3. XV- XVІ ғасырлардағы диуан әдебиеті, өкілдері. XV ғасырдағы Анадолы жеріндегі диуан әдебиетінің ірі өкілдері − Нежати бей, Ахмет паша −диуан әдебиетінің ірі тұлғалары. Жекелеп көрсетсек, мәснәуи әдебиетінің ірі өкілі Сүлеймен Челеби.
Шейхи (ө.ж. 1431) XV ғасырда диуан және мәснәуи түрінде жырлар жазған ірі ақын. Оның негізгі еңбегі «Хар-наме» атты туындысы. Бұл кітап сатира жанрына жатады. Жерін сұлтан алып қойғаннан кейін жазған Шейхидің «Диуан» кітабы жарияланған. Сондай-ақ, «Хұсрау уа Ширин» атты мәснәуилері ғылыми тұрғыдан талданып, жарық көрген.
Ахмет паша (ө.ж. 1497) парсы тілінен көптеген сөздер алып диуан өлеңдерінде қолданған. Оның диуани және қасидалары көркем тілмен жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |