Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19



бет28/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Сөйлеу техпикасы (мәнері)
Оқушылардың оқу материалын дұрыс және тез қабылдап алуына мұғалімнің сөйлеу техникасының дұрыс анық айқын болуының үлкен мәні бар.
Сөйлеу техникасының талабы бойынша мұғалімыің сөйлеу тілі жатық, оқушылардың ұғым деңгейіне сай, аудитория көлеміне шақталған, дауыс темпі не жоғары, не төмен болуы керек.
Кейбір адамдардың дауыс тембірінің не көтеріңкі, не баяу болуы табиғатынан деушілік бар, оған келісуге болмайды.
Тарихта оратырлыққа жаттығуда өзінің дауыс тембірін, тонын өзімен-өзі жаттығу нәтижесінде дұрыс жолға қойған талай ораторларды айтуға болады. Мысалы, Демосфен (ескі гректің саяси ораторы) өзінің тіл жөнінде физикалық кемістігін жаттығу арқылы жоя білген. Сол сияқты В.Маяковский 20 жасында дауысын бір ырғаққа жаттықтыру үшін, ағынды өзен жағасына барып аузына тас салып, сөйлеп жаттығады.
Қазір театр педагогикалық өнеріне жаттығудың айтарлықтай қалыптасқан тәжірибесі бар соған жаттығуымыз керек.


Тыныс, тыныстау
Сөйлеу техникасында тыныс, тыныстау - организмнің физиологиялық өмір сүруінің функциясын жүзеге асырумен бірге сөйлеудің энергиялық базасы да бола алады. Мұғалім сабақ үстінде материалды ұзақ баяндаса, не ұзақ лекция оқыса, тыныс алуға жаттықпаса, мұғалімнің шаршаған бет-пішінінен бірден біліне бастайды. Бет-пішіні қызарып тынысы тарылап, ентіге бастайды. Осыдан мұғалімнің сөйлеу мәнері бұзыла бастап тыныс алуды қажет етеді.
Бұлшық еттің қатысуына байланысты тыныс алу, демалу техникасының төрт түрі бар:

  1. - жоғарғы тыныс алу - бұлшық ет арқылы орындалады. Иығьн көтеріліп сонан соң төмен басылады. Кеуде клеткасының алдыңғы жағы жоғары көтеріледі. Өкпенің жоғарғы жағы белсенді қызмет атқарады.

  2. - кеуде тынысы - қабырға бұлшық еттері арқылы жүзегі асырылады. Кеуде клетка тынысы өзгереді, тыныс жолы жіңішкереді.

  3. - диафрограмалық тыныс - кеуде тынысының ұзыннан бойлай тыныстау арқылы. Тыныс азаяды.

  4. - қабырғалық демалу - қабырға арқылы тыныс жолдарының, бұлшық еттерінің созылуы арқылы жүзеге асырылады, бұл тыныстау сөйлеу тілінде дұрыс пайдалануға ыңғайлы келеді.

Сөйлеу тіліне қатысты демалу, тыныстау ауыз, мұрын арқылы жүзеге асырылады.
Тымыс алу- дем шығару пауза осы тәртіппен жүзеге асырылады.
Сөйлеу тынысты, ауаны сыртқа шығаруға байланысты жүзеге асырылады.
Қабырғалық бұлшық еттің жұмыс істеуі - дем алыстың жүзеге асырылуына байланысты. Мысалы, жатып демді мұрын арқылы ішке тартса, өкпенің төменгі жағына ауа толады. Осылай жаттығу арқылы ауаның өкпенің төменгі жағына толатындығын ескеру керек (практикалық сабақта осықан жаттығу керек).
Дем тарту, дем шығару, тыныс алу сөйлегенде үлкен көлемді ауа қажет етеді. Оны экономикалық түрде шығарьп, экономикалық жолмен пайдаланған жөн. Әуелі ауаны ішке тартады, сонсоң пауза жасайды, содан кейін сыртқа шығарады.
Кабырғалы демалу үшін, арнаулы жаттығулар жүргізу кереқ. Щалқаңнан жатып, ауаны мұрынмен тартсаң, өкпенің төменгі жағы кішірейеді, ал түрегеп тұрып, мұрынмен дем алу, қабырға арқылы жүзеге асады.


Дауыс
Адам дауысы өзінің табиғатыған алуан түрлі болады. Жақсы дауыс жаттығу арқылы тез қалыпқа келеді. Әрбір адам өз даусьга басқарьга, жоғары, төмен бір қалъщқа келтіріп айта алады.
Дауыс аппараты үш бөліктен тұрады: генераторлық, энергетикалық, резонаторлық.
Дауыстың генераторлық функциясы - ауыздың ашылуы, жабылуы арқылы тоналды, дабырлы дыбыстар шығады. Дауыстың энергетикалық функциясы - сырттан ішке ауа тартады.
Дауыстың резонаторлық функциясы - дыбысты ішке тарту, одан шығарғанда көмей арқылы шығару.
Дауыстың күшті шығуы - сөйлеу органдарының, дыбыстың күшіне байланысты. Дауысты қалған жерге жеткізу - дауыс кернеуі арқылы орындалады. Дауыстың жай және қозғалмалы түрі болады. Оны төменгі диапазонмен айтуға болады.
Дауыс тембрі - дауысты түрлендіреді. Ол мүмкін жұмсақ - майда адамның жеке ерекшелік сипатын байқатады. Адамда қосымша болатын дауыс тоны адамның резонаторлық дауыс құбылысын сипатайды.
Дауысты тәртіпке келтіру үшін жаттықтырып тәрбиелеу керек. Соның нәтижесі дауыс тоны өзгеріп, оқушыға ұнамды болады.
Дауысты дұрыс сақтай білу үшін оған гигиеналық талап қажет. Дауыс карлықпай, біркелкі сақталуы үшін әрбір 2-3 сағат сайын көлемді мерзімді дем алу, тыныстау, нервтік жүйені бір қалыпта ұстау керек. Аса ыстық, аса суық тағамдардан сақтану, ішімдіктен, темекіден сақтану керек. Оның бәрі гигиеналық режиммен пайдалануы керек. Дауысты, тыныс жолдарын шаң-тозаңнан, мелден, суыққа бірден шығудан сақтандыру керек.
Дикция
Буын, сөз, дыбыстарды дұрыс айту - мұғалімнің дұрыс дикциясына байланысты. Егер мұғалімнің дикциясы дұрыс болса, оқушы оның сөзін дұрыс, ықыласпен тыңдайды.
Дикиця дұрыс болу үшін ерін, езу, тіс, көмекей, жақ, тандай сияқты сөйлеу аппараттары дұрыс жұмыс істеуі керек. Ол үшін мектепте, үйде жаттығу жұмыстарын көп жүргізу керек. Ондай жаттығулар - дыбыстардың айтылу артикуляцияларын жаттықтыру, мәнерлеп оқуды жүзеге асыру, дауысты дауыссыз дабыстардың айтылу, қолдану дағдыларына жаттықтыру керек. Айтылған сөйлеу мәнері оқушының талаптарына үйлессе, мұғалім мен оқушы арасы жақындаса түседі. Мұғалімнің бағыттылығы өзінін, монологтық сәзін іштей диалог ретінде құрады. Сондықтанда мұғалім сөзі балаға бірден әсер етеді. Оларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады. Мұғалім сөзі оқушыға екі канал арқылы беріледі: дыбыс, визуалдық (келбет-пішін, қозғалыс, эмоция түрінде) түрде беріледі. Мүғалімнің ешбірМүғалімнің ешбіре сүйенбей тез арада шығармашылық кейіпте балалар алдында сөз тауып айтып әсер ете білуі - бала үшін танданып үлгі аларлық әсері болады. Осы сияқты мұғалімнің сөйлеу ерекшелігіндегі - сөз моделін жасау, сөз тонын сақтау сияқты қасиеттері мұғалімнің сөз өнері шеберлігін көрсетеді. Сонымен бірге мұғалім мен оқушы арасындағы сөз өнері арқылы жасалған қатынасты оқушылардың адам-гершілік тәжірибесін байыта түскендігінің айғағы болады. Келешек мұғалімдердің сөйлеу тілін дамыту жолдары:
Дұрыс әдеби тілмен сөйлеуге дағдылану. Өзінің сөйлеу тілінің дамуына бақылау, басшылық жасау, қарым-катынасы ситуацияларында бағдар таба білу. Сөз қолдану, сөз буындарын дұрыс айта білу, сөздіктерді пайданалу, жаңа сөздерді қолдана білу сияктды міндеттерді жүзеге асыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет