыстың басталуына әкелді. Бұл соғыс тек Хасров өлімінен соң, оның балалары тұсында аяқталды. Шығысында Хасров Орта Азидағы қосөзен аралығындағы көшпелі түрік тайпаларымен күрес жүргізді.

4. Арабтардың басып кіруі, Сасанидтер мемлекетінің құлауы. Хасров І билігінен кейін Сасанидтер билігі құлдырай бастады. Феодалдармен ақсүйектер орталыққа бағынудан бас тартып, көтерілістерге шыға бастады. Ең ірі феодалдық көтеріліс 590 жылғы Бахрам Чобин көтерілісі. Шах Хасров ІІ (590-628 ж.ж.) византия императорынан көмек сұрауға мәжбүр болды және тақты тек византия әскерінің көмегімен ұстап қалды. 591 жылы Иран мен Византия арасындағы келісім бойынша: Византияға Закавказьенің шегаралық бөлігі берілді. VI ғасыр аяғы мен VII ғасыр басында иран халқының жағдайы әбден нашарлады. Сасанидтер ішкі қарама-қайшылықтың жауабын сыртқы жаулап алу жорықтарынан іздеді. 602 жылы Византиямен соғыс басталып, алғашқыда Хасров ІІ маңызды табыстарға жетті. 613-620 ж.ж. ол Сирияны, Палестинаны, Египетті жаулап алады. 623 жылы шабуылға Византия императорының өзі келеді. 628 жылы византиялықтар Ктесифон жанына келіп, Сасанидтер астанасына қауіп төндіреді. Бұны пайдаланған ақсүйектер қастандық ұйымдастырады. Хасров ІІ баласы ақсүйектер қолдауымен әкесіне қарсы шығып, оны тұтқындап өлтруге бұйрық береді. Византиямен келісім жасалды: византиялықтар бұрынғы барлық иеліктерін қайтарып алды.

Византиямен соғыстан әбден әлсіреген және ішкі феодалдық бытыраңқылықты басынан өткізіп жатқан Иран 7 ғасыр ортасында өте әлсіз мемлекет болды. Соңғы Сасанид шахы Изергед (632-652ж.ж.) елде ешқандай абыройға ие болмады. Осы уақытта арабтар күшті әскери мемлекетке бірігіп Иранға шабуыл жасап, 642 жылы қиындықсыз басып алды. Иран шахы Иездгерд шығыс облыстарға қашып кетіп, Мервте түрік князінің қолынан 652 жылы қайтыс болды.


Лекция 3

Тақырыбы: VI-XI ғасырлардағы Арабия.

1. III-VI ғ.ғ. арабтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, діні, саяси тарихы

2. Исламның пайда болуы. Аравияның біргуі.

3. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия және олардың жаулап алу жорықтары.

4. Омейядтар халифаты

5. Аббасидтер халифаты.



Әдебиеттер:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. М.Большаков История Халифата 3-томах. М.,2001.

1. III-VI ғ.ғ. арабтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, діні, саяси тарихы.

Арабия түбегі 3 млн. шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ежелден бұл территорияны арабтар мекендеді. Бұл аймақтың әртүрлі аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы біркелкі болған жоқ. Табиғат жағдайларына қарай оның тұрғындарын отырықшы егіншілер, көшпелі малшылар деп бөлуге болады. Аз ған бөлігінде егіншілік дамыды. Иеменнің қару жарақ шығарумен, тері өңдеумен даңқы шықты. Оңтүстік Арабияда алтын шығарылды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық саудамен айналысуы себеп болды. Арабиядағы көшпелі малшыларды – бедуиндер деп атады. Бедуиндер негізінен түйе өсірумен, сонымен бірге жылқы, қой, ешкі өсірумен шұғылданды. VI-VII ғасырларда бедуин тайпаларында алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау процесі жүріп жатты. Тайпа ақсүйектері қора-қора малымен, жайылымдарымен ерекшеленіп тұрды. Бұлармен қатар өздерін заңды түрде тәуелсіз деп есептейтін, бірақ мәжбүрлі түрде ақсүйектерге жұмыс істейтін тәуелді адамдар болды. Арабтарда маңызды мөлшерде құлдықта таралды. Құлдар негізінен Африкадан әкелінген шетжерліктер болды. Құл еңбегі экономикалық құрылыстың негізі болған жоқ.

Иемендегі құлиеленушілік құрылыстың дағдарысы және бедуиндердегі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі Арабияның сыртқы жаулап алушылардың обьектісіне айналу кезіне сәйкес келді. VI ғасырда Византия мен Иран Иемен мен Батыс Арабия арқылы өтетін сауда жолдары үшін күрес жүргізді. 572-628 жылдары Иемен Сасанидтік Иранның сатырабына айналды.

2. Исламның пайда болуы. Аравияның біргуі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, тайпалық ақсүйектердің жерді, малды, маңызды кіріс бөлігін жеке меншікке айналдыруға ұмтылуы Арабияның саяси бірігуінің негізгі алғышарттарына айналды. Бұған оңтүстік Арабия құлиеленушілік мемлекетінің құлауы және сыртқы жауларға қарсы тұрудың қажеттілігі де әсер етті. Бірігудің орталығы егіншілікпен, сауданың, қолөнердің біршама дамыған ауданы Хиджаз болды. Хиджаздың Мекке, Таиф, Ясриб сияқты қалалары көшпелі тайпалармен тығыз байланысты болды. Меккенің географиялық орналасуы оның тұрғындарының отырықшы мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасады. Мекке тұрғындарының көп бөлігі Курейш тайпасынан тұрды. Қаланы Омейядтар руы басқарды. Тайпалық жіктелуді жеңіп, біртұтас араб мемлекетін құру бір құдайға табыну идеологиясына келіп тірелді. Аравияның әртүрлі аудандарында бір құдайға сыйынуды уағыздаушылар пайда бола бастады. Меккеде мұндай насихаттаушы Мұхаммед (570-632 ж.ж.) болды. Ислам діні 610 жылдар шамасында пайда болды. Алғашқыда ол Меккеде кең қолдауға ие болмады. Мұхаммедтің насихатын алғашқыда тек отбасы мұшелері мен бірнеше жақын туыстары ғана мойындады. Мұхаммедтің жақтастары “өздерін құдайға тапсырғандар” (муслимуна, мұсылмандар) деп атай бастады. 614 жылдан мұсылмандар саны 40-50 адамға жетіп, Мұхаммед көпшілік алдында үгіт-насихат жасай бастады. Мекке билеушілері Мұхаммедтің жақтастарын қуғындай бастады. 616 жылдың аяғы мен 617 жылдың басында кураиш руының рулары хашимит руына байкот жариялады. Ол бойынша: хашимиттермен сауда жасауға, іс жүргізуге, некеге тұруға тыйым салынды. Байкот 619 жылға дейін созылды. Осы кезде Мұхаммедті қолдаушы Абу-Талиб, сүйікті әйелі Хадиша қайтыс болды. 620 жылдан араб және иудей тайпаларының өзара қырқысынан әбден шаршаған Иасриб қаласында Мұхаммедтің үгіт-насихаттары естіле бастады. Иасриб қаласының тұрғындары Мұхаммедпен ауызша келісім жасады. Келісім бойынша: Иасрибтықтар Мұхаммедтің рухани абыройын мойындап, қалада өмір сүруіне кепілдік берді. Мұсылмандардың Меккеден Иасрибке көшуі басталды, ол 622 жылы 22 қыркүйекте Мұхаммедтің Иасрибке келуімен аяқталды. Мұхаммедтің Иасрибке келуі ислам тарихында төңкерісті оқиға болып, сол жыл хиджра (өз тайпасынан байланысты үзіп, басқадан пана табу) деп аталды да, мұсылман жыл санауының басы болды.

Иасрибке келген соң Мұхаммед дін уағыздаушы ғана емес, саяси қайраткерге айналды. Иасриб қаласы Мадина (Мадинат ан-наби –Пайғамбар қаласы) деп атала бастады. Жаңа жерде бекініп алған соң Мұхаммед меккеліктермен күрес бастады.

Ұзаққа созылған соғыстан кейін 630 жылы Мекке қаласының билеушісі Абу Суфиан Мұхаммедтің билігін мойындайды. 631 жыл ислам дінінің бүкіл Арабияға таралу жылы болды. Бұл жылы Таиф қаласының тұрғындары, Иеменнің, Орталық Арабияның және Бахрейннің әртүрлі тайпалары ислам дінін қабылдады.

3. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия және олардың жаулап алу жорықтары.

Мұхаммедтің өлімінен кейін мемлекет билеушілері оның туыстарынан сайланып, “халиф” титулын (пайғамбардың орынбасары) алды. Сайланған халифтар төртеу болды: Абу Бакр (632-634ж.ж.), Омар (634-644ж.ж.), Осман (644-656ж.ж.), Али (656-661ж.ж.). Алғашқы халифтар жаулап алу жорықтарын жүргізді. Араб жаулап алу жорықтарына халқаралық жағдай да қолайлы болды. Византия мен Иран арасындағы ұзаққа созылған соғыс (602-628 ж.ж.) сол уақыттың екі державасының күштерін сарқыған еді. Арабтар көп әскер жинап, бір уақытта Иранмен де Византиямен де соғыс бастады.

640 жылы Палестинаны, Сирияны, Египетті (640-642 ж.ж.), одан әрі Солтүстік Африкаға, ал 649 жылы Карфагенге жетті. 634-651 жылдары Иранды түгел жаулап алды. VII ғасыр ортасында Армения мен Грузияның бір бөлігі арабтардың вассалына айналды.

VIIІ басына дейін араб жаулаушылары бағындырған елдерінде жергілікті тәртіпті сақтап қалды. Жаулап алу нәтижесінде арабтар жаңа жерлерге қоныс аударды. Олардың бір бөлігі отырықшылыққа көшіп, басқалары көшпенділер күйнде қала берді. Бірқатар жерлерде арабтану процесі жүрді. Мысалы Иракта, Сирияда және Египет пен Солтүстік Африкада арабтану процесі жүріп, олар ислам дінін, араб тілі мен жазуын қабылдады. Ал Кавказға, Иран мен Орта Азияға қоныс аударған арабтар жергілікті тұрғындармен араласып, олардың мәдениетін қабылдады.

VII ғасыр ортасында Халифатта азамат соғысы басталды. Оны Мұхаммедтің туысқан інісі және күйеу баласы Али басқарды. Алидің жақтастары өздерін шейіттер деп атады. VII ғасыр ортасында исламның үш ағымы қалыптасып болды. Олар сунидтер, шейіттер және хариджиттер.

4. Омейядтар халифаты. Азамат соғысында араб феодалдық ақсүйектері жеңіске жетті. 661 жылдан 750 жылға дейін араб халифатын Омейядтар руы басқарды. Халифаттың астанасы Дамаск қаласы, Халифаттың орталық облысы Сирия болды. Сирия Азөамат соғысы салдарынан үзіліп қалған жаулап алу жорықтарын жалғастыру үшін тірек орталығы болды. VII ғасыр соңы мен VIIІ ғасыр басында арабтар Солтүстік Африкада берік тұрақтанды. 711 жылы Испанияға еніп бүкіл территориясын басып алды. Византияның астанасы Константинопольді бірнеше рет қоршауға алды, бірақ арабтар бұл жерлерде түрақтана алмады. VIIІ ғасыр басында арабтар Армения, Картли, және Картли түбегі жаулап алынды. 705-715 жылдары Орта Азиядағы соғыс қимылдарынан соң Хорезм мен Амудария аудандары жаулап алынды. 751 жылғы арабтардың Қытай әскерімен күресіндегі жеңісі халифаттың Орта Азиядағы ықпалын күшейтті.

Византия мен Иранның африкалық, азиялық провинциялары, Закавказье, Орта Азия, Испания елдері араб жаулаушылығы кезінде алғашқы феодалдану сатысында еді. Халифатта феодалдану процесі шапшаң жүрді. Жердің жоғарғы егесі –мемлекет болып есептелді. Халифатта жер иеленудің бірнеше формалары болды. Шаруашылықта анық дайындайлған салық жүйесі өмір сүрді. Салықтың түрлері: Зекет салығы – қолөнермен, саудамен және малшаруашылығымен айналысатын малшылар төледі; Джизья – мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы; Ұшыр – мұсылмандардан алынатын жер салығы; Харадж мұсылман еместерден алынатын жер салығы;

Саяси құрылысында бірқатар өзгерістер жасалды. Омейядтар мемлекеттік қызметке тек арабтарды алды. Барлық іс қағаздары араб тілінде жүргізілді. Араб тілі Батыс Азия, Солтүстік Африка және Испанияға дейінгі жерлерде халқаралық тіл ролін атқарды. Халифат өз теңгесін шығарды. Почта байланысы жолға қойылды. Халиф – барлық азаматтық және рухани (діни) билікке ие болып, оның билігі мұрагерлікке берілді. Өте үлкен мемлекетті басқару үшін наместниктік жүйе ұйымдастырылды.

Омейядтар Сирия мен Египеттегі ақсүйектерге арқа сүйеді. Ал оларға қарсы оппазицияға Алидің ұрпақтарымен Аббасидтер (пайғамбардың туысы Аббастың ұрпақтары) және пайғамбардың Мекке мен Мединадағы сыбайластары болды. Араб емес феодалдармен мұсылмандар да наразылық танытты.

VIIІ ғасыр ІІ ширегінде халифатта көтерілістер етек алды. 728-737 ж.ж. Мауренахрда соғдылықтар, 734-743 ж.ж. Магрибте берберлер және Испанияда, 740 жылы Куфте шейттер, 744-747 ж.ж. Қосөзенде, Батыс Иранда және Оңтүстік Аравияда хариджиттер көтеріліске шықты.

747 жылы Аббасид имамы Ибраһим ибн Мухаммад көтеріліс ұйымдастыру үшін өзінің құлы Абу Муслимді жібереді. Ол Мервке келіп өзін 7 пайғамбардың бірімін деп уағыздай бастады. Бұндай ұран Омейядтарға қарсы барлық топтарды шейіттерді, хариджиттерді біріктірді. Көтеріліс негізінен Хорасанды қамтып, көтерілісшілер ірі қалаларды бағындырды. 749 жылы Аббасид Абу-аль-Аббас-ас Сафах халиф болып жарияланды. Аббасидтер билікке келген соң көтерілісшілер Абу Муслимнің ұрандарының барлығы тек билік үшін жасалғандығын түсінді. Елде жаппай қырып-жою басталды.



5. Аббасидтер халифаты. Аббасидтер халифы билікке иран жер имеленушілерінің көмегімен келгендіктен оларды маңызды мемлекеттік билік орындарына қойды. Аббасидтердің астанасы – Бағдат қаласы болды (762 жылы салынған). Аббасидтердің Омеядтардан ерекшелігі жаулаушылық соғыстарын жүргізбеді. Халифаттың құрамынан Испания, Магрибтың бірқатар аудандары шығып кетті. Византиямен үзілмес соғыс жүргізді. Феодаллдық қатынастар одан әрі дамыды. Жер – мемлекет меншігі болды. Мемлекеттік жер иелену ірі суғару жүйелері бар Ирак пен Египетте кең қолданылды. Икталық жер бұрын мемлекетке салық төлеп тұрған жағ,дайда берілсе, енді әскери және азаматтық қызмет көрсететіндерге берілді. IX ғасырдан феодалдық жер иеленудің жаңа түрі - вакфтық жер иелену қалыптасты. Бұл жерлерді мемлекет немесе жеке меншік иелері әртүрлі мұсылман ұйымдарына, мешіттереге, мектептерге, жеке діни тұлғаларға сыйға тартты.

Халиф әскерлері бірнеше категориядан тұрды: араб тайпаларының жасағы, жалдамалылар және гулямдар. Гулямдар жасөспірім кезінен арнайы әскери тәрбиеленетін, түрік, словян, африкалық құлдардан тұратын халифтың берілген малайлары. Бірақ гулямдар аз уақыт ішінде үлкен күшке айналып, өз еріктерін халифке жеткізетін дәрежеге жетті.

Аббасидтер билікке халық көтерілісінің нәтижесінде келген еді. Бірақ бұлардың халық мүддесін ойламауы елде наразылыққа әкелді. 751 жылы Бұхарада, 755 жылы Нишапур мен Рейде, 776-778 ж.ж. Мауренахрда, 778-779 ж.ж. Гурганда көтерілістер болды. Ең ірі көтеріліс Азербайжандағы Бабек көтерілісі.

IX ғасырдың басынан Аббасидтер халифаты жеке-жеке эмираттарға бөліне бастады. Себебі: халықтардың жеке облыстардың экономикалық дамуы, этникалық құрамы, мәдениеті, тілі, діні әртүрлі болды. Мемлекеттік жер иелену есебінен ірі жер иеленушілердің күшейуі, бағынышты халықтардың тәуелсіздік күресінің өсуі араб халифатының құлауына әсер етті.


Лекция 4

Тақырыбы: Жапонияда феодалдық қатынастардың қалыптасуы

1. ІІІ-VI ғ.ғ. Жапония. Ерте феодалдық жапон мемлекетінің құрылуы

2.Тайк төңкерісі және елдегі реформалар, мемлекеттік құрылысы

3.VII-X ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаты



Әдебиеттер:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. Жуков Е.И. История Японии. М.,1969.

10.История Японии (с древнейших времен до наших дней) М.,1988.

11.История Японии. 2-х томах.Т-І М.,1998.

12.Воробьев М.В. Япония в ІІІ-VII в.в.: Этнос, общество, культура и окружающий мир. М.,1980.


1. ІІІ-VI ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Жапонияның неғұрлым ертеректегі тұрғындары қазіргі айнулардың ата-бабалары эбисулар деп есептелді. Жаңа эраның басында олар Хонсю аралының солтүстік-шығысында өмір сүрді. Олардың этникалық шығу тегі әлі анықталмаған, бірақ кейбір зерттеушілер олардың оңтүстіктен шығуын Малаямен, Үндіқытай түбегімен және қазіргі Индонезия аралдарымен байланыстырады. Жапон аралдарына бірнеше рет корейлер, қытайлықтар және әртүрлі манчжуртунгус тайпалары қоныс аударып, эбисуларды солтүстікке ығыстырды.

Кескілескен күрестер барысында бір тайпаны екінші біреуінің бағындыруы нәтижесінде біртіндеп араласу процесі жүрді. Күшті тайпалардың арасынан Ямато тайпалары іріктеліп шықты. ІІІ ғасырдың соңы мен ІV ғасыр ортасында олар барлық қарсыластарын жеңіп, Хонсю аралының оңтүстік бөлігінде Ямато тайпалар одағын құрды.Осы атаудан Япония атауы пайда болды.

Қазіргі жапондықтардың ата-бабалары егіншілікке жарамды, құнарлы аудандарға қоныстанды. ІІІ-VІ ғ.ғ. өзінде-ақ негізгі ауылшаруашылық өнімі құрғақ және игерілген жерлерде өндірілетін – күріш болды. Суландыру каналдары мен тоғандар сала бастады. Негізгі дақыл күріш пен дәнді дақылдармен бірге, V ғасырдан бастап жібек өндіру басталды.

Қытайлықтардың Жапонияға қоныс аударуы ІІІ ғасыр аяғында Қытайдың батысынан көшпенділердің шабуылы нәтижесінде күшейіп, V ғасырда корей-қытай қоныс аударуы қарапайым құбылысқа айналып қалды. Қонысаударушылар тұрғындардың әртүрлі тобына жатып, “бэ” деп аталды. Бұларға тағы жеңіліп қалған қауымдардың басшылары, пұтқа табынушы абыздар, “грометейлер” – яғни қытайша оқып, жаза алатын қалыптасып келе жатқан мемлекеттің алғашқы чиновниктері, сонымен бірге қылмыс істеп құлға айналған қауым мүшелері жатты. Үй шаруашылығында құлдар еңбегі қолданылды, дегенмен олардың саны аз болды.

Қарапайым сауда қатынастарының даму нәтижесінде V ғасыр басында рыноктар пайда болды. Ең алғашқы рынок Хонсю аралының орталық бөлігіндегі қазіргі Осака қаласы ауданындағы “Қытай рыногы” болды. Жапон қорғандарынан табылған қытай тиындары осы континентпен сауда қатынастарын жүргізген деп болжауға мүмкіндік береді. Қоғамдық еңбек бөлінуінің негізінде мүлік теңсіздігі өсіп, аристократтық отбасылар бөлініп шыға бастады және құлдар мен бэлерді қанау күшейді. ІV ғасыр соңы мен V ғасырда патша функциясын атқаратын тайпа одақтарының көсемдерінің билігі күшейді. Оның билігі маңызды жер көлемін иелену, қауым мүшелеріне салық салу, құладар жаулап әкелу, егінші, қолөнерші бэлердің еңбегін пайдалану болды. Дамыған таптық қоғамда егіншілікпен шұғылданушы қауымның ролі күшті болды.

Жеке-жеке ақсүйектер отбасыларының билік үшін күресі барысында Сого әулеті 592 жылы патшаны өлтіріп, билеуші жағдайды егеленді. Өздерінің ықпалдарын күшейту мақсатында елге корейліктер мен қытайлар әкелген, VІ ғасырдан кең тарқай бастаған буддизмді қолданды. Сонымен бірге жапон тайпаларының ежелден келе жатқан пұтқа табынушылық діні синтоизмге (құдайлар жолы) үлкен соққы берді. Буддизм қалыптасып келе жатқан ерте феодалдық қоғамның алғашқы қауымдық қалдықтарына қарсы қолданған идеологиялық қаруы болды.

Билік үшін кескілескен күресте бұрынғы патша үйінің өкілі Сетоку Тайси билікке келеді. Сетоку-Тайси қызметінің атақты ескерткіші 604 жылы жасалған “17 статьялық заңы” болды. Бұл ескерткіште буддалық және конфуцилік діннің ықпалы күшті болды. Мұнда алғаш рет жапон аұсүйектерінің талабына сай мемлекеттік құрылысы анықталды. Бұл заң патша билігін күшейтуге жағдай жасады. Сетоку Тайси саяси тіректі сырттан табуға тырысты. 607 жылы Қытайға елшілік жіберді. Мәдени байланыстар орнатты. Сога әулетінің қарсыластары бірігіп, төңкеріс ұйымдастырды.

2.Тайк төңкерісі және елдегі реформалар, мемлекеттік құрылысы. VІІ ғасырда Жапонияда орталықтанған мемлекет құрылды. Мұнда тарихта “Тайк төңкерісі” деген атқа ие болған (сөзбе-сөз аударғанда “Ұлы өзгерістер кезі”) саяси төңкеріс үлкен маңызға ие болды. Принц Наканооэ мен Накатоми Камако бастаған ақсүйектер император сарайындағы Сого руының билігін жойды. Бұл төңкеріс және елде жүргізілген реформалар “Тайк реформалары” қоғамдағы дағдарысты жағдайлардан келіп шықты. Халықты алдыңғы басқару құрылымымен қанау мүмкін емес еді.

Реформаларды жүргізуге сыртқы факторлар да әсер етті. Қытайдағы Тан империясы күшейіп Корей түбегін тіпті Жапонияның өзін жаулап алу қаупі күшейді.

645 жылдан бастап-ақ үкіметтік басқару аппаратын қайта құру басталды. Арнайы министрліктер құрылды. Императордың кеңесшілері тағайындалды. Жергілікті дәрежеде де өзгерістер енгізілді. Шығыс облыстарда жерді өлшеу жүргізілді, тұрғындарға тұрақты салық жүйесі енгізілді, провинциялардың губернаторларымен, уездердің басшылары тағайындалды.

Сотқа арыз берудің жаңа жүйесі енгізілді. 646 жылғы Үкімет жарғысынан көрінгендей реформалардың мәні төмендегідей:



  1. Жеке жер иеленуді өзгерту, император отбасымен аристократтарға тәуелді адамдар категорияларын жою, адамдар мен, жерді түгел мемлекет меншігі деп жариялау. Аристократтар компенсация ретінде ранглік, қызметтік және басқа үлестер алып, қанаушы тап жағдайын сақтап қалды.

  2. Басқарудың орталық органдары құрылды, территориялық әкімшілік бөлу енгізілді.

  3. Жер есебі алынды, қауым санағы жүргізілді, әрбір шаруа жер үлесін алатын болды.

  4. Ұйымдастырылған жаңа салық жүйесі енгізілді.

Бұл реформалар орталықтанған мемлекет құруға бағытталған еді. Бұл реформа кейін 647,649 және 664 жылдары өз жалғасын тауып отырды.



3.VII-X ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаты. Белсенді сыртқы саясат қарастырып отырған кезеңнің тек бас кезінде ғана жүргілді. 663 жылы Кореяның ішкі істеріне араласу жеңіліспен аяқталды. Аралға Қытай шапқыншылығының қаупі төніп, жапондар жағалауда бекіністер сала бастады. Астана 667 жылы Нанива портыван елдің ішкі Оми ауданына көшірілді. 653, 654, 659, 665 жылдары Қытайға арнайы елшілер жіберілді. 668 жылы император Тэндзи (бұрынғы принц Наканооэ) тұсындағы алғашқы заң кодексі “Омире” кодексінің жарық көруімен және 670 жылы алғашқы бүкіл ел көлемінде тұрғындардың санағының жүргізілгенінен орталықтанған мемлекеттің негізі қаланды.

Ерте орта ғасырлардағы Жапониядағы жер иелену екі формада мемлекеттік үлестік жүйеде және ірі жеке феодалдық вотчина (ірі жер иелеріне рулық мұра есебінде берілген иелік) негізінде (сеэн) берілді. Үлестік жүйені ресми түрде енгізу VІІІ ғасыр жатады. Осы кезде 702 жылғы “Тайхоре” кодексінде ерте феодалдық аграрлық құрылымдардың негізгі принцптері заң жүзінде бекітілді. Әрбір шаруа жерді отбасы мүшелерінің санына қарай 6 жастан асқан баланың есебіне қарай алды. Ер адамдардың үлесінің мөлшері 2 тан (1 тан -0,12 га) болды. Ал әйелдерге 2/3 берілді. Әр 6 жыл сайын отбасы мүшелерінің өзгеруіне байланысты жер қайта бөлініп отырды. Үлестік жері бар шаруалар мемлекетке дән салығын және қолөнер бұйымдарының салығын төлеуге мәжбүр болды. Азық-түлік рентасынан бөлек шаруалар барщиналық міндеткерлік өтеді. Шаруалардың үлестік жерден кетуі немесе одан бас тартуға тыйым салынды. Үлестік шаруалар “Тайхере” кодексі бойынша “қайырымды адамдар” деп аталды, ал құлдар “төменгі адамдар” деп аталды. Сонымен ерте феодалдық заң бойынша құлдық сақталып қалды. Құл иелену қосымша жер иеленуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік құлдарға азат адамға берілетін жер үлесімен бірдей үлес берілсе, ал жеке тұлғалардың құлдарына азат шаруа үлесінің 1/3 бөлігі берілді. Ақсұйектердің құлдары өте көп болды да, ол құлдар есебінен көп жерге ие болды. Билеуші топтар өздерінің құлдарын көбейтуге тырысты. Құлдарды негізінен жаулап алған жерлерінен әкелді десек бұл кезде жаулап алу соғыстарының болмауына байланысты құлға айналдырудың басқа жолдарын қарастыра бастады. Ақсүйектер шаруаларды ұрлауға, күшпен әкетуге, әсіресе кішкене балаларды әкесінен сатып алуға көшті. Салық төлемеген және қылмыс істеген шаруалар құлдарға айналып отырды. VІІ ғасырда бүкіл халық саны 6 миллион болды, оның 10-15 % құлдар құрады. Құлдар еңбегі негізінен құрылыс істерінде қолданылды. Нира қаласын негізінен құлдар салды. IX ғасырдан құл еңбегі сирек қолданылып, кейін мүлде жойылды.

Елді билеушінің абыройын көтеру мақсатында оған император (тэнно, сөзбе-сөз “аспан ұлы”) титулы беріліп, оның шығуы жөнінде құдаймен байланыстырылған аңыз қалыптасты. Император жанындағы жоғарғы мемлекеттік орган Мемлекеттік Кеңес болды. Орталық үкімет құрамына 8 ведмоства кірді. Олар: діни істер, қамба және қаржы, жалпы мемлекеттік істер, азаматтық істер, әкімшілік істер, сән-салтанат және шендер, сарай ведмоствасы, әскери істер, қоғамдық істер ведмоствасы. Ел провинцияға, провинциялар уездерге бөлінді.

Ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуы әкімшілік-саяси, қолөнер-сауда және діни орталықтардың құрылуына жағдай жасады. 320 жылы корей-қытай қонысаударушылары Нанива қаласының негізін қалады (қазіргі Нанива қаласы). 593 жылы Асука қаласы салынды. Бұл қалаға солтүстік Корей мәдениетінің ықпалы күшті болды. VІІІ ғасырдан қалалардың салынуында Қытай ықпалы күшейді. 710-787 ж.ж. және 792-1192 мемлекеттің астанасы Нара, Хайан қалаларының салыну жоспары Қытайдың Чанань қаласының үлгісімен салынды. Нара, Хайан қалалары ірі сауда және қолөнер орталығы болып онда жоғары сапалы сән салтанатты қолөнер бұйымдары, парча, металл бұйымдар мен ауылшаруашылық құралдар тағы басқа тауарлар қала рыногына шығарылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет