Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет12/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
ҚК-тің 6-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, жаңадан қабылданған 
қылмыстық заң келесі жағдайларда ғана кері күшке ие болады: 
- Іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын; 
- қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жауаптылығын немесе 
жазасын жеңiлдететiн; 
- қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге де түрде 
жақсартатын заңның керi күшi болады, яғни осындай заң қолданысқа 
енгізілгенге дейiн тиiстi іс-әрекетті жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын 
өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ сотталғандығы бар адамдарға 
қолданылады. 
Егер жаңа қылмыстық заң адамның жазасын өтеп жүрген іс-әрекеті үшін 
жазаланушылықты жеңiлдетсе, онда тағайындалған жаза жаңадан шығарылған 
қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға жатады (ҚК-тің 6-
бабының екінші бөлігі). 
Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятынзаң деп 
қылмыстық іс-әрекеттерден жеке, бұрын қылмыстық құқық бұзушылық деп 
танылған іс-әрекет алынып тасталатын заң танылады. Бұл ҚК-ден сол немесе 
өзге норманы толық алып тастау арқылы жүргізілуі мүмкін. 
Неғұрлым жеңіл жазаны көздейтін заң онша қатаң емес, ал жазаның түрі 
бірдей болғанда – ең жоғары мерзiмнен немесе оның санкциясының мөлшері 
кемі болып табылады. Жазалаудың жоғары мөлшері неғұрлым жеңілмен тең 
болған кезде жазалаудың төменгі мерзімі немесе мөлшері неғұрлым жеңіл 
болып табылатын немесе балама санкциясы бар заң танылады. 
Құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде жақсартатын 
заң деп жазаны тағайындау қағидаларын, қылмыстық жауаптылықтан немесе 
жазалаудан босату шарттарын жұмсартатын, соттылықты өтеу немесе алып 
тастау мерзімдерін азайтатын заң танылады. 
Жауаптылықты немесе жазалауды жұмсартатын заңдарға:
- қылмыстық заң нормасының санкциясы жеңіл жағына өзгерген;
- баптың санкциясына неғұрлым жеңіл жазалаудың балама түрі енгізілген;
- баптың санкциясынан қосымша жаза алынып тасталған құқық 
нормалары жатады. 
ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, мына жағдайда қылмыстық 
занның кері күші болмайды: 
1) егер ол іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын 
белгілесе; 
2) егер ол жауаптылықты немесе жазаны күшейтсе; 


15 
3) егер ол әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де түрде 
нашарлататын болса. 
Егер жаңа қылмыстық заң бұрынғы заң сияқты санкция белгілейтін болса 
және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын қандай да 
болмасын жақсартпаса, онда оның кері күші болмайды және ол қолданылуға 
жатпайды. Бұл жағдайда іс-әрекеттің қылмыстылығы мен жазалануы осы
іс-әрекет жасалған уақытта қолданыста болған заңмен айқындалатындығы 
туралы ҚК-нің 5-бабының ережелері қолданылады.
Іс-әрекетті қылмыстықтан арылту – қылмыстық заң нормасының 
диспозициясына өзгерістер енгізу арқылы, ал іс-әрекетті қылмыстықтан 
ішінара арылту қылмыстық құқық бұзушылық құрамының қосымша 
белгілерінің диспозициясына енгізу не қазіргі барын алып тастау арқылы, 
сондай-ақ ҚК-нің Жалпы бөлімінің нормасына өзгерістер енгізу арқылы жүзеге 
асырылуы мүмкін. 
Жаңа қылмыстық заңмен іс-әрекеттің қылмыстылығын жойған 
(қылмыстық құқық бұзушылықты қылмыстықтан арылтқан) кезде осындай
іс-әрекеті үшін сотталған адам сотталғандығы жоқ болып танылады және оны 
соттау фактісі қылмыстық-құқықтық салдарына әкеп соқпайды және 
қылмыстардың бірнеше рет жасалғандығын, қайталанғандығын, жаза 
тағайындауды анықтаған кезде ескерілмейді. 
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы, бірінші, апелляциялық және 
кассациялық сатыдағы соттар өздерінің іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер 
бойынша кері күші бар заңды тікелей қолданады. Бұл ретте, егер жаңа 
қылмыстық заң қылмыстықты және іс-әрекеттің жазалануын жоятын болса, 
онда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – 
ҚПК)35-бабы бірінші бөлігі 6-тармағының талаптарына сәйкес іс қаралу 
сатысына қарамастан, осы негіздер бойынша іс жүргі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет