Лекцияның мақсаты



бет3/15
Дата20.09.2022
өлшемі60.02 Kb.
#460959
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
stud.kz-53668

Жоспары:
1. Зерттеудің көкейкестілігі.
2. Зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеу мақсаты мен міндеттері.
3. Зерттеу нәтижелері және оны практикаға ендіру.


Лекцияның мақсаты:Зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеу мақсаты мен міндеттері, зерттеудің болжамы, жаңашылдығы, нәтижелері, зерттеу пәні мен нысаны, зерттеудің теориялық және практикалық мәні, зерттеу базасы, тәжірибелік бағдарлама мазмұны, зерттеу кезеңдері, зерттеу нәтижелері және оны практикаға ендіру жайлы мағлұмат беру.


Ғылыми таным мен шығармашылықтың методологиялық негіздері Ғылым -адамдардың арнайы іс- әрекеттері нәтижесінде табиғат, қоғамның және ойлаудың объективті заңдарының үздіксіз дамып отыру жүйесі жөніндегі білім болып табылады. Сондықтанда, ғылым негізі білім болып саналады.Білім - шындықтың бейнелену формасы және тәсілі болғандықтан- онда заттың қасиеті, белгілері және өзара байланыстары қаперге алынған. Осы себепті, білімнің ғылымды ашудағы жұмыс істеу тәсілі, материалдық, не рухани іс - әрекет болып табылады. Яғни, ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді жинақтау, оларды оқып үйрену, жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке заңдылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады. Ғылымның логикалық құрылымы темендегідей болып келеді:ғылымның іргетасы немесе жалпы қағиданъң (теорияның) жағдайы;заңдар;негізгі ұғымдар;- қағидасы (теориясы);мұраты (идеясы);Ұғымдар, зандар, принциптер, мұрат, ережелер - ғылыми білім категориялары болып саналады. Осылардың негізінде ғылым қағидасы түзіледі.Қағида - зерттеу пәнінің түзілу блогы болып есептеледі. Көп заттардан ортақ сындарын алып жинақтау, жинақтай білу, зат туралы ұғымды береді. Ұғымдар жиынтығы - пікірдітүзеді.Сондықтан, принцип - танымда методологиялық және гнесологиялық роль алады. Принципті- білімнін ұйымдастырылу формасы деп түсіну керек.Ғылымның бірден - бір пайдасы, алдын - ала болжам жасауға, алдағыға зер салуға ғана себеп болады. Танымдағы проблеманың мәні - ғылыми білімді түзуге, маңызы- дүниенің даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі.Проблема - шешуді қажет ететін келелі мәселе болып табылады.Проблема- қағида мен практикалық құбылыстар арасындағы қарама - қайшылықтар арқылы анықталады. Қарама - қайшылық келесі түрде көрініс табады: ақпараттық - танымдық; танымдық; логикалық.Ғылымның диалектикалық дамуы, фактілерді жинақтау, оларды оқып үйрену, жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке заңдылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін, жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады.Жоспарлылық - ғылыми шығармашылықтың негізгі факторы болып табылады.Зерттеу жоспарының бірнеше формалары бар:Алдын-ала жоспарлау - зерттеу жұмысының мақсатын және нысанын анықтайды, оның жалпы мазмұны мен мәнін, тұжырымын, зерттеу мақсаттарының принциптерін, әдістемесін, жұмыстың көлемі мен орындалу уақытын көрсетеді. Сол себепті, зерттеу жұмысының алдын-ала жоспары - зерттеу тақырыбын нақтылаудың аяқталу элементі болып табылады.Зерттеудің жеке жоспары - Зерттеудің жұмыс жоспарызерттеу логикасына байланысты болады.Зерттеу логикасын тузу - өте күрделі жұмыс.Бағдарлама стратегиялық құжат - деп, саналады.Құжатқа қарап кезкелген уақытта зерттеу тұжырымдамасын, зерттеушінің, проблеманың шешіміне байланысты қойған міндеттерін аңғаратын болуы керек.Зерттеу бағдарламасы, салыстырмалы түрде, нақтылы, аяқталған, төмендегі сұрақтарды қамтуы тиіс: Методологиялық бөлігі - проблеманың көкейкестігін тұжырымдау; мақсатын көрсету; зерттеу нысаны мен пәнін анықтау; зерттеу болжамы мен міндеттерін тұжырымдау. Әдістемелік бөлігі - тексеруге қажетті жиынтықтарды анықтау; ақпараттар жинауға байланысты пайдаланылатын әдістерді сипаттау; ақпараттарды жинақтау логикасы, құрылымын түзу; ақпараттарғаталдау жасау т.б. Проблема және зерттеу тақырыбын анықтау:Шын манісінде, зерттеу тақырыбы - проблема мазмұнын құрау керек.Сол себепті де, тақырыпты таңдау оны тұжырымдау, зерттеу проблемасын анықтау болып саналады.Ғылыми проблема, өз бетінше алдыға тартыла бермейді. Ол, практика мен ғылыми әдебиеттерге, олардың жай - күйіне терең талдау жасау нәтижесі, таным процестері, қарама-қайшылықтардың тарихи кезеңдеріңдегі күйлері болып саналады.Проблема көзі - болып, көбінесе, практикада туындайтын қиындықтар, конфликттер т.с.с, табылады. Практикалық міндеттерден ғылыми проблемаға көшу үшін кем дегенде, екі жағдайды ескеру қажеттігі туындайды:а) алға қойылған практикалық міндеттерді шешу үшін - қандай ғылыми білім қажет екенін анықтау;ә) ғылымда ондай білім бар, жоғын анықтау - қажет.Егер мұндай білім бар болса, онда оларды іріктеу, жүйелеу, қолдану қажет, яғни, ғылыми проблемма теориялық негізде пайда бола қоймайды.Ғылыми, техникалық ағымдағы және оқыту процесіндегі пайда болатын проблеманы айыру үшін танымдағы проблеманы объективті маңызы мен оқытудағы оның объективті мәнін айыру қажет.Проблема маңызы -дүниенің даму заңдылықтарын ашуға көмектессе, мәні - ғылыми білімді түзуге көмектеседі. Сондықтан, проблеманың мәні - ғылыми фактілермен олардың теориялық танылуындағы қарама-қайшылықтар және бір-біріне таласқа түскен ғылыми теориялар.Мысалы: политехникалық білімнің мобильдігі жөніндегі пікір. Бұл білім негізінде меңгерілген мамандықта мобилъді сипат алады деген тұжырымға алып келді. Десекте, әрбір мамандық өзінің сипаты мен мазмұнына байланысты функционалдық сауаттылықты қажет ететіні мәлім.Проблеманың әрмсн қарай дамуы мен шешілуі, зерттеу нысаны мен пәнін анықтау болып табылады.Таным нысаны және пәні бірдей нәрсе деп түсіну дұрыс болмвйды, өйткені, бұл екі ұғым көп жағдайда бірін-бірі алмастырады.Зерттеу нысаны - алдын-ала берілген, ал пәні іздеуді, нақтылауды қажет етеді.Зерттеу нысаны - оқу бағдарламасында, оқу процесінде тұжырымдалған, зерттеу мен пәннің мақсаттарына сәйкес зерттелінетін белгілі бір шындық. Мұндай объективті облыстар қатарына оқытушының, оқушының практикалық іс-әрекеті немесе олардың ғылыми сферадағы проблемасы болып саналады.«Зерттеу нысаны» ұғымын объективті шындық ұғымы - деп қарастыруға болмайды. Таным нысаны ретінде – «таным процесіне», қатысты, өзара байланысы, қатынасы, қасиеттері анықталған нақтылы - объектіні түсіну керек.«Таным пәні» - ұғымы, «таным нысаны» - ұғымына қарағанда нақтырақ, өйткені, бір ғылымның зерттеу нысаны, әртүрлі ғылымның зерттеу пәні болуы мүмкін.Жеке зерттеу пәні ретінде зерттелініп отырған жұмыстағы, зерттеу пәнінің элементтері, байланыстары, зерттеу нысанының қатынастары қаперге алынады.Зерттеу пәнін анықтау - зерттеу шекарасын белгілеу, зерттеу.перспективасын анықтау және алға тартылып отырған проблемадағы, мейлінше, негізгі деп саналатын байланыстарды алдын-ала жоспарлау,оларды уақытша даралап және бір жүйеге біріктіру мүмкіндіктерінқарастыру - деп түсіну қажет.Таным пәнінде, таным кұралдары мен методологиясына негізделген, қорытынды түрінде шоғырланған мәселені шешу бағыттары, маңызды міндеттері, оларды шешудің мүмкіндіктері қарастырылады.Зерттеу пәнінен - ғылыми зсрттеудің негізгі міндеттерікеліп шығады.

№4. Лекция. Ғылыми шығармашылық методологиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет